Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 22:26, реферат
Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық әдебиеттің негізін салушы- Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ ғасырларда шығыс елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Богра ханның сарайында білім алып, қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет ,ғылым-білім саласында басқа қалаларымен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын. Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқари Диуани луғат ат- түрк (1072-1074) сөздігі мен Жамал Қашқаридың Мүлхакат ул Сурах (1230-1305) т.б. шығармаларды айтсақ та жеткілікті.
Кіріспе...............................................................................................3
Негізгі бөлім
Жүсіп Баласағұн өмірбаяны...............................................................4-5
«Құтты білік» поэмасына шолу.........................................................5-9
Дастанның идеясы.......................................................................................10
Шығарманың зерттелуі................................................................................11-13
Қорытынды..................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................15
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүниөзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. “Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен,жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді. Дастанда осылайша елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік-этик. талаптар сипатталып көрсетілген. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.[2] “Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
"Құтты білік" дастанын
Қарахан әулетінен шыққан Табға
"Құтты білік" поэмасы түрік
тіліндегі энциклопедиялық
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".
Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн өзінің «Құтадғу Біліг» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдық-этик. талаптар сипатталып көрсетілген.
Жүсіп Баласағын «Құтты
білікті» 1069—1070 жж. Баласағ
Дастанның зерттелуі
Жүсіп Хас Хажыб Баласағүнның
«Құтты білік» дастанының
Екіншісі - Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В. В. Радлов Петербург Ғылым академиясының Азий Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады. Қазір бұл қолжазба Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының Санкт-Петербург белімшесінде сақтаулы түр.
Үшіншісі - Намәнган нұсқасы.
Оны 1913жылы А. Валитова
Өзбек ғалымы Каюм Каримов
Наманган нұсқасы бойынша ұзақ
жылдар бойы зерттеу
Әрине жоғарыда аталған үш
қолжазбаның әрқайсысының
Әйтсе де мұның бәрі алдағы
ұлкен жұмыстардың бастамасы
ғана еді. «Құтты білікті» кең
көлемде зерттеу, оны баска
тіддерге аударма жасау
шығару жұмыстарын уақытша тоқтатып қойды
Өйткені алдымен
Каир нусқасының ерекшеліктерін зерттеп,
біліп алу қажет еді. «Қутты білік» дастанын
әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы
турғысынан зерттеуге С. Е. Малов, Е. Э.
Бертельс, А. Валитова, Қ. Каримов, С. Муталлибов
сияқты көрнекті ғалымдардың мол улес
косқаны белгілі.
Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып,
қайта өрлеу дәуірінің аса
көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп
Баласағұн өнегелі ой-толғамдарын өзінің
«Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп
кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт
принципке негізделіп жазылғаны белгілі.
Біріншісі – мемлекетті әділ басқару;
екіншісі – бақ-дәулеттің елге құт болып
даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі,
үшіншісі – Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін
ақыл-парасат, төртіншісі – қанағат-ынсап
жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған
мәселеміз – ақынның замана құбылыстары,
оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының
кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың
басындағы қазақ ақындарының поэзиясының
негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып
көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын
сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз
қадірін білетін ақылды жандарға арнап
жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп
отырады» /1.209/. Ақын шығармасында замана
бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы
туралы» деген тарауда анық та ашық түрде
беріледі:
Бәрін таптым, тек кісілік таппадым,
Кездессе егер, жүзін көру, баққаным.
Опа құрып, жапа толды ғаламға,
Аз-маз опа қалды қандай адамда? /2.584/ - деп,
өмірден түңіліп, адамдар ортасынан безініп,
«киік тобымен лағайын» дейді. Шыдамының
шегіне жеткені сонша, мұндай қорлықты
көргенше, тағылықпен өмір сүріп, «елден
жырақ өмір сүрейін», жаһан кезіп кетейін
немесе «иірім кешіп, өзен болып ағайын»
және сол үшін де:
Жапа шектім, ием, мұңлы сияғым,
Опалы кім, шыбын жанды қиямын /2.585/, - деп,
оны түсінер ешкім қалмағандықтан, жалғыздықтан
жапа шегіп, торығады. Оның түңілетіні
– жан-жағындағы бауыр-туыс, ағайын, дос-жаранның
қатігездігі. Адамның жанын ұқтыратын
көңіл айнасы – жан мен тіл, ал:
Тіл, жан ала болды, сенсін қайтіп діл!
/2.585/ - деп, тілдің де алдамшы екендігін,
жүректің де таза емес, яғни адам пейілінің
де тарылғанын сөз етеді. Дүниеде жалғыз
қалып, өзін түсінер ешкім таппай, содан
жапа шегіп:
Кімді сүйеу, кімді жақын санайын,
Кімге сеніп, кімді досқа балайын?! /2.585/
- деген жолдарда Жүсіп не үшін, неліктен
жабырқауының себебін дәл, нақты көрсетпегенімен,
Абайдың «көңілім қайтты достан да, дұшпаннан
да» дегені сияқты күңіреніс байқатады
:
Көңіл қалды туыстан да, жаттан да,
Бауырың – жат, құлқы жаман қастан да!
/2.585/
Ақын түңілетін орта – Абай айтатын «заманға
күйлеген» адам мінезі, олардың тар дүниетанымы,
тоғышарлығы.
Сауда қуып, бұзылды ма маңайым,
Елес пе әлде, көзімді кең ашайын.
Заң, ізгілік кетті – ниет қарайып,
Сұмдар қалды, қайдан шындық табайын /2.586/,
- деген ақын мұңы қай ғасырда да халық
мұңы болып қала берді. Өйткені өмір бар
жерде әлеуметтік қайшылықтар бар, әлеумет
бойындағы міндер бар. Бұндай келеңсіздіктен
халық үлкен өркениетке жеткенде ғана
құтыла алады, оған дейін әр заман ойшылы,
әр кезең ақыны сол кемшіліктерді айтуы,
кесапатты қылықтардың қандай екендігіне
халықтың көзін жеткізуді заңды құбылыс,
сондықтан да бұл тақырып кейінгі қазақ
поэзиясында өз дәстүрлі жалғасын тапқан
тақырып. Мұндай замана келеңсіздіктері
Ж.Баласағұн мен ХІХ-ХХ ғасыр ақындары
шығармашылығында бірдей көрініс беріп
отыратындығынан да себебі осыдан.
Қорытынды
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікте» өзі
өмір сүрген дәуірде және оған дейінгі
ғасырларда түркі әдеби әлеміндегі қолданылған
көркемдік машықтарды мейлінше оңтайлы
қамтыған. Бұл орайда филология ғылымдарының
докторы, профессор Немат Келімбетовтың
пікірін келтіре кеткен жөн болар:
«Құтты білік» дастанының ауторы метафора,
аллегория, гипербола, меңзеп яғни астарлап
сөйлеу сияқты көріктеу құралдарын зор
шеберлікпен, білгірлікпен пайдаланып
отырады. Сондықтан жырдағы сан қилы адам
бейнелері, табиғат көріністері, қаһармандардың
көңіл күйі мейлінше айқын, әсерлі шыққан»,
дейді ғалым.
Түркология әлемінде «Құтты біліктің»
үш түрлі нұсқасы сақталған. Олар-Вене,
Каир, Наманган нұсқалары. Түрколог ғалымдар
аталған үш нұсқаны өзара салыстыра, ғылыми
сараптамадан өткізе келіп, дастанның
толық нұсқасын жариялаған болатын.
Мысалы академик В. В. Радлов «Құтты білікті»
түбегейлі зерттеу, оны жариялау істеріне
жиырма жылын арнаған екен.
Ал қазақ ақыны, филология ғылымдарының
докторы, профессор Асқар Егеубаев «Құтты
білік» дастанының қазақ әдебиетінің
дамуына идеялық-көркемдік әсері» атты
тақырыпта ғылыми диссертация қорғады.
Сондай-ақ жырды қазақ тіліне аударып,
1986-жылы «Жазушы» баспасынан жинақ етіп
шығарды.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына»,-
деп өзі айтқандай, ғұлама Баласағұн сіз
бен бізді ойландырар небір даналық тұжырымдары
мен сөз маржандарын соңына қалдырып кетті.
Кейінгі ұрпақ керегінше өз қоғамдарында
қолдансын, пайдаларына жаратсын деп аманат
етіп кетті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі