Еңбек негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 12:31, доклад

Описание работы

Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді.

Работа содержит 1 файл

ЕНБЕК.docx

— 28.13 Кб (Скачать)

 Өндірілген өнімнің таратылу  тәртібі және өндірушіліердің  өздерінің сол процеске қатысу  дәрежесі еңбек ақы төлеу институтымен  байланысты. Бұл институт еңбек ақы төлеу саласында жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері, сондай – ақ мемлекеттің ең аз мөлшерден төмен емес еңбек ақы төлеу кепілдемесін анықтайды. Ал мемлекет еңбек ақының бұрын болған ең жоғарғы мөлшерін алып тастады. Еңбек ақы төлеуді мемлекет тарапынан реттеуді орталықтандыру шарттық әдістермен үйлесімін тауып отыр. Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақыны ұжымдық – шартты және жеке – шарттық реттеудің (ұжымдық шарттар, келісімдер) өзіндік салмағы артады. Еңбек ақы төлеуді реттеудің орталықтандырылған тәртібін алатын болсақ, ол мемлекеттік сектордың, негізінен, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлеріне таралады.         

 Жұмысшы күшін, әсіресе босап  қалған жұмыскерлер мен жұмыссыздарды  кәсіби оқу жүйесі арқылы қайта  дайындау күшіндегі заңнамада  көзделген жеңілдіктер арқылы  жүзеге асырылады. Бұл білімдендіру  жүйесінің құрлымын білім беру  қызметін жүзеге асыратын ұйымдар  құрайды (жоғары, арнайы орта, кәсіби  – техникалық, қайта дайындау, т.б.). Мұндай оқу орындарын бітірушілерге  әлеуметтік – құқықтық қорғау  шаралары белгіленген. Белгіленген  тәртіп бойынша жұмыссыз деп  танылған адамдарға кәсіби білім  беруді ұйымдастыру мәселесіне заңнамада ерекше көңіл бөлінген.  

Қандайда  болмасын кәсіпорында өнім шығарудың артуы, соның есебінен олардың экономикасының дамуы еңбекақының дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты.    Нарықтық жағдайда еңбекақыға деген көзқарас  өзгерудке  кім көп жұмыс істесе, сол көп табыс табуы тиіс.    Тауарды сатудан түскен қаржылар тауар өңдірушілердің еңбектерінің сандық және сапалық бағалығының  және жеке табыстарының негізгі  көздері жоғары өлшеміне айналады.    Жалақының нысаны мен жүйесі жалақының шамасы, еңбектің саны мен сапасы арасындағы байланысты белгілейді  және өз еңбегінің қортындысына  байланысты жалақынын белгілі тәртібін есептейді.    Кәсіпорында жұмыс істейтің жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді.          

Еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды  дамытуға, сөзсіз, өндірістің техникалық  жабдықталу деңгейі әсер етеді. Еңбектің техникалық құралдарын пайдалану, оларды ұдай күрделендіру адамды техникаға бейімдеуді, оны алдын ала оқытып дайындауды, еңбек құралын пайдалануға дағдыландыруды талап етеді. осы мақсатта ГОСТ–тар, пайдаланудың техникалық ережелері, санитарлық-гигиеналық нормалар, техникалық қауіпсіздік ережелері, т.б. белгіленеді. Мұның бәрі құқық нормаларының көмегімен машиналардың, станоктардың және басқа техникалардың дұрыс пайдалануын және жұмыскердің қауіпсіздігімен, оның денсаулығын қорғаумен байланысты теріс зардаптардың алдын алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Күшіндегі заңнамаға сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс жағдайын тудыру, ол жайында еңбек ұжымын уақытылы хабарландыру жұмыс берушіге жүктеледі. Сонымен қатар, жұмыс берушінің кәсіпорында ыңғайлыда қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі және жұмыскердің еңбекті қорғау туралы стандарттарды, ережелерді, нормаларды және нұсқауларды сақтауы жөніндегі міндеттемелер ұжымдық шарттарда да көзделуі тиіс (1993 жылғы 22 қаңтардағы “Еңбекті қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы.                                                   
  
                          

                                

   
 


Информация о работе Еңбек негізі