ББС телеарнасының дүниежүзілік қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 09:55, реферат

Описание работы

Қазіргі заманғы теледидар әлемін массмедиалық бизнес тарихында өшпес ізі қалған компания - BBC телеарнасының Дүниежүзілік қызметінсіз елестету мүмкін емес. Құрылғаннан бергі жүз жыл ішінде BBC әлемнің бүкіл бұқаралық ақпарат құралдары теңдесуге ұмтылатын жаһандық корпорацияға айналды. BBC көптеген адамдардың құрметі мен сеніміне ие болған телеарна: мұның дәлелі – 241 миллиондық аудитория.

Содержание

Кіріспе
1 BBC арнасының тарихы
2 BBC дүниежүзілік қызметінің «Жаңа тарихы»
3 BBC Worldwide Television хабар тарату аумағы
4 BBC World News арнасы
5 BBC Entertainment арнасы
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

BBC ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗМЕТІ.docx

— 223.94 Кб (Скачать)

    2010 жылдың наурыз айында BBC Украинаның ТВi арнасына бірнеше жоғарыбюджеттік деректі фильмдерді ұсынды.

    2010 жылы корпорация өз қызметінің  арнасын кеңейтуді және жеке  анимациялық студия ашуды ұйғарады. Қазіргі уақытта басшылық жаңа  бөлімге лайықты орын іздеу  үстінде. BBC аниматорлары үлкендер үшін, сондай-ақ компанияның жасы кіші аудиториясы үшін де бағдарламалар өндірумен айналысатын болады. Ол үшін студия жасауда BBC-дің көңіл көтеретін және балаларға арналған бағдарламаларды өндірумен мамандандырылған екі арнасы күштерін біріктіретін болады. Жаңа бөлімшені қалыптастыруды аяқтау 2011 жылға жоспарланған.

    BBC классикалық пьесалар, жаңа комедиялар, шынайы оқиғалар, танымдық бағдарламалар және балаларға арналған бағдарламалар, концерттердің тікелей көрсетілімдері, жаңа әуен, діни бағдарламаларды қатар алып алады. Және осының барлығы ұзақ уақыт бойына, әсіресе Англияда, алайда бұл басқа көптеген елдердің аудиториясын да еліктіруде.

    Соңғы 2 жылдың ішінде BBC тиімді өзгертулер мен жаңалықтарды енгізудің есебінен жалпы құны 200 млн ағылшын фунтын үнемдеді. Бұл қаражатты BBC жаңа бағдарламалар ашуға және компанияның өнімін одан ары тиімді және бәсекеге қабілетті ету үшін жаңа сандық технологиялар инвестициясына жұмсайды.

    BBC – бұл теле- және радиобағдарламалар нарығындағы жеке атау. Біріккен Патшалықтағы 95 пайыз отбасы әр апта сайын BBC бағдарламаларын көріп, тыңдайды, ал бұл – жазылушы үшін сағатына 3,7 пенни деген сөз.

    BBC бағдарламаларына пікір білдірушілер саны өте көп. BBC-дің коммерциялық белсенділігі жыл сайын 72 млн көлемінде «жарна» әкеледі – бұл барлық стандарт бойынша табысты бизнес, бірақ бұл нәтиже де компанияның лицензия мен көрсетілім құқығына байланысты алатын және жұмсайтын 1,7 млрд доллармен салыстырғанда өте аз.

    BBC әңгімелесу мақсатында және әрине, аудитория арнадан күтетін жаңа идеяларды зерттеу үшін бағдарлама барысында көрермендер мен тыңдармандардың пікірлерін тыңдауға көп көңіл бөледі. BBC өзінің шығармашылық амбицияларын қанағаттандыру үшін өз аудиториясына қызығушылық танытады.

    BBC арналарының телемәтіндері әр алуын және қолдануға ыңғайлы. 100-ші бетте негізгі бөлімдер бойынша мәзір ұсыну дәстүрге айналған. BBC World телемәтінінің беттерінде ғаламшардың ең қызу нүктесінен түскен хабарламаларды, қақтығыс аймағының жаңалықтарын табуға болады және дәл осы жерде солармен қатар «Марста өмір бар ма?» деген сияқты ғалымдардың зерттеулері туралы да хабарламаларды кездестіруге болады. Спорт жанкүйерлерін қызықтыратын футбол бойынша Еуропа матчтерінің нәтижелері де, теннис алаңының жаңалықтары да, сондай-ақ жарыстардың нәтижелері мен регби, мотоспорт, атлетика, ат жарысы, бокс, гольф және крикет бойынша мәліметтер де бар. Sport Diary (спорт күнделігі) айдарында алда болатын спорт жаңалықтарының аңдатпасы беріледі. Барынша үлкен бөлім қаржы және экономикаға арналған. Бұл жерде әлемдік валюталардың ағымдағы бағамын, металл мен әр түрлі биржадағы мұнай бағасын, индекстерді, экономикалық жаңалықтарды, сондай-ақ қаржы нарығы саласындағы көптеген басқа жаңалықтарды білуге болады. 
 

3. BBC WORLDWIDE TELEVISION-НІҢ

ХАБАР ТАРАТУ АУМАҒЫ 

    Еуропа. BBC Worldwide Television Еуропаға 24 сағаттық арна бойынша тарайды: BBC Entertainment Europe (бұрынғы BBC Prime) – жылдық төлем формасы бар жоғарғы сапалы көңіл көтеретін арна.

    Азия. BBC World News континентті Азия аймағында және 1994 жылдың маусым айынан бастап Гонконг қаласында кабельді желі арқылы көрсетіле бастады. Жапонияда BBC World News 24 сағат бойына көрсетіледі, бұған 4 сағаттық жапон көрсетілім қосылады. 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап Күншығыс елінде BBC Japan көңіл көтеретін арнасы жұмыс істей бастады. 6 долларды құрайтын айлық төлемге көрермендер Британияда танымал телехикаяларды көру мүмкіндігіне ие болды. BBC Japan арнасы британдық хабар тарату корпорациясының басқа телеарнасы - BBC Prime – кейбір Азия елдерінің хабар тарату нарығында жетістікке жеткеннен кейін іске қосылға еді. Бірақ 2006 жылы BBC Japan арнасында қиындықтар туындай бастайды. Станцияның жабылуына британдық хабар тарату корпорациясының жапондық серіктестігі - Japan MediArk Co. (JMC) компаниясының қиындықтары себепкер болды.

    2008 жылдың 4 наурызында BBC корпорациясы араб тіліндегі спутниктік және кабельдік телеарналарды іске қосады. BBC Arabic арнасының 12 сағаттық көрсетілімін Солтүстік Африка, Таяу Шығыс және Парсы шығанағындағы кейбір елдердің тұрғындары кабельдік және спутниктік теледидар арқылы тегін көре алатындай дәрежеге жетті. «Аль-Джазира» және «Аль-Арабия» каналдарына бәсекелес болған бұл жаңа арнаны қаржыландыруды Британ патшалығы өз мойнына алды.

    BBC Arabic арнасын құруға 25 млн фунт стерлинг жұмсалды. Бұл шығынды өтеу үшін 2005 жылы BBC-дің басқа 10 шет тілдік арнасын жабуға тура келді (болгар, венгер, грек, польша, словак, словен, хорват және чех қызметтері жабылды). Бұдан басқа қазақ және тай тілдеріндегі қызметтер де жабылды. «Бірнеше тілдік қызметті жабу – өте қиын шешім, - дейді BBC-дің атқарушы директоры Найджел Чепмен. – Біз қызметтерді жабу кезінде үш факторға назарда аудардық – әрбір нарықтың геосаяси мәні, тәуелсіз ұлттық және аймақтық БАҚ-тың қол жетімділігі және осы аймақтағы біздің аудиториямыздың көрсеткіші». Алайда BBC Arabic арнасы өзін толықтай ақтап шықты: 2010 жылы арнаның аудиториясы 35 млн адамға жетті, осыған байланысты бір жыл бұрын, 2009 жылы ВВС компаниясы BBC Arabic арнасының хабар тарату уақытын тәулігіне 24 сағатқа дейін кеңейтті.

    Орта  Шығыс. Орта Шығыс аумағында бағдарламаларды қиналмай көруге болатын Panamsat 4 серігінен басқа, BBC арнасы Бахрейн теледидары және кабельді ТВ арқылы хбарларын таратады. Бұдан басқа, 2009 жылдың 14 қаңтар айынан Иран, Афганистан және Тәжікстан елдеріндегі парсы тілінде сөйлейтіндерге арналған BBC Persian TV арнасы өз қызметін бастады. Хабар тарату күнделікті сағат 12:30-дан 21:30-ға дейін ВВС-дің Лондондағы студиялары арқылы жүзеге асып тұрды.

    Америка. BBC Worldwide America арнасы Нью-Йорк және Лос-Анджелес қалаларындағы штаб-пәтерлері арқылы BBC Worldwide арнасының Құрама штаттардағы қызметін жүзеге асырып келеді. Бұған BBC America кабельді арнасы мен екі жағалауда орналасқан, «Dancing with the Stars» («Танцы со звёздами») бағдарламасына жауапты өндірістік бөлімше де енеді.

    Афирка. BBC африкалық нарыққа деген өз қызығушылығын білдіріп, 2008 жылы Африкада жаңа арналар - BBC Entertainment, BBC Knowledge, BBC Lifestyle және Cbeebies арналарының ашылғанын хабарлайды. Арналар 2008 жылдың 1 қыркүйегінен жұмыс жасай бастады, олар BBC Food және бұрынғы BBC Prime арналарының орнын басты. «Африка нарығының әрқашан біз үшін мәні жоғары еді. Біз оған қаражаттың ауқымды бөлігін құюды жоспарлап отырмыз. Қазір біз Африкада төрт тақырыптық арналар ашудамыз», - дейді атқарушы директор және BBC Worldwide Channels компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша аға вице-президенті Дин Поссенниски. Арналарды Оңтүстік Африкада орналасқан компания филиалы арқылы жүзеге асатын жазылу бойынша тәулігіне 24 сағат көруге болады.

    Жаңа  Зеландия. BBC World TV1 негізгі арнасында түні бойы көрсетіледі. Бұл станциялар Окланд, Вайкато, Веллингтон және Данедин қалаларында BBC World-тың тікелей эфирі мен басқа да жаңалықтар мен бағдарламаларды араластырып көрсетеді.

    Австралия. BBC World Австралияда Foxtel кабельді желісі және спутник арқылы тәулік бойы көрсетіледі. Автралияда көптеген жылдары бойына ВВС арнасын көрушілердің үлесі екінші орында келеді, бірінші орында жергілікті TV1 арнасы тұр.

4. BBC WORLD NEWS АРНАСЫ 

    BBC World News – бұл Азия, Африка, Австралия, Орта Шығыс және Еуропаға тарайтын, сондай-ақ Жаңа Зеландия, Канада және Азия мен Африканың кейбір елдеріне таралатын халықаралық жаңалықтар мен ақпараттардың 24 сағаттық арнасы. Корпорацияның барлық телеарналарының ішіндегі ең танымалы болып табылады.

    BBC World News арнасының  тарихы. 1991 жылдың қазан айында BBC World Service Television ретінде іске қосылған арна кейін BBC World болып өзгереді. Еуропаға хабар тарату 1995 жылдың қаңтар айында басталды. BBC World әр сағат сайын жаңалықтар және аптаның әр күнінде 5 бағдарламаларға шолулар беріп тұрды. BBC жаһандық желісінде 250 жекеменшік корреспонденттері болған және көрермендерге тұрақты жаңалықтар бағдарламасын, сарапшылардың аналитикалық шолуларын, бизнес, спорт және діни жаңалықтарды, сондай-ақ BBC Weather Centre-ден түскен ауа райы болжамдарын ұсынып тұрды. Бұл бағдарламаларды іскер, деректі ақпараттар мен басқа да бағдарламалардың жиынтығы толықтырып тұрды. BBC World-тың жаңалықтар бағдарламасымен British Airways, Cathay Pacific, Air India, Royal Brunei, KLM, Air Mauritius, Lufthansa сияқты авиалиниялар жабдықталып тұрды.

    Арнаның тарихы жаңалықтарға толы. BBC World бағдарламалары германияда көрсетіле бастады. Таиланд аумағындағы кабельді желі Thai Sky өзінің 50 000 жазылушылары үшін BBC World бағдарламаларын тәулік бойы көрсете бастады. BBC World-тың тікелей репортаждарын Амстердамның әуежайындағы жаңа қызмет көрсету залында бере бастады. 1995 жылдың маусым айында BBC World Сингапурдың кабельді желісі үшін қол жетімді болды. Сол кезде Multichoice ақылы теледидарының ірі оңтүстік африкалық операторының арқасында BBC World-ты Африкада көрсете бастады. 1995 жылдың қараша айы – тәуліктік көрсетілімге негізделген халықаралық жаңалықтар мен ақпараттар арнасының ашылғанына 4 жыл. 1996 жылдың қаңтар айында BBC World түннің 6 сағаты бойына Оңтүстік Африкада көрсетілетін болды. BBC World өз қорын «Европа сегодня», «Шоу Эндрю Нейла», «Окно в Европу», «Комната новостей BBC», «24 часа» және «Эта неделя» сияқты бағдарламалармен толықтырды. Сол кезде BBC Worldwide Television Орта Шығыс пен Оңтүстік Африкаға бағытталған жер серігін жалға алу туралы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қояды. 2006 жылдың қараша айында Халықаралық телехабар тарату ассоциациясының ұйғаруымен BBC World-қа «Ең үздік халықаралық жаңалықтар арнасы» атағы беріледі.

    2008 жылдың 21 сәуірінде арна өз атауын  BBC World-тан BBC World News-ке алмастырады.

    2009 жылдың қаңтар айында BBC World News арнасының хабар тарату форматы кеңэкранды форматқа көшеді. 
 

5. BBC ENTERTAINMENT АРНАСЫ 

    Бұл – көлемі бойынша BBC World News-тан кейінгі екінші 24 сағаттық көңіл көтеретін арна. Континентті Еуропа аумағында 4,2 млн-на астам жазылушылар үшін қол жетімді.

    BBC Entertainment арнасының  тарихы. 1995 жылдан хабар тарата бастаған BBC Prime арнасы BBC-дің халықаралық көңіл көтеретін арнасына айналады. Ол Еуропа, Африка және Орта Шығыстың 100-ге тарта елінде 11 млн абоненттері үшін жер серігі және кабельді жүйе арқылы тарала бастайды. Таралу деңгейі бойынша арна ең танымал еуропалық арналардың бірі болып саналды. EMS 2002 сауалнамасының мәліметтеріне қарағанда, тәулік бойы хабар тарататын арналардың апталық көрсетілімі деңгейі бойынша BBC Prime еуропалық арналардың арасында рейтингте 4-орынға ие.

    2009 жылы ол атауын BBC Prime-нан BBC Entertainment-ке ауыстырады. Арнаның атауын өзгерту BBC Worldwide арналарын жаңалау, өзгертуге қатысты іс-шаралар жиынтығымен (ребрендинг) байланысты болды. Өзінің соңғы күндеріне қарай BBC Prime-ның Еуропа және Таяу Шығыста 12 млн-ға жуық аудиториясы болған.

    BBC Entertainment арнасы арқылы хабар тарату Азияда 2006 жылы басталды. Бұдан басқа, оның Индия, Польша, Африка, Скандинавия және Оңтүстік Америкада шектелген нұсқалары болды.

    Қазір BBC Entertainment арнасында қызықты бағдарламалар, барлық жанр бойынша фильмдер, ең жақсы әуен, балалар бағдарламасы, ойындар («Әлсіз буын» бағдарламасы алғаш рет осы ВВС Prime-да дүниеге келген), отбасыға арналған барлық жанрдағы фильмдерді көруге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    ВВС әлем БАҚ-ы арасында ең беделділердің бірі болып табылады. ВВС жаңалықтары баяғыда-ақ массмедиалық құрылымдар үшін эталон айналған. Компанияның бұрынғы қызметкерлері, ВВС-дағы қызметін аяқтаса да, әлемнің телекомпанияларына ақпараттық қызмет құруда кеңес бере алады.

    ВВС – әлем бойынша 250 қызметкерден тұратын штат пен 58 жаңалықтар бюросын қаржыландыруға шамасы жететін ең ауқатты компаниялардың бірі.

    ВВС британдық компаниясы ең үздік деректі фильмдер өндіруші болып табылады. Арна атымен төрт жүзден аса ғылыми-көпшілік фильмдер мен хикаялар дүниеге келді. Бәріне танымал еуропалық «BBC World» арнасы әр сағат сайын өз көрермендеріне ең соңғы жаңалықтарды, оқиға болған орыннан арнайы және шұғыл репортаждарды жеткізіп отырады.

    BBC үнемі жаңа филиалдары мен бөлімдерін ашу арқылы басқа елдер мен басқа континенттердің ақпарат көздерін жаулауда. Осының арқасында жүз мыңдаған адам соңғы жаңалықтармен танысады, ал штаттағы бірнеше ондаған қабілетті журналистер өздерінің шеберліктерін жетілдіріп, қажетті дағдыларға ие болуда, сөйтіп басқа БАҚ-тың тілшілері теңесуге ұмтылатын нағыз мамандарға айналуда. 
 
 
 
 

Информация о работе ББС телеарнасының дүниежүзілік қызметі