Мүгедектер

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 17:12, реферат

Описание работы

Адамзаттың қолынан құрып бара жатқан экологияның және дәрігерлердің білместігінің әсерінен дүниеге кемтар, мүгедек балалардың келуі жиілеп кетті.Мемлекеттің байлығы – дені сау ұрпақ.Дүние жүзінде 5 жылдың ішінде 500 миллион адамның құлағы естімейтіндігі анықталған екен.Алайда тағдырдан таршылық көрген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бүгінгі өмірі қандай? Қазақстан қоқыс алаңымен мүгедектердің орталығы болып жатқандай.

Работа содержит 1 файл

Айжан жоба.doc

— 201.50 Кб (Скачать)

      3 Мүгедектер проблемасын шешу жолдары мен модельдері

     3.1 Мүгедек адамдардармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің әдістерін жетілдіру жобасы

     Құлағы  естімейтін мүгедек балаға мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетіліп жатыр?Үшінші топтағы мүгедектердің  алатын жәрдем ақысы 12500 теңге ол ештеңесіне жетпейді. Неге десеңіз оларда біз сияқты адам үйленгісі, үй алғысы келеді. Бірақ, бұл ақшамен ештеңеге қол жеткізе алмайды. Мемлекет білім береді. Бірақ жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Бір ғана Алматы сервис колледжінде 55-тен астам құлағы естімейтін бала бітіріп шығады. Ол жерде 4жыл бойы тегін білім алып, ай сайын жеңілдік ақшаларын алып отырады.  Бітірген білімі бойынша жұмысқа орналасайын десе еш жерде жұмысқа қабылдамайды. Көп бизнес орталықтар жеке кәсіпкерлердің еншісінде Кімге құлағы естімейтін қызметкер керек. Біз былтырғы жылдан бастап тігін тігу және шаш қию орталығын аштық. Шағын бизнесте жүрген азаматтарға айтқым келетіні құлағы естімейтін мүгедектерімізді жұмыспен қамтамасыз етсе деймін. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етсін деген заңда бар. Заң бар жақсы жазылған, бірақ ол іс жүзінде қолданылмайды. Венгрия, Руминия елінде бұлардың алатын жәрдем ақысы 500 евро, Америкада 1000 доллор Финляндияда 800 евро. Барлық европа елдерінде осылай бағаланады және айына бір рет тегін самалетпен баратын жерлеріне барып келеді. Бізде тіпті самалетпен ұшпағаны былай тұрсын. Қоғамдық көліктерде жеңілдіктер жоқ. Алатын жәрдем ақылары 100 доллорғада жетпейді. Табиғатта жаратылысымен осындай балаларға үкімет жақсы қамқорлығын аямай көмектессе екен деймін. Олар 12500 теңгеге өмір сүре алмайды. Алған ақшалары ешбір керек заттарына жетпейді. Мемлекет тарапынан қолдау аз. Былтыр Америка елінде болғанымда онда қаңғып тентіреп жүрген ешкім жоқ. Оларға керекті білім беріп жұмыспен қамтамасыз етеді. Финляндияда ым тілін бірінші сыныптан бастап барлық оқу орнындарында оқытады. 2005 жылы «Қол қимыл әлемі»,- деген кітапті шығарып жатқанымызда дүние жүзінде 5 жылдың ішінде 500 млн. адамның құлағы естімейтіндігі анықталды. Бұл деген экологияның құрып бара жатқандығының әсері. Біздің елде қарапайым адамдар ым тілін түсінбейді. Құлағы естімейтін адамдардың көбеюіне байланысты ым тілін оқытатын арнайы сынып ашу керек деп ойлаймын. Шет елдің жақсы тәжірибелерін алып біздің қазақстанға енгізу керек.[11]

      Мүгедектерді  қоғамға бейімдеу, яғни оларды да қоғамның бір мүшесі ретінде таныту үшін біз «Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен әлеуметтік жұмыс жүргізу әдістерін жетілдіру» жобасын ұсынбақпыз.Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен әлеуметтік жұмыс жүргізу әдістерін жетілдіру мақсатын көздейтін «Шаттық» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еңбек-сауықтыру кешенін ашу.

     Мекеме  аты:«Шаттық» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еңбек-сауықтыру кешені

     Еңбек-сауықтыру  кешенінің негізгі  мақсаты: Мүгедек азаматтарды қоғамға дұрыс бейімдеу, жұмыспен қамту.

     Жүзеге  асыру құралдары: Теледидар, радио,БАҚ өкілдері, демеушілер,әкімшіліктер.

     Көрсететін  қызмет түрлері: ақысыз, ақылы түрде.

«Шаттық»  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еңбек-сауықтыру кешенінде мүмкіндігі шектелген азаматтар еңбек және сауықтыру кешенінде бір жағынан жұмыс жасап, екінші жағынан спортпен айналысуларына мүмкіндіктері болады.Ол үшін біз осы мекеменің қызметін екі бөлімге бөліп қарастырамыз.

     Бірінші, еңбек кешені.Бұл жерге құлағы естімейтін, тірек-қозғалу аппараты жұмыс жасамайтын азаматтар жинақталады.Олар қолөнер, ұлттық нақыштағы сувенирлер, ою-өрнектермен ұлтық аспаптар, құралдар жасап, ағаштан мүсіндер, столдар, табуреткаларды өңдейді немесе жаңадан жасап, шығарылады.Тіпті, мүгедектерге арналған кальяскалар мен пантустар, балдақ,аяқ киім, сағат жөндейтін, тағы да басқа заттарды шығарумен айналысатын мүгедек адамдар жинақталады.Осы еңбегіне ай сайын жалақысы төленеді.Бұл заттарды тиісінше аукционда да сатуға мүмкіндік жасалынады.

Аталған кешенге ең басты керегі:

- 5 қол  машинасы, 5 аяқ машинасы-бағасы 150000 теңгені құрайды.

- әртүрлі  маталар;

- ағаштың  әр түрі;

- біз,  ине, жіп тағы да басқа құралдар  қарастырыса,ұсақ-түйек заттар 2000$болады.

Екінші  сауықтыру кешені, яғни мүмкіндігі шектелген азаматтарды  салауатты  өмір салтына бейімдеп, бос уақыттарын қызықты да тиімді өткізуді көздейді.Бірақ бұл мүгедек адамның жалақысының көлеміне қарай, мүгедектік тобына байланысты жеңілдіктермен ақылы түрде жүргізіледі. Бұл кешенде:

     -тренажерлық зал. Залға арналған заттар 30000$ көлемінде сатылып алынады. Әрбір мүгедек адам (инвалид)тренажерлық залға зейнетақысына қарай 5000теңге, 3000 теңге, 1000 теңге төлеп, аптасына 3 рет, 1 сағаттан келуіне мүмкіндік бар.

     -арттерапиия  кабинеті. Бұл кабинетке ватман, краска, плакат, түрлі бояу заттары алынып, олардың бағасы 500000 теңге көлемінде болады. Әрбір  мүгедек адам (инвалид) зейнетақысына қарай 5000теңге, 3000 теңге, 1000 теңге төлеп, аптасына 2 рет, 1,5 сағаттан келуіне мүмкіндік бар.

     -музыка  терапия кабинеті.Кабинетке арнайы музыкалық аспаптар, арнайы эффектілер, дискілер, ұлтық өнерді насихаттайтын пластинкалар,караоке алынуы керек.  Оған 5000 $ ақша жіберіледі.

     -бассейн. Бассейн жасауға 200000 теңге жұмсалады.Әрбір мүгедек адам аптасына 1 сағаттан 500 теңге төлеп,жүзуді үйренуге мүмкіндігі бар.Осы сауықтыру кешенінен тапқан пайдадан да еңбек кешеніндегі азаматтардың жалақысын төлеуге болады.

Мүгедектерді  еңбек сауықтыру кешеніне жеткізіп отыратын жеке автобус, мекеме алдында  пантус болғаны жөн.

     Еңбек-сауықтыру  кешеніне кететін алғашқы капитал көлемі-45000$құрайды.

- Тренажерлық залға күніне 20 адам ақылы түрде

- Арттерапияға күніне 30 адам ақылы түрде

- Музыкатерапияға сағатына 10 адамнан, күніне 60 адам

-  Бассейнге күніне 36 адам ақылы түрде

- Қолөнерге 15 адам ақысыз

- Ағаш,маталармен жұмысқа 15 адам ақысыз тұүрде жұмыс жасап, өздерін қоғамға пайдалы іске жұмылдыратын болады.

Жұмыс істейтін адамдар саны-25

1 бастық; 1 хатшы; 3 тренер; 2 арттерапевт; 2 музыкант; 1 қолөнерді жетік білетін оқытушы; 1 суретші; 2 мүсінші; 3 дәрігер; 2 дәрігерге көмекші; 2 санитарка; 3 еден жуушы; 1 күзетші; 1 жүргізуші.

     Күтілетін нәтиже:

     1.Қазақстан  өзінің ұлттық нақыштағы киімдерін  отандық тауар айналымына енгізеді;

2. Шағын және орта бизнес дамиды;

3. Елдегі жұмыссыздық жағдайы төмендейді;

4. Мүгедектер өздерін қоғамға қажеттіліген түсінеді;

5.Экономика  мен әлеуметтік жағдай жақсарады;

6. Спортқа деген жаңа қызығушылықтар кеңейеді;

7.Ағаш  өңдеу,  ұлттық салттарды (ою-өрнек,ұлттық  музыка) жаңаша бағытта насихаттау аясы жоғарылайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               Қорытынды

     1. Мүгедектер проблемасы қазіргі заманның аса өткір әлеуметтік проблемаларының бірі.Оның ауқымын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері былайша келтіреді:600 миллионнан астам адам, яғни жер жүзіндегі халықтардың 10 пайызы қандай да бір мүгедектіктің нысанына ие екен. Көптеген елдерде ең аз дегенде он адамның біреуі физикалық, ақыл-ой немесе сенсорлық кемшілікпен азап шегеді екен.Қазақстанда Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметтері бойынша 386.2 мың мүгедек тіркелген.оның 60 мыңы –жасы 16-ға толмаған балалар болса, 60 мың мүгедек туа біткен мүгедектер екен.Ал эксперттік медико-эксперттік комиссияның мамандардың пікірінше мүгедектердің шынайы саны бұдан да көп. Қазақстандағы мүгедектер санының өсу халықтың өсу пайызынан да асып кетеді: жыл сайын 50 мыңнан астам мүгедек болса, олардың еңбекке қабілетті жастағылары – 30мыңнан астам.Жалпы еліміздің халқының мүгедектерінің жасару процесі байқалып отыр.

      2. Мүгедектер халықтың әлеуметтік қорғалмаған санатына жатады.Олардың табыстары орташа есеппен әлдеқайда төмен де, медициналық және әлеуметтік қызметке деген қажеттіліктері әлдеқайжа жоғары.Мүгедектерге еңбек нарығында дене дамуы жағынан толыққанды адамдармен теңбе-тең бәсекеге түсу мүмкін емес, жұмыссыздық өзіп тұрған кезде олардың қоғамдық өндіріске қатысуы барынша қысқарады.

     3. Қамқорлығында мүгедегі бар отбасылары мен туыстары әдетте барынша материалдық және психологиялық қиындықтарды бастан кешіреді.Осындай барлық жағдайлар мүгедектерді, соның ішінде жастарды әлеуметтік жұмыстың обьектісіне айналдырады.

     4. Жастарға мен сенемін.Адамдар өздерінің жасаған қылықтарына нақты ой салып қарайтын болса, бізде мұндай кемсітушіліктер болмайды деп ойлаймын.

     5. Орны толмас өкініштің құрбанына айналып жатқан мүгедектеріміздің жағдайы арнайы ертеңгі күні не болары белгісіз.Әрбір адамзат өз денсаулығы мен болашағын ойласа игі еді.Табиғатыңызды ластаумен қатар біз өзімізге қауіп төндіріп жатқанымызды естен шығармайық, ағайын!

                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Қазақстан халқының әл-ауқатының арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2008 жылғы 6-ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы

2. «Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек көрсету  туралы»ҚР-ның 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы

3.Ақыл-есі  кем балаларға арналған интернат-үйі  туралы ҚР орт.атқ. және өзге  де мем.орг.нор.құқ.акт бюллетені

4.Статистикалық  жинақ 2004 Әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіш

5. Статистикалық жинақ 2005 Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш

6. Статистикалық жинақ 2006 Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш

7. Статистикалық жинақ 2007 Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш

8. Статистикалық  жинақ 2008 Әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіш

9. «Егемен  Қазақстан»2002 ж,. 10 қазан Атаулы көмек :оның бүгіні мен болашағы

10.Әбдірәш Ә. Мүгедектердің мұң-мұқтажы мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс.Егемен қазақстан 2003 17 мамыр

11.Әженов  МҚазақстанның қазіргі кезеңдегі  әлеуметтік құрылымы «Ақиқат» 2006 №3 
 

Информация о работе Мүгедектер