Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 8

Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26

Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44

3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67

Қорытынды ......................................................................................................... 69

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71

Работа содержит 1 файл

Мұқанова Элеонор.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасындағы  экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесі мемлекеттік басқару  жүйесінің әр уақытта жоғары сапалық  деңгейде болып, оның жоғарыда айтылған рөлінің орындалуына жағдай жасалуын талап етеді.

Мемлекеттік басқару  жүйесі сапасының жоғары болуы –  басты төрт элементтің оптималды  деңгейі, ол элементтер: ұйымдастырушылық құрылымы; коммуникация мен өзара  байланыстың барлық жүйесі; пайдаланылған ақпараттар; жан-жақты дайындалған басқару кадрлары.

Қазақстан Республикасындағы  экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шешімдерді жасау және оны  жүзеге асыру мемлекеттік басқару  органдарының құрылымы мен функцияларына  тікелей байланысты. Ең бастысы, олар Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұзақ мерзімдік және ағымдағы міндеттеріне, функциялар мен жауапкершіліктің нақты бөлінуіне қойылатын объективті талаптарға, міндеттер қайталауларын жоюға, орындаушылық тәртіпті реттеуге жауап беруге тиіс.

Ұлттық қуатты және оның стратегиялық ресурстарын  нығайту мәселелері жөніндегі орталық  және жергілікті атқарушы органдарға арналған негізгі бағдарламалық  құжат ретінде Қазақстан Республикасы ұлттық қуаттың және оның стратегиялық ресурстарының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне жыл сайынғы Баяндаманы әзірлеу деп аталатын тармақты қосымша енгізу керек.

Қазақстандағы нарықтық экономика мен әкімшілік  реформаны жүргізу жағдайында, экономиканың басты элементі – бәсеке мен бәсекелестік - тек қана әлемдік, өңірлік нарық пен шикізат көздері (ресурстар) үшін жанжал мен күрес емес, сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қалай болғанда да, бәсекеге түсіп отырған қарсылас субъектіні жою үшін болатын қатал күрес екендігін әрдайым есте сақтауымыз керек. Бұл күрес өндірістер мен кәсіпорындар арасында ғана емес, мемлекеттердің арасында да жүріп отырады (мұнай үшін Ирактағы соғыс).

         3.2  Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған

әлеуметтік–экономикалық даму болжамы

Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік–экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы        № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік–экономикалық даму болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамдарын, елдің әлеуметтік–экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, үш жылға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын құрайды.

Әлеуметтік–экономикалық даму болжамы орталық мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған Стратегиялық жоспарларын және үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті әзірлеуге негіз болып табылады.

Экономикалық  өсу

Қазақстан экономикасының дамуы 2009 жылы дүниежүзінің барлық елдерін қамтыған терең экономикалық дағдарысқа және экспорттық тауарлардың бағасы мен сұраныстың төмендеуіне бейімделу жағдайында өтті. Отандық банктердің сыртқы нарықтардағы қарыз алу мүмкіндігінің қысқаруы салдарынан экономиканы кредиттеудің төмендеуі экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне айтарлықтай әсер етті. Банктердің өздері 2009 жылы берешекті ұзартуға және қайта қаржыландыруға байланысты кейбір қиындықтарды бастан кешірді.

2009 жылы экономиканың  өсуі негізінен рецессияға жол бермеуге және экономикалық дамудың бәсеңдеуінің теріс салдарын жұмсартуға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларымен қамтамасыз етілді. 2009 жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ–нің маусымдық және күнтізбелік факторларды есепке алмағанда, алдыңғы кезеңге қарағанда 3,4%–ға азайғаны байқалды. Экономиканың жалпы құлдырауы негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың, банктердің экономиканы кредиттеуінің және Қазақстаннан экспорталатын тауарлардың дүниежүзіндегі ғаламдық тұтынуының қысқаруы аясында өтті. Экономиканың нақты секторының салаларындағы өндіріс көлемінің ең көп қысқаруы дәл 2009 жылдың бірінші тоқсанына келеді. Өнеркәсіп өнімінің көлемдері нақты есепте өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6%–ға, оның ішінде тау–кен өнеркәсібінде 0,2%–ға, өңдеуде 11,8%–ға кеміді. Өсудің оң қарқыны ауылшаруашылық саласында 3,6% мөлшерінде сақталды. Құлдырау құрылыста байқалды, онда құрылыс жұмыстарының көлемі 4,2%–ға кеміді. Қызмет көрсету саласында, экономикадағы тұтыну және инвестициялық сұраныстың қысқаруына қарамастан, өсудің аз ғана – 0,9% оң қарқыны орын алды .

Экономикадағы сұранысты қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары екінші тоқсаннан  бастап экономиканың салаларындағы  іскерлік белсенділіктің төмендеу қарқынының бәсеңдеуіне және өсудің біртіндеп  қайта басталуына ықпал етті.

Статистика  агенттігінің есепті деректеріне сәйкес 2009 жылдың қорытындылары бойынша  ЖІӨ нақты мәнде 1,2% өсіп, 17 007,6 млрд. теңгені құрады. 2009 жылы ЖІӨ оң өсімін сақтаудың негізгі факторлары ауылшаруашылық өнімдерін жинау көлемінің артуы, дүниежүзілік нарықтарда мұнайдың баға конъюнктурасының жақсаруы және мұнай өндіру көлемінің өсуі, әлеуметтік салалардағы тұрақты өсім болып табылады.

Жыл қорытындысы  бойынша ауыл шаруашылығындағы ЖҚҚ  нақты көлем индексі 113,7%, өнеркәсіп 103,3%, қызмет көрсету саласында 98,5% құрады. Өнеркәсіптегі өсудің негізгі қозғалтқышы болып 7,5% өсіммен тау-кен өнеркәсібі табылып, өнеркәсіптің басқа салаларындағы іскерлік белсенділігінің құлдырауын болдырмауға мүмкіншілік туды.

Денсаулық сақтау және білім сияқты әлеуметтік салалардағы тұрақты өсім қызмет көрсету саласының терең құлдырауына жол бермеді.

Тұтынушылық сұраныстың және экономикадағы іскерлік белсенділіктің фискалдық ынталандыру шаралары 2009 жылы өндірістің терең құлдырауын болдырмай, әлеуметтік жағдайды тұрақты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Үкіметтің дағдарысқа қарсы саясаты аясындағы қолға алынған шаралар, біріншіден экономикалық құлдыраудың әлеуметтік салдарын жұмыспен қамту деңгейін қолдау арқылы жұмсартты.

Инфляциялық процестер Инфляциялық процестер 2009 жылы тұтынушылық сұраныстың азаюы және жаһандық іскерліктің бәсеңдеуі жағдайында едәуір саябырлап, дүниежүзілік үрдістермен синхронды болды. 2009 жылдың ақпанындағы бір сәттік теңге девальвациясынан кейін импортталатын тауарлар бағасының аздап өсуі алғашқы үш айда байқалып, кейінірек тұрақтанды. Нәтижесінде   2009 жылдың наурыз айында инфляция деңгейі жылдық өлшемде қаңтардағы    8,7%–дан наурыздағы 8,9%–ға дейін көтерілді.

2009 жылдың қорытындысы  бойынша инфляция деңгейі жылдық  мәнде (2009 жылдың желтоқсаны 2008 жылдың желтоқсанына) 6,2% құрады, яғни 2000 жылдан бері ең аз деңгейді құрады.

Бюджет Дүниежүзілік тұтынудың жаһандық қысқаруы салдарынан Қазақстанның экономика салаларындағы іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты 2009 жылы бюджет жүйесі табысының күрт төмендеуі байқалды. Егер         2008 жылы ЖІӨ 25,1% мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінсе, 2009 жылы айтылған көрсеткіш 20,6%–ды құрады. Мемлекеттік бюджеттің табыстары         2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 13,1%–ға қысқарды.

Ел Үкіметі  мемлекеттік бюджеттің едәуір тапшылығына  бюджет шығыстарын оңтайландыру, әлеуметтік төлемдерді арттыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен тұтынушылық  сұранысты бюджеттік ынталандыру  арқылы жол бермеді. 2009 жылдың қорытындысы  бойынша мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ–ге шаққанда 2,9%–ға өсті.

Жұмыспен  қамту 2009 жылғы қорытындыларға сәйкес жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда 6,6%–ды құрады, яғни өткен жылғы деңгейде сақталды. Жол картасы жобасы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістің құлдырауы салдарынан босап қалған экономика салаларындағы жұмыс орындарын толықтыруға көмегін тигізді. Жаңа жұмыс орындары экономикадағы жұмыссыздық деңгейін бақыланатын деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Негізгі капиталға инвестициялар 2009 жылы елдің ЖІӨ-нің оң өсу қарқыны көбінесе экономикадағы инвестициялық белсенділіктің арқасында қамтамасыз етілді. 2009 жылы негізгі капиталға инвестицияның нақты өсу қарқынының өткен жылмен салыстырғанда бәсеңдеуіне қарамастан, оның оң серпіні сақталып, көлемі  2,1%–ға өсті. Қаржыландыру көздеріне қатысты инвестицияның құрылымы бірқатар өзгерістерді бастан кешірді. Шетел инвестицияларының үлесі жалпы көлемнің өткен 2008 жылғы 25,3% көрсеткішімен салыстырғанда 37%–ға дейін өсті. Инвестициялардың мемлекеттік бюджеттегі үлесі 2008 жылғы            18,7% көрсеткіштен 19,3%–ға дейін өсті.

Өнеркәсіп өнімінің өсу қарқынының бәсеңдеуі және осы  саладағы шаруашылық субъектілері табыстарының төмендеуі 2009 жылы инвестициялар қысқаруының басты себептері болды, өйткені мұнда 60%–дан астам капитал салымдары шоғырланады. Шаруашылық субъектілерінің өз меншігіндегі қаржыдан негізгі капиталға қаржы бөлуі 2009 жылы 14,4%–ға кеміді, бұл олардың инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағының 40,5%–дан 34%–ға дейін төмендеуіне әкеп соқтырды.

Кредиттеудің  құлдырауы, кредит ресурстарының шектеулілігі мен кәсіпорындар үшін олардың жоғары бағасы қарыз қаражат инвестицияларын  қаржыландыру көздеріндегі үлестің  төмендеуінің басты факторлары болып табылады. Егер 2008 жылы инвестициялары қаржыландыру көздеріндегі қарыздық қаражаттың үлес салмағы 15,5%–ды құраса, 2009 жылы ол 9,8%–ға дейін төмендеді.

Төлем балансының жағдайы Қазақстандағы төлем балансының ағымдағы шотының сальдосы 2009 жылы Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес 3,4 млрд. АҚШ долл. көлеміндегі тапшылықпен қалыптасты. Сұраныстың жаңадан басталып көтерілуі және әлемдегі экспортталатын тауарлар бағасының өсуі 2009 жылдың екінші тоқсанынан бастап, экспорттың құн мөлшерінде артуын (2–тоқ.   9,4 млрд. АҚШ долл., 3–тоқ. 12,4 млрд. АҚШ долл., 4–тоқ. 14,0 млрд. АҚШ долл.) қамтамасыз етті. Экспорттың өсуі және оның импорттан асып түсуі сауда балансы сальдосының артуына себеп болды (2–тоқ. 2,1 млрд. АҚШ долл., 3–тоқ. 4,9 млрд. АҚШ долл., 4–тоқ. 6,2 млрд. АҚШ долл.). 2009 жылдың қорытындысы бойынша сауда балансы 15,2 млрд.АҚШ долл. құрады. Оң сауда балансына қарамастан 2009 жылы ағымдағы шоттың теріс сальдосының факторлары еңбек төлемі (1,3 млрд. АҚШ долл.), инвестициялық табыстар  (10,6 млрд. АҚШ долл.) және көрсетілген қызметтер (5,8 млрд. АҚШ долл.) бойынша капиталдың таза қайтуы болды.

Тікелей шетелдік инвестициялар елімізге кірген валютаның  негізгі көздері болып табылды  және оның көлемі 2009 жылы 12,6 млрд. АҚШ  долл. құрады. Сыртқы қарыздар теріс баланс аясында тікелей шетелдік инвестициялар оң қаржы шотын (7,2 млрд. АҚШ долл.) және                             2,5 млрд. АҚШ долл. шамасында төлем балансы сальдосын қамтамасыз етті.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2010 жылғы үрдістері туралы

2010 жыл, сарапшылардың пікірінше, нарық субъектілері арасындағы шаруашылық қарым қатынастарының бір қалыпты және біртіндеп қалпына келу, экономикалық өсу сатысына өту жылы болып табылады.

2010 жылдың басынан  бастап ел экономикасында оң  серпіннің орын алуы байқалуда. Өнеркәсіп өндірісінің көлемдері үстіміздегі жылдың қаңтар–шілдеде өткен жылғы сәйкесті кезеңмен салыстырғанда 11,0%–ға өсті, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 5,8%–ға, өңдеуде – 19,4%–ға.

Жүк тасымалдау көлемі 18,0%–ға артты.

Бөлшек тауар  айналымы 2010 жылдың қаңтар–шілдеде 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,3%–ға артты.

Ауыл шаруашылығы  жалпы өнімінің көлемін үстіміздегі  жылғы     қаңтар–шілдеде 2009 жылғы сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,3%–ға артық болды.

Сонымен қатар  инвестициялық белсенділіктің және құрылыс секторындағы белсенділіктің төмендеуі байқалады.

Бағалау бойынша, 2010 жылы экономика салаларында оң серпін сақталады.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2010 жылы, болжам бойынша, 7,5%–ға, атап айтқанда тау-кен өнеркәсібінде 5,1%–ға және өңдеуде 11,9%–ға өседі.

Мұнай өндіру көлемі болжам бойынша 2009 жылы 4,7%–ға өседі.

Өнеркәсіптік  өндіріс көлемдерінің артуы, бағалау  бойынша, көрсетілетін көлік қызметтері көлемдерінің 5%–ға өсуіне ықпал  етеді.

2010 жылы тұтынушылық  сұраныстың қайта қалпына келуі сауда көлемінің өсуіне ықпал етеді, бағалау бойынша, ол 8% деңгейде анықталып отыр.

Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, ЖІӨ–нің  нақты өсімі 2010 жылы 5% деңгейінде болжамданады.

Әлемдік сұраныстың артуы және еліміздің экспортын  құрайтын негізгі тауарлар бағасының өсуі, экономикалық өсу қарқынының артуы экспорт пен импорт көлемдерінің артуына ықпал ететін болады.

2010 жылы экспорт  51,4 млрд. АҚШ долл., импорт –                                      30,1 млрд. АҚШ долл. көлемінде болжамдалады.

Инфляция 2010 жылдың соңына 6,0–8,0% деңгейінде бағаланады.

2010 жылы жұмыссыздық  деңгейі, болжам бойынша 6,4% құрайды.       Дамудың сыртқы жағдайлары

2010 жылдан бастап, халықаралық ұйымдардың болжамдары  бойынша әлемдік экономиканың  өсуі күтілуде. 2010 жылдың шілде айындағы ХВҚ-ның нақтыланған болжамы бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2010 жылы     4,6%–ды, 2011 жылы 4,3%–ды құрайды. Халықаралық сарапшылар 2015 жылға дейін әлемдік экономиканың орта есеппен 4%–ға өсуін болжап отыр. Елдердегі қаржы жүйесіне сенімділікті қалпына келтірумен қоса дағдарысқа қарсы белсенді шараларды жалғастыру көтерілуді жеделдетуге ықпал ете алады.

Орта мерзімді кезеңде әлемдік экономиканың жандануы мен оның өсу қарқындарының жоғарылауы сұраныстың артуы және ресурстарға  әлемдік бағаларының өсуіне ықпал ететін болады.

2010 жылдан бастап  әлемде мұнайды тұтынудың 2015 жылға  дейін жыл сайын 1,5–1,7 %-ға өсетіні  күтілуде.

ABARE-нің (Австралия  Үкіметі жанындағы ауыл шаруашылығы,  жер қойнауын пайдалану және  энергетика саласындағы экономикалық зерттеулер бюросы) болжамдары бойынша 2010 жылдан бастап металдарды әлемдік тұтыну көлемі орта есеппен 2015 жылға дейін жылына 5–7%-ға өсуі күтілуде, бұл металдарға бағалардың көтерілуіне мүмкіндік тудырады.

Информация о работе Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы