Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 16:36, курсовая работа

Описание работы

Өз заманында қазақтың Ахаңы, Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік - қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді...» деп, ел аңсарын білдіріп кеткен екен. Шешендікпен айтылған билер сөзін ұмытпай, қай кезде болса да қастерлі мұрадай жадында сақтаған халық қазір де сот бейнесінде өз үкімімен қалталының емес, қарапайым адамның көкейіндегісін айтатын, шындықты ашып, жақсылықты жарыққа шығаратын әділет жоқшысын көргісі келеді, арман етеді.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ. Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуы
1) Аппеляциялық сот өндірісі
2) Кассациялық сот өндірісі
3) Аппеляциялық және кассациялық сот өндірісінің арақатынасы
ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

аппеляциялық кассациялық сот.docx

— 361.11 Кб (Скачать)

     Міне, осылайша, жаңа тұрпатты сот жүйесін  құру жөніндегі міндет бүгінгі таңда  өз шешімін тауып, сот органдары  елімізде заңдылық пен тәртіпті нығайту  бағытында ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда. 

     1. Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесi үшiн бейтаныс болғандықтан, апелляциялық өндiрiс туралы ережелердiң іс жүзінде қолданылу проблемалары кiм-кімдi де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеудi, ең алдымен апелляциялық өндiрiс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.

      1997 жылдың 13 желтоқсанда қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшiне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргiзу кодексi сот шешiмдерiн қайта қараудың төрт сатысын қарастырады:

      - соттың әлi заңдык күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық);

      - соттың күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың  екi сатысы (қадағалау инстанциясындағы  өндiріс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастау).

       Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарында заң  шығарушылар осылардың үшеуiн  ғана: кассациялық шағымдану және  наразылық қадағалау өндiрiсi және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша өндiрiстi қайта бастау сатыларын қолданысқа жiбердi. Ал, ҚІЖК-нiң соттардың қылмыстық iстерді апелляциялық тәртiппен қарау туралы ережесiн қолдануды алдымен 2000 жылдың 1 каңтарына дейiн, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн кейiнге қалдырды.

      2001 жылдың 11 шiлдесiнде қабылданған  Қазақстан Республикасының “Сот iсін жүргізу меселелері бойынша  Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңы соттың заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын кайта карау үшiн апелляциялық инстанция енгiздi. Осы заң республиканың сот өндiрiсінен кассациялык шағымдануды, наразылықты алып тастады.

       Жаңа ереже 46 жене 47-тарауларга  топтастырылып, КIЖК-нiң 8-бөлімінен  орын алады («Соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау»).

       Осындағы 46-тарау «3аңдық күшiне  енбеген сот шешімдеріне апелляциялык, кассациялық шағымдану және наразылық  бiлдiру> КІЖК қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн 1998 жылдың 1 каңтарынан бастап өмiрге жолдама алды. 9 баптан тұратын бұл тарау кассациялық өндірiстің негiзгi ережелерiн реттейтiн мынадай жайттарды қарастырды: сот үкімдеріне шағым - дану және наразылық бiлдiру субъектлері (396-бап) жене шағымдарды, наразылықтарды өзгерту, толыктыру, керi кайтару жөнiндегi олардың құқықтары туралы (402-баптың 3, 4-тармақтары), шағымдану және наразылық бiлдiрудiң тәртібі мен мерзiмдері туралы (398, 399-баптар), шағым беруге, наразыльқ білдiруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібi туралы (400- бап), шағымның берiлгендiгі, наразылықтың бiлдiрiлгендiгi жөнінде тараптарды хабардар ету (401- бап) және iстің қаралатын уакыты мен орны жайлы тараптарды құлақтандыра отырып, iсті апелляциялық инстанциядағы сотқа жіберу туралы (402-бап), бiріншi сатыдағы соттың каулысына шағымдану, наразылық бiлдiру туралы (403-бап).

     Әділсот билігін жүзеге асыруда таразы басын  тең ұстап, адамдардың тағдырына  асқан жауапкершілікпен қарау арқылы судьялар елімізде құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғам құру саясатының қаншалықты дәрежеде жүзеге асырылып жатқанын нақты көрсетіп отырады  десек еш асыра айтқандық емес.

     «Адамзат  үшін сот төрелігінен маңызды  ештеңе жоқ, өйткені адамның құқығы мен заңды мүддесін және де басқа  да субьектілерді қорғауда адамзат  соттан басқа құралды әлі ойлап  тапқан жоқ» деген Монтескьенің қанатты  сөзі егеменді еліміздегі мемлекеттік  биліктің бір тармағы болып саналатын  сот саласына жүктелер міндеттің  қаншалықты салмақты, қаншалықты жауапты  екендігін айқын аңғартып тұрғандай.Бұл  орайда халықтың сотқа деген сенімін  нығайтып, оның жұмысында жариялылыққа кең жол ашып, ел азаматтарының  сотқа деген көзқарасын зерттеп, біліп отырудың маңызы зор.

     Осы мақсатта Ақмола облысы соттарының 2011 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыруының қорытындысы төмендегідей.

     2011 жылдың 9 айында облыстың аудандық  және оған теңестірілген соттарында  барлығы 32074 қылмыстық, азаматтық  және әкімшілік істер мен материалдар  қаралған болса, өткен жылы  барлығы 43127 іс қаралған, яғни  биыл 11093 іс кем түскен  немесе 25.7 пайызға азайған.

     Есептік мерзімде соттармен 15936 азаматтық іс қаралған, ал өткен жылы осы мерзімде 17323 азаматтық іс қаралған, яғни биыл 1387  іс кем қаралған немесе 8.0 пайызға  азайған.

     Өткен жылы 12090 іс бойынша шешім шығарылса, биылғы жылы шешім 9963 іс бойынша шығарылған, 2127 іске немесе 17.6 пайызға төмендеген.

     Егер  былтыр 1738 сот бұйрығы шығарылса, биыл 2112 сот бұйрығы шығарылды, яғни сот бұйрығын шығарудың 21.5 пайызға  өскені байқалды.

     Биыл 3472 азаматтық істер бойынша сырттай  шешім шығарылса, былтыр осы мерзімде 4734 іс бойынша сырттай шешім шығарылған, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда  осы тәсілмен қаралған істер саны 26.7 пайызға төмендеді.

     Былтыр 14 азаматтық іс бойынша іс жүргізу  тоқтатыла тұрса, биыл 16 іс бойынша  іс жүргізу тоқтатыла тұрды. Олардын ішінде  Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты –3, Ерейментау аудандық соты -3, Көкшетау қ. МӘС – 2. Ақкөл-2, Атбасар, Аршалы, Қорғалжын, Жақсы, Целиноград аудандық, Степногорск қалалық соттарда - 1-ден.

     2011 жылдың 9 айында  аудандық соттармен  қаралған 15936 істен апелляциялық  сатыға қарауға 1227 азаматтық іс  келіп түсті, оның ішінде апелляциялық  шағымдар бойынша – 1168, апелляциялық  наразылық және шағым бойынша  – 45, прокурордың наразылығы бойынша  14 істер түскен, ал былтыр осы  мерзімде 17323 істен апелляциялық  сатыға қарауға 1017 азаматтық іс  келіп түскен.

     Апелляциялық  тәртіппен 63 іс бойынша шешім бұзылды  немесе барлық шығарылған шешімдердің 0.6 пайызының күші жойылды, бұзылған шешімдер бойынша – 11 іс бірінші  сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберіліп, 36 іс бойынша жаңадан шешім қабылданды, 6 талап арыз қараусыз қалдырылып, 10 іс қысқартылды.

     Биыл  аудандық соттардың шешім шығарған істердің санынан 125 азаматтық іс бойынша  немесе 1.3 пайыз шешімдер өзгертілген, былтыр осы мерзімде аудандық соттардың  шешім шығарылған істердің саны бойынша 82 шешім өзгертілген.

     Жеке  наразылықтар мен шағымдар бойынша  55 ұйғарым бұзылған, 5 ұйғарым өзгертілген, өткен жылы осы мерзімде 36 ұйғарым  бұзылған. 

     Пайыз бойынша ең көп шешімдер бұзылған және өзгертілген  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  – 72, Көкшетау қалалық соты – 45, Степногор  қалалық соты –12, Бурабай аудандық сотында  – 11.

     Сондай-ақ, апелляциялық тәртіпте қаралған істердің қорытындысы бойынша аудандық соттардың  судьяларының атына-9 хат жолданған. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы З.Смагуловаға  жеке ұйғарым шығарылды.

     Жоғарыда  көрсетілген деректер шешімдер мен  ұйғарымдардың бұзылуына, іс жүргізу  нормаларының дұрыс қолданылмауы негізгі  себеп болып отыр, бұл себеп  судьялар үшін жол берілмейтін негіз  болып саналады; іс үшін маңызы бар  мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы  және дұрыс айқындалмауы және де материалдық  нормалардың  бұзылуы немесе дұрыс  қолданылмауы негіз болып табылса  бұл судьялардың сотқа дейінгі  дайындықты тиісті жүргізбегендігі. Сондықтан, барлық көрсетілген себептер мен  кемшіліктер, оның өз міндетіне деген  көз қарасы, заңды және дұрыс шешім  қабылдау судьялардың өзіне байланысты болатынын айту қажет.

     Облыс соттарында сот істерін іс жүргізу  заңдарында көзделген мерзімде қарауды  қамтамасыз ету үшін, Ақмола облыстық сотымен сот өндірісінде 3 және 6 айдан жоғары мерзімдерде қаралмай жатқан, 3 реттен артық кейінге қалдырылған, сот өндірісі тоқтатылған және апелляциялық сатыға жолданбай жатқан азаматтық  және қылмыстық істердің дер кезінде  қаралып, заңда көрсетілген жағдайларда  уақытылы апелляциялық сот алқасына жолданылуы қатаң бақылауға алынғанын  білесіздер.

     Осы жылдың  жартыжылдығындағы қорытындысында осы  істерге көңіл бөлінген еді, соған қарамастан осы уақытқа  дейін нәтижесі жоқ.

     Атап  айтқанда, 2011 жылдың 6-сәуірде Бурабай  аудандық сотына азамат  Н.А.Четверкиваның  хабар ошарсыз кетті деп тану бойынша арызы түскен. Бұл іс бойынша 11 сәуірде ұйғарым шығарылған. Судья Г.Қ.Хамзина істі қарауды 19 шілдеге тағайындаған. Судьяның келесі еңбек демалысына кетуіне байланысты іс судья Т.К.Карпычеваға берілген, келесі сот отырысы тек  бір айдан астам өткен соң тағайындалған, сонымен іс түскен күннен бастап алты ай өткен соң қаралған.

     Ерейментау  аудандық сотына түскен Ж.В. Марининаның  Н. Мамбурға әкелікті анықтау туралы арызы 11 мамырда түскен, ал 23 мамырда  осы іс бойынша  молекулярлық- генетикалық  экспертиза тағайындалған. Бірақ осы экспертизаның нәтижесі туралы  тамыз айының соңына дейін сотта ешқандай мәліметтер болмаған. Сот өз тарапынан сараптама мекемесіне ескерту жібермеген./Тұрғынбаев М.Б./

     АІЖК-нің 166-бабының талабына сай арызды қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан  кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді.

     Осы бапта және де сотта іс қарауға  істі әзірлеудің әрбір іс бойынша  қажетті міндеттері көрсетілген.

     Апта  сайын облыстағы талқылауды қарасақ  судьялар осы АІЖК-нің нормаларын еске алмайтынын аңғаруға болады.

     Мысалы, Атбасар аудандық сотына түскен талапкер Б.Кабдрашеваның жауапкерлер С.Огородний, М.Мурзахметовке келісімді жарамсыз деп тану туралы іс  түскен күннен бастап екі ай        өткен соң АІЖК-нін 242 –бабының 4- тармақшасына сәйкес тоқтатылған, яғни басқа істің шешілуіне дейін  бұл істі қараудың мүмкіндігі болмағандықтан./Жақыпов  А.А./

     Аршалы  аудандық сотында талапкер Т.Бакулеваның  жауапкер И.Макаренкоға келісімді  жарамсыз деп тану туралы талабы бойынша  экспертиза екі ай өткен соң тағайындалған. Талап арыз  10 мамыр күні сот өндірісіне қабылданып, осы күнге дейін   өз шешімін тапқан жоқ./Әміров М.А./ 

     Ерейментау  аудандық сотында 16 маусым күні түскен  А.Отюцкийдің мұрагерліктен бас  тартуды жарамсыз және мұрагер деп тану туралы арызы бойынша іс 9 қыркүйек күні, яғни 3 ай өткен соң сараптама тағайындалған./Тұрғынбаев М.Б./

     Ақмола  облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соты «Аршалы Жеміс» АТК-і  «Компания Формула успеха» ЖШС-не қарызды өндіріп алу туралы талап  арызы 11 шілдеде қабылданып, 28 қыркүйекте АІЖК-нің 242-бабының 4- тармақшасына сәйкес тоқтатылған./судья Аймұхамедов  А.А./

     Азаматтық iстердi соттың қарауына әзiрлеу бiрiншi сатыдағы соттың iс жөнiндегi iс-әрекетiнiң  қажеттi бөлiгi болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен  қолданылуға жататын материалдық  құқық нормаларына сәйкес тараптардың  заңды құқықтары мен мiндеттерiн, олар ұсынған дәлелдемелердi сот  отырысында толық, жан-жақты және объективтi түрде зерттеп, заңды және негiздi сот актiсiн шығару үшiн қажеттi жағдайлар тудырады.

     Көрсетілген мысалдар судьялар азаматтық істерді  соттың қарауына әзірлеу іс- әрекеттерін  орындамайтығын, қарау мерзімін негізсіз созатының көрсетеді.

     Ақмола  облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотында  тараптардың  келмеуіне байланысты екі рет  қараусыз қалдыру,  іске қатысушы адамдарды  сот отырысының  уақыты мен мен  орны туралы тиісінше хабарламау, істі қарау, сот шешімінің көшірмесін тапсыру мерзімдерін бұзуға айналған тәжірибесі жойылуға тиісті.

     Осыған  байланысты, жаңадаң тағайындалған  сот төрағасы Ә.Т. Ермеков сот  жұмысын жақсы жолға қойып, дұрыс  ұйымдастыру қерек.

     Апелляциялық  сот алқасына іске қатысушы адамдардан судьялар атына  көп шағымдар түседі. Тексеру барысында мынадай жағдайлар  анықталды:

     Мысалы, Аршалы аудандық соты талапкер С.Мендыбаеваның  А.Мендыбаевқа мүлікті бөлу туралы бойынша 2011 жылдың 28 шілдеде шығарылған  шешімі жауапкерге 22 тамызда қолына берілген /судья Әміров М.А./.

     Талапкер  Н.Яценконың талап арызы бойынша  шешім 2011 жылдың 5 мамырында шығарылған. Апелляциялық сатыға осы іс уақтылы  жіберілмеген./Тұрғынбаев М.Б.

     Жарқайын  аудандық сотының судьясы А.Ағадилованың үстіне азамат Волынецтен М.К. 4 шағым, ал Целиноград аудандық сотының судьясы  Г.Балибаеға талапкер А.Кириленкодан 3 шағым түскен.

     Осыдан, бірінші түскен шағымнан бастап судьялар осы жағдайма мән бермейді. 

     Еліміздің сот жүйесін азаматтық және саяси  құқық пен басқа да халықаралық стандарттар жөніндегі пактілер ережесіне сәйкестендіру бағытында қыруар істер тындырылды. Судьялар корпусының,сот қызметкерлерінің материалдық, әлеуметтік қамтылуы жылдан-жылға жақсарып келеді. Судьялардың арасында заң бұзушылықтың алдын алу, сот төрелігін толығымен қамтамасыз ете отырып,істерді сапалы әрі жедел қарауға қол жеткізуде де ілгерілеушілік бар

Информация о работе Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуы