Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 21:54, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге қатысты құқықтық форма қадамдары одан әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук тағып, кабинетте отырып, компьютермен, ұялы байланысты пайдалану арқылы қылмыс жасайтындар саны өсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылы 10 қыркүйекте құқық қорғау органдары өкілдерімен болған алқалы жиында қылмыспен күресті күшейтуге ерекше мән берді. Бас прокуратура тарапынан да жергілікті буындарға талап күшейді.

Содержание

Кіріспе
1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы.
1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы.
2. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.
2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері.
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар.
2.3 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар.
2.4 Әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыс.
2.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қалмыстар.
2.6 Басқару тәртібін қамтамассың ететін жекелген ережелерге қол сұғатын қылмыстар.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

кылмыстык кукык особ часть.doc

— 120.00 Кб (Скачать)

       Қылмыстың затына — куәліктер, ресми құжаттар, мөртанбалар, мөрқағаздар, мөрлер, мемлекеттік наградалар жатады.

       Құқықтар  беретін немесе міндеттерден босататын  куәліктерге тиісінше мемлекеттік  немесе мемлекеттік емес орган беретін құжаттар жатады.

       Мөркағазға  —баспа әріптері арқылы құжат мәтініне ішінара сөздер жазылған, белгілі бір нысанға сай келетін қағаз парағы жатады.

        Көрсетілген заттарды ұрлау деп мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың игілігіндегі осындай заттарды кез келген құқыққа карсы тәсілмен алу болып табылады.

       Көрсетілген заттарды бүлдіру деп оны ішінара  жарамсыз ету болып табылады.

       Қылмыстың объективтік жағының осы көрсетілген әрекеттерінің бірі жасалған жағдайда қылмыс аяқталған деп есептеледі. Қылмыс формальдык кұрамға жатады.

       Қылмыс  субъективтік жағынан алғанда тек  қана тікелей қасақаналықпен жасалады.

       Есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам осы қылмыстың субъектісі болып табылады.

       Жалған  құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.

       Қылмыстық кодекстің 325-бабының 1-тармағында құкықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізгені үшін жауаптылық белгіленген.

       Көрсетілген қылмыстың қоғамға қауіптілігі  қолдан куәліктер мен құжаттарды жасау, өткізу, сондай-ақ қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды дайындау арқылы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне елеулі нұқсан келтіріледі.

       Қылмыстың тікелей объектісі құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау, өткізудің заңмен белгіленген тәртібі болып табылады.

       Қылмыстың затына — куәліктер, ресми құжаттар, мөртанбалар, мөрқағаздар, мөрлер, мемлекеттік наградалар жатады.

       Құқықтар  беретін немесе міндеттерден босататын  куәліктерге тиісінше мемлекеттік  немесе мемлекеттік емес орган беретін құжаттар жатады.

       Мөркағазға  — баспа әріптері арқылы құжат  мәтініне ішінара сөздер жазылған, белгілі бір нысанға сай келетін қағаз парағы жатады.

        Көрсетілген қылмыстың объективтік жағы мынадай үш түрлі балама әрекеттерден тұрады: 1) қүқықтар беретін немесе міндеттемелерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми кұжатты қолдан жасау; 2) осы көрсетілген куәлікті немесе ресми құжатты өткізу; 3) қолдан жасалған мөртанбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, Қазақстан Республикасының мемесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу.

       Қылмыс  формальдык құрамға жатады және құрамның объективтік жағында көрсетілген балама әрекеттердің біреуі жүзеге асқан уақыттан бастап қылмыс аякталған деп танылады.

       Қылмыс  субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Жалған куәліктерді, ресми құжаттарды, мөртанбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасаған, дайындаған немесе өткізген адам өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді және соңы біле тұра қылмыстық ниетін жүзеге асырады.

       Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, кез келген адам.

       Қылмыстың заты — жалған құжат. Объективтік  жағынан қылмыс көрінеу жалған құжатты пайдалану әрекеті арқылы көрініс табады.

       Қылмыс  формальдык құрамға жатады және ол жалған құжатты тиісті органға немесе лауазым адамына ұсынған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

       Субъективтік  жағынан көрсетілген қылмыс тікелеи  қасақаналықпен істеледі. Адам көрінеу жалған құжатты пандаланғанын сезеді, біледі жәме соны пайдаланып, өз мақсатын жүлегс асырады.

       Қылмыстың субъектісі жалпы — 16-ға толған адам.  

       2.4 Әскери қызметке шақыру тәртібіне  қарсы қылмыс 

       Әскери  қызметтен жалтару.

       Қылмыстың тікелей объектісі — әскери қызметке шақырылу тәртібі болып табылады.

       Объективтік жағынан алғанда қылмыс әскери қызметтен  босату үшін занды негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырудан жалтару арқылы жүзеге асырылады.

       Қылмыс  субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен істеледі. Адам әскери қызметке міндетті бола тұра занды негізсіз әскери қызметке шақырылудан жалтарғанын сезеді және соңы тілейді.

       Қылмыстың субъектісі арнаулы — Қазақстан  Республикасының әскери қызметті өтеуге міндетті шакыру жасына толған, әскери қызметке жарамды деп танылған, одан босатылуға занды негізі жоқ азаматтары болып табылады.  

    1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне  қарсы 

                    қылмыстар 

       Қазакстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік  әнұранын қорлау.

       Қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан  Республикасының басқару тәртібі, Мемлекеттік рәміздерінің беделі.

       Кылмыстың заты — Мемлекеттік ту, Мемлекеттік  елтаңба, Мемлекеттік әнұран.

       Қылмыстың объективтік жағы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік туын, Мемлекеттік  елтаңбасын, Мемлекеттгк әнүлданын қорлау арқылы сипатталады.

       Қылмысты  әрекеттер жария түрде жүзеге асырылуы қажет.

       Қылмыс  формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген заттарды қорлау әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

       Қылмыс  субъективтік жағынан алғанда тікелей  касаканалықпен істеледі. Кінәлі адам мемлекеттік рәміздерді қорлайтынын сезеді жөне соңы істеуді тілейді.

       Қылмыстың субъектісі 1б-ға толған адам.

       Мемлекеттік туды заңсыз көтеру.

       Объективтік жағынан алғанда қылмыс Қазақстан  Респуб-ликасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтеру арқылы сипатталады.

       Қылмыс  құрамы формальдык, қылмыс Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтерген сәттен бастап аяқталған деп табылады.

       Қылмыс  субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

       Қылмыстың субъектісі — арнаулы, Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтеруге бұйрық берген кеме капитаны. 

    1. Басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге

    қол сұғатын қылмыстар 

       Өзінше  билік ету.

       Қылмыстың тікелей объектісі талас туғызатын  құқықты жүзеге асыру тәртібі.

       Қосымша тікелей объект азаматтардың немесе ұйымдардын құқықтары немесе занды мүдделері болуы мүмкін.

       Қылмыстың заты талас туғызатын нәрселер болады. Елеулі түрде зиян шеккен азаматтар немесе заңды тұлғалар жәбірленушілер болып табылады.

       Объективтік жағынан қылмыс адамның, талас туғызатын нақты немесе жорамал қүқығын заңда белгіленген тәртіптен тысқары өз бетімен жүзеге асырып, жәбірленушіге елеулі түрде зиян келтіру арқылы жасалады.

       Өзінің  нақты немесе болжамды талас туғызатын  құқығын белгіленген тәртіптен тыс өз бетімен жүзеге асыру деп, өзіне тиесілі құқықты занда белгіленген тәртіппен емес, өз бетіншс жүзеге асыруы болып табылады.

       Зардап  — қылмыс құрамының міндетті белгісі  болып табылады. Зардап заң қорғайтын  мүдделерге елеулі зиян келтіру арқылы көрініс табады.

       Субъективтік  жағынан алғанда қылмыс тікелей  немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады.

       Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

       Күш қолдану кез келген тәсілмен —  өмірге қауіпті немесе қауіпсіз түрде  жүзеге асырылуы мүмкін.

       Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену.

       Қылмыстың объектісі басқару тәртібін қамтамасыз ететін жауапты өкімет өкілі мен  лауазымды адамның бірқалыпты қызметі, ал қосымша тікелей объектісі  басқару органының беделі болып табылады.

       Объективтік жағынан қылмыс әрекет күйінде жауапты  лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену арқылы жүзеге асырылады.

       Қылмыс  құрамы формальдық, занда көрсетілген  іс-әрекет орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

       Қылмыс  субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, жауапты мемлекеттік лауазым  атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды  адамның атағын өз бетінше иелену мақсатымен істеледі.

       Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.

       Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану.

       Қызыл Жарты ай імен Қызыл Крест ұйымдарына зор міндеттер жүктелген. Осы  ұйымның жарғысына сәйкес Қызыл  Жарты ай мен Қызыл Крест ұйымдары бейбіт уақытта халықты санитарлық қауіпсіздікті нығайтуға, стихиялық апаттардан зардап шеккендерге материалдық жәрдем көрсетуге, медициналык-санитарлық көмек беруге жұмылдыруға бағытталған.

       Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы —  заңсыз эмблемаларды және айырым белгілерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

       Қылмыс  субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі  болуы мүмкін.

       Қылмыс  субъектісі 16-ға толған адам.

       Байланыс  желілеріп күзету ережелерін бұзу.

       Қылмыс  объективтік жағынан алғанда  қалааралық байланыстың кабель жүйелерінің күзету ережелерің бұзу нәтижесінде кабель жүйелеріне зақым келіп, байланыстың үзілуіне әкеліп соғатын әрекеттер арқылы сипатталады. Қылмыстық кодекстің 333-бабының диспозициясы бланкеттік.

       Қылмыстың зардабы — байланыстың үзілуі түрінде көрсетілген, байланыстың үзілуі едәуір уақытқа созылуы қажет және оны қалпына келтіру үшін жөндеу жұмысы жүргізілуі қажет.

       Қылмыс  субъективтік жағынан қасақаналыкпен немесе абайсыздықпен істеледі.

       Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

       Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру меи өткізу тәртібін бұзу.

       Қылмыстың тікелей объектісі жиналыстарды, митингілерді. пикеттерді, көше шерулерін, демонстрацияларды ұйымдастыру  мен өткізудің белгіленген тәртібі.

       Объективтік жағынан талданып отырған қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

       Қылмыс  құрамы материалдық, заңда көрсетілген  зардап орын алса, ол аяқталған деп  танылады.

       Субъективтік  жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі, яғни кінәлі адам занда белгіленген тәртіпті бұзғанын сезеді және соңы жүзеге асыруды тілейді.

Информация о работе Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар