Тәрбие жұмысының жоспары

Дата добавления: 19 Февраля 2013 в 18:32
Автор: w***********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (43.59 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

курсовой Тәрбие жұмысының жоспары.doc

  —  180.50 Кб

<h4>Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие - қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.

Жоспар - тәрбие жұмысының  айнасы. Ол сынып жетекшісі мен  оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын  жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат - міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективті тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.</h4>

Сынып жетекшісі мектептегі оқу - тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен карым-қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды  қызықтырмауы мүмкін нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін тигізеді. Мектеп жағдайында мұндай көрініс көптеп кездеседі.

Бұл күнде баланы сыпай  билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір  белгісі - бала болашағын оның өзінен бірге шешу. Бұл педагогикалық  тағылым. Әрбір баланың өзі сүйетін - істері болады. Біреуі сурет салуда әуестенсе, екіншісі ойын-сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени сауықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болып келеді. Мүндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы касиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден-бір педагогикалык, тәсіл болып табылады.

Тәрбие жұмысын жоспарлау  оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін калауға көмектеседі.

Мектептегі сынып жетекшілерінің тәжірибесінде оқушылардың қабілеті мен қызығуын, жеке басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей, үстірт жасалатын жоспарлар көп кездеседі. Сондай-ақ тәрбие  жоспарларын бір-бірінен көшіріп алатын немесе биыл жоспарын келесі жылы  қайта көшіріп қоя салатын сынып жетекшілері де бар.

Жоспарлауда тәрбиенің  жүйелілік және бірізділік ұстанымдары  да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін  кездері де болады. Баланың жан-жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма-жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке-дара, үздік әрекеттер басым болып келеді Өткен мен бүгінгіні салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми түрғыда нақтылы мідеттерді белгілеудін; орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жок, саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма-жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырады.

2.3. Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын негізгі талаптар:

1.Жоспар ұжымдық еңбектің  белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын   кұру   барысында   оқушылардың   белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

2.Тәрбие жоспарының  мақсаты, міндеттері айқын болсын.

3.Тәрбие жұмысы жоспарының  мазмұны оның максатымен  бірлікте  болуы қажет.

4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

5.Тәрбие жоспары ықшамды,  әрі ондағы көрсетілген шаралар  орындалатын болсын.

6.Тәрбие жоспарындағы  атқарылатын шаралар саны жағынан  емес,  сапасымен анықталатын  болсын.

7.Тәрбиелік шараларды  атқаруда колданылатын әдістер  бір сарынды емес, әр тарапта және әр жақты болуын ескеру керек

8.Жоспар құру барысында  сынып жетекшісі окушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың кандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықттау қажет.

9.Жоспардағы  тәрбиелік   шаралар  жүйелі,   бірізділікпен құрылуы тиіс.

10. Тәрбиенің салаларына  қатысты белгіленген шаралар  жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға  сай құрылуын ескеру.

Тәрбие  жоспарын құрудың алғы шарттары

I.Мектеп өміріне қатысты  және қазіргі кездегі мектеп  пен тәрбие міндеттерін  анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; Білім және ғылым министірлігінің   оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты  психология және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оку.

II. Балалардың жас ерекшелігі,  сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау.  Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді. Мысалы: Мақсат "Мәдинет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру". Оның міндеттеріне:

1.Оқушылардың сабақтан  тыс зияттық-танымдық әрекеттерін  ұйымдастыру.

2.Салауатты өмір салтына  ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.

3.Оқушыларды мәдениет құндылықтарынан тығыз қарым-қатынас жасауға ынталандыру.

4.Оқушыларды   қарым-қатынас   мәдениетіне   тәрбиелеу, өздерінің   қолдары бос уакыттарын тиімді  пайдалануға және демалыстарын  қызықты өткізуге сай әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру.

III. Мектептің,  тәрбие   мекемелері   мен   бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдынғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.

IV.Оқушылардың жеке  тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп  тану.

V.Алдағы мерзімде болатын  айтулы күндер мен мейрамдарды  анықтау, солардың ішінде ең  қажеттісін таңдау.

VI.Болашақта балалармен  баратын мәдени ошақтарды айқындау.

VII. Жоспарлау. Оқушыларды немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.

Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты тағы басқа қосымша әрекетінің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекетер барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпт і бір жылға құрылуы мүмкін.

Сыныптағы тәрбие жұмысының жоспарының құрылымы:

  1. сынып ұжымдарына мінездеме.
  2. тәрбие міндеттері.
  3. сынып ұжымдарының жұмыс бағыттарын олардың өткізілу мерзімі, көрсетілген жоспар кесте.
  4. ата – аналардың жұмыс мазмұны.
  5. Оқушылардың жеке жұмыс мазмұны.

Жоспар кесте үлгілері.

 

 

Мазмұны/айы

қыркүйек

қазан

Желтоқсан

Адамгершілік тәрбиесі (өмір салты)

Ақыл – ой(оқу)

Дене тәрбиесі (денсаулық)

     

2- үлгі

Рет саны

Жұмыс мазмұны әдістерінің түрлері.

Орындау мерзімі

Жауапты адамдар

Орындалған түр, белгі

         

3- үлгі

Бағыттар

Ұжымдық жұмыс

Жеке жұмыс

Мұғаліммен жұмыс

Ата- аналармен жұмыс

Сыртқы байланыстар


4- үлгі

мерзімі

Жұмыс мазмұны

Ескертулер


 

Жоспарға қойылатын  талаптар.

    1. педагогиканың міндеттеріне балалардың тәрбиесін көкейкесті мәселелерге сай келу.
    2. балалардың жас ерекшілігіне сай келу.
    3. жұмыс әдістерін түрлерінің әртүрлілігі.
    4. жоспар орындау мүмкіндіктерін шындыққа сәйкестігі.

<h4>Сынып жетекшілері жоспар құруда мынадай қайнар көздерді білу, негізгі алуы керек.

    1. білім, тәрбие туралы.

Мемлекеттік, аймақтық және жергілікті документтер

    1. тәрбиені жоспарлау бойынша оқу - әдістемелік құралдар.
    2. мектептің тәрбие жұмысының жылдық жоспары.
    3. оқушыларға жасалған диагностика мәліметтері.
    4. Ата –аналардың, оқушылардың ынта, тілектері.
    5. Әлемде, елде немесе сол жерде таяуда болатын оқиғалар.</h4>

Жоспарлау барысында мынандай мәселелерінің  түйіні шешіледі.

    • Бұл істі кім үшін өткізу керек.
    • Оны қалай жақсы өткізу керек.
    • Бар ұжым немесе жекеленуін шағын ұйымдық еріктілер қатысқан жөн.
    • Іске кім басшылық жасау керек.
    • Бұл істі қай жерде өткізген қолайлы болады.
    • Қашан өткізу керек.

Күрделі тәрбиелік іс тізбекті сызба  әдістің жоспары болады. Мұндай жоспарды көрнекті және қабылдауға  жеңіл болып етіп, мақсат міндеттерінде оларға жету жолына қатынасушылығы жұмысының формаларын әдістерін аралық кезеңі айқын көрсету және идеяны түсіну үшін қосымша ақпаратты беру көзделеді . Тізбекті сөз бар көрнекі жерге ілінеді. Өткізілген бөлімдер арнайы белгімен белгіленеді .

Жоспарлау барысы мынандай талапқа  басшылық алу керек.

  1. Тәрбиелеушінің даярлық деңгейіне сүйеніп , жазады және дербес ерекшелігін есепке алады.
  2. Жоспарға ұжымдық сипат беру. Барлық ұжым мүшенің жоспары қатынасуы мүмкіндік туғызуы.
  3. Оқушының бірге жоспарлау тәсілмен .

Тәрбиенің әсері дегеніміз- қалыптасып келе жатқан тұлғанын орта мен мақсаттарға сай өзара  қарым- қатынасы болып табылады. Мәдениет- өзіне тән әдістер арқылы тек  эстетикалық емес, сонымен қатар  саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын  тәрбие кеңістігі екенің бүгінгі педагогтық қауым мойындауда. 

<h4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі қоғамды қайта  жүру жағдайында әрбір адамның, соның  ішінде оқушы жастардың эстетикалық  мәдениетінің қалыптасы айрықша  маңызға ие. Соған орай мектеп оқушылары мен жастардың өнер саласының әр түрімен айналысуы, нәтижесінде көркемөнерпаздар ұжымының оқтын-оқтын байқауының, сурет көрмелері мен балалар фестивалдарының ұйымдастырылуы біздің қоғамымыздың өскелең жас ұрпағына эстетикалық тәрбие беріп, эстетикалық мәдениетін дамытуға ерекше маңыз беруі деп бағалаймыз. Әр түрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғадық - пайдалы және өндірістік еңбек жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын енгізу, ұлттық салт дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады.</h4>

Сынып сағатын өткізген кезде тәрбие мақсаттары мәселесін шешпей, сыныпта тәрбие жүйесін құру мүмкін емес, өйткені білім беру саласындағы қызметкерлер үшін іс- әрекет, басқа да саладағы сияқты, мақсат пен міндеттер арқылы анықталады. Сынып сағаттың мақсаттары мен міндеттері мектептің тәрбие жұмысының бағдарын ұсынады, сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде.

Жоспар — ұжымдық  еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі  тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкшдік туғызады.

Сонымен, тәрбиенің әсері дегеніміз- қалыптасып келе жатқан тұлғанын орта мен мақсаттарға сай өзара қарым- қатынасы болып табылады. Мәдениет- өзіне тән әдістер арқылы тек эстетикалық емес, сонымен қатар саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие кеңістігі екенің бүгінгі педагогтық қауым мойындауда.   Сыныптан тыс тәрбие жұмысы әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

<h4>ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Азаров Ю.П. Искусство воспитывать. М, 1985г.
  2. Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике. М, 2001г.
  3. Беспалько Б.П. Слагаемые педагогической технологии. М,1989г.
  4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., 1995.
  5. Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990.
  6. Ильина Т.А. Педагогика. М, 1984г.
  7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. А, 1999ж.
  8. Караковский В.А., Новиков Л.И., Селиванова Н.А. Воспитание? Воспитание… Воспитание! –М., 1996 г.
  9. Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика  - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж.
  10. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А, 1998ж.
  11. Лихачев Б.Т. Педагогика. М, 1996г.
  12. Макаренко А.С. Избранные педагогические сочинения в 2 томах. М., 1977.
  13. Педагогика. Дәріс курсы. А, 2003ж.
  14. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М., 1982.
  15. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М., 1982.
  16. Подласый И.П. Педагогика. 1,2 книги. М, 1996г.
  17. Подласый И.П. Педагогика. Книга 1.Учебник для студ. пед. вузов;  М., Владос, 1999 г. 
  18. Сластенин Б.А. Педагогика. М, 2002г.
  19. Харламов И.П. Педагогика. М, 1990г.
  20. Харламов И.Ф. Педагогика. Учебник.  Минск. 1998 г.</h4>
Описание работы
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, тәсілдерін ажырата алуы қажет.</h4> Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс- әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, сонын арқасында жеке тұлғанын қалыптасуы жүзеге асады.
Содержание
КІРІСПЕ
Оқушылар тәрбиесіндегі педагогтың рөлі...........................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ......4
1.1 Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы ................4
1.2 Тәрбие мақсаты төңірегінде қалыптасқан өй - пікірлер ................................6
2 СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................................................................10
2.1 Сынып сағаты - сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы ........10
2.2 Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі ..........................................................................................16
2.3 Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын негізгі талаптар ....................21
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........