Мемлекеттің инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:47, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе.

Инвестиция басты макроэкономикалық категория ретінде

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы


1.2 Инвестиция және инвестицияның түрлері


1.3 Инвестициялық сфераны реттеудің қағидалары мен негізгі бағыттары


Қазіргі кездегі инвестициялық саясат жобаларының жүзеге асуы

2.1 Мемлекттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері

2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері


2.3 Қазақстандағы инвестивестициялық саясат жобалары мен олардың жүзеге асырылу жағдайлары мен бағыттары


Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 62.87 Кб (Скачать)

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың  
республикалық көлеміндегі өңірлер үлесі

%-бен

 

Саланың негізгі капиталына салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері ішінде инвесторлардың жеке қаражаты (жалпы көлемнің 73,9%-ы) басым  болды. Қарыз қаражаттарының үлесі 19,4 %, шетелдік – 6,7% құрады.

Қаржыландыру  көздері бойынша өңдеу өнеркәсібінің  негізгі капиталына салынған инвестициялардың құрылымы

Өңдеу өнеркәсібінің  салалары арасында инвестициялау үшін ең тартымды металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын шығару (жалпы көлемінің 44,9%-ы), металл емес өзге де минералдық өнімдерді өндіру (16,3%), сусындарды қоса, тамақ өнімдері мен темекіні өндіру (13,4%) болды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары – үйлер мен ғимараттарды салуға, кеңейтуге, жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтандыруға; энергетикалық, технологиялық және басқа жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстарға кеткен шығындар.

Машиналарға, жабдыққа, аспапқа, құрал-сайманға инвестиция салу – бұл машиналар, көлік құралдарын, жабдықтар, аспап және құрал-сайман (арзан бағалы және тез тозғыш заттардан басқа) сатып алуға және  оларды күрделі жөндеуге кеткен шығындар.

Үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстары – объектінің бастапқы құнын көбейтетін тұрғын және тұрғын емес  ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу.  Күрделі жөндеу барысында тозған конструкциялар мен бөлшектерді ауыстыру немесе оларды жөнделетін объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын неғұрлым мықты және үнемдісіне алмастыру жүргізіледі.

Басқа да күрделі  жұмыстар мен шығындар  биологиялық активтерге (көп жылдық дақылдарды отырғызу және өсіру, жұмысқа жегілетін, өнім беретін және асыл тұқымды табындарды іріктеу); геологиялық барлау шығындары; жерді жақсарту бойынша күрделі шығындар;  бағдарламалық қамсыздандыру, деректер базасын құру және сатып алуға кеткен шығындар;  әдеби және көркемдік шығармалардың түпнұсқасын көбейту үшін сатып алу  шығындары және өзге шығындар жатады. [9;]

Жаһандық дағдарыс салдарынан сыртқы сұраныстың қысқаруы, қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына  бағаның төмендеуі, инвестициялар  көлемінің қысқаруы елдегі іскерлік белсенділіктің едәуір төмендеуіне және өндірістің құлдырауына алып келді. Осы жылдың бірінші тоқсанында біздің министрліктің бағалауы бойынша Жалпы Ішкі Өнімінің төмендеуі 2,0%-ды құрайды. Экономиканың құлдырауына негізгі капиталға салынатын инвестициялардың 4,9 %-ға қысқаруы да теріс әсер етті (өсім 2008 жылы 4,6 % болды). Инвестицияның қысқаруы құрылыс саласында 28 %-ға, өнеркәсіпте 15,7 %-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 30,6 %-ға байқалды. Инвестициялар көлемінің қысқаруы негізінен Астана (-63,3 %), Алматы  
(-45 %) қалаларында және Ақмола облысында (-22 %) болды. Сонымен қатар республиканың 11 өңірінде инвестицияның өсуі байқалды. [10;]

 

2.3 Қазақстандағы инвестивестициялық саясат жобалары мен олардың жүзеге асырылу жағдайлары мен бағыттары

Қазақстан Республикасының  Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берiлген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi. Бұл стратегия Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Бiлiм және ғылым, Көлiк және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлiктерiмен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктiң, Ұлттық Банктiң және т.б. қатысуымен әзiрледi. Негізгі мақсатына тоқталатын болсақ: Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ  мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. Ал негізгі міндеттері Өңдеушi  өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының  өнiмдiлiгiн арттыру;  кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi  бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн  қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға  барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi  игеру; ғылымды көп қажет ететiн және жоғары  технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;  елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны  жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру; сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;  дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту. Соның ішіндде инвестициялық саясатқа тоқталатын болсақ: Мемлекеттiк инвестициялық саясаттың индустриялық-инновациялық дамуға қатысты мақсаты қаржыландыру көзiн, жеке сектордың мемлекеттiң араласуынсыз шамасы келмейтiн салаларды инвестицияларды қолдау мен тартудың тиiстi тетiктерiн айқындау болып табылады. 
      Мемлекеттiк инвестициялық саясатты жүргiзу шикiзаттық емес өндiрiстердi дамыту мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар кешенiнiң үйлесiмi болады. 
      Стратегия аясында мемлекеттiк инвестициялық саясаттың барлық мүмкiн болатын тетiктерiн пайдалану көзделiп отыр.

Жеке инвесторлар  үшiн жағдайлар жасау 
      Машина жасау, жеңiл, жиhаз, фармацевтика, қағаз және өнеркәсiптiң басқа да бiрқатар өңдеушi салаларын (металлургия және тамақ өнiмдерi мен сусындар саласын есепке алмағанда) дамытуға соңғы үш жылда жыл сайын 68-ден 130 млн. АҚШ доллары, ал мұнай өндiру саласында 1773-тен 2300 млн. АҚШ доллары салынды.     

 Жер қойнауы инвестициялары  жеке инвестицияларда айтарлықтай  үлеске ие, олардың экономиканың  басқа салаларын дамытуға мультипликативтi  әсерi болар едi. Мұндай тиiмдiлiктi алу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiмшарт жасасу кезiнде инвесторлардың кiрiстерiнiң бiр бөлiгiн iлеспе қайта өңдеу өндiрiстерiн құру мен дамытуға салу, отандық өндiрушiлердiң жабдықтар мен қосалқы бөлшектер жеткiзiп беруiне тапсырыстар орналастыру жөнiндегi мiндеттемелерiн ескертiп айту керек. 
      Қызметтiң басым түрлерiне тiкелей отандық және шетелдiк инвестициялар ағыны өсiмiнiң есебiнен ел экономикасын теңгермелi дамытуды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасына 2003-2005 жылдар кезеңiнде тiкелей инвестициялар тарту бағдарламасы әзiрленiп, оның негiзгi бағыттарының бiрi өңдеушi өнеркәсiптi дамыту болып табылады. 
      Алайда, өңдеушi өнеркәсiптiң, оның iшiнде инновациялық сектордың салалары жеке инвестор үшiн тартымсыз болып қалып отыр. Осыған орай өңдеушi өнеркәсiпке жеке инвестициялар тарту үшiн қолайлы инвестициялық жағдай жасау мемлекеттiң мiндетi болып табылады. 
      Жеке инвестицияларды тарту процесiн ынталандырудың экономикалық тетiктерi ретiнде инвестициялық салық преференциялары, мемлекеттiк заттай гранттар және "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтiң басым түрлерi кәсiпорындарының тiркелген активтерiне салымдарды жүзеге асыратын инвесторларға берiлетiн бiрқатар кепiлдiктер қолданылатын болады. Алайда Заңда көзделген преференциялар (артықшылықтар) аталған салалардың коммерциялық тартымсыздығымен салыстырғанда берiлетiн жеңiлдiктердiң сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, индустриялық-инновациялық сектордың салаларын дамытуға тиiсiнше ықпал ететiн жағдайда емес. Осыған орай оларды фискалдық саясат шараларымен толықтыру қажет. 
      Экономикалық тетiктердiң қолданылуы ұйымдық сипаттағы iс-шаралармен толықтырылуы тиiс. Қазақстан Республикасының және оның өңiрлерiнiң инвестициялық мүмкiндiктерi туралы ақпаратты ұсыну көлемi мен сапасы инвесторлардың ел экономикасына капитал салу туралы шешiм қабылдауына айтарлықтай әсер етедi. Осыған байланысты инвестициялық мүмкiндiктермен таныстыру жөнiнде жүргiзiлетiн жұмыс аясында индустриялық-инновациялық сектор салаларын дамытуға күш салынуы тиiс. Перспективалы жобаларды iздестiру жөнiнде ықтимал инвесторларға да, жеке инвесторды қызықтыратын инвестициялық жобаларды сәйкестендiретiн әрi әзiрлейтiн кәсiпорындарға да тiкелей қызмет көрсететiн ақпараттық-консультативтiк орталықтарды тiкелей өңiрлердiң өзiнде құру жөнiнде жұмыстар ұйымдастырылатын болады. 
      Индустриялық-инновациялық дамудың iрi инвестициялық жобаларын бiрлесе iске асыруда инвесторлармен, әсiресе трансұлттық компаниялармен ақпараттық-тұсаукесер iс-шараларын өткiзуден гөрi барынша белсендi сұхбат жүргізуге кө шу қажет. 
      Бұдан басқа, басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет мыналарға бағытталған шараларды қолға алады: 
      миноритарлық акционерлердiң құқықтарын қорғауды күшейту және корпоративтi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру; 
      кәсiпорындарды тiркеудiң оңайлатылған жүйесiн енгiзу; 
      қызмет түрлерін лицензиялаудың ашық жүйесiн құру; 
      қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жеделдету.     

 Мемлекеттiк инвестициялар 
      Индустриялық-инновациялық даму саласында жүзеге асырылатын мемлекеттiк инвестициялардың көздерi республикалық және бюджет қаражаты, сондай-ақ мемлекет бақылауындағы кәсiпорындардың (дамудың мемлекеттiк қаржылық ұйымдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттiк кәсiпорындар) қаражаты болады. 
      Бюджеттiк инвестициялар басымдықтарының арасында индустриялық-инновациялық даму үшiн зияткерлiк және инфрақұрылымдық негiз құратын салалар қалуы тиiс. Бюджеттiк инвестициялар олардың болуы жоғары технологиялы өндiрiстiң қалыптасуының маңызды ҚОСЫМША шарты болатын қажеттi базалық және әлеуметтiк инфрақұрылым дамытуға бағытталып, өңiрлерде iскерлiк және инвестициялық белсендiлiктi күшейтуге ықпал ететiн болады. 
      Бюджеттiк инвестицияларды тiкелей индустриялық-инновациялық сектор салаларына жiберу негiзгi қызметi несие капиталының сыртқы және iшкi рыноктарына қаражатын тарту болып табылатын қазiргi және құрылатын дамудың мемлекеттiк қаржылық ұйымдары арқылы, сондай-ақ экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн институционалдық инвесторлар қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын болады. 
      Әр өндiрiстiң әлеуетiн айқындағаннан кейiн инвестициялық саясатты Қазақстан экономикасының шикiзаттық емес секторының барынша тар учаскесiне бағыттауға күш салу керек. Осындай жағдайда ғана өндiрушi сектормен бiрге ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстандық экономиканың негiзiн құрайтын бiрнеше жаңа қуатты салалар пайда болуы мүмкiн. 
      Басқаша айтқанда, мемлекеттің инвестициялық және әкiмшiлiк ресурстары шектеулi және лық ресурстарды көптеген салаларға бөлшектеу қосылған құны жоғары, бiрақ салыстырбармалы түрде алғанда, халықаралық ауқымда бәсекеге қабiлетi жоғары eмec деңгейдегi орташа дамыған бiрқатар салалардың пайда болуына әкеп соғады. 
      Индустриялық-инновациялық дамуда мемлекеттiк индустриялық саясатты жүзеге асырудың басқа құралы ұлттық компаниялар болуы тиiс. Мемлекет экономиканың стратегиялық салаларында осы компаниялардың меншiк иесi ретiндегi оларды ресурстарын шикiзаттық емес сектордың жоғарғы технологиялы өндiрiсiн дамытуға инвесторлар, сондай-ақ өнiмдi тұтынушылар ретiнде де белсендi түрде тартуы тиiс.

Іске асыру  кезеңдерi 
      Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005 жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады. 
         Стратегияны iске асыруға арналған инвестициялық сипаттағы тiкелей шығындардың болжанатын көлемi жылына 1,2 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте Стратегияны icкe асырудың мемлекеттiк шығындарының құны 2002 жылдың бағасы бойынша жылына 260 млрд. АҚШ долл. құрайды. Стратегияны iске асыру шеңберiнде жеке секторды қаржыландыру үшiн даму институттарына бұл қаражаттарды жыл сайын бөлу жоспарланады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен ғылымды, бiлiмдi, кәсiби мамандарды даярлауды қаржыландырудың көлемi тиiстi жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде айқындалатын болады. Стратегияның iс-шараларын қаржыландыру үшiн Даму Банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаржылары iске қосылады. Бұл орайда инвестициялық және инновациялық жаңа институттар құруда iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi қажет етедi.

 Стратегияны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер     

 Инвестициялық және  инновациялық жобаларды мемлекеттiң  қаржы ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшiн таңдау бөлiгiнде iрiктеу рәсiмдерi өзiнiң мақсатқа сәйкестiгi мен ашықтығына ие болады. 
      Инвестициялық идеялар мен жобалардың келешегiн айқындау саласында қазiргi кездегi әдiстер қолданатын, жаңа қаржы институттары құрылады. 
   Тәуекелдердiң азаюы өнеркәсiптiң өңдеу секторында инвестициялардың келуіне қозғау салады, оны шетелдiк инвесторлар үшiн тартымды етедi, осы секторға қазiргi басқару әдiстерi мен өндiрiстiк технологиялардың тартылуын ықпал етедi. 
      Қор рыноктарының жұмысының түбегейлi жақсаруы зейнетақы, сақтандыру, инвестициялық қорлар қаражаты мен халықтың қаражатын экономиканың нақты секторының инвестициялық ресурстарына тарту күтiледi, шикiзат секторының кiрiстерiн өңдеушi сектор инвестициялары мен кiрiстерiне, салааралық капиталға қайта құйылуын өзгертуде айтарлықтай iлгерiлеу болады. 
Ұсынған тәсiлдер мен шаралар банктер капиталдануының өсуiне және банктiң кредит тәуекелдерiн кемiтуге әкеледi. Бұл, өз кезегiнде инвестициялық ресурстарды өсуiне, кредит бойынша ставкаларды 3-4 %-ке дейiн тө мендетуге, банктiң кредит ресурстарын шағын және орта бизнестiң қол жеткiзуiн ұлғайтуға қажеттi алғышарттар жасайды. Банк және басқа да қаржы институттарына деген сенiмдi нығайту салымдардың жалпы өңдеу секторындағы инвестицияға өзгеру проблемаларын шешедi. 
      Инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканы одан әрi ырықтандыру тұтастай алғанда шетел инвестицияларын тарту мен тауарларды экспорттаудың өсуіне ғана емес, отандық капиталды шетелге заңды түрде әкетуге және пайдалы орналастыруға әкеледi. 
Стратегияны iске асыру: 
      ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту; 
      ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру; 
      ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке тө мендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады); 
      Стратегияны iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. [11;] 
    

   Инфрақұрылымдарды  инвестициялау қоғамның ұзақ  уақыт бойы тұрақты дамуын  қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Экономикалық секторларға, әсіресе шикізаттық емес экономика секторына, инвестиция құюды әрі қарай жалғастыру, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажет.

Информация о работе Мемлекеттің инвестициялық саясаты