Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 16:38, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр.
Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.
А. Байтұрсынов өзінің

Работа содержит 1 файл

Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану.doc

— 99.00 Кб (Скачать)

Мағынаны тану (түсіне білу) Бұл кезенде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетуіне жағдай жасалады. Стротегиялар бойынша жұмыс жүргізіледі.

V Білемін.

- Білмеймін.

+ Мен үшін жаңалық.

? Мені толғандырады.

Ой толғаныс

Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру. Білім арқылы тәрбиелікке, даналыққа бастау алады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Ой-толғаныс сабақты қортындылау кезеңі. Үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренеді.

Бес жолды өлең

Венн диаграмма 

Еркін жазу

Сол сияқты стратегиялар ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай қолданылады.

«ИНСЕРТ», «Түртіп  алу жүйесі» стратегиясы оқушының өзіндік білім деңгейін тексеруге қолайлы әдістердің бірі. Сонымен қатар оқушы білімін тереңдетуге мұғалімге көмекші әдіс ретінде табылған.

«Екі жақты  күнделік» стартегиясы арқылы оқушының қоршаған ортаға өз көзқарасын білдіруге, ойын ашық айта алуға талпындыратын әдістің бірі болып табылалы.

Ал «Семантикалық карта» стратегиясы оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жетік меңгеруін көздейді.(жаңа сабақ кезеңінде)

«Концептуалдық  кесте» стратегиясы кейіпкер жанын түсінуге, өмірлік ұстанымын тануға, оның іс-әрекетіне адамгершілік тұрғыдан баға беруге үйретеді.

«Ой толғаныс» кезеңінде оқушылардың сабақ үрдісінде алған білімдері тексеріледі.

«Венн диаграммасы» бойынша оқиға кейіпкерлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығы ажыратылады. (сабақты бекіту)

Тақырыпты жан-жақты талдауды қолдайды «Кубизм» әдісінде кубиктің 6 қырына сай жасалған тапсырмалар (яғни зерттеңіз, суреттеңіз, салыстырыңыз, қолданыңыз, бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестеді? Талда, қорған, қарсы шық) арқылы оқушыға жаңа білім мазмұнын игертуге болады.

«Синку-эй» немесе « 5-жолды өлең» деп аталатын бұл стратегияда берілген сөзге тиісті сын есім, іс-әрекетті білдірер етістік табу шеберлігі анықталады.

Оқушылардың өз ойын айтуға, еркін сөйлесуге талпындыратын  әдістердің бірі – «Еркін жауап» стратегиясында оқушыларға ерік беріліп, олардың қалаған жұмысын орындауға құқылы.

«Егер де мен…» әдісі оқушыны қиял әлеміне самғатып, шығарма соңын өз еркінше аяқтауға мүмкіндік туғызатын әдіс.

«Түсініктеме  күнделігі» стратегиясында оқушылардың сөздіктермен жұмыс жасауын талап етеді, сөз мағынасын жете түсінуге талпындырады.

Бүгінгі таңда сабақ үрдісінде  оқушы білімін тексеретін әдістердің мазмұн мен түрі жағынан әрі тиімді, әрі жиі қолданылатын тест түрлерін оқушы қызығушылығын арттыру  үшін түрліше пайдаланамын.

Жоғарыда көрсетілген сабақ барысында қолданылған стратегияларын мұғалім мен оқушы іс-әрекеттері айқын байқалады. Өз сабақтарымда көз жеткені, оқушыларға:

  • Еркін ойлауға мүмкіндік береді;
  • Жан – жақты ізденеді;
  • іс – әрекетке тәрбиелейді;
  • Шығармашылық Тіл байлығы жетіледі;
  • Ұжымдық белсенділігі артады;
  • Ақыл ойын дамытады.

Нәтиже:

Озат ұстаз оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында  оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің  жаңа түрлерін іздей отырып, өзі  шығармашылықты тұлға болып дамиды.

- «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды» дамуға негізделген сабақ оқушының ой – өрісін дамытып, жан-жақты терең білім алуына жағдай жасайды,

- Әрбір технология жаңа  әдіс -тәсілдермен ерекшелінеді. Осы  әдіс -тәсілдерді мұғалім іздену  арқылы іріктеп қолданады. 

- « Оқу мен сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірбие жинайды.

«Орташа мұғалім- айтып береді,

Жақсы мұғалім -түсіндіреді,

Үздік мұғалім- көрсетеді,

Ұлы мұғалім- қанағаттандырады, шабыттандырады»- деп А.Уорт айтқандай  оқушының құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибиемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды. Қорыта келгенде М. Жұмабаев айтқандай жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің:

  • Ақыл көріністері:
  • Ішкі сезім немесе көңіл көрністерінің:
  • Қайрат көріністерінің дамытуы – сын тұрғысынан ойлауымен байланысты.

Сөзімнің соңын Абылай ханның мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.

Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!


Информация о работе Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану