Ақпарат жүйесі

Дата добавления: 10 Ноября 2012 в 15:58
Автор: g*****@list.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (44.36 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Акпараттык жуйе.DOC

  —  205.00 Кб

Программалық жабдықтау  деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың  бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық  жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау  – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі  қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін  программалар жатады.

Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық   жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін  тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.

Арнаулы программалық жабдықтауға  ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі  функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:

Мәліметтерді басқаруда ;

мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;

деректі программалық әдістерін;

дискретті программалар әдістерін;

үздіксіз есептерді  шешу әдістерін және басқаларды

орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің  ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.

Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік  икемділік бар және басқару шешімін  қабылдауға қажетті ақпаратты алуға  бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.

 

Программалық  жабдықтау

4-кесте

Тип

Атауы

Мүмкіндіктері

Жалпы программалық жабдықтау

ОЖ

Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0

Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.

Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0

MS Offіce XP

Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті  көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal

Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті  ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау.

ҚПП

Delphі 7

Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.

МББЖ

Paradox 7

Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер  базасын жинақтау.

Қорғау

ОЖ паролі

Желіге енуді бақылайды.

МББЖ паролі

МБ кестелеріне ену құқын  анықтайды.

Вирусқа қарсы программа 

Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.


 

 

 

 

 

         1.4.4. Математикалық жабдықтау

Математикалық жабдықтау  – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. «Есепке алу және талдауң ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі  бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек  және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.

Ақпараттық жүйені математикалық  жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

Типтік және жасалатын  әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;

Мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).

Ақпараттық жүйені математикалық  жабдықтаудың жалпы талаптарына  мыналар кіреді:

Математикалық әдістер  мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;

ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модель-дерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;

Қолданылған математикалық  әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;

Алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.

Математикалық жабдықтау  алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

ҚПП –де пайдалануға  негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;

ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;

өз сипаттамасында программа  тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;

 есептердің функционалдық  байланысын қамтамассыз ету;

қатысты жай блоктарға  бөлшектеп байланыстыруды енгізу;

программаның орындауы жолына бақылау енгізу;

Математикалық әдістер  мен тәсілдер және олардың шешімдері  берілген нақтылықтағы шешімдердің  бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз  етуі қажет.

       1.5. «Cалық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң  ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы.

 

Концептуалды схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында  басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда  көрсетеді.Ақпараттың жүйенің негізгі  концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді, және негізгі  құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер-бұл  күрделі жүйе болып келеді.

Сондықтан оларды жеке бөлшектер  мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай  алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге  біртіндеп  жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.

Әдетте  декомпозициялау  анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы  элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлшекке бөледі.

Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі  жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы жүйешелер жатады.

Жүйеше дегеніміз-жүйенің  анықталған  белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.

Ақпараттық жүйенің  функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер  немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.

Функционалдық жүйеше–нақты функциянермен шектелгенАқпараттық  жүйенің (АЖ) бір бөлігі.

Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)

жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.

Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық  қамтамасыз ету, бағдарламалық  қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ)

«Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң  ақпараттық жүйесінің концептуалдық  сызбасы  2-ші суретте көрсетілген:

Концептуальная схема


 

 

Жүйе

Сипаттама

Тип

ЭАЖ

ЭАЖ

Желі

Желі

корпоративті

Желі топологиясы

Аралас

Жалпыжүйелік технолотия

Мәліметтер базасын қолдану

Кодтау жүйесі

Фасеттік



 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

 


 

 


         









 

 

      2.1.Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты                                        

                    есептеу және төлеу тәртібі.

 

            Салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді және белгіленген ставкаларды ескере отырып, салық салынатын табыстың шамасына сүйеніп, салық сомасы дербес анықталады.

      Салық  салынатын табыс есептелген кезде түсім, басқа да кірістер сондай-ақ шетел валютасымен шеккен шығын  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің операция (төлем) жасалған күнгі ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.

      Салық   қызметі салық салынатын уақыт біткеннен кейін бес жыл ішінде есептелген салық сомасын есептеуі немесе қайта қарауы мүмкін.

       Негізінен  қолдағы ақша қаражатымен жұмыс  істейді немесе оларды жұмыс  істейтін қызметкерлер саны шектеулі  заңды тұлғалар жөнінде салық  қызметі салық төлеу тәртібін патенттердің немесе салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің жеңілдетілген жүйесі негізінде белгілейді.

       Бухгалтерлік  есеп жүргізу тәртібі бұзылған, есеп құжаттары жойылған немесе  жоғалған, сондай-ақ салық салу  объектісін, анықтау мүмкін емес жағдайда, салық қызметі органдары салық салу объектісі мен салықты тікелей және жанама әдістер (активтер, айналым, өндіріс шығындарды және т.б.) негізінде анықтайды.

       Сол сияқты  басқа тұлғалар мен органдар  аталған табыстың алыну заңдылығын  даулаған жағдайда, табыс салық салуға жатады.

        Егер Қазақстан  Республикасының заңдарына көрсетілген  жағдайда,соттың немесе төрелік  соттың шешімі бойынша, табыс  бюджетке алынуға жататын болса,  онда аталған табыстан одан  төленген салық сомасы шегеріліп алынады.

        Егер салық  төлеуші байланысты тараппен  өзінің коммерциялық және қаржы  операцияларында тәуелсіз кәсіпорындар  арасында қолданылғаннан өзгеше  баға қолданса, онда салық салу  мақсатында салық қызметі салық  төлеушінің табысын пайда болған  баға айырмасын қарай түзетеді. Мұндай операцияларды жүргізу кезінде салық қызметі бұл операцияларда олардың шынайы болмасын анықтау және айып салу мақсатында басқаша бағалай алады.

         Барлық  салықтарға қатысты баспа-бас  операциялар бұл операцияларды  салық есеп-фактураларымен міндетті түрде ресімдей отырып, қолданылып жүрген бағалар бойынша өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) сату ретінде қарастырылады. Салық есеп-фактураларында баспа-бас операциялардың құны кемітілген жағдайда салық қызметі салық төлеуші қолданған бағаларды ескере отырып, салық салу объектілерін түзетеді және Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзғаны үшін белгіленген санкцияларды қолдана отырып, салықтарды қайта есептейді.

       Өнімді алмасу  немесе оны өтемсіз бері кезінде  заңды тұлғаға салық салу мақсаты үшін мәміле сомасы аталған мәліме жүзеге асырылған айға есептелген содай немесе ұқсас өнімді сату орташа сарапталған бағаны негізге ала отырып, сондай немесе ұқсас өнімді оның соңғы сату бағасынан, бірақ іс жүзіндегі өзіндік құнынан төмен болмайтын деңгейінде анықталады.

        Бюджетке төленетін  салықтың ағымдағы жарнасы көзделген  ставка мен өткен айдағы қаржы  нәтижесін негізгі ала отырып, әрбір айдың 20-нан кешіктермей  енгізіледі.

        Салық органы  филиалдар мен бөлімшелердің тармақталған жүйесі бар төлеушінің өтініші мен салық төлеушінің орналасқан жері бойынша өзге төлеу мерзімін белгілеуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен 20 күннен артық болмауы тиіс.

Описание работы
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.
Содержание
І.Кіріспе бөлім
1.2. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
1.3. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4. Математикалық жабдықтау
1.5. «Cалық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты
есептеу және төлеу тәртібі.
2.2.Салық төлеушілердің міндеттемелері және жауапкершілігі
2.3. Программалық жабдықтау
2.4.Бағдарламалық жабдықтау құрылымы.
2.5. Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы
ІІІ. Қорытынды бөлім
3.1. Қорытынды
3.2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі