Лекции по "Экономической теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:21, курс лекций

Описание работы

1 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ».
2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ.
3 ТАҚЫРЫП. МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР.
4 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ.

Работа содержит 1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать)

Амортизациялық  қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, көбейту процесіне бір мезгілде қызмет көрсетеді.

Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын толтыру) – негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты - шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану,  құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бір бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Өндірістің  негізгі қорлары - өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.

Материалдық тозу деп - құнның екі себепке, яғни:

1) ұқсас, бірақ  арзан еңбек құралдарын жасауға,

2) өнімділігі  жоғары, бірақ бағалары бірдей  еңбек құралдарын жасап шығаруға  байланысты жойылуын айтады.

Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор.

Амортизация нормасы - деп  амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдық орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.

Айналыс қорлары - өндірістің бір кезеңінде түгелімен  пайдаланылатын өндірістік қорлардың  бір бөлігі.

Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады. Айналым қорларының негізгі элементтері еңбек заттары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіпорнының айналым қаражаты есебінен алынады.

Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бір уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:

N = O/t

 

Мұнда:

n - бір жылдағы  айналым саны;

о - қабылдаған уақыт өлшемі (бір жыл);

t - белгілі ресурстардың айналым уақыты.

 

 

Айналмалы капиталға  шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде  пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық, түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық қорға айналуын - аммортизация деп атайды.

Аммортизация  қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына келтіру үшін қажет.

Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп оның тұтыну құнының жойылуын айтады.

Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған көрсеткіші қор қайтарымы (ФО) болып табылады.

 

ФО = П/Фосн

 

Мұнда:

ФО - қор қайтарымы;

П - жасалған өнім;

Фосн - негізгі өндірістік қорлардың құны.

 

Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (МЕ) анықталады:

 

МЕ - Фоб

 

Мұнда:

Фоб/П - айналмалы қорлар;

П - жасалған өнім құны;

МЕ - материал сыйымдылығы.

 

Негізгі және айналмалы капиталдардан  басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары қажет.

Айналмалы қорлар мен айналыс  қорларына жұмсалған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаттарын пайдалану  тиімділігі, айналымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бір жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.

2. Айналым - уақыт пен  жылдамдық арқылы өлшенеді.

Капиталдың айналым уақыты  деп шектеулі ресурстардың өндіріс пен айналыс сфераларынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады.

Өндірістік қордың құрылымы оның айналыс жылдамдығына үлкен әсер етеді. Оны анықтау айналыс санын (N) белгілі бір периодтағы жасалынған (О) әдетте жыл, не бір айналыстың ұзақтығына байланысты.

 

N =; O =;

 

Ағындының айналыс  уақыты (βоб) өндіріс уақыты (βn) және айналыс уақыты, себебі өндірістік қор өзінің қозғалысында өндіріс және айналыс сатысынан өтеді.

 

об) = (βn) + (βо)

 

Өндіріс уақыты  барлық периодты қамтиды. Құралдар мен өндіріс сферасындағы еңбек заттары, кәсіп орнының қоймаға түскеннен бастап дайын өнімді сатуға дейін болуында.

Айналыс уақытын  қоса есептегенде:

а) дайын өнімнің  қоймада болған кезі;

б) оларды тұтынушыға транспортировкалау уақыты.

Кәсіпорын қорларының құрылымы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инвестиция (лат. Investire < нем. Investiton) күрделі қаржының әрқилы түрлері. Әртүрлі өлшемдер бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портальдік болып, негізгі материалдарға және тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға тұрғын үй құрылыстарына бөлінеді.

Инвестор (ағыл. Investоr - күрделі қаржы салушы) жеке серіктестіктер мен мемлекеттер  шығаратын облигация акцияларына және басқа да бағалы қағаздарға қаржы жұмсайтын жеке адам немесе фирма.

Инвестициялық саясат - күрделі қаржының негізгі бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешімдердің жиынтығы күрделі қаржыны шешуші учаскелерге шоғырландыру шаралары, қоғамдық өндірісті дамытудың жаңа қарқынына қол жеткізу, экономиканың теңдестірілуі мен тиімділігі, шығынның әрбір теңдесіне шаққанда өнім мен ұлттық табыстың мейлінше мол өнімін алу осы шараларға байланысты. 

Инвестициялық саясаттың қазіргі кезеңдегі  сипатты ерекшелігі - салмақтың денін  жаңа құрылыстан кәсіпорындарды жаңа техникамен қайта жарақтандыруға және қайта құруға көшіру, осы мақсаттарға жұмсалатын қаржының жалпы көлеміндегі үлесін көбейту, өзара машиналар мен жабдыққа жұмсалатын шығынның үлес салмағын арттыру. Шағын және орта бизнес субъектілерін тікелей және көлбеу, интеграциялау.

Инвестиция  саясатында күрделі қаржы салу құрылымына ерекше назар аударылады. Бұл орайда, өңдеуші өнеркәсіптің инвестициялық  тұтымдылығын арттыру және қосымша құны жоғары тауарларды өндіруді демеу үшін. Үкімет өзінің әрбір инвестициялық жобаға қатысуына  байланысты дәлме-дәл шешімдерге келуі керек. Тұтастай алғанда, инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы және келісім-шарттардың сақталуына  кепілдік жасау қамтамасыз етілетін болады. Дамудың қаржы институттарын құру қысқа мерзімдік міндеттер қатарына жатады, нақты сектордың дамуы үшін зор маңызы бар.

  1. Қазақстанның инвестициялық қоры. Бұл қор қосымша құны жоғары тауарлар шығаратын компаниялардың капиталын жасақтауға үлестік тұрғыдан қатысады.
  2. Инновациялық қор. Бұл қор «суырылып алға шығаратын» технологияларды жасау мен енгізуді, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды талдап-жасауды қаржыландырады.
  3. Экспортты қамсыздандыру корпорациясы. Ол сыртқы рыноктарға өнім шығаратын Қазақстан кәсіпорындарына қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
  4. Отандық кәсіпорындарды тікелей несиелеуді дамыта түсу үшін даму банкінің уставтық қорын өсіру де көзделіп отыр.

Индустриялық  стратегияны жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде мемлекет пен жеке сектордың тың тұрпатты жаңа қарым қатынастарын қалыптастыруды атауға болады.

Қолға алынған  іс-шаралардың бәрі де нақтылы ғылыми-технологиялық саясатпен тиянақталуға тиіс екендігі талассыз. Ғылым мен білім тұрақты экономикалық даму факторлары ретінде қарастырылуда, сондықтан да ғылым мен білімнің бүгінгі заманға сәйкес келетін жүйесін жасау Үкіметтің іс-қимылындағы басым бағыттар қатарына қосылады. Қазақстанның ғылыми-техникалық  секторы үлкен әулиетке ие, ол әулиет елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша жұмсалады да, әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде де қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық рыногын тартуға келіп тіреледі.  Оның негізгі тетіктері - трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдық алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екінші тәсіл төл ғылыми техникалық әулиетті арттыруға негізделеді. Бұл бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ғылыми-техникалық өнімдерді түпкілікті өнім деңгейіне жеткізетіндей етіп өңдейтін орталықтарды қоса қамтитын мамандандырылған венчурлық инфрақұрылымды талап етеді.

Осы тәсілдерді бір-бірімен салалас-сабақтас ете, мемлекеттік бюджет пен инновациялық қордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сондай-ақ нормативті құжаттық негізді жетілдіре келіп: “Біз Қазақстан өнеркәсібіндегі оңды өзгерістерге тың серпін беретін боламыз” деді Даниал Ахметов.

Инвестицияны  ел экономикасына әкелуде, оны пайдалануда дүниежүзілік және ұлттық банктердің ролі өте жоғары. Ол үшін Ислам даму банкі жұмысынан Алматыда  өткен Ислам даму банкі Басқарушылар Кеңесің 28-ші жыл сайынғы жиналысына Басқарушылар Кеңесінің төрағасы Ә.Жақсыбеков 2002 жылға жасалған жұмыстарына талдау жасады.

Өткен жыл ішінде ИДБ жобаларды, сауда операцияларын, сонымен қатар жобаларға техникалық ықпал жасауларды қоса есептегенде, қызметтің алуан түрін жүзеге асыруға 2,34 миллиард ислам динары көлемінде (3,08 миллиард АҚШ доллары) қаржыны бекіткен. Үстіміздегі жылы банк «Сукук» халықаралық құнды қағаздарын 300 миллион АҚШ доллары көлемінде шығарды. Бұл банктің  тарихында қаржыны жұмылдыруға бағытталған құнды қағаздар рыногына жасаған бірінші қадамы болып табылады. Өткен жылдың соңында (қайтарылған операциялардан басқалары) ИДБ бекіткен қаржы 23,14 миллиард исламдық динары (30,40 миллиард АҚШ доллары) құраған. Осы операциялардың 63 пайызы  сауданы ал, 35 пайызы  жобаларды қаржыландыру мақсатына пайдаланылған.  Қалған қаржы арнаулы  көмек және техникалық ықпал бағдарламалары бюджетіне аударылыпты. Қазақстан банкке 1995 жылы мүше болып кіргеннен бастап еліміз бен банк арасындағы ынтымақтастықтың  қуаттылығын сезіне түсуде.

Ислам даму банкінің  Қазақстанның жеке банктерімен ынтымақтастығы да - біз үшін нәрді бастау болды.

Қазақстанның  ислам даму банкінің мамандандырылған бағдарламалары мен институттарына қатысуының да келешегі кемел.

Тәуелсіздік жылдары  ішінде біздің еліміз батыл да байсалды экономикалық реформаларды жүзеге асырды.

«Акционерлік  қоғамдар туралы», «Қаржы рыногын мемлекеттік  реттеу және қадағалау туралы», «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру туралы» заңдарды айтып тұрмын.

Бүгін біз Ресейден кейінгі екінші орынға шықтық  Алдағы уақытта ішкі жалпы өнімнің орташа жылдық өсімін 7-7,5 пайыз шегінде көтеріп, оның жан басына шаққандағы деңгейін 2006- жылы 2600 АҚШ доллары сомасына дейін жеткізуді қамтамасыз ету қарастырылады. Инфляция деңгейі 4,5-5,5 пайыздан аспауы керек.

ХВҚ мен шетелдік жетекші зерттеу орталықтарының өкілдері дәйекті макроэкономикалық  саясат пен тиімді құрылымдық реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде, Қазақстан қазіргі кезде экономикалық дамудың қарқыны бойынша Орталық Азия елдері мен басқа да кеңестен кейінгі мемлекеттерден әлдеқайда озық екенін атап өтуде. Мәселен, әлемге танымал «Муддис» және  «Смэндард энд Пуурс» Рейтинг агенттіктерінің бағалауы бойынша, біздің республика ТМД елдерінің арасында ең биік кредит рейтингіне ие болып отыр. «Муддис» агенттігінің директоры  Л.Джексон-Мурдың пікіріне қарағанда, Қазақстан ішкі-саяси тұрақтылық, заңнамалық базаның сәйкестілігі, шетелдік инвестицияларды тартуға  қажетті жағдайлар туғызу және мемлекеттік қаржы жүйесінің институттық негіздері секілді көрсеткіштер бойынша  Ресейден, Украинадан, Беларусьтен, Өзбекстаннан және ТМД-ның басқа елдерінен әлдеқайда алда келеді.

Ел экономикасы  жоғары қарқынмен өсіп келеді. 2001 жылы ІЖӨ өсімі 13,2 пайыз болып, рекордтық деңгейге жетті, 2002 жылы ол 9,5 пайызды құрады. Төрт жылдағы ІЖӨ-нің нақты өсімі 40 пайыз болды. Оның үстіне қазіргі кезде ел экономикасында  жекеменшік сектор үлкен роль атқарып отыр, онда ел ІЖӨ-нің 70 пайыздан астамы өндіріледі, бұл ретте экономиканың барлық саласы  дерлік тұрақты өсімге жетуде.

Біз 2015 жылға  дейін Елімізді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын қабылдадық, онда өнеркәсіптік әлеуетті осы заманғы технологиялар негізінде 3,5 есе ұлғайту тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың  негізгі принципері анықталған.

Қазақстанда мемлекеттік  бюджеттің әлемдік бағалар конъюктурасына тәуелділігін азайту үшін құрылған ұлттық қор жұмыс істеуде. Қазіргі кезде  оның көлемі 2,2 миллиард долларға тең. Осыдан біршама аз сома - 2 миллиард доллар жинақтаушы зейнетақы жүйесінде шоғырландырылған. Бұған қоса біз жарғылық капиталы көп кешікпей 300 миллион доллар болаты Қазақстанның мемлекеттік Даму банкін құрдық, деп жалғастырды Қазақстан Президенті. Ол өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылымдағы орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды кредиттеуге арналған.

Информация о работе Лекции по "Экономической теории"