қырыққабат өсіру

Дата добавления: 28 Марта 2013 в 13:23
Автор: s*********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (137.53 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

moldir.docx

  —  148.62 Кб

               

                    Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кіріспе

Жапырақты көкөністер Көкөністердің бүл тобына көптеген жапырақты өсімдіктер (жабайы түрлері де) жатады. Негізінен бүл өсімдіктер адам организміне өте қажет биологиялық активті заттардың қайнар көзі боэфир майлары бар. Жапырақты көкөністердің негізін салат жапырақтары құрайды. Салаттың жапырақты салат, қауданды салат, қояншөп салаты, салат-ромэн, эндивий, эскариол, салат шашыратқысы, кресс-салат секілді көптеген түрлері бар. Бұлар негізінен салат тағамдарын жасауға қолданылады, яғни шикілей жеуге болады. Жапырақты көкөністерге кәдімгі қырыққабат, мангольд, қояншоп, артишок, қымыздық, саумалдық, рауғаш сияқты өте құнды мәдени өсімдіктер жатады. 
Саумалдықтың жабайы өсетін түрлері Орта Азия мен Закавказьеде, Иранда кездеседі. Бақшалық саумалдық Ертедегі парсы елінен шыққан. Бүл елден Қытайға, бүкіл Азияға тарайды. Орта ғасырдағы Еуропаға саумалдық арабтардан тараған. Оны испан монахтары қатты ұнатып, өздерінің бақтарында өсірген. Еуропада XVI-XVII ғасырларда саумалдық дәндерінен жасалған ұннан пісірілген нан ерекше тағам болып саналған. Ол кездегі аспаздар тағамға ашық жасыл түс беретін саумалдық шырынымен балмұздақты, түрлі тұздықтарды, тәтті кремдерді бояйтын болған. Ерекше түрі — жаңа Зеландиялық саумалдық. Жемістерінің пішініне байланысты ботаникалық атауы тетрагония деп аталады. Тұщы дәмді саумалдық өте пайдалы көкөністер қатарына жатады. Әсіресе оның ерте көктемде шығатын балауса жапырақтарының организм үшін пайдасы зор. Саумалдықтың 10 граммында 774 мг калий, 3 мг темір, 82 мг магний, 106 мг кальций тұздары және 55 мг С витамині, қымыздық қышқылы болады. 
Жапырақты көкөністердің бірі — салат жапырағы. Салат итальян сөзі, тағам деген ұғымды білдіреді. Түз, сірке суы, өсімдік майы қосылып салаттық көкөністерден жасалатын тағам түрін итальяндар салат деп атаған. Өте ертеден өсіріліп келе жатқан салат өсімдігі латук болып есептеледі. Оның жабайы түрлері Еуропада, Азияда, Америкада, Африкада кездеседі. Латуктың қою ақ шырыны сүтке ұқсағандықтан (латынша "лак") ол латук деп аталған да, ал шырыны "құс сүті" делінеді. Латуктың бір түрі — кресс-салат жабайы түрде де кездеседі. Оны бақшада, жылыжайда жыл бойына өсіруге болады. Салаттың қай түрі болмасын, әсіресе латук калий, кальций тұздарына (100 граммында 220 мг калий, 77 мг кальций) бай. Сондай-ақ латук құрамында қымыздық қышқылы (100 граммында 33 мг), В тобындағы витаминдер, цурин қышқылы болады. Латуктың қою жасыл түрінде каротин мен аскорбин қышқылы бар. Қымыздықтың жабайы түрлері қоңыр-салқын аймақтарда көп кездеседі. Біздің елімізде қымыздықтың қышқыл түрі көп өсіріледі. Одан ерте көктемде, жазда қышқыл дәмді жасыл сорпа жасауға болады. Ал қыста оның консервіленген түрін пайдаланады. Қымыздықта да минералдық тұздар көп. Мысалы, оның 100 граммында 500 миллиграмға дейін калий тұзы, көп мөлшерде С витамині, каротин болады. Ал оның қышқыл дәмі құрамында қымыздық қышқылы бар екенін көрсетеді. Қымыздық қышқылы организмде асқазан асты безінің секреция бөлуіне күшті өсер етеді, ішек қызметін жақсартады.[1лып табылады. Олардың құрамында органикалық қышқылдар, ферменттер, қанттың көптеген түрлері, темір, натрий, калий, фосфор тұздары бар. Жапырақты көкөністердің вегетативтік органдары сүтті шырын бөліп шығарады. Ал бүл шырындар гликозид, лактуцин деген емдік қасиеті бар заттарға бай, сондай-ақ түрлі белоктық заттар

кездеседі.

 

 

  Қырыққабат, қатпаршақкөк (Brassіca) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. Капуста ту ысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. Капустаның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Капустаның бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин Капусталарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Капуста бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Капустаның: қауданды Капуста, савойя Капуста, брюссельдік Капуста, кольраби Капустасы, жапырақты Капуста, Қытай Капустасы, Пекин Капустасы, түсті Капуста, т.б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат – Капусталар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 – 18°С. Температураның төмендеуіне (–10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары – жапырақты және брюссельдік Капусталар, ыстыққа төзімділері – жапырақты Капуста және кольраби Капустасы. Капустаның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Вегетац. кезеңінің ұзақтығы бойынша Капуста сорттары: өте ерте пісетін (65 – 100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100 – 115 күнде, «Грибовский 147»), ертелеу пісетін (115 – 130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130 – 145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145 – 160 күнде, «Сыйлық») және кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып бөлінеді. Қауданды Капуста Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10 – 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды Капустаны жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Капуста – құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 – 900 ц. өнім түседі. Капуста зиянкестері: капуста шыбыны, капуста қоңыр көбелегі, капуста ақ көбелегі, капуста бітесі, т.б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз.

           Қырыққабаттың түрлері

Барлық жерде өсіріліп, өнімі жинап алынады. Жабайы қырыққабат Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі жағалауларында кездеседі. Қырыққабаттың  мынандай түрлері бар: қауданды, савойя, брюссельдік, кольраби, жапырақты, Қытай, Пекин, түсті капусталар. Бұлардың ішінде түсті және Пекин капусталарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер, қырыққабаттың барлық түрлері  де жарық сүйгіш, суыққа төзімді. Ал енді ыстыққа төзімділері: жапырақты  және кольраби деп аталатын сорттары.

Вегетациялық кезеңінің  ұзақтығына сәйкес қырыққабат түрлері  төмендегідей топтарған бөлінеді: өте  ерте пісетін (65-100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100-115 күнде, «Грибовский  – 147»), ертелеу пісетін (115-130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130-145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145-160 күнде, «Сыйлық»), кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Заводская»). Қауданды қырыққабат Қазақстанда негізгі  дақылдық көкөністердің бірі ретінде  өсіріледі. Оның диаметрі 10-45 сантиметр, салмағы 16 келіге дейін тартады. Ақ қауданды қырыққабатты жаңа піскен күйінде, қайта өңделген қалпында жыл бойы ас мәзірінде пайдаланады. Қырыққабаттың  қауданын ашытады, бұқтырады, бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл  бұршақ, пияз, сарымсақ қосып тұздап та жейді. Біз енді қырыққабаттың кейбір түрлерінің табиғаты мен сипаттамасына тоқталсақ.

Аққауданды қырыққабат. Ең ерте пісетін түрлерін жас күйінде пайдаланады. Алайда олар ашытуға жарамайды, орташа пісетін түрлерін ашытуға болады. Қырыққабаттың «Беларусская» сорты ұзақ уақыт сақталады. Кеш пісетін сорттарын (Алмагер, Московская поздняя, Белоснежка, Подарок, Харьковская зимняя) қоймада 00С температурада көктемге дейін сақтап, жейді. Ол үшін әрине, қауданы тығыз қырыққабаттар таңдап алынуға тиісті.

Қырыққабаттың бұл түрі өте танымал, кең тараған. Оның сыртқы қабаты жылтыр, ақ түсті, жапырақтары тығыз. Сатып алғанда көлемінен салмағы ауырлауын, балғын жапырақтысын, сыртқы жапырақтары жұлынбағанын таңдаған дұрыс. Ашытуға да осындай қырыққабат таңдалады.

Қызылқауданды қырыққабат. Жапырақтарының түсі күлгін қызыл. Кең таралған түрлері: «Каменная головка 447» (135-145 күнде піседі), орталық, шығыс, солтүстік өңірлерде егу тиімді. Гако сорты (155-165 күнде піседі) оңтүстік және қуаңшылық аудандарда өсіріледі. Ол 00С температурада бірнеше ай бойы сақталады.

Ол өте әдемі, аққауданды қырыққабаттың туысы. Екеуі өте ұқсас. Тек оны тағамға қосқанда күлгін түске бояп жібереді. Бұл қырыққабаттың күлгін түсін сақтау үшін оған аз ғана сірке суын немесе лимон шырынын тамызып жібереді. Тұздағанға, салаттарға пайдаланады.


Описание работы
Жапырақты көкөністер Көкөністердің бүл тобына көптеген жапырақты өсімдіктер (жабайы түрлері де) жатады. Негізінен бүл өсімдіктер адам организміне өте қажет биологиялық активті заттардың қайнар көзі боэфир майлары бар. Жапырақты көкөністердің негізін салат жапырақтары құрайды. Салаттың жапырақты салат, қауданды салат, қояншөп салаты, салат-ромэн, эндивий, эскариол, салат шашыратқысы, кресс-салат секілді көптеген түрлері бар. Бұлар негізінен салат тағамдарын жасауға қолданылады, яғни шикілей жеуге болады. Жапырақты көкөністерге кәдімгі қырыққабат, мангольд, қояншоп, артишок, қымыздық, саумалдық, рауғаш сияқты өте құнды мәдени өсімдіктер жатады.
Содержание
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім