«Болашақ» демократиялық партиясының бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 20:29, контрольная работа

Описание работы

Еліміздің Тұңғыш Президентінің стратегиялық бағытын табысты іске асыру,жүргізілген экономикалық және саяси реформалар мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтерді. Қазіргі заманға сай демократиялық даму үстіндегі әлеуметтік мемлекет құру енді алшақ келешек емес, жуықтағы мақсатқа айналмақ. Оған қоғамды жұмылдыра отырып және экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларды басқарудың демократиялық құралдарымен, халықтың, әрбір қазақстандықтың ауқымды әлеуметтік бастамаларын іске асыру тетіктерімен қамтамасыз ете отырып қол жеткізуге болады.

Работа содержит 1 файл

БОЛАШАҚ.doc

— 131.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«БОЛАШАҚ»    ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ

ПАРТИЯСЫНЫҢ  БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сеніммен жарқын болашаққа!»

 

   Еліміздің Тұңғыш Президентінің стратегиялық бағытын табысты іске асыру,жүргізілген  экономикалық  және  саяси  реформалар  мемлекетіміз  бен қоғамымызды  дамудың  жаңа  сапалы  сатысына  көтерді.  Қазіргі  заманға  сай демократиялық  даму  үстіндегі  әлеуметтік  мемлекет  құру  енді  алшақ  келешек емес,  жуықтағы  мақсатқа  айналмақ.  Оған  қоғамды  жұмылдыра  отырып  және экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  салаларды  басқарудың  демократиялық құралдарымен,  халықтың,  әрбір  қазақстандықтың  ауқымды  әлеуметтік бастамаларын  іске  асыру  тетіктерімен  қамтамасыз  ете  отырып  қол  жеткізуге болады.

 «Болашақ» Демократиялық  партиясы  осы  мақсатқа кім және қалай қол жеткізуге болатынын біледі. Қазақстаннын болашағын гүлденген демократиялық мемлекетке айналдыратын жасы мен кәсібі,  ұлты  мен  діні  әртүрлі  сіздермен  біз,  құрметті  қазақстандықтар.  Бар күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, еңбегімізге деген қоғамдағы өз орнымызға және билігімізге деген жаңа көзқарастарды тәрбиелей отырып, біз еліміз бен өз өмірімізді қайта өзгертеміз. Осыған жету үшін біздің қолымызда қажеттінің бәрі бар, яғни халыққа есепті үкімет пен өкілді биліктің қуатты органдары бар. Біздің барлық мақсаттарымыз сараланып,  саналы  түрде  жасалған.  Біз  қайда  бет  алғанымызды  білеміз  және Отанымыздың Болашағы жарқын екеніне сенеміз.

Еліміз  бен  партиямыздың  өмірінде  партияның  азаматтық  белсенділіктідамытуға  қабілетті,  қоғамды  жұмылдыра  алатын  және  мемлекеттік  басқаруға қатысу үрдісіне басшылық жасай алатын жаңа кезеңі келді.

«Болашақ »    Демократиялық  партиясы  нақ  осындай  жолды  –алдағы  өзгерістердің  тарихи  маңыздылығын,  Елбасы  саясатына  белсенді  де, әрекетшіл қолдау көрсету қажеттігін түсіне отырып жасалған жолды таңдайды.

Бiздiң мақсатымыз – Қазақстанның тәуелсiз, өркендеген, демократиялық және еркiн болуы, елiмiздiң әрбiр азаматының лайықты өмiр сүруi.

Бiздiң iргелi құндылықтарымыз – Тәуелсiздiк, Демократия, Бостандық, Әдiлдiк.

 Тәуелсiздiк  - бiздiң халқымыздың өткенiне мақтана алатын, елiмiздiң бүгiнi мен болашағына жауапты, толыққанды азамат екенiмiздi сезiне алу мүмкiндiгi.

 Демократия  – таза, еркiн және әдiл сайлау, бұл – қоғамдағы идеялар мен көзқарастардың бәсекесi; бұл – елдi басқару iсiне барлық азаматтарды қатыстыруды көздейтiн, шын мәнiндегi халықтық билiк; бұл – тәуелсiз және әдiл БАҚ-на негiзделген сөз бостандығы.

 Бостандық – тек адамның құқықтарын Конституция мен заңдарда ғана жария ету емес, сонымен бiрге, әрбiр азаматтың оларды мiндеттi түрде iс жүзiне асыра алатындай жағдайының болуы.

 Әдiлдiк – ұлттық табысты барлық азаматтардың мүдделерiне сай, бiрақ, ынталылықты шектемейтiндей, тоғышарлықты тудырмайтындай етiп бөлу, бұл – мемлекеттiң қоғам алдындағы жауапкершiлiгi, бұл – тең мүмкiндiктер қоғамы, бұл – соттың үкiм шығарудағы тәуелсiздiгi, барлық адамдардың заң алдындағы теңдiгi, бұл – сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы тиiмдi және дәйектi түрдегi күрес, тұтастай алғанда, бұл – әрбiр азаматтың лайықты өмiр сүру құқығы.

Азаматтық жауапкершiлiгiмiз  бiзден белсендi iс-қимылды талап  етiп отыр. Бiз өзiмiздiң алдымызға  қойған мақсаттарымыз бен мiндеттерiмiздi жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн  барлық күшiмiздi жұмсауға дайынбыз

Ол үшін біз не істеуіміз керек?

Жаңашылдық серпілісті жүзеге асыру керек. Әрқайсымыз лайықты болашақты құруға қатысу үшін ұмтылыс жасауға қол жеткізуіміз керек. Әлемнің  бәсекеге  ең  қабілетті  50  елінің  қатарына  Қазақстанның  кіру бағдарламасы  және  Елдің  индустриалдық-инновациялық  даму  стратегиясы  осы мақсаттарға арналған.

Экономика әлемнің өзге де мемлекеттерінің өсу қарқыны  мен инновациялық тенденцияларын стратегиялық басып озу мақсатында жұмыс істеуі керек. Ол тек озық ғылым мен болашақ технологиясына арқа сүйеуі қажет.

Біз осыған қалай  қол жеткіземіз?

Жалғыз  жол  бар.  Ол:    адами  мүмкіндіктерді  жүзеге  асыру  үшін  ерекше жағдайлар  жасау,  мемлекетті  тиімді  басқару,  алдыңғы  қатарлы  саяси  жүйемен сыртқы және ішкі жайлы шарттар.

Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті экономикасы,  бәсекеге  қабілетті мемлекеті және бәсекеге қабілетті азаматтары болуы қажет.

Біз экономикамызды ішкі жалпы  өнімнің көлемі адам басына шаққанда 700 АҚШ доллары деңгейінде бастаған болатынбыз және реформа жылдарында 7000 доллар деңгейіне шығамыз. Ендігі кезекте партиямыз өз алдына мақсат қойып отыр - әр қазақстандықтың басына шаққанда 17 мың АҚШ долларынан астам ішкі жалпы өнім көлемімен әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіру. Тек осындай жол арқылы ғана біз әлемнің озық  мемлекеттерінің стандарттарына  сәйкес  өмір  сапасының қазақстандық стандартына қол жеткіземіз.

Өмір сапасының  қазақстандық стандарты

Әр адамның өмірі бірегей, ол лайықты өмір сүруге құқылы. Ол үшін мемлекет әрбір  жеке  азамат  өз  шығармашылық  мүмкіндіктерін  іске  асыруы  үшін  түрлі жағдайлар  жасап,  еліміздің  өмірлік  іс-әрекеттерінің  барлық  саласын  жаңартуы керек.

Сондықтан партиямыз Қазақстанды  әр тұрғынының жағдайына қамқорлық жасайтын  гүлденген  мемлекетке  айналдыруға  ұмтылады.  Адамның  мүддесі, құқықтары мен бостандығы «Болашақ» партиясының негізгі басымдығы болып табылады.

Біздің түсінігіміз бойынша  өмір сапасының қазақстандық стандарты:

А.  Табыстың  жоғары  деңгейі,  ол  ортаеуропалықтардың  деңгейінен  төменболмауы қажет. Әлеуметтік сәйкессіздікті азайту: қазақстандықтар жыл сайын еңбекақысының артуынан  және  бизнестен  түскен  кірістерімен  дәулеттене  түсуі  қажет.  Біз халықтың  көпшілігі  орта  жікке  жататын  әлемнің  дамыған  мемлекеттері деңгейіне қол жеткізуіміз қажет.

Б. Жоғары сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау. Біздің медицинада озық техника  мен  жоғары  білікті  мамандар  болуы  керек.  Ақысыз  көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының ең төменгі шегі жоғарылатылуы тиіс.

В. Әлем мойындайтын  және сұраныста болатын озық және қолжетімді білім. Біздің  орта  және  жоғары  білім  беру  жүйеміз  жоғары  білікті  мамандарды дайындауы  қажет.  Олардың  аттестаттары  мен  дипломдары  барлық  дамыған елдерде мойындалуы тиіс.

Г. Адам құқықтары  мен бостандығының басымдығы: әрбір Қазақстан азаматы өзіне  Конституцияда  берілген  кепілдіктердің  мүлтіксіз  орындалып,  қорғауға алынатындығына сенімді болуы керек.

Д. Қоғамдық тұрақтылыққа, халықаралық бейбітшілік пен  дінаралық келісімге кез-келген қол сұғушылыққа қарсы қатаң іс-әрекеттер қолдану.

Е.  Азаматтарды  және  олардың  меншіктерін  қылмыстық  қол  сұғушылықтан берік қорғау.

Ж.  Қала  мен  ауылды  дамытуда  тепе-теңдікке  жету.  Ауылдықтардың  өмір деңгейі мен кірісі, сондай-ақ ауылдық жерлерге көрсетілетін қызметтер сапасы қала тұрғындарымен теңестірілуі тиіс.

З.  Халықтың  әлеуметтік  жағдайы  төмен  бөлігіне  кеңінен  қолдау  көрсету. Зейнеткерлер, ардагерлер, мүгедектер және аз қамтылған отбасылары әрқашан да қоғамның  қамқорын  сезінуі  керек.  Осы  санаттағы  адамдарға  көмек  көрсетудің тиімді  адрестік  жүйесі  оларға  Еуропалық  Одақ  елдерідегідей  өмір  деңгейін қамтамасыз ете алады.

И. Экологиялық  таза қоршаған орта. Біз ауыз судың  жетіспеушілігінен, ауаның газдалуынан және өнеркәсіптік қалдықтардан жапа шекпеуіміз керек. Қазақстан экологиялық жағдайы  ең жақсы елдердің қатарына кіруі қажет.

К. Жоғары деңгейлі мәдениет пен ғылым: мемлекет тек  жағдай жасап қоймай, ғылыми және шығармашылық зиялылардан әлемдік деңгейдегі жетістіктер мен туындыларды күтеді.

Л.  Дамыған  қызмет  көрсету  саласы.  Қазақстандықтар  көлік,  байланыс, телекоммуникация,  демалыс  және  туризм  салалары  бойынша  сапалы  қызмет көрсету  түрлерін  пайдалануы  тиіс  -  біз  еуропалық  елдер  халқынан  кем  емес жағдайда жұмыс істеп, демалуымыз керек.

Қазақстан үлкен  мүмкіндіктері бар гүлденген  елге айналуы қажет. Онда:

-  әр адам өзін қорғалған және қажеттімін деп сезінеді;

-  мемлекет  адамды  басымдылық  деп,  инвестиция  салатын ең  тиімді нысаны деп есептейді;

- барлығы болашаққа сеніммен қарайды және келешектегі жоспарларын жасайды;

-  барлығы бірге немесе жекелеп қоғамды дамытуға үлесін қосады.

Біз әлемдегі ең  бай елдердің бірінде тұрамыз. Біз  әр Қазақстандық азаматты дәулетті етуіміз керек және осыған қол жеткізе аламыз!

 

ИННОВАЦИЯЛАР, БІЛІМ  МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЭКОНОМИКАСЫ

Серпінді даму үстіндегі еркін экономика - әлеуметтік мемлекеттің және өмір сапасының қазақстандық стандартының негізі болып табылады. Еліміздің  әрбір  азаматына  тек  нарықтық  экономикада  өз  орнын  табудың ауқымды мүмкіндіктері ғана ұсынылып қоймай, сонымен бірге мемлекет оның бастамаларын  іске  асыруға  ат  салысады.  Біз  Қазақстанның  дамуының  жаңа, сапалы, барынша күрделі кезеңіне аяқ бастық. Ол ең алдымен еліміздің жаһандық бәсекелестікке дайындығына және БСҰ-ға кіруімен байланысты болмақ. «Қазақстанда жасалған» маркасын әлем танып, мойындайтын болады. Еліміз тауарлар,  қызметтер,  еңбек  ресурстары,  капитал  және  қазіргі  заман технологияларының әлемдік нарығының ажырамас серпінді бөлігіне айналады.

 Біз  Ішкі  жалпы  өнім  қуатының  көлемін  азайтуға,  жалпы  өнім  берудің жоғарылауына,  Қазақстан  бизнесінің  инновациялық  белсенділігін  сапалы арттыруға қол жеткіземіз. Біз  шикізаттық  бағыт-бағдардан  индустриалды  экономикадан  кейінгі сипаттағы  экономиканы  қалыптастыруға  аяқ  басып  отырмыз.  Мұнай  химиясы, машина  жасау,  металлургия,  құрылыс  материалдарын  өндірудің  жоғарғы технологиялық саласында және тамақ өнеркәсібі өндірісі инновацияның негізгі басымдығына айналады. Партия аймақтарды дамытудағы тепе-теңсіздіктер мен сәйкессіздіктерді жоюға қол  жеткізетін  болады.  Жаңа  озық  қалалары  аймақтық  дамуда  үлкен  серпіліс жасайды және өнеркәсіптік аймақтарының негізіне айналады. Біз ұмтылыс жасап отырған экономиканың инновациялық сипаты ішкі жалпы өнімнің ғылыми көлемін жоғарылату жөніндегі шаралармен тығыз байланысты болады,  сондықтан  біз  инновациялық  инфрақұрылым:  технопарктер, технополистер,  еркін  экономикалық  аймақтар  мен  бизнес  инкубаторларын дамытуға ат салысатын боламыз.

 Біз  әлемдік  инновациялық  макротехнологияларды  жасауға  аяқ  басу  үшін нанотехнологиялар мен жаңа материалдар, биотехнологиялар, көмірсутегі және тау-кен  металлургия  секторларына  арналған  технологиялар,  ядролық технологиялар мен жаңартылатын энергетика технологиялары, информатикалық және  ғарыштық  технологияларды  жасау  саласындағы  ғылыми    зерттеулерді қарқындатуымыз қажет.

Біз  ғылыми  зерттеу  шығындарын  ІЖӨ-дан  2  пайызға  дейін  көбейтуге  қол жеткіземіз және қазақстандық инновациялық ірі компаниялардың дамуына қолдау көрсетеміз,  оларға  осы  технологияларымен  шетелдік  нарыққа  шығуға көмектесеміз.

Біз бизнес, ғылым  мен білім арасындағы серіктестіктің қазақстандық моделін жасауға қол жеткіземіз. Даму  институттарының  жоғарғы  тиімділігіне,  олардың  мөлдірлігіне,  өзара қарым-қатынасы мен бірін-бірі толықтырып отыруына қол жеткіземіз.

Қызмет  көрсету экономикасын дамыту

Қазақстан  шикізаттық  типтегі  экономикадан  қызмет  көрсету  экономикасы моделіне сапалы қарқынды серпіліс жасауы қажет.

Қазақстан әлемге төмендегідей болып танылуы тиіс:

-  халықаралық валюталық,  несиелік  және  қаржылы операцияларды,  құнды қағаздармен, алтынмен мәмілелерді жүзеге асыратын халықаралық банктер мен мамандандырылған  қаржы-несие  институттардың  шоғырландырылған  орын  Еуразия жүрегінде орналасқан әлемдік қаржы орталығы;

-  Еуропа мен Азия тоғысындағы бірегей туристік қызмет көрсету орталығы;

-  дамыған инфрақұрылымы бар көліктік-логистикалық орталық;

-  АҚШ,  Еуропа  және  Азияның халықаралық ірі университеттерінің филиалдары шоғырланған білім беру және ғылыми орталығы.

 

Инфрақұрылымды  дамыту

Қазақстан дамыған  көліктік және телекоммуникациялық  өнеркәсібі бар елге айналуы тиіс. Біздің байтақ жеріміздегі аймақтарымыз көптеген автомобиль және темір жол магистральдарымен  жалғастырылған  жағдайда  ғана  бәсекеде  басымдық  таныта алады.  Сонда  ғана  біз  Қытай,  Ресей  және  Еуропа  арасындағы стратегиялық көпірге айналып, тасымалдың барлық пайдаларын көретін боламыз. Біз барлық экономика саласында озат телекоммункациялық технологияларды енгізуге ұмтылуымыз қажет. Еліміздің барлық аймақтарын бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіре отырып, сондай-ақ, байланыс пен интернетті қол жетімді ете отырып, оның дамуына қуатты серпіліс береміз.

 

Агроөнеркәсіптік саясат

Партия  еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты  дамытуды, оның  қайта өңдеу базасын, сату қауіпсіздігін күшейтуді және еліміздің өзіндік жеткіліктігін, ветеринарлық және фитосанитарлық жағдайына көңіл бөледі.

Информация о работе «Болашақ» демократиялық партиясының бағдарламасы