Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:18, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................5

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................... 8
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы.......... 8
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ............................................................... 27

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ......................................... 31
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары .............. 47
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................ ......... 61

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

АДИЛХАН ДИПЛОМ проверенный.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

Жалдамалы кісі өлтірушілердің келесі бөлігі құқық қорғау органдарында (ішкі істер органдарында, ұлттық қауіпсіздік  органдарында, арнайы жасақтарда) қызмет атқарған, сол жақта біліктілігін арттырған, арнайы психологиялық дайындықтан өткен тұлғалар.

Ал, үшінші категорияға  атыс қаруын шебер меңгерген спортшылар кіреді. Әскери, заңгерлік, спорттық және басқа да қажетті мамандықтарды  меңгеріп алып, сосын криминалды топтарға мүше болып, өзінің кәсіби қабілеттерін теріс мақсатта пайдаланып, кейде қылмысты орындап қана қоймай, сонымен бірге басқа да орындаушыларға қылмыстың басқа бағыттарына кеңес береді. Бұл категориядағы киллерлер қылмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін жаңадан ойлап тауып, жаңадан болашақ киллерлерді тәрбиелеп шығарады. Осы категориядағы 80 қылмысты тергеген кезде орындаушылардың 14,7% әскери қызметкерлер болып шықты.

Әрине, әрбір бұрынғы  арнайы органның қызметкері немесе әскери қызметші «киллер» болып табылмайтыны анық. Бұл жерде физикалық және психологиялық үйлесімділік туралы айтылып отыр. Жалдамалы кісі өлтіру мамандығы арнайы дайындықты қажет етіп қоймай, қателік пен талпынысты да қажет етеді. Қателіктер сотталу мен бас бостандығынан айыруға әкеп соғады, соған сәйкес криминалды мектеп те әсер етеді. Киллердің қалыптасу барысында сотталғандар, бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық топтар маңызды орынға ие болады.

Ал, жалдамалы кісі өлтірушілердің төртінші категориясына қылмыс мектебін көріп, тапсырыспен кісі өлтірген криминалитеттің өкілдерін жатқызамыз. Онда тапсырыстан бас тарту өмір сүруден бас тартумен тең. Орындаушылардың  бұл категориясы әдетте, қылмыстық топтарда тұрақты тұрып, күзетші, боевик, оққағар рөлінде құрамда болады [10,58б.].

Кәсіби киллерлер жалғыз жұмыс істеуі мүмкін. Ол қылмыстық әлеммен ақпараттық қатынаста болып, олардан кісі өлтіру үшін тапсырыстар алады, бірақ олардың қылмыстық құрылымысндағы қызметтерге қатыспайды.

Қылмысты ұйымдастырушылар орындаушыларға тапсырыс беріп, орындаушы  одан бас тартатын жағдайлар да кездеседі. Сосын тапсырыс берушілер басқа кісі өлтірушілерге жүгінуге мәжбүр болады. Орындаушылардың мұндай бас тартуларының себептеріне материалдық жағынан дұрыс қамтамасыз етілмеуі, сыйақыға келіспеу және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында т.б. болуы мүмкін [21,58б.].

Бәсекелес қылмыстық топтардың жетекшілері өздерінің қарсыластарының көзін жоюда басқа қаладан, басқа мемлекеттен киллерлерді шақыруы мүмкін. Қарсылас топтардың жетекшілері мен мүшелері бұл ақпаратты білген жағдайда құқық қорғау органдарына өздеріне  қауіп төніп тұрғанын айтпастан ұйымдастырушы мен орындаушыларға өздері қарсы тұрады. Бұл қақтығыстардан кейін қылмыстық топтың бір мүшесі болса да тірі қалып, оқиға орнынан жасырынып, жараланған жағдайда медициналық мекемелерді алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тастап кетеді. Іздеу жарияланған тұлғалардың өзі де жалдамалы кісі өлтіру қылмысын жасауы мүмкін. Жалдамалы кісі  өлтіру қылмысын сот отырысы залынан қашып шыққан тұлғалар да жасаған кездер болды. Осындай уақыттарда, қиын материалдық  жағдайда олар кез-келген тапсырыспен кісі өлтіру қылмысын жасайды.

Көптеген кәсіпқой киллерлер  қарапайым өмірде қатардағы азаматтар  секілді, табысты коммерсанттар, бизнесмендер секілді кейіпке енеді. Олардың  кейбіреулері бала кезінен мүгедек немесе психикалық ауру сияқты болып табылады. Осындай жалған құжаттармен олар мемлекеттен бірқатар ақша сомасын алады және құжаттардың жалған құжат екенін анықтау қиынға соғады. Себебі олар сондай мықты актерлар. Кейбіреулері коммерциялық құрылымдарда формальды тіркеуде болса, кейбіреулерде тұрақты мекен-жайы болмағандықтан, еллден елге гастрольдық сапарда жүреді. Қазіргі кезде жалдамалы кісі өлтіру қылмысы орындаушылар тобымен жасалынады (2-8 адам).   Осыдан оларға қылмыс құрбанының төтеп беріп, қарсы тұруы қиынға соғады [24,108б.].

Әрбір кәсіпқой киллер өзі  секілді тұлғалар туралы ақпараттарды жақсы біледі. Олармен жарысуға тырысады. Жолы болғыш кәсіпқой қылмыскер өзінің кәсібилігімен мақтанып, өзіндік, құқыққа  қайшы ойлану қабілетіне ие болып және оны өзінің артынан ерушілерге үйретіп, оларды оқытады. Бұл жалпы оқыту әдісінен еш айырмашылығы жоқ. Көптеген үлгілер көрсеткендей орындаушылардың оқу барысында қылмыс жасауда, орындауда, қылмыс ізін жасырғанда ширақтық пен зеректік, жылдамдылық қажет етілетіндігі бекітіледі.

Профессор Ю.М.Антонянның пайымдауынша киллерлердің психологиялық  ерекшеліктерін нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолданушы маньяктармен және саяси террористермен ұқсатады. Оларда эмпатияның (жанашырлық таныту) жоқтығы, күш қолдану, қиратушы факторлардың басымдығы, айналасындағы адамдардан басым түсуге, оларды өзіне бағындыруға ұмтылу  секілді қасиеттер тән. Ю.М.Антонянның пікірінше ең бастысы кәсіпқой киллердің бір реттік жалдамалыдан айырмашылығы міндетті түрде «ойындық мотивацияның» болуында. Киллер өзінің жаратылысынан - аңшы. Ол өзінің азығының соңынан ұзақ уақыт бойы аңдып, түрлі комбинациялар құрастырып, жан-жақты нұсқалар іздейді. Оңтайлы сәт түссе, ол сәтті босқа жібермейді. Өзгеше айтсақ, киллер үшін адам өмірінің түк те маңызы жоқ, оны кісі өлтіруге деген спорттық азарт итермелейді. Жалдамалы кісі өлтірушілер немесе осы рөл тапсырылғандарды екі топқа бөлуге болады: біріншісі – жоғарғы, екіншісі – орта кәсіпкерлік өкілдеріне қызмет етеді. Кейде қылмыс құрбанына жақындау мүмкін болмаған жағдайда жалдамалы кісі өлтіруші рөліне әйелді шақырып, ол ашына немесе түнгі көбелек кейпіне еніп, істі аяқтайды.

Жалдамалы кісі өлтірудің ең тиімді тәсілі киллер иттерді дайындап, пайдаланып, мінсіз қылмыс жасау. Екі апта бойы бейшара жануарды ұрып-соғып, аштықта қалдырып, қинап, агрессивтілігін күшейтіп, бір ғана «Фас!» бұйрығын орындауды үйретеді. Қылмыс аяқталғасын жәбірленуші мен иттің арасындағы белгілі бір байланысты орнату мүмкін емес, себебі итті бір-ақ рет пайдаланып, артынша өлтіріп тастайды [10,62б.].

Жалдамалы кісі өлтірушілердің жеке тұлғасының ерекше сипаттамаларын, олардың ұйымдастырушылармен, делдалдармен қарым-қатынасын білу осы қылмыстарды тергеп, алдын-алуда профилактикалық шараларды жүзеге асыруда маңызды.

 

 

2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері

 

 

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын жасаушы тұлғаларды тапсырыс беруші, делдал және орындаушы деп үш топқа  бөліп қарастырамыз. Оның ішінде осы  қылмысты ерекшелендіретін тұлға ол – орындаушы.

Қылмыстың бұл саласындағы  орындаушылар бұрыннан келе жатыр. Көптеген ел басшылары, лауазымды адамдар, қаншама атақты тұлғалар жалдамалы кісі өлтірушілердің қолынан қаза тапты.

Кәсіпқой жалдамалы  кісі өлтірушілерді дайындайтын  мектептер де бар. Олар қазіргі таңда  жасырын қызмет етеді. Олар балаларды жастайынан асырап алып арнайы кісі өлтіру үшін өмір бойы дайындайды. Бұндай жағдайларды тарихтан байқауға болады. Әлемде жалдамалы кісі өлтірушілерді дайындайтын атақты екі мектеп болған. Олар ниндзялар мен ассасиндер мектебі. Біреуі шығыс халқын үрейде ұстаса, екіншісі батыс халқын үрейде ұстаған.

Ассасиндер – шаһидтер, дін үшін күресте өзін-өзі өлтіруге дейін баратын террористер болып  табылады. Олар сонау 1087 жылы Хасан  ибн Саббахтың бастауымен құрылған. Баста Хасан ибн Саббахтың  ойында жалдамалы кісі өлтірушілердің мектебін ашу ойы болмаған. Ол тек өз қаласында утопиялық мемлекетті құрып, бейбіт өмірді қалаған. Бірақ көрші мемлекеттер маза бермеген соң ол өзінің бар күшін солармен күрес жолында жұмсап, небір әдіс-тәсілдер ойлап тауып, жалдамалы кісі өлтірушілердің әлемдегі ең үздік мектебін ашқан. Ол бұйрық берсе бұйрығы екі етпей орындалып, ол бұйрықты орындау барысында жалдамалы кісі өлтірушілер өз өмірін қиюға дейін барған. Тіпті, олар өлімді армандаған. Өз қызметін орындау  барысында өліп кетсе бірден жәннатқа барамыз деп ойлаған. Олай ойлауға да себеп бар болатын. Ассасиндер қоғамына ең алғаш қабылданған күні оларға гашиш беріп, мас қылып, қолдан жасалған жұмаққа апарып тастайды. Онда өмірдің барлық қызықтары, сұлу әйелдер, бұлақ болып ағып жатқан шараптар, жан-жақтың барлығы жап-жасыл, бақта бұлбұлдар сайрап тұрады. Ол ұйқыға жатқан соң оны әлгі жұмақтан шығарып тастайды. Ол соның бәрін түс ретінде көреді. Қайтадан жұмаққа барғысы келіп, басшысының кез-келген тапсырмасын орындайды [25, 120б.].

Ассасиндікке мүшелік ету де оңай емес еді. Оған жас балдар есігінің алдына барып апталап, айлап аштан аш отыратын болған. Олардың ішінде ең шыдамдысы, ең төзімдісі ғана алынатын болған. Ал, қалғандары шыдамай кетіп қалады немесе аштан өлген. Көп жағдайда жетім балаларды мүшелікке қабылдаған. Олардың отбасы жоқ, алаңдайтын ешкімі жоқ. Олар тек жәннатқа баруды ойлаған. Сонымен қатар, ассасиндердерде ғалымдар мен өнертапқыштар жақсы жұмыс атқарған. Олар өз заманынан әлдеқайда озық қаруларды ойлап тауып, кісі өлтіру барысында пайдаланып отырған.

Жалдамалы кісі өлтірушілерді  тәрбиелеген кезде шығыс жекпе-жек  өнерінің барлық түрлеріне, садақ атуды, қылыштасуды, жалпы қарудың барлық түрлерін меңгеріп қана қоймай, әртістік шеберлікті бет-әлпетін өзгертуді, қулықтың небір тәсілдерін үйрететін болған. Олар кез-келген саудагер, құл, шаруа, дипломат, пірадар кейпіне оңай еніп кете алатын болған. Тіпті бір елдің басшысын өлтіретін кезде католиктік шіркеуде екі жыл бойы монах ретінде болып, сенімге кіріп алып оңтайлы сәт түскенде өз мақсаттарына жеткен жағдайлар да болған. Осындай әрекеттерден соң барлық елдің басшылары Хасан ибн   Саббахтан қорқып, оған өздеріне тиіспеу үшін келісіп, ақша төлеп отырған. Кейде өз мақсаттарын іске асыру үшін жалдамалы кісі өлтірушілерін сұрап отырған.

Бірақ, 1256 жылы Шыңғысхан  әскерлері Аламутты басып алып, ассасиндер жан-жаққа бытырап кетеді. Ал, 1270 жылы өзіміздің қыпшақ Сұлтан Бейбарыс солтүстік  Персиядағы ассасиндердің  соңғы өкілдерінің көзін құртады. Бірақ, олардың тұрақты тұрған жерін жойғанменен жүз жыл бойы қалыптасқан білімдері, әдіс-тәсілдері жойылмай әлі күнге дейін қолданылып келуде [25, 121б.].

Кәсіпқой орындаушы  терминін түсіну үшін алдымен кәсіби қылмыскерлердің белгілерін анықтау  қажет. Әлемдегі криминологтар осы  тұлғаларға сәйкес бірқатар міндетті сипаттамалар береді: жасаған қылмыстары үшін өмір сүру үшін қаражат алып, өзін қылмыскер сезіну – осы тұлғалардың мамандығы мен түрлерінің қажетті элементі болып табылады. Жалдамалы кісі өлтірудегі қылмыскердің тұлғасы туралы арнайы және заңи әдебиеттері әлсіз зерттелген, себебі бұл қылмыс түрінің көпшілігі ашылмай қалып, тиісті материалдар жетіспейді [20, 72б.].

Жалдамалы кісі өлтірушілердің көпшілігі еркек жынысты тұлғалар болып келеді (90%-дан астамы). Ал қалғандары сәйкесінше әйелдерді құрайды. Бұлай болудың да өзіндік себептері бар. Біріншіден тарихи сипаттама берген кезде кісі өлтірушілер ретінде тек еркектер танылған және тапсырыс берушілер еркектерге көп жағдайда сенеді. Екіншіден, еркектер әйелдерден физикалық тұрғыда күшті болып келеді. Егер іс насырға шапса, онда күш қолдану әрекеті арқылы істі аяғына дейін жеткізеді. Үшіншіден, жалдамалы кісі өлтірушілердің көбісі әскерде арнайы дайындықтан өтеді, әскерде өз борышын өтеу міндеті тек ер адамдарға арналады [9, 53б.].

Кәсіпқой кісі өлтірушілер арнайы дайындалған, кісі өлтіруде әдіс тәсілдердің түр-түрін пайдаланатын қылмыстық әлемнің майталмандары ғана емес, сонымен қатар құпиялықты сақтаудың үлкен шеберлері болып келеді. Кәсіпқой кісі өлтірушілердің құрбандары болып бизнесмендер, бандалардың басшылары болып келеді.

Қылмыстық қызмет басқа  да қызмет салаларындағыдай әрқайсысының өздерінің мамандығына сәйкес бөлінеді. Ол екі күштің әсерінен пайда болады. Біріншіден, адамдардың топтық қызметінен, дәлірек айтсақ қылмыстық топтардың  өз мақсатына жетуі үшін еңбектерінің бөлінісінен. Екіншіден, арнайы-техникалық біліктілік пен білімді алып, оларды қылмыстық қызметінде ұтымды пайдаланып, басын қатерге тігу қаупін азайту болып табылады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысы өз қызметін үстірт орындайтын делитанттар жасаған жерлерде, билік құрылымдары немесе басқа да сол деңгейдегі тұлғалар қызығушылық танытқан жағдайда жиі ашылып жатады [10,77б.].

Біздің елімізде жалдамалы  кісі өлтіру қылмысының жасалуының өзі  тенденциялығымен қауіпті. Өйткен, бұл қылмыс санының өсуі орындаушылардың кәсібилілігінің алға жылжуына әкеліп соғады. Бұған жұмыссыздардың санының көбеюі, елдің негізгі бөлігінің кедейленуі, құқық қорғау органдарының әлсіреуі және т.б әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Кәсіпқой кісі өлтірушілерді дайындауда осы қылмысқа қарсы күресетін әскери және мемлекеттік құқық қорғау органдары көмектеседі. Қазіргі таңда мамандардың пікірінше жалдамалы кісі өлтіру қылмысын орындаушылары өз қызметіне үстіртін қарайтын делитанттар емес, жоғарғы деңгейдегі кәсіпқойлар болып табылады. Бұлар құқық қорғау органдарының арнайы қызметкерлері немесе жоғары дайындалған қылмыскерлер, демек осы қылмыс үшін объективті және субъективті дайындалған тұлғалар. Егер орындаушы бұл қылмысты жасауға келісімін берсе, онда ол бұл қылмысқа дайын деуге толық негіз бар. Оған тек сыйақысын берсе болды.

Бұрын әскерде қызмет еткен, талай қанды шайқастарды  көрген тұлғалар қарапайым бейбіт өмірге келіп, қоғамменен бірігіп кете алмай  жүреді. Олардың кейбіреулері қылмыстық  топтарға кіріп жұмыс жасайды. Бұрын бұл құбылысты «ауған синдромы» деп атаса, қазір «шешен синдромы» деп атайды.

Арнайы қызметтің бұрынғы  қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық  топтарға кірген кезде қауіптілік деңгейі  екі есеге ұлғаяды. Олар қаруды жақсы  қолдануды білумен қатар, қызмет барысында алған тәжірибиелері, білісдері бар болады. Коммуникация жағында, жарылғыш заттармен жұмыс істеу жағында т.б қызмет аясында жұмыс жасаған қызметкерлер қылмыстық топтпарға кірсе қауіп тудыратын болады [22, 57б.].

Пайдақорлық қылмыскерлерінің жасаруы – жастардың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттан адасуының бір көрсеткіші. Қазір жастардың үйреншікті емес бірігуі орнықты сипатқа ие болып келеді. Өкінішке орай, мұндай бірігулер қылмыстық әлеммен байланысып жатады. Адамның бойындағы заңға, құқық қорғау органдарына деген құрмет көрсетпеушілігі, үлкендердің теріс тәрбиелік ықпалы, оңай ақша табу – осының барлығы жастардың қылмыстық жолындағы жалғыз ғана түзу жол деп саналып, олардың теріс жолға түсуіне өз ықпалын тигізіп келді. осылайша құндылықтар жүйесі құрылып, адам өмірін қию қарапайым жағдайға айналып, ал кімді нақты өлтіру қажеттігін жоғары тұрғандар шешіп отырды [20, 118б.].

Информация о работе Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы