Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 17:28, дипломная работа
Зерттеудiң теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелерi мен тұжырымдары сыбайлас жемқорлық, оған қарсы күрес мәселесінің ғылыми негiздерiн өз деңгейiнде толықтырады. Арнайы зерттеу нысанасы негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы әлемдік тәжірибені жинақтап, жүйелеуге талпыныс жасалды. Зерттеудiң нәтижелерiн сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес мәселесі бойынша арнаулы курстар оқуда, семинарлар жүргiзуде, заңтану курсында, қоғамдық практикада пайдалануға болады.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-5
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері .6-13
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары . . . .13-19
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . .19-29
II ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ТӘЖІРИБЕ
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30-36
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37-41
2.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы . . . . 42-44
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51
III СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
3.1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52-56
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57-62
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .63-65
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70-73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . .
Жапонияда «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп туралы» Заң қиянат етушілікке амал табуды қалдыратынын мойындайды. Сонымен, осы заң үкіметтік орындарға тағайындалатын парламент депутаттарына – саясаткерлерге қатысты емес болып шығады. Осыған байланысты Жапон БАҚ-та 1978 жылы АҚШ-та қабылданған сондай заңның нысаны ретінде барлық үкіметтік лауазымды тұлғалар болатынын атап көрсетілген.
2001 жылы «Ақпараттарды ашу жөніндегі» Заң күшіне енді. Бұл акті азаматтарға үкіметтік мекемелердегі бар ресми ақпараттарға қолжеткізу құқығына кепілдік береді, егер үкімет нақты ақпаратты ашуға болмайды деп шешетін болса, ақпараттарды ашуды бақылау жөніндегі Кеңеске апелляцияға береді. Бұл жағдай қоғамдық топтарға сыбайлас жемқорлықты әшкерелеуге көмектеседі. 98 Осылайша Жапонида сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында басымдылық көрсететін:
- саяси экономика шаралары – саяси басшылардың есеп беруі, саяси партиялар мен кампанияларды қаржыландыру реформасы.
- мемлекеттің қызметтің реформасы – лайықты еңбек ақы, ынталандыру жүйесі.
- азаматтық бостандықпен қамтамасыз ету - әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі және саясаткелерге азаматтық қоғам жағынан моральдық ықпал ету.
Жапон мемлекетінің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі өте қызықты, өйткені бұл елде сыбайлас жемқорлықпен күрестің көптеген нысандары қолданылған. Жапондықтар бай демократиялық дәстүрлері бар мемлекеттердің жемқорлықпен күрес тәжірибесінің жаңалықтары және тарихымен етене танысып отырады. Тіпті олардың өздерінің заңдарымен салыстырғанда басқа елдердің күресу тәжірибесі әлдеқайда пайдалы екендігін мойындап отырады. Соңғы кездегі Жапон мемлекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының жеткен жетістігі қомақты. ТИ СЖҚИ-дың мәліметтеріне сүйенсек, 2000 жылы бұл көрсеткіш – 6,4% болса, 2002 бұл көрсеткіш – 7,1%, 2007-08 жылдары 13,5% болды.99 Бұл жетістіктер мемлекеттегі жүргізіліп отырған саясаттың дұрыс бағытта екендігін айқындайды, осы күрес шараларының ауық – ауық өзгеріп, өмір талабына сәйкес қолданылып отыруында. Жапонияда жемқорлыққа қарсы күрестің бірыңғай кешенді шаралары жүргізіліп отырмайды, бұл міндеттің алдын алу және күрес шараларының ретін реттейтін нормалар барлық заңдарда қарастырылады: олар «Қоғамдық лауазым иелерін сайлау жөнінде» (1950 ж.), «Парламент туралы» (1950 ж.), «Саяси қорларды реттеу туралы» (1948 ж.), «Мемлекеттік қызметшілер туралы» (1948 ж.) және т.б.100
Жапондық заң шығарушы орган саясаткерлерге, мемлекеттік және муниципалдық қызметшілерге қатысты тыйымдарға ерекше мән береді. Олар, негізінен, жапондық шенеунікті қызмет бабында және қызметтен кеткен уақытта жеке меншік бизнеске қатысты саяси ықпал жасау шараларына қатысты болады. Отставкаға кеткен соң да ол шенеуніктер бес жыл көлемінде өздері жетекшілік жасап отырған салаларда екі жылға дейін коммерциялық кәсіпорын ашып, одан пайда алып отыруына тыйым салынғын.
Заң бойынша барлық деңгейдегі сайлау барысында ақша қаражатының шығысы мен кірісіне қатаң есеп жүргізіледі. Үміткерлерге түрлі мемлекеттік органдармен контракт арқылы жұмыс істеуші, жергілікті өзін - өзі басқару органдарынын және үміткерге тікелей қатысы бар кәсіпорындардан қайырымдылық көмек алуға тыйым салынған. Жеке түрде, қоғамдық шоттан, радио, теледидар, газеттік жарнамалар, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін қоғамдық орындар қызметін тегін пайдалануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, сайлауға қатысты үгіт – насихат материалдарын таратуда, үміткерлердің негізгі жұмыс істейтін пунктерін ашуға берілетін лимитке де шектеулер қойған. Сайлау компанияларының ұзақтығын анықтайтын Ереже сайлау шығындарын тежеп ұстауға бағытталған.
«Саяси қорларды реттеу туралы» Заң партиялар мен басқа саяси ұйымдарды қаржыландыруын реттейді. Ол саяси партиялардың сайлау барысындағы қаржыландыру үрдісін, кіріс, шығысы бойынша есеп беріп отыруды қатаң бақылайды.101 Соңғы 3 жыл көлемінде кез – келген уақытта тексеруші органдар осы есеп құжаттарын тексеруге алып, таныса алады. Жеке, заңды тұлғалар мен кәсіподақтар және басқа ұйымдар үшін берілетін саяси құрбандық көмектерінің жылдық көлемдегі сомалық шектеулері де бекітілген.
1907
жылғы Қылмыстық Кодекс
Осылайша, Жапонида сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында басымдылық көрсететін: 1) саяси экономика шаралары – саяси басшылардың есеп беруі, саяси партиялар мен кампанияларды қаржыландыру реформасы; 2) мемлекеттің қызметтің реформасы – лайықты еңбек ақы, ынталандыру жүйесі; 3) азаматтық бостандықпен қамтамасыз ету - әлеуметтік-құқықтық бақылау жүйесі және саясаткелерге азаматтық қоғам жағынан моральдық ықпал ету.103
Кореяда он жыл бойы экономиканың өсуі Сеулдың муниципалдық төрешілдігінің өсуіне әкеліп, жемқорлықтың көптеген жолдарын ашты.104 Осы мәселе кең түрге ие болғаны соншама, 1998 жылы жаңадан сайланған мэр Гох Кун ашық түрде жемқорлыққа қарсы соғысты батауға уәде берді. Мөлдірлікке қол жеткізуде, ақпараттарды көрсетуде, жұртшылыққа таратуда және мәліметтерді таратуда жаңа Интернет-технологияларды қолдану тәжірибеге берік енді. «Мөлдірлік мәдениетінің» ашық үлгісі ретінде 1999 жылы Сеулдегі жаңа «Open» бағдарламасы енгізілді.105 Бұл бағдарлама арнайы қағидалар негізінде құрылған:
1. Кіру мүмкіндігі. Осы идеяны 3 бағытта қарастыруға болады: 1) Азаматтар кез келген уақытта және әр түрлі жерден Интернет арқылы өздерінің берген өтініштерін көре алады, яғни, - ол территориялық - уақыт аспектісі; 2) «Open» бағдарламасы шығарған азаматтардың құқықтарын көздейтін мәліметтерді ала алады, яғни, - ол мәлімдеме аспектісі; 3) Осы бағдарлама жеңіл болғандықтан, билік құрылымдарының жұмыс сапасын бақылап, бұзуларды тез айқындауға жүзеге асырады – ол қауырт- қызмет аспектісі;
2. Ашықтылығы. Осы бойынша біріншіден, ашық бақылау жүйесі, екіншіден, әкімшілік қызметінің жарықтылығы: азаматтардың өтініштерін қрастыратын мәліметтерге кіру мүмкіндігі; құжаттарды қарау мүмкіндігі; қарастыру мерзімдерін таңду. Азаматтардың ұсыныстарын қадағалау жүйесінің негізгі мына жолдармен атқарылады: 1) әлеуметтік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мәліметті азаматтарға ұсыну; 2) ашықтылықты орнату; 3) жеке шенеунік пен азаматтардың қарым-қатынасын шектеу.106 Азамат құрылысты рұқсат алу үшін жазғаннан кейін, осы әкімшілік бөлімінің қызметкерлері «Open» сайтына өтінішті еңгізеді. Интернетке қосылған әр компьютерді пайдаланып, азаматтар өздерінің өтініштерін тіркелді ме, осы мәселемен кім айналысатыны, рұқсатты қашан алуға болатыны туралы біле алады. 107 Әрбір іс бойынша толық мәлімет, сондай-ақ берген өтінішті тіркеу процедурасы, мәліметті іздеу бағдарламасы орналасқан. Осы жүйеде сонымен қатар, қала әкімшілігінің арнайы бөлімі, осы бөлімде жұмыс істейтін қызметкерлері, олардың телефондары жазылған. Осы жүйе әкімшілік қызметкерлерінен әрбір өтінішпен қай күні, сағат нешеде істегенін көрсетуге талап етеді. Бірда бір шенеунік істі қарау мерзімін ығыстыра алмайды.
«Open» жүйесі әкімшілік секторда прогресивті құрал болып табылады. «Open» зерттеу жобасы ғана емес, тәжірибеде қолданылған жақсы нәтижелер береді. Осы жоба жемқорлық мәселелерін айқындайды және оны шешеді. 1999 жылы 10 мен 15 қазан аралығында Дурбанда өткен тоғызыншы халықаралық жемқорлыққа қарсы конференцияға «Транспаренси Интернешнелдың» шақыруымен Мэр Гох Кун қатысты. Осы конференцияда ол «Open» бағдарламасы туралы сөз сөйледі. Ол 135 мемлекетінің 1600 қатысушыларына және халықаралық қаржы Фонд, Дүниежүзілік Банк, ЭЫДҰ, Интерпол ұйымдарында қызығушылық тудырды.
Жалпы айтқанда халықаралық қауымдастық осы жобаның қызметін көрді. Оны Дубранда өткен конференцияда «Open» бағдарламасына берген бағасынан көруге болады: «Сеулдің мэрі көрсеткендей, біз жемқорлықпен күресу және оның алдын алу шаралары бойынша жаңа, тиімді, шығармашылық шараларды шығарамыз». Осы бағдарламаны Ресейде өте жақсы бағалады. Cанкт – Петербург шенуніктер арасындағы жемқорлықпен күресуі Сеул тәжірибесін пайдаланады. Олардың хабарлауы бойынша, осы бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде Оңтүстік Кореяның астанасында шенеуніктер арасындағы жемқорлық алты есеге кеміді. Осыған орай политкеңес «Оң күш одағы» фракциясына бірқатар заңдар жүйесін шығаруға бұйырды.108
«Open» жүйесі өздік мәні болғанмен жемқорлықпен күресудің кешенді Сеул басымдығының қосымша бөлігі ғана болып табылады. Жемқорлықпен күресу бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1. Превентивті шара барлық әкімшілік салада мемлекеттік реттеудің әлсіздігінде келісіледі. Өз орнында көп уақыт отырған шенеунік өз ведомствосында «сатушы - сатып алушы» жүйесін орната алады. Осылайша Сеулда, басқа мемлекеттердегідей кадр саясаты, жемқорлыққа қарсы саясаттың құрамдас бөлімшесі болып табылады.
2. Сеул
қаласының шенеуніктері
3. Сеул әкімшілігінің қызмет ашықтылығын «Open» бағдарламасы қамтамасыз етеді. Онымен бірге жемқорлыққа қарсы көрсеткіш индекстері енгізілген.
4. Мемлекеттік
қызмет пен жеке азаматтар
арасындағы байланыс жоғарыда
айтылған бағыттар бойынша
Жоғарыда
айтылғандай, Сеул жоғары деңгейдегі шығармашылығымен,
өнетартапқыштылығы көрінеді.
III
Бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қолданылатын
халықаралық - құқықтық
құралдар
3.1
Біріккен Ұлттар Ұйымының
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қолданылатын
халықаралық - құқықтық
актілері
Жемқорлық мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен көңіл бөледі. БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы халықаралық құқықтық құралы жөнінде мәселесін шешуге бастайды. Ол бойынша мемлекеттердің жемқорлықпен күресуге көмектесу және ақша құралдарының заңсыз аударуларын қадағалайды.
Халықаралық көлемде шыққан құжаттардың бірі - БҰҰ-ның 1996 жылғы 16 желтоқсандағы «Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасаған кездегі сатып алушылық пен сыбайлас жемқорлықпен күрес» Декларациясы және БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1975 жылғы 15 желтоқсандағы 3514 Резолюциясы айыптағандай трансұлттық және басқа корпорациялар, олардың делдалдары, заң бұзушы тараптар және оларды қолдайтын топтар, парадан бастап сыбайлас жемқорлықтың барлық түрін айыптайды. «Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасаған кездегі сатып алушылық пен сыбайлас жемқорлықпен күрес» Декларациясы әлемнің барлық мемлекеттерін шетел лауазымды тұлғаларын пара беріп сатып алу криминалдауға шақырады. 111 1989 жылы БҰҰ-ның айдарымен мемлекеттік басқару саласындағы жемқорлық мәселелеріне арналған халықаралық семинар өтті. Оның нәтижесінде - осы мәселе БҰҰ-ның VIII конгресінде қаралуға жолдама алды. Бұл Конгресстің резолюциясын алдын ала пайымдап отырған Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес төмендегідей ұсыныс жасады: «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында барлық үкіметтік бағдарламалардың әлеуметті тиімділігін жоққа шығарса, дамуына кедергі келтірсе және жеке алынған адамдар мен топтарға қауіп төндірсе, барлық мемлекеттер үшін жүргізілетін өте маңызды шаралар ретінде мыналарды айқындауға болады:
1. Өз заңнамаларының және процессуалдық нормаларды да бірге ала отырып, жемқорлықтың кез-келген түрін қарап, сәйкес мазмұнды қажет санкциялармен қамтамасыз етсін.
2. Сыбайлас жемқорлықтың құрбандары болған лауазымды тұлғаларды анықтау, тексеру және айыптау шараларын белгілеу.
3. Жемқорлық әрекеттердің нәтижесінде келген игіліктер мен мүліктерді тәркілеудің құқықтық ережелері әзірленіп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты бар жеке меншік кәсіпорындарға экономикалық санкциялар берілді.
Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе