Алтын орда дәуіріндегі әдебиет

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 22:28, доклад

Описание работы

Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сол кезеңде жасалған туындылар арасында "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің "Мұхаббат-наме", Құтбтың "Хұсрау-Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би-т-түрки", Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха", Рабғузидің "Қиссас-ул әнбия" атты шығармаларын және т.б. ерекше атап көрсетуге болады.

Работа содержит 1 файл

Баяндама.docx

— 21.27 Кб (Скачать)

 

Алтын Орда дәуіріндегі  қазақ әдебиеті

Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сол кезеңде жасалған туындылар арасында  "Кодекс Куманикус"  сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің "Мұхаббат-наме", Құтбтың "Хұсрау-Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би-т-түрки", Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха", Рабғузидің "Қиссас-ул әнбия" атты шығармаларын және т.б.  ерекше атап көрсетуге болады.

"Кодекс Куманикус" (XІV ғ.) - Жоңғар қақпасынан Дунайға  дейінгі ұлан-байтақ жерді қамтыған  қыпшақтар үстемдігі кезіңде  туған еңбек. Оған көркем әдебиеттің  үлгілері де енгізілген. Мазмұны  мен құрылымы жағынан бұл еңбек  - Ордаға түрлі мақсаттармен келген  және латынша білетін европалықтарға, сондай-ақ, латынша білгісі келген  қыпшақтарға (парсыларға да) арналған  арнайы сөздік және қыпшақ  тілінің оқулығы іспетті. Сөздік  екі бөлімнен тұрады. Түркітанушылардың  пайымдауынша, оларды түрлі мақсаттар  көздеген бірнеше автор жазған. Итальяндықтар жазған болуы мүмкін  деген бірінші бөлім жақсы  ойластырылған үш тілді латын-парсы-қыпшақ (құман) сөздігі болып табылады. Бұл бөлім қолжазбаның 110 бетін қамтиды.

Одан әрі бірнеше бетте "аudіo" ("есіту") сөзінің бірнеше  түрі берілген. Мұның өзі сөздікті лексикография принциптерін жақсы  білген және Дешті Қыпшаққа келіп, тіл  жөнінен қиналған адамдарға көмек  көрсету мақсатын ғана көздеген адам құрастырғанын байқатады. Ғалымдардың  пікірінше, бірінші бөлімді құрастырушы  латыншаны өте жақсы білген, ал құман-қыпшақ тілі жөнінде бұлай  деп айтуға болмайды.

"Кодекс Куманикустың" екінші бөлімін негізінен алғанда  фольклорлық материалдар құрайды.  Олар: жергілікті ертегілер, аңыздар,  мақал-мәтелдер, жұмбақтар және христиан  уағыздары мен Мария ананың, Христос  пен оның апостолдарының өмірі  туралы аңыздар. Бөлім қолжазбаның  161 бетін қамтиды, оны тегінде  миссионерлік мақсатпен немістер  құрастырған болса керек. Бұл  бөлімде көптеген сөздер құман-неміс  тілінде, ал өзге лексикалық  ұғымдар құман-латын тілінде берілген. Мысал ретінде келтірілген мәтіндер, сондай-ақ сөздер сол кездің  тілін ғана емес, сонымен қатар  Дешті Қыпшақтың көркемдік мәдениетін  де сипаттайды. Сөздер мен сөз  тіркестерін айтпағанның өзінде, көптеген жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен қанатты сөздер  қазіргі қазақ тілі мен фольклорында  сақталған.

XІV ғасырдың басында  Насреддин Рабғузидің халық арасында "Қиссас ул-әнбия" деген атпен  көбірек мәлім "Қисса-и Рабғузи"  деген қолжазба кітабы пайда  болды. Қолжазба ғасырлар бойы  бірнеше рет көшіріліп,  көптеген  көшірме нұсқалары көптеген елдерге  тарады. ХҮ ғасырға жататын ең  ерте нұсқасы Британ мұражайында  сақтаулы. Ол 1990-1991 жылдары Ташкентте  басып шығарылды.  Автор Мауараннахрда,  Рабати Оғыз деген жерде туған  (оның Рабғузи деген бүркеншік  аты да содан шыққан).

Кітап Мұхаммедке дейінгі  пайғамбарлардың өмірі мен олардың  бастан кешкен оқиғаларын және Мұхаммедтің  өзі мен мұсылман халифтарының өмірін баяндауға арналған. Онда дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан  су басуы туралы және Жер бетінде жаңа тіршіліктің басталуы туралы мифологиялық әңгімелер, түрлі аңыздар, ертегілер мен мысал әңгімелер бар. Жекелеген хикаялар ерте орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға, мысалы, ат-Табари "Тарихына" барып тіреледі.

"Қисса-и Рабғузиге"  енгізілген шығармаларды идеялық-тақырыптық  мазмұны бойынша үш топқа бөлуге  болады: а) дүниенің, аспанның, жердің  пайда болуы туралы, адамның, жануарлардың,  жын-шайтандардың және басқа да  тіршілік иелерінің шығуы туралы  әңгімелер; ә) пайғамбарлар мен  халифтар, әулиелердің өмірі туралы  хикаялар, шығыс нақылдары, халық  аңыздары мен ертегілері; б) хижраның  алғашқы он жылындағы негізгі  оқиғалар тізбегі, жылдардың,  айлар мен күндердің атаулары  туралы, мұсылман күнтізбесіндегі  айтулы күндер  туралы мәліметтер. Осылардың бәрі ислам діні  тұрғысынан баяндалады. Бірақ мұнда  халықтың дүниетанымы мен кейіпкерлерді  фольклорлық дәріптеу айқын байқалады. "Қисас ул-әнбия" құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін баяндап  беретін танымал прозалық шығарма  ғана емес, онда автордың үлкен  дарын иесі екенін дәлелдейтін  дидактикалық әңгімелер мен өлеңдер  көп. Бұл ретте Жүсіп пен  Зылиха туралы хикаяттағы махаббат  сипатындағы өлең жолдары ерекше  назар аударарлық. Ал құран хикаялары  мен аңыздарының сюжеттері адамдарға  түсінікті, тартымды да қарапайым  тілмен баяндалған. Олардың діни  ғана емес, танымдық мағынасы  да зор, оларда өмір шындығы  мен уақыт белгілері көрініс  тапқан. Кітапта түркі халықтарының  ғана емес, хикаяттарда айтылатын  басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары  туралы мәліметтер бар. 

Алтын Орда дәуіріне жататын  елеулі шығармалардың бірі - "Хұсрау-Шырын" дастаны, оның авторы - шыққан тегі қыпшақ Құтб ақын. Ақын өмірі туралы толық  мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдарда Ақ Орданың астанасы - Сығанақ қаласында  туып, өз дастанын сонда жазғаны, бұл  туындысын билеуші Тыныбек пен  оның әйелі Мәлике ханымға арнағаны мәлім. Автор дастанының түпнұсқасын билеушіге тарту еткен болуы мүмкін, өйткені ақын билеушіден өзін қызметке қабылдауды өтінгенде әмірші Құтбтың тілегін орындаған. Алайда Тыныбек елді ұзақ билеген жоқ, кейбір деректер бойынша - 1337 жылдардан 1340 жылға дейін, басқа деректерге қарағанда 1342 жылғы наурыздан 1343 жылдың басына дейін ғана билік еткен. Сарай төңкерісі нәтижесінде Тыныбекті өз інісі Жәнібек өлтірген, ал Құтбтың одан арғы  тағдыры туралы деректер жоқ.

Негізінен Құтб өз дастанын 1341-1342 жылдарда жазып бітірген. Қолжазбаның бірнеше көшірмесі болса керек. Дастанның бір көшірмесін қыпшақ ақыны Берке Факих (Берке ибн Беракез ибн Едгу Қыпшақи) Мысырға алып кетіп, онда 1383 жылы өзінің туысы Құттықожаның өтінуімен дастанды қайта көшіріп жазған, бұл қолжазба қазір Париждің ұлттық кітапханасында 312-нөмірмен сақтаулы. Оның Парижге қалай жеткізілгені жұмбақ күйінде қалып отыр. Алеппода (Александрияда) болған қолжазбаның Наполеон экспедициясының Солтүстік Африкаға жорықтары кезінде әкетілген болуы әбден мүмкін. Ғалымдар XX ғасырда нақ осы қолжазбаны ғылыми айналымға енгізді және ол қазір де зерттелуде.

Құтбтың "Хұсрау-Шырын" дастаны Низамидің осы аттас дастанының сарыны бойынша назира үлгісінде жазылған. Құтб Низами поэмасының бүкіл желісін сақтап, негізгі эпизодтары мен басты кейіпкерлерін өзгеріссіз қалдырған. Низами сияқты ол да өз дастанында шексіз таза махаббат пен мінсіз билеуші тақырыптарын өрбітеді. Екі тақырып та шексіз берілген махаббат - адам мен қоғамның жетілуіне бастайтын негізгі кілт, махаббат - адамды тазартып, оған ізгілік беріп қана қоймай, оны өзгертетін де сезім деген идеяға сүйенеді.

Әділ билеуші және мінсіз (ізгі) қоғам идеясы халықтың утопиялық хикаяларында және Ибн Сина, әл-Фараби мен басқа да ойшылдардың ғылыми трактаттарында ежелден сөз болып келген болатын. Ол Фирдоусиде, Құл Ғалиде, Низамиде көркем көрініс тапты. Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастаны Құтб үшін тікелей дерек көзі  болды, сондықтан да екі ақында мінсіз билеуші мен әділетті қоғам тұжырымдамасы үндесіп жатады. Құтб пен Баласағұнидың ойларынша, халықты дана әрі әділ адам басқаруға тиіс, ол ең алдымен халықтың игілігін ойлап, өз маңындағы адамдарға, ұлықтар мен шенеуніктерге қатаң бақылау жүргізуге және қиянат жасағаны үшін оларды аяусыз жазалауға міндетті. Егер әмірші мұндай болмаса, ол ел қарғысына ұшырайды.

Құтб "Хұсрау-Шырын" сюжетін көркемдік жағынан дамытуда Низамиді барлық жағынан қайталамайды. Құтб кейіпкерлердің диалогтарын қысқаша береді, сондай-ақ ирандық өмір шындығын түркілік тұрмыс сипатымен ауыстырады: сасанид билеушілерінің емес, Алтын Орда хандарының өмірі мен тұрмысын көрсетеді, Дешті Қыпшақ табиғатын суреттейді. Құтб өз кейіпкерлерінің, әсіресе әйел кейіпкерлердің бейнелерін әйелдердің өмірдегі ролін түркілік түсінікке, Алтын Орда дәуіріндегі әйелдердің нақты қоғамдық жағдайына сәйкес бейнелейді.

Хорезми Равандидің "Мұхаббат-наме" атты лирикалық поэмасы XІV ғасырдағы көркем әдебиеттің тамаша үлгісі болып табылады. Оның авторы мен поэманың жазылу тарихы туралы мәліметтер туындының өзінде бар. Онда Хорезмидің көп саяхат жасағаны, Рум (Византия) мен Шамда (Сирия) болғаны және "Мұхаббат-намені" Ақ Ордада тұрған кезінде Сырдария жағасында 754 жылы (хижра бойынша), яғни 1353-1354 жылдарда бітіргені айтылады. Автордың өзі жазғандай, поэма қоңырат бегі Мұхамедқожаның өтініші бойынша жазылған. Ол 1342 жылы ағасы Тыныбекті өлтіріп, төңкеріс жасау барысында таққа келген Жәнібек ханның туысы.  Жәнібек елді 1342-1357 жылдары билеген.

Біздің заманымызға дейін жеткен Хорезми қолжазбалары көшірмелер болып табылады. Зерттеушілер кейінгі кезге дейін "Мұхаббат-наменің" екі көшірмесі сақталған деп санап келді: бірі - араб, екіншісі ұйғыр қарпімен жазылған, екеуі де Британ мұражайында сақтаулы. Алайда түрік ғалымдарының жинақтаушы еңбегінде "Мұхаббат-наменің" Стамбул кітапханасында тағы да екі көшірмесі бар екені айтылады.

"Мұхаббат-наме" - орта  ғасырлардағы түркі әдебиетіндегі  түрі мен мазмұны жағынан жаңа үлгідегі туынды. Ол ғашық жігіттің өз сүйіктісіне жолдаған хаттары түрінде жазылған. Поэма бірнеше бөліктен тұрады: құдіреті күшті жаратушыға жүгіну, поэмаға тапсырыс берген Мұхамедқожа бекті мадақтау, сүйіспеншілік өлең хаттары, рақым жасауды өтініп, құдайға қайта жалбарыну, өзін-өзі сипаттау және өзі туралы әңгімелеу. Сүйіспеншілік хаттар мен жекелеген бөліктер арасында автордың тыңдаушылар мен шарап құюшыларға арналған сөздері беріледі. Поэманың мазмұны таза махаббатқа құрылған. Лирикалық кейіпкер 11 өлең хат жолдайды, оларда өз сүйіктісін көркем суреттеп, оған өзінің ғашықтық сезімін білдіреді, оның сырт келбетін бейнелеп, мінез-құлқын сипаттайды.

Хорезмидің "Мұхаббат-наме" поэмасы Дешті Қыпшақтың рухани мәдениетінде қарапайым адамның жоғары сезімін жырлайтын жаңа әдебиеттің негізі қаланғандығын айшықтады.

Жалпы алғанда, көне түркі және орта ғасырлар әдебиеті бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ әдебиеті қызметін атқарды. Қарахандықтар тұсындағы әдебиеттен бастап түркі нәсілді халықтар түркі поэзиясының ежелден қалыптасқан өлең үлгілерін, жыр нұсқаларын ортақ пайдаланды. ХІІ ғасырдағы сопылық поэзияның негізін салған Қожа Ахмет Йасауидің "Диуани хикметіндегі" ақындық дәстүр өрнектері одан кейінгі Қазақ хандығы тұсындағы әдебиетте жалғасын тауып, XVІ ғасырдағы Бабыр жырларымен сабақтасты. Сол сияқты ХІ ғасырда өмір сүрген көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп Баласағұнның "Құтты білігіндегі" жыр өлшемі Ахмет Йүгінекидің "Ақиқат сыйы" жинағындағы бәйіттерге  түр жағынан ғана емес, мазмұн мен идея жағынан да үндесіп, жалғасып жатты. Орта ғасырлардағы әдебиет туындыларынан түркі поэзиясының ортақ дәстүр бойынша дамып, өркендегені анық байқалады.

 


Информация о работе Алтын орда дәуіріндегі әдебиет