Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:54, реферат

Описание работы

Сіздердің қарауларыңызға Елдің 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы енгізіліп отыр, бұл қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарының бірі болып табылады, оның негізінде Бюджет параметрлері болжамдары қалыптастырылады.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық даму және сауда министрі Қ.docx

— 26.83 Кб (Скачать)

              Экономикалық  даму және сауда министрі Қ.Н. Келімбетовтің 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы мен 2012-2014 жылдарға арналған бюджет параметрлері бойынша сөйлейтін сөзі  

Құрметті  Кәрім Қажымқанұлы!

Құрметті  комиссия мүшелері!  

Сіздердің қарауларыңызға Елдің 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы енгізіліп отыр, бұл қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарының бірі болып табылады, оның негізінде Бюджет параметрлері болжамдары қалыптастырылады.

Құжат Қазақстан  Републикасының 2020 жылға дейін дамуының сртатегиялық жоспарында және Елбасының  «Болашақты бірге қалаймыз!» атты халыққа жолдауында және ағымдағы жылдың 17 сәуіріндегі мәжілісте анықталған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы  бірінші жартыжылдықтың қорытындыларын, әлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы жағдайды, халықаралық ұйымдардың негізгі экспорттық тауарларға әлемдік баға бойынша түзетілген болжамдарын есепке ала отырып қалыптастырылды.

Сондай-ақ, әлемдік  экономикада, АҚШ-тағы жоғарғы бюджет дефицитімен, Еуро аймағында (Италия, Греция) айтарлықтай мемлекеттік қарызды  өтеу бойынша проблемалармен байланысты жағдайды ушықтыруы мүмкін қауіптер сақталуда.

Мұнайға деген бағаларға сарапшылардың болжамдарына қатысты консервативті бағалауларға сүйене отырып 2012 жылы базалық сценарий үшін бағаның болжамдық деңгейі 80 доллар/баррель құрайды, ал 2013-2016 жылдарда 70 доллар деңгейінде болады. Жалпы бұл әлемдік экономикадағы болуы мүмкін қауіптермен сәйкес келеді.

Болжамды қалыптастыру кезінде әлемдік жағдайлардың аумалы-төкпелілігі  есепке ала отырып базалық сценариймен  салыстырғанда сыртқы жағдайларды  қолайсыз деп болжайтын, мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 60-40 доллар кезіндегі дамудың пессимистік сценарийлері қосымша қаралды.

Болжам бойынша 2012 жылы атаулы ЖІӨ 28,9 трлн. теңгені құрайды, ал 2017 жылы 44,7 трлн. теңгеге дейін ұлғаяды.

ЖІӨ-нің нақты өсуі және салалардағы Нақты өнім көлемі (НӨК) болжамдары 2012-2016 жылдары өзектендірілген Индустриялау картасымен сәйкес инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы мен жаңа өндірістерді іске қосуды есепке алғанда экономиканың 7-пайыздық өсуін қамтамасыз ететін индикативті көрсеткіштеріне сәйкес болады.

Негізгі экспорттық өнімдерге әлемдік бағалар болжамдар  көрінісінде, сондай-ақ салалық министрліктер нақтылаған натуралды көріністегі бидай, мұнай, газ, металдар экспорты көлемі 2012 жылы 75,7 млрд. долардан 2016 жылы 105,8 млрд. долларға дейін экспорттың өсуі болжамдануда.

Экономика мен  табыстардың өсуімен бірге жүретін  сұраныстың өсуі болжам бойынша импорттың 2012 жылы 40,9 млрд. доллардан 2016 жылы 60 млрд долларға дейін ұлғаюына септігін тигізеді.

Құрметті  әріптестер!

2012-2014 жылдарға арналған экономикалық саясаттың негізгі мақсаты теңгерілген экономикалық өсіуді 7%-дан кем емес деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.

Қойылған мақсатты жүзеге асыру кезінде экономикалық саясаттың негізгі бағыттары болып:

Үйлестірілген ақша-кредит және салық-бюджет саясаттары есебінен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Экономиканың мүмкін болатын жағдайлары кезінде қауіптерді азайтуға бағытталған контрциклді макроэкономикалық саясат жүргізілетін болады.

Индустриялдау, тарифтік саясатты жетілдіру, бәсекелестікті қорғау және елдегі бизнес ахуалды жақсарту арқылы әртараптандыруды жылдамдату жолымен орнықты экономикалық өсу үшін негіз жасау.

Инфляцияны жоспарлаған 6-8% дәлізінде ұстап тұру басым мақсат болып табылады.

Индустриялдау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде индустриялды-инновациялық қызметті және жалпы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кешенді жүйесі құрылатын болады.

«Индустриялды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»  және «Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру туралы»  заңдар қабылданатын болады.

Ірі жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру және жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау жуырда бастау алған «Өнімділік - 2020» және «Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру» бағдарламалары шеңберінде қамтамасыз етілетін болады. Шағын және орта бизнес бастамалары «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша, ал микробизнес Жұмысбастылық 2020 бағдарламасы шеңберінде қолдау табады.

«Арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа заңның шеңберінде инвестиция тарту мақсатында АЭА дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Мемлекеттік органдардың  лицензиялық-рұқсат беру жүйесін және бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру арқылы бизнес ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Әлеуметтік саланы жаңғырту және халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру .

Білім берудің, денсаулық сақтаудың, әлеуметтік қамтамасыз етудің сапасын жақсартуға бағытталған маңызды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасатын болады.

Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту.

Бұл бағыт бойынша Мынадай міндеттерді жүзеге асыру жоспарлануда:

Нәтижелерге бағытталған мемлекеттік жоспарлауды ендіру бойынша реформаларды тереңдету;

Бөлінген бюджет қаражаттарының мақсаттары мен нақты нәтижелерінің байланысын күшейту арқылы бюджет жүйесін жетілдіру;

Мониторинг және мемелекеттік шығындардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;

Мемлекеттік қызмет көрсетулерді жақсарту;

Мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіру;

Квазимемлекеттік  саланың тиімділігін көтеру.

Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқтала кетуге рұқсат беріңіздер.

Орта мерзімді кезеңде салық-бюджет саясаты мемлекеттік саясаттың әзірлеген шараларын тиімді жүзеге асыру мен экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Салық саясаты экономиканың шиікзаттық емес саласын дамытуды одан әрі ынталандыруға, ең алдымен экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының инновациялық қызметіне бағытталатын болады.

Бюджет  саясаты макроэкономикалық тұрақтылыққа нұқсан келтірмей экономиканы дамытуды ынталандыруға бағытталатын болады.

Күтілетін даму үдерістері мен тәуекелдерді ескере отырып бюджет саясаты экономиканың өсуі кезеңінде деңгейі атаулы ЖІӨ өсуінен аспайтын мемлекеттік шығындар өсуін болдырмауды, ал экономикалық құлдырау кезеңінде оларды ұлғайтуды қарастыратын контрциклді көзқарастан шығатын болады.

Контрциклді фискалдық  саясаты жүргізудің құралдары  бюджет тапшылығын реттеу мен Ұлттық қор активтерін тиімді басқару болатын болады. Дамудың жағымды сыртқы жағдайларының сақталуы және мұнайдан түскен табыстардың болжамданған ұлғаюы жағдайында оны төмендету саясаты ұсынылады. Осыған байланысты, мемлекеттік бюджет сияқты, республикалық бюджет тапшылығында болжамданған ЖІӨ қатысты қысқарту жоспарлануда, 2012 жылы 2,6%-дан 2014 жылы 1,3%-ға дейін немесе тиісінше абсолютті көріністегі 758,5 млрд. теңгеден 460,2 млрд. теңгеге дейін, осылайша оны дағдарысқа дейінгі деңгейге жақындатамыз.

Сондай-ақ, бюджет саясаты мұнайдан түскен түсімдерді «жеп қоюға» жол бермеу мақсатында бюджет пен Ұлтты қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуге құрылатын болады.

Әлемдік экономикадағы  жағдайдың әлеуетті ушығып кетуін есепке ала отырып орта мерзімді келешекте  Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі Тұжырымдамаға  сәйкес 8 млрд. АҚШ даллары көлемінде кепілденген трасфертті шектеу арқылы Ұлттық қорда қаржы қаражаттарын жинақтау саясаты жалғасатын болады. Ұлттық қордың активтері 2015 жылға дейін 72,6 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі қажет, бұл ЖІӨ-нің 30,5%-нан кем емес бөлігін құрайды.

Осыған байланысты 2012-2014 жылдары Ұлттық қордан бөлінетін трансферт 1 200,0 млрд. теңге көлемінде жоспарланған.

Ұлттық қордан бөлінетін кепілденген трансфертті шектеу Қорда мұнайдан түскен табыстардың таза жинақталуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде кепілденген  трансферт түріндегі Ұлттық қордан тартылатын қаражаттардың үлесінің 2012 жылғы 21,8%-дан 2014 жылы 18,5%-ға дейін төмендеуі болжануда.

Мемлекеттің мұнайдан түскен табыстарының ұлғаюы көрінісінде Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес кепілденген трансферт көлеміндегі Ұлттық қор қаражаттарын пайдалануды шектеу 2014 жылы ЖІӨ-ге мұнай тапшылығының 4,7%-ға қысқаруына септігін тигізетін болады, ал 2020 жылға дейін ЖІӨ-ге мұнай тапшылығы 3%-ды құрауы тиіс;

 

 Болжамданған  түсімдерден және жоспарланған тапшылықтың  төмендеуінен шығар болсақ, мемлекеттік  бюджет шығындарын 2012 жылы 6 272,6 млрд. теңгеден 2014 жылы 6 874,0 теңгеге дейін (ЖІӨ-нен 19,4-21,7%) ұлғайту жоспарлануда.

Шығыстарды ЖІӨ-нің 20% шегінде ұстап тұру экономиканың орнықты өсуі үшін қажет мемлекеттік инвестициялар есебінен негізгі капиталдың жинақталуын және ішкі сұранысты қамтамасыз етеді.

Одан басқа, жоспарланған 2012-2014 жылдары мемлекеттік шығыстардың  өсуі (2011 жығы бағалауға 15,7%-ға) атаулы ЖІӨ өсуінің қарқынынан аспайды, бұл фискалды саясаттың контрциклділігін  қамтамасыз етеді.

Болжамданған  табыстар кезінде республикалық  бюджеттің шығыстары, трансферттердің  және тапшылықтың жоспарланған параметрлерінде 2012 және 2013 жылдары 5,5 трлн. теңге және 2014 жылы 5,9 трлн. теңге көлемінде.

Сонымен қатар, шикізат ресурстарына деген әлемдік  бағалардың айнымалылығын ескере отырып әлемдік экономикада жағдайдың ушығуы кезінде экономиканы тұрақтандыру бойынша бюджеттік параметрлердің тиісті өзгертулері енгізілген шаралар жобасы әзірленді.

Елбасы берген тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде 2012-2014 жылдары бюджет шығыстары саясатының негізгі басымдықтары:

1) Индустрияландыру  бағдарламасы. Оны жүзеге асыру шеңберінде «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», сондай-ақ Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, экономиканы энергетикалық, көліктік және газ инфрақұрылымен қамтамасыз етуді, арнайы экономикалық аймақтарды қоса алғанда, қабылданған салалық бағдарламалары басым қаржыландырылатын болады.

Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ мен «ҚазАгро» холдингін одан әрі капиталдандыру жоспарлануда.

2) Әлеуметтік саланы  жаңғырту. Бірінші кезекте денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» және ҚР білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламалары, «Балапан» бағдарламасы және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламаларының іс-шараларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.

Әлеуметтік инфрақұрылымдарды (балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды, поликлиникаларды), Назарбаев интелектулады  мектептері желілерін, әлемдік деңгейдегі «Кәсіпқор» холдингі колледждерін, кадрларды дайындау және қайта дайындау бойынша аймақ аралық орталықтарды, сондай-ақ Назарбаев Университетінің құрылысын одан әрі дамыту жалғасатын болады.

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын жүзеге асыру  шеңберінде бюджет шығыстары азаматтарды  даярлауға және қайта даярлауға, ауылда шағын несиелеуді дамытуға және халықты төмен экономикалық әлеуетті елді мекендерден экономикалық өсуд орталықтарына көшіруді ұйымдастыру іс-шараларын қаржыландыруға бағытталатын болады.

3) Халықтың тұрмыс  деңгейін жақсарту. Аталған бағыттың шеңберінде 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму», 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ-Бұлақ» бағдарламаларын жүзеге асыру басым бағыттар болады.

4) Өсу нүктелерін  қалыптастыру. Аймақтарды дамыту бағдарламасының, Астана қаласының 2030 жылға дейін орнықты даму стратегиялық жоспарының, Алматы қаласының даму бағдарламасының, Астана қаласына жақын елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспарының шеңберінде аймақтардың инфрақұрылымын, әлеуметтік саласын, ТҮКШ жаңғырту арқылы бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

5) Мемлекеттік қызмет  сапасын көтеру  және мемлекеттік  функцияларды іске  асыру

Осы бағытта  Халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамытуға, «электронды-Үкімет», «е-Салық», «е-лицензиялау» жобаларын іске асыруға бағытталған шараларды қарджыландыру қарастырылған.

Информация о работе Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!