Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Диплом + Хулиганство.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

Тергеу органдарының міндеті — қылмысты ашу, дәлелдемелер жинау, оларды баянды ету, зерттеу және бағалау жолымен қылмыс істеген адамдарды анықтау. Сонымен бірге тергеуші іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға және зерттеуге міндетті, тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс материалдарына негізделген жорамалдар мен болжамдарды, қылмыстың жасалуының мән-жайларын, қылмыс жасаған адамдар, сол адамдардың қылмыс жасау себептері туралы мәліметтерді тексеруге міндетті.

Анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот қылмыстық, іс бойынша алдын  ала тергеу мен сот тергеуін жүргізіп, сол істің мән-жайын анықтау үшін дәлелдемелерді қолданады.

Тергеуші  немесе анықтаушы дәлелдемелерді тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, қылмыс болған жерді қарағанда, тінту жүргізген кезде, жауап алған уақытта, тағы  да басқа тергеу жұмыстарын жүргізгенде ғана табады.

Қылмыстық істі дұрыс  шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі  деректер куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының, жауабымен, сарапшының,  қорытындысымен,   айғақты   заттармен,   іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де кұжаттармен анықталады.

Мәселені толық түсіну үшін, алдын ала тергеу сатысында  жүргізілетін тергеу әрекеттерінің  жедел іздеу шараларынан айырмашылығы қандай, соған тоқталайық.

Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері  ҚІЖК  бойынша жүргізіледі, ал жедел іздеу шаралары 1994 жылғы 15-к,ыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Жедел іздестіру қызметі туралы» Жарлығы бойынша және осы айтылған жарлық негізінде қабылданған Ішкі істер министрінің бұйрықтарымен, нұсқауларымен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

Қылмыстық іс бойынша  тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижесінде  біз  тек қана қажетті мәліметтер жинаймыз. Жедел іздестіру нәтижесінде  анықталған мәліметтер қылмыстық іс бойынша дәлелдеме бола алмайды. Ондай мәліметтер дәлелдеме болу үшін қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіп бойынша анықталуы қажет.

 

2.2  Бұзақылық  қылмысы үшін қылмыстық іс жүргізудегі анықтау өндірісі және оны ұйымдастырудың құқықтық негіздері

«Анықтау» сөзі орыстың  бұрыннан кең таралған «анықтап білу», «анықтап білді» деген сөздерінен шыққан, яғни дәлме-дәл анығын білу, бір нәрсенің анығына көз жеткізу [39]. Заңи түсінік ретінде бұл сөз құқық берілген мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қылмыстық істерді тергеудің ерекше нысанын білдіреді.

Анықтау түсінігі туралы мәселе бойынша ғалымдардың арасында біркелкі көзқарас жоқ. Қылмыстарды ашу мен кінәлі адамды табуға бағытталған әрекеттердің кейінге қалдырылмайтын сипаты анықтаудың негізгі белгісі ретінде М.С. Строговичтің анықтау өндірісі туралы берген анықтамасының  негізі етіліп алынған. «Анықтау, - деп жазды М.С. Строгович,— қылмыскерді табу мен қылмысты ашу үшін қылмыстық ізге түсіп, кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстық істі тергеудің алғашқы кезеңін атаймыз»[40] .

Аталған бағытпен қатар  басқа да бағыт белгіленіп, оның қолдаушылары анықтау бұл кез  келген емес, белгілі бір мемлекеттік (әкімшілік) органдар қызметінің түрі; анықтауға тән сипат  оның жедел-іздестіру және тергеу қызметтерінің үйлесімдігі  болып табылады; онымен қоймай, анықтаудың мақсаты  тек қылмыстарды ашу ғана емес, сонымен бірге оларды табу, алдын алу және жолын кесу деп есептейді. Мысалы, В.А. Ивановтың пікірінше, анықтау-   жедел-іздестіру мен тергеу қызметтерін үйлестіретін және қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, кінәлі адамдарды іздестіру мен әшкерелеуге бағытталған,  соған арнайы  құқық берілген мемлекеттің әкімшілік органдар қызметі [41]. Осы түсінікке сәйкес дерлік мазмұнды Р.М. Готлиб те береді. Ол анықтауды қылмыстарды табу, ашу, алдын алу және жолын кесу мақсатында, прокурордың қадағалауымен, жедел-іздестірушілік және іс жүргізушілік әдістермен жүзеге асырылатын және құқық нормаларымен реттелетін арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдар қызметі ретінде сипаттайды [42].

Осы және басқа да анықтаудың белгілерін А. Донцов толығырақ қарастырған. Оның көзқарасы бойынша, анықтау—қылмыс-тарды ашуды қамтамасыз ету, жолын кесу және алдын алу міндеттерін қамтиды  және осы міндеттерді орындау бір органдар үшін тікелей олардың белгілеуімен, басқалар үшін олардың ерекше жағдайларымен шартталады. Сондай-ақ,  ол анықтау мемлекеттің кейбір әкімшілік органдарының  қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді табысты жүргізуін  қамтамасыз ету, жедел-іздестіру шараларын жүргізу арқылы алынған хабарлар мен арыздар бойынша қылмыс оқиғасының бар-жоқтығын тексеру және қылмыстық істі жүргізуге кедергі жасайтын жағдайларды анықтаумен бітісетін қызмет екендігін айтты [43].

Демек, бір авторлар анықтауды  тек қылмыстық  ізге түсіп, кейінге  қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін  жүргізу деп тұжырымдайды. Бірақ  мұндай көзқарастың салдарынан, қылмыстық  істі тергеудің нысаны ретінде алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау қалып қойып отыр. Анықтаудың осы  нысанын қалдырып, елемей кетуге болмайды,  себебі  анықтау процесінің бүкіл маңызы мен мәнін айқындайтын (істі сотқа жіберу), анық-таушы мен анықтау органының бастығы дербестіктерінің шегін белгілейтін осы анықтаудың нысаны болып табылады.

Басқа авторлар  анықтау  процесі туралы берген анықтамаларында  көбінесе анықтаудың қызметіне қатысты  белгілерді емес, оны жүргізетін органдар мен олардың алдында тұрған мақсаттарын сипаттаған. 

Әрине, анықтаудың көрсетілген  бұл белгілері оның анықтамасына енгізілуі мүмкін, бірақ олар анықтау  қызметін сипаттайтын белгілерден  басым болмауы қажет. Қылмыстық  іс жүргізу заңы анықтау процесін толық жете дәрежеде сипаттайды. ҚР ҚІЖК-нің  65-бабына сәйкес, анықтау органдарының қызметі қылмыстың сипатына қарай алдын ала тергеу міндетті  істер бойынша анықтау және алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау болып бөлінеді. 

Анықтау ұғымына толық  әрі дұрыс анықтама беру үшін, біздің ойымызша, тағы келесі ерекшеліктерді ескеру қажет.

Біріншіден, алдын ала тергеу органдары ҚР ҚІЖК-нің 8-бабына сәйкес, міндеттерді шешуге шақырылған, яғни, ол қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, кінәсіз адамды негізсіз айыптаудан сақтау; бүкіл өзінің қызметімен қылмыстардың алдын алуы мен жойылуына, заңдылықтың күшейтілуіне мүмкіндік жасау, заңдардың бұлжытпай орындалуы рухында азаматтарды тәрбиелеу. Бұл міндеттер алдын ала тергеу органдары мен анықтау органдары үшін ортақ болып табылады.

Екіншіден, анықтау түсінігі бойынша берген іс жүргізуші-ғалымдардың  анықтамалары, біздің пікірімізше, “анықтау”  түсінігін толық және кең түрде  ашып көрсетпейді. Сондықтан да  “анықтау” ұғымын оның іс жүргізушілік белгілеріне сай беру керектігін жөн көріп отырмыз. Олар төмендегідей:

а) анықтау қылмыстық  іс жүргізудің құрамдас бөлігі болып  табылады және ол қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешуге бағытталған;

б) анықтау қылмыстық  іс жүргізу заңдылығымен реттеледі;

в) анықтау іс жүргізушілік тәсілдер мен құралдар арқылы жүзеге асырылады;

г) анықтау іс жүргізу  нысандарында жүргізіледі;

д) қылмыстық іске қатысушы тұлғалардың дербес іс жүргізу мәртебесінің бар екендігін білдіреді;

ж) қылмыстық іс жүргізу субъектілері арасындағы пайда болатын қылмыстық іс жүргізушілік қатынастармен сипатталады; заңдылықтың сәйкес іс жүргізушілік кепілдіктері жүйесімен шектеледі.

Жоғарыда аталған белгілер мен ғалымдардың  көзқарастарын  ескере отырып, анықтау деп — бұл өкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың анықтау түрлерінің біреуі бойынша іс жүргізу заңына сәйкес, іс жүргізу құралдары мен тәсілдерін қолдану арқылы қылмыстық сот  ісін жүргізудің  мақсаттары мен міндеттеріне жетуге, сонымен қатар, қылмыстарды табу, алдын алуға және жолын кесуге, кінәлі  адамдарды  іздестіру  мен   әшкерелеуге              бағытталған алдын ала тергеу нысанын атаймыз.

Анықтау органының қызметі  заңмен белгіленген негіздер мен  тәртіпте жүзеге асырылады және  құқықтық жағынан  реттеледі.

Бұл қызметтің жалпы  құқықтық негізі  қылмыстық-құқықтық қатынас болып табылады.

Анықтау қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін жалпылама 4 топқа  бөліп қарауға болады:

а) Қазақстан Республикасының  Конституциясы, конституциялық заңдары — қылмыстық іс жүргізу қызметін реттейтін бірден-бір негізгі, басты құқықтық негіз;

б)  ҚІЖК-і — қылмыстық  істерді тергеу бойынша мемлекеттік  органдар қызметін тікелей реттейтін  нормативтік акт; 

в) ведомствалық нормативтік- құқықтық актілер ( Президенттің заң күші бар жарлықтары, Ішкі істер министрі мен Бас прокурордың нұсқаулары, бұйрықтары, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының   қаулылары және т.б.);

г) халықаралық шарттар (ҚР ҚІЖК-нің  2-бабы);

д)  іс жүргізу шешімдері [12] анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура, сот органдары үшін тікелей құқықтық негіздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында анықтау органының  қызметі туралы нақтылы айтылмағанымен, мазмұны мен мәні бойынша кейбір конституциялық ережелердің  анықтау органы қызметін жанама түрде реттейтіні  көрсетілген. ҚІЖК-нің               2-бабына сәйкес, Конституцияның Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жоғары заң күші бар және конституциялық заңдар, нормативтік-құқықтық актілер,  ҚІЖК-нің  нормалары мен   Конституциясының ережелері арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады. Демек, бүкіл құқықтық негіздер базасы Қазақстан Республикасының  Конституциясынан тірек алып, жазылады екен.

Анықтау органы қызметінің негізгі талаптары, негіздері болып табылатын іс жүргізу қағидаларының көпшілігі  Конституциядан бастау алған.

Анықтау органдары қызметін толық реттейтін заң актісі    ҚІЖК-і, ол анықтау органының  бастығы мен анықтаушының, лауа-зымды тұлғалардың өкілеттігін, оның қызметтерінің міндеттерін, қағидаларын және жеке тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарт-тары мен тәртібін,  анықтау органы бастығы мен анықтаушының құқықтық мәртебесінің шегін анықтайды.

Анықтауды жүргізетін органдар мен тұлғалардың құқықтық мәртебесінің мәнін ашу үшін, белгілі бір тұлғаның бірдей әрекеттері бойынша қылмыстық іс жүргізу құқығында түрлі іс жүргізу заңдары қолданылуы мүмкін.

Егер қылмыстық істі тергеу кезінде жаңа қылмыстық іс жүргізу нормасы енгізілген болса, онда анықтауды жүргізетін орган  мен лауазымды тұлға оны енгізген күннен бастап басшылыққа алу керек. Бұрын жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңды күші жойылмайды.

Ал қылмыстық  іс жүргізу заңының кеңістікте қолданылуы бойынша, ол қылмыс жасалған жерге қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу  ҚІЖК-не сәйкес жүргізіледі ( ҚІЖК-нің 3-бабы).

Тергеу процесінде анықтау  органдары мен анықтауды жүргізетін лауазымды тұлғалар азаматтық, еңбек  және басқа құқық салаларының  нормаларын жиі пайдаланады. Бірақ, көбінесе қылмыстық-құқықтық нормалар  қолданылады.

Анықтауды жүргізетін органдар мен лауазымды тұлғалардың іс жүргізу қызметінде қылмыстық заңдағы  қылмыс ұғымының маңызы өте зор. Қандай қылмыс түрінің жасалғандығына байланысты, қылмыстық іс жүргізу кодексі  қылмыстың тергелу реті мәселелерін шешіп, анықтау органдары мен алдын ала тергеу органдарының құзыретін бір-бірінен айырады ( ҚІЖК-нің 192, 200, 285-баптары). Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдылығында көп ұқсас ұғымдар бар: ескіру мерзімдері, кінә, амнистия, есалаңдық, мүлікті кәмпескелеу, қылмыстың себебі және т.б.. Мысалы, анықтау органының қылмыстық құқықпен белгіленген ескіру мерзімдерін қолдануы (олардың аяқталуы жағдайында) іс жүргізушілік-құқықтық салдарға — қылмыстық істі қысқартуға алып келеді ( ҚІЖК-нің 51-бабы).

Қылмыстық іс жүргізу  қызметі, қылмыстық сот  ісін жүргізу  міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық-іс жүргізушілік шаралардың қолданылуын қажет ететін белгілі  бір қылмыс құрамының  белгілері  негізінде жүзеге асырылады. Бұл  белгілер қылмыстық істі қозғау қаулысында белгіленіп, тергеу процесінде тексеріліп, толықтырылады. Қылмыс саралауының өзгеруі істің тергелу ретін өзгертіп, басқа бұлтартпау шарасын таңдауға негіз болуы мүмкін.

Қылмыстық және қылмыстық  іс жүргізу құқықтары нормаларының өзара арақатынасын жалпылама келесідей сипаттауға болады: қылмыстық құқық нормалары қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен оның сипатын, ал қылмыстық іс жүргізу құқығының нормалары қылмыс оқиғасын анықтаудың тәртібі мен шарттарын, кінәлі адамдарды әшкерелеу мен қылмыстық жауапқа тарту, жаза қолдануды анықтайды.

ҚР ҚІЖК-нің  1-бабына сәйкес, қылмыстық сот  ісін жүргізудің  тәртібі барлық қылмыстық істер  бойынша алдын ала тергеу, анықтау, прокуратура органдары, бүкіл соттар үшін ортақ және міндетті. Іс жүргізу тәртібіне әсерін тигізетін қылмыстардың жеке түрлері шектелген мөлшерде (мысалы, жеке айыптау істері бойынша).

Жоғарыда айтылып кеткендей, анықтауды жүргізетін органдар мен  лауазымды тұлғалардың (қылмыстық  сот ісін жүргізудің  барлық субъектілерінің) іс жүргізу қызметі тікелей құқықтық негізбен- қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларымен реттеледі.

Алайда, қылмыстық іс жүргізу заңдылығында анықтау органдары  мен лауазымды тұлғаларға жүріс-тұрысты  таңдау құқығын беретін нормалар аз емес. Мысалы, анықтауды жүргізетін лауазымды тұлға жауап алуға кез келген азаматты шақыруы мүмкін (ҚІЖК-нің  200-бабы), тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде сарапшыға қатысуға рұқсат беру ( ҚІЖК-нің  83-бабы), бұлтартпау шарасын қолдану ( ҚІЖК-нің 139-бабы).

Қылмыстық іс жүргізу нормалары — құқық міндеттеуші сипатқа ие. Сот  ісін жүргізуге   қатысушысының белгілі бір құқығы  оның басқа қатысушысының міндетімен қамтамасыз етіледі. Мысалы, анықтауды жүргізетін лауазымды тұлғаның адамды куә ретінде жауап алуға шақыру құқығы  куәнің шақыру бойынша келу міндетіне сәйкес келеді (ҚР ҚІЖК, 67,82-баптар).

Сонымен қатар, аталған  сот  ісін жүргізуге қатысушылардың  құқықтары мен міндеттерінің  бірдей еместігі белгілі. Анықтау, алдын  ала тергеу, прокуратура органдарына  және сотқа заңмен кең түрде өкілеттіктер берілген. Осы берілген өкілеттіктерге байланысты, олар қылмыстық іс жүргізуге  қатысушылардың  жүріс-тұрыс ережелерін белгілеп, оларды соған міндеттейді, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарының негізінде шешім қабылдап, оларды өмірде жүзеге асырады. Тек, осы көрсетілген органдар ғана қажет жағдайда іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. Және соңғысында олар қылмыстық істің жан-жақты, толық, объективті зерттелуін қамтамасыз етеді.

Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы