Ағаш материалы физикалық,химиялық қасиеттері

Дата добавления: 02 Ноября 2011 в 22:07
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (16.71 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Мирамгул.doc

  —  62.00 Кб

 
 
 
 
 
 
 

Көркем  қолданбалы өнер және

кәсіби  білім беру кафедрасы  

Реферат

  Тақырыбы:

    «Ағаш материалы физикалық,химиялық қасиеттері» 
     
     
     
     
     
     
     
     

Орындаған 30103090 топ студенті:

                                                                                             Макарова М.К

Тексерген: Дүйсенбаев А.Ж  
 
 
 
 
 

2011-2012 оқу жылы 
 

Жоспары 

  1. Ағаш  материалдары

    а) ағаш туралы түсінік, ағаштың түрлері

          б) ағаш дайындау  жұмыстары 

  1. Ағаш егудің пайдасы
  2. Ағаштың физикалық, химиялық қасиеттері
  3. Қолданылған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Ағаш туралы түсінік, ағаштың түрлері

Өткен тарихымызды  білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата  – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы.

Қасиетті қазақ  даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті.

Өкше басар  ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқан шебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер.

Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін  қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық.

Ағаш өңдеуде  біздің қазақ халқы алдына жан  салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін  халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың  жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді.

Жанар Айжанованың  «Қобызым» әні (оқушыларға тыңдату).

- Ағашты өркемдеп  өңдеуге қажетті ағашты дұрыс  таңдау істің нәтижелі болуына  септігін тигізеді. Мысалы: СТД –  120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек.

Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін  кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс  бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Өрнек дегініміз  – кез – келген бұйымның сыртына  түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.

Ал ою дегеніміз  – бұйымға түсірілген өрнекті  пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу  жұмыстары.

Мөлтек ағаштан  тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар  арқылы жүзеге асады.

-Бұйымның негізін  талаптарға сай тазалау.

-Бұйымның барлық  бөліктеріне өрнекті жоспарлау,  үлгісін жасау.

-Өрнектерді  кесу.

-Бұйымдарды  бояу, оған әр беру, лактау.

Әдебиет пен  өнерде композиция деген түсінік  бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген  латын сөзі. Өнердің барлық саласында  композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау

    б) ағаш дайындау  жұмыстары

Ағаш дайындау жұмыстары – ағаш құлату, құлатылған ағашты орманнан тасып шығару бұтақтарын кесу.Алғашқы өңдеу оларды өзеннен ағызатын орынға тасымалдап жеткізу, немесе басқа да транспорттыққатынас орындарына тасымалдау және тиеу.Кейде ағаш дайындау жұмыстарына тек ағаш құлатумен тиеу жұмыстарының комплексі ғана жатқызылады. Ағаш дайындау жұмысындағы процесстер жоғары және төменгі қоймаларда орындалады. Жоғарғы қоймаа ағаш құлататын орын, ал төменгі қоймаға ағаш материалдарын тұтынушыларға жөнелтетін  транспорттық орындар жатады. 

  1. Ағаш  егудің пайдасы

Салауатты өмір салтын сақтап, әлеуетті өмір сүрудің  бір негізі қоршаған ортаға көңіл  бөліп, бай табиғатымызды қорғай білуде. Адам ата мен Хауа ана  жаратылғандағы табиғаттың табиғи мүсіні мен саф ауасының адамзат өркениетке ұмтылып, озық технология ойлап тауып жатқан бүгінгі заманда әбден тозып кеткені өкінішті-ақ. Әсіресе, қалалар көптеп тұрғызылып, қағаз өнімдерін тұтыну көбейген қазіргі уақытта бұл орман шаруашылықтарына айтарлықтай кері әсерін тигізуде. Нәтижеде бір жағынан жасампаздықпен алға ұмтылған адам баласына табиғат ананы да қамқорлыққа алу міндеті еселене түсуде. Осы табиғат ананы қорғап қалу мәселесінде өте-мөте ағаштарға көңіл бөлудің, тал, шыбық отырғызуды ұмыт қалдырмаудың мәні зор. Өйткені ағаш егудің адамзат баласына тигізер пайдасы, жалпы қоршаған ортаға жақсы әсері бар екені баршаға белгілі.  Ағаш батпақты ғана кетіріп қана қоймай ауаны да тазартады, оның саясында демалған адам кең тыныс алып жаны жай табады. Күнделікті қолданып жүрген материалдарымыздың көбі осы ағаштан жасалады. Кітаптар, қағаздар, үйіміздің есігі, терезесі, үстелдер мен тақталар, мектеп парталары т.б. 

Жаңадан өмірге келген сәбидің бесігі де, өміріміз біткеннен кейін қабірге апаратын табыт та сол ағаштан жасалады. Ағаштардың арқасында табиғат көз  тартарлық жап-жасыл кейіпке бөленеді. Ауаны тазартып, суықта

 үйді жылытатыны  да өз алдына.

Бір қызығы, жеміс  берсін-бермесін кез келген ағаштың  адамзатқа тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Адамға тіршілік үшін ең керегі ауа  болса, сол ауаны жасайтын, тазалайтын, сүзгіден өткізетін, яғни ауадағы газдарды, түрлі ластықтарды өзіне тартып алып, орнына оттегі бөліп шығаруда орасан қызмет атқаратын да осы ағаш. Халық даналары «Ауа адамсыз өмір сүре алады, Адам ауасыз өмір сүре алмайды» деп тектен тегін айтпаған. Адамзат өз тарихында осы күнге дейін әлі ағаштан артық ауаны тазартатын бірде-бір қондырғы ойлап таба алмады. Ағаштың ауаны тазартумен қатар ауаны реттеп, шудың азаюына да айтарлықтай пайда тигізеді. Әсіресе қаладағы ағаштардың шуды азайтуға еңбегі орасан. Яғни шудың деңгейін едәуір төмендететін бірден бір құрылғы.Бір қызығы, жеміс берсін-бермесін кез келген ағаштың адамзатқа тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Адамға тіршілік үшін ең керегі ауа болса, сол ауаны жасайтын, тазалайтын, сүзгіден өткізетін, яғни ауадағы газдарды, түрлі ластықтарды өзіне тартып алып, орнына оттегі бөліп шығаруда орасан қызмет атқаратын да осы ағаш. Халық даналары «Ауа адамсыз өмір сүре алады, Адам ауасыз өмір сүре алмайды» деп тектен тегін айтпаған. Адамзат өз тарихында осы күнге дейін әлі ағаштан артық ауаны тазартатын бірде-бір қондырғы ойлап таба алмады. Ағаштың ауаны тазартумен қатар ауаны реттеп, шудың азаюына да айтарлықтай пайда тигізеді. Әсіресе қаладағы ағаштардың шуды азайтуға еңбегі орасан. Яғни шудың деңгейін едәуір төмендететін бірден бір құрылғы.

Табиғи тепе-теңдікті сақтап тұрған да айналамыздағы ағаштар. Бұған қоса, ыстықты, аязды басып, ылғалдылықты сақтап, жаңбырлардың уақытында және табиғи тәртіппен жаууын реттейді, топырақтың құнарлылығын сақтайды, дауылдардың екпінін азайтады, т.б. Айта берсе ағаштың адамға берер пайдасы мол.

Сондай-ақ табиғатты  аялап, қоршаған ортаны таза ұстау да адам баласына жүктелген міндет.

Қазақтың «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп  талды малдан да артық көргені  осыдан болар.

  1. Ағаштың физикалық, химиялық қасиеттері
 

      Ағашты жан-жақты пайдалану оның физикалық – механикалық қасиеттерінен басқа бірқатар технологиялық  және пайдалану сипаттамаларын да керек етеді. Олар ағаштың жарылғыштығы, метал бекітпелерді ұстағыштығы өңделгіштігі (арамен тілуге, сүргілеуге, бұрғылауға т.б. қарсылығы), желімденгіштігі, иілгіштігі (ыстықтай да, суықтайда), ылғал өткізгіштігі, отқа төзімділігі, антисептиктер мен антипериндерді сіңіргіштігі (бояу және лак жағуға, әрлеу операцияларына бейімділігі). Влғалдан, ыстық – суықтан т.б. Зиянды орта әсерлерінен қорғау үшін ағаш кептіріледі, оған лак және бояу жағылады.

       Ағаштың физикалық қасиеттері түрі – түсі, сүрегі, сақинасы, ылғалдылық қасиеттері. Ағаштың жасын – түрін анықтай білу, ағаштада табиғаттада кездесетін басқа шикізаттар секілді физикалық, механикалық қасиеттер жақсы дамиды. Ондай жақсы қасиеттерін пайдалана отырып, шеберлер суретшілер жақсы нәрселер жасай алған.

       Ағаштың негізгі физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: түрі – түсі, ылғалдылығы, қаттылығы, жылтырлығы, ағаштың кесіндісіндегі табиғи суреті, жұмсақтығы. Ағаштың түр – түсін қолөнерші шеберлер жиһаз, ыдыс – аяқ тағыда заттар жасаған да ескеріп пайдаланды.

      Ағаштың механикалық қасиеттері  жан – жақты, олар өздеріне  әсер еткен әртүрлі күштерге  қарсы тұра алады. Ағаштың негізгі механикалық қасиеттеріне беріктік, қаттылық, шыдамдылық, морт сынғыштық, иілгіштік, былқылдақтық жатады.

      Ағаштың қаттылығы, шыдамдылығы,  сынып жарылуы бір бірімен  тығыз байланысты, бірінен бірін  бөліп қарау өте қиын.Ағаш неғұрлым  кепкен сайын беріктене түседі. 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер 

  1. «Мектептегі технология» 2010  №3
  2. «Мектептегі технология» 2003  №5
  3. «Шаңырақ» энсиклопедиясы
  4. Технология  9 сынып
Описание работы
Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы.
Содержание
Ағаш материалдары
а) ағаш туралы түсінік, ағаштың түрлері
б) ағаш дайындау жұмыстары
Ағаш егудің пайдасы
Ағаштың физикалық, химиялық қасиеттері
Қолданылған әдебиеттер