Табиғатты пайдалануды басқару

Дата добавления: 19 Октября 2011 в 21:02
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (28.96 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Қоршаған орта мониторинг.doc

  —  123.00 Кб

Биосфераның биологиялық, геологиялық  мониторингісі. Қоршаған ортаның елді мекенге, адам денсаулығына әсер ету жағдайларын  қадағалау. Қоршаған орта индикаторлармен  параметрлерін бақылап  қадағалау. Жалпы  биосфераның өзгерісін  болжап және бақылап  қадағалау. 
 
 
 
 

Жоспар: 

    1.Қоршаған орта мониторингісі 

    2.Экологиялық мониторинг және сараптау

     

      3.Табиғатты пайдалануды басқару  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Қоршаған ортаның Мониторингі – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды.Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференциядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

    1) қоршаған ортаның жағдайын жүйелі  түрде бақылау.

    2) табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.

    3) қоршаған орта жағдайын ретке  келтіру шараларын басқару. Бақылайтын  обьектілердің ерекшелігіне, түріне  және бақылау әдістеріне байланысты  мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады. Мысалы:

    Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің  мынадай түрлері бар:

    - биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);

    - дистанционды (авиациялық және космостық);

    - аналитикалық (химиялық және физико-химиялық  талдау). Бақылау обьектілері бойынша:

    - қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);

    - биологиялық мониторинг (өсімдіктер  және жануарлар дүниесі).

    Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.

    Іс-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән.

    Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:

    Биологиялық мониторинг - биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді  бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.

    Базалық мониторинг - жалпыбиосфералық, яғни, тек  қазіргі кездегі ғана емес, жақын  аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын  негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.

    Қоршаған  орта жай-күйіне бақылаулар 1972 жылдан бастап ұйымдастырылып,  1999 жылы қалпына  келтірілді. Қоршаған ортаның  міндеттеріне және зерттеліп отырған  құрауыштарына  байланысты  қоршаған орта жай-күйінің  мемлекеттік мониторингісінің жүйесі  мыналарды қамтиды: 

-Атмосфералық  ауа мониторингісін;    

-Атмосфералық  жауын-шашын және қар жамылғысы   жай-күйінің мониторингісін;    

-Беткі сулардың  сапалы жай-күйінің мониторингісін;  

-Топырақ жай-күйінің  мониторингісін;

радиациялық мониторингті

трансшекаралық су ағыстарының мониторингісін қамтиды.   

-Қоршаған орта  жай-күйі үшін бақылаулар. 

      Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар желісі.

Республиканың 28 елді-мекеніндегі стационарлық бақылау  пунктерін қамтиды. 

       Атмосфералық жауын-шашын жай-күйі үшін бақылаулар желісі.

45 метеостансаларды  қамтиды.  

        Беткі сулардың жай-күйі үшін бақылаулар желісі.

81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 57 өзенді, 9 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды. 

        Радиациялық мониторингтің бақылау желісі.

43 метеостансада  жиынтық бета-белсенділікті анықтау.

79-метеостансада  гамма-сәулененудің экспозициялық  мөлшерінің қуаттылығын өлшеу.

 

        

         Атмосфералық ауаның мониторингі

Атмосфералық  ауа жай-күйі үшін бақылаулар  республиканың  барынша  ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында орындалады.

Қазіргі таңда  атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар республиканың  27 елді-мекеніндегі  69 ЛБП жүргізіледі. Атмосфералық ауа  жай-күйі үшін бақылаулар  мыналар  бойынша:  

·        толық емес бағдарлама бойынша(тәулігіне 3 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 07,13,19);

·        толық бағдарлама бойынша(тәулігіне 4 рет-  жергілікті уақыт бойынша  сағ. 01, 07,13,19);

·        үздіксіз режимде жүргізіледі.

Атмосфералық  ауа ластануын зерделеген кезде 17-ден астам ластаушы заттар, оның ішінде жүзбе заттар(шаң) күкірт диоксиді, көмірсутегі тотығы, азод диоксиді, күкірт сутегі, фенол, формальдегид, аммиак және т.б   анықталды.

 

         Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне мониторинг

Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне бақылаулар Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(ДМҰ) бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жауын-шашын және қар сынамаларында мыналар:

- аниондар -сульфаттар, хлоридтер, нитраттар;

- катиондар - аммоний, натрий, калий, кальций, магний;

-  микроэлементер - қорғасын, жез, кадмий, күшәла

-   қышқылдығы

-   меншікті  электр өткізгіштігі анықталады.

       Атмосфералық жауын-шашын үшін  бақылаулар күнделікті 45 метестансада  жүргізіледі. 

Қар жамылғысындағы ластаушы заттардың барлығына бақылаулар жылына бір рет, қардағы ылғал қорының максималды жиналуы кезеңінде жүргізіледі.  Қар жамылғысының химиялық құрамы үшін Қазгидрометтің бақылау желісі  38 метеостансаны қамтиды.  

          Радиациялық мониторинг

Атмосфераның жерге жақын қабатының радиациялық ластануы үшін бақылау Қазақстанның 14 облысындағы 43 метеорологиялық метеостансасында жазық планшеттармен ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылады. Барлық стансаларда бес тәуліктік сынамалар алу жүргізледі. Планшеттер экспозицияланғаннан кейін Алматы ГМО ОХАИ жіберіледі, мұнда жиынтық бета-белсенділігіне және гамма-сәуленену мөлшері қуаттылығына  радиометрикалық зерттеулер жүргізіледі. 

Радиациялық мониторингтің  бақылау желісі мыналарды:

-        43 метеостансада-жиынтық бета –белсенділікті анықтауды; 

-         79 метеостансада-гамма-сәулененудің  экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын  өлшеуді қамтиды.

           Топырақ жай-күйінің мониторингі

Топырақ жай-күйіне бақылаулар 20 өнеркәсіптік қалаларда  жүргізіледі.

Сынамалар жылына екі рет бес белгілі бір нүктелердегі қалалар шетінен және өнеркәсіп орталықтарынан одан әрі ауыр металдардың(қорғасын, мырыш, кадмий, жез, хром) бар болуын анықтаумен алынады.

Беткі сулардың сапалы жай-күйі үшін мониторинг.

Құрлықтың беткі  суларының ластануы үшін бақылау пунктерінің көбі гидрологиялық стансалар және бекетттермен біріктірілген. Бұл ретте, тек қана гидрохимиялық  емес, сондай-ақ гидрологиялық сипаттамаларды (су өтімі мен деңгейінің, ағыстың орташа жылдамдығын) анықтау міндетті болып табылады.

Беткі сулар  жай-күйі үшін бақылау желісі 81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 57 өзенді, 9 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды.

Алынатын су сынамаларындағы құрлықтың беткі  суларының ластануын зерделеген кезд, су сапасының  40-тан астам физикалық-химиялық көрсеткіштерін(аммонийлі азот, жүзбе заттар, гидрокарбонаттар, сульфаттар, хлоридтер, кальций, қаттылық, магний, натрий, калий, жалпы темір,  кремний қос тотығы, марганец, жез, мұнай өнімдері, нитраттар, нитриттер, сутегі көрсеткіші, ерітілген оттегі, иіс, оттегінің биохимиялық тұтынуы  (ОБТ5), оттегінің химиялық тұтынуы (ОХТ), фенолдар, жалпы фосфор, меншікті электр өткізгіштік, фторидтер, синтетикалық беткі-белсенді заттар(СББЗ), роданидтер, цианидтер, мырыш, хром және т.б.) анықтайды.

 

            Қоршаған орта жай-күйі және Арал маңы халқының денсаулығы   жөніндегі ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық бюллетеньдер; 

        «Морпорт Актау» АэА аумағында,

          Балқаш көлінің бассейнінде,

          Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде,

         Щучье-Бурабай  курорт аймағында;

         Нұра ө.бассейнінде

         Қоршаған ортаның жоғары(ЖЛ) және экстремальді жоғары ластануы(ЭЖЛ) жөніндегі шұғыл ақпарат;

         Қоршаған орта ластануының аялық  жай-күйі жөніндегі анықтамалар.

          АЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ

   Қазақстанда биосфера ластануының аялық жай-күйі және оның өзгеру үрдістері жөніндегі ақпаратты алу мақсатында Ақмола облысында «Бурабай» табиғи ортасының кешенді аялық мониторингісінің бір станциасы (КАМС) ұйымдастырылды. 

Табиғат адамзатсыз- ақ өмір сүре алады, ал адамдар одан тыс өмір сүре алмақ емес. Қоршаған ортаны сақтау және қорғау экология пәндері  ХХ ғасырдың 60-70 жылдарына дейін  оқу бағдарламаларына енген емес. Қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне уақтылы көңіл де бөлінбейді. 
Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге тарату болып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.Қазіргі күнде экология ғылымына биология тұрғысынан ғана емес, одан да жоғары көзқарастар мен түсініктермен қарау керек сияқты. Табиғат пен қоғам арасындағы нармоникалық байланыстарды дұрыс шешу жоғары білімді эколог мамандардың жауапкершілігінде. Биосфераның ноосфераға көшуі- қоғам және биосфера дамуының өзара байланыстылығын негізе ала отырып, оларды ғылымитұрғыда басқару мүмкіндігін ашады. Демек, бұл, біріншіден, қоршаған ортадағы күнделікті өзгерістерді бақылап қадағалап отыруды, екіншіден, қоршаған ортадағы өзгерістердің экологиялық салдарларын алдын –ала болжап отыруды жүктейді. Бұл орайда, қоршаған орта сапасының көрсеткіші деген ұғымның тигізер пайдасы мол. Мысалы, АҚШ-та 1969 жылдан бастап табиғи ортаның сапа индексі (индекс качества природной среды деген шама, қоршаған ортаның тіршілік етуге қолайлылығын сипаттайды. Табиғи қоршаған ортаның, тіршілікке қолайсыз әсері орын алмауы үшін, оған шығарылатын улы, зиянды заттардың, қоқыс- қалдықтардың шамасын нормативті мөлшерден арттырмау керек. 
Бұл көрсеткіш, өзімізге белгілі зияны жоқ жоғары концентрация шамасы (ЗЖЖК) мен шекті шығарылу шамасы (ШКШ) және шекті экологиялық жұқ шамасы (ШЭЖШ)- (предельно допустимая экологическая нагрузка- ПДЭН) арқылы сипатталады. Осы шамалардың барлығын ескеретін және экожүйе құрамындағы өзгерістерді, құбылыстарды және де басқа жағдайларды сипаттайтын көрсеткіш болуы тиіс. Бұл көрсеткіш қызметін, мониторинг жүйесі атқарады. Мониторинг сөзі латынның «монитор»- болашаққа қарайтын, бағдарлайтын немесе болашақты болжайтын деген сөзінен шыққан. 
          БҰҰ 1972 ж. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Стокгольм Конференциясынан кейін көптеген елдерде келісілген экологиялық саясат, оның ішінде басқару саласында да жүргізіле бастады.Табиғат қорғау жөнінде арнайы мемлекттік басқару органдары құрылды.Мысалы, Ұлыбританияда 1970 ж. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі құрылды. Сондай министрлік Данияда,Голландияда,Австралияда,Францияда, Канадада,Норвегияда,Жаңа Зеландияда,Италияда,Польшада құрылды.

Страницы:123следующая →
Описание работы
Қоршаған ортаның Мониторингі – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды.
Содержание
1.Қоршаған орта мониторингісі
2.Экологиялық мониторинг және сараптау

3.Табиғатты пайдалануды басқару