Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:24, реферат
Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған. Батаның түрлері:Той-думан,Салт дәстүр, ,мерекелерге, дастарханға т.б баталардың түрлері бар.