Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 21:54, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге қатысты құқықтық форма қадамдары одан әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук тағып, кабинетте отырып, компьютермен, ұялы байланысты пайдалану арқылы қылмыс жасайтындар саны өсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылы 10 қыркүйекте құқық қорғау органдары өкілдерімен болған алқалы жиында қылмыспен күресті күшейтуге ерекше мән берді. Бас прокуратура тарапынан да жергілікті буындарға талап күшейді.

Содержание

Кіріспе
1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы.
1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы.
2. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.
2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері.
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар.
2.3 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар.
2.4 Әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыс.
2.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қалмыстар.
2.6 Басқару тәртібін қамтамассың ететін жекелген ережелерге қол сұғатын қылмыстар.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

кылмыстык кукык особ часть.doc

— 120.00 Кб (Скачать)

       Қылмыстың субъектісі — жиналысты, митингіні, пикетті, көше шеруін немесе демонстрацияны ұйымдастырушы (арнаулы сүбъект).

       Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, косіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру.

       Қылмыстың объектісі болып  белгіленген төтепше жағдай туралы заңды бұзу және ұйымдардың басқару қызметіне кедергі жасау болып табылады.

       Объективтік жағынан қылмыс әрекет күйінде жасалады. Яғни төтенше заң тыйым салған ереуілді басқару арқылы мекеме, кәсіпорын, ұйым жұмысына кедергі келтіріледі.

       Қылмыс  субъективтік жағынан тек тікелей қасақамалықпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі ереуілді басқарушылар ғана болады.

       Қоғамдык  бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы.

       Қылмыстың, тікелей объектісі қоғамдык бірлестік қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.

       Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы — қоғамдық бірлестік мүінелерінің мемлекеттік органдардың занды қызметіне әртүрлі кедергілер жасау, мемлекеттік органдарға тиесілі қызметті өздеріне жатқызу, мемлекеттік органның лауазымды адамының атқаратын функциясын иеленіп әртүрлі әрекеттер жасау жолымен жүзеге асырылады. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен жүзеге асырылады.

       Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, қоғамдық бірлестік мүшелері.

       Заңсыз  қоғамдық бірлестіктер құру немесе-олардың  қызметіне қатысу.

       Объективтік жағынан талданып отырылған құрам  белсенді әрекет күйінде: заңсыз діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру; оларға басшылық жасау; шет мемлекет, шетел азаматтары немесе халықаралық ұйымдар қаржыландыратын діни партиялар, саяси партиялар, кәсіподақтар құру және оларға басшылық жасау арқылы жузеге асырылады.

       Субъективтік  жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жузеге асырылады.

       Қылмыстың субъектісі арнаулы, заңсыз қоғамдық бірлестіктер құрған немесе оған басшылық жасаған 16-ға толған адам.

       Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен  кәсштік одақтарына жәрдем көрсету.

       Қылмыстың тікелей объектісі шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсетудің заңды белгіленген ережелерін бұзу болып табылады.

       Қылмыс  объективтік жағынан мынадай  әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: басқа мемлекеттердің саяси партияларын, кәсіподақтарын қаржыландыру, оларға үй-жай, мүлік беру, өзге де жәрдем.

       Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі, оның зардабы — азаматтар мен  ұйымдардың құқықтары мен заңды  мүдделерінің, не қоғам мен мемлекеттің  заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы болып табылады.

       Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсетуге болмайтынын сезеді, біледі, бірақ солай істеуді тілейді.

       Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

       Нарық қатынастары табалырықтын аттап меншік түрі өзгеріске ұшырасысымен заман талабына сай заңдарымыз да жаңара бастады. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының сапына жаңа құрылымдар қосылды. Қанша жерден ұрпақ ауысып уақыт озды дегеншімізбен қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы жасалатын қылмыстардың сырт пішіні өзгеріп, қулық, құйтырқысы күрделенгенімен оның ішкі мен мазмұны сол қүйінде қолып қойды. Осы қылмыстар бір-бірімен тамыранып жатқан осынау қылмыстық топтардың ортасынан ата, мансаптары дардай облыс әкімдері мен базбір министрлердін төбе көрсетіп қамды сыбайласып жемқорлық жасаудың бірінші күні қаншалықты өрісін кеңейтіп, бел алып отырғандығын әйгілесе керек. Еліміздегі жағдайды былай қойғанда, бір ғана оңтүстік Қазақстан облысында отен жалдың бедерінде. Өз өкіметтіктерін пайдаланып заң талаптарына қарама қаймы әрепеттерге барып, әртүрлі алақолдылық жасаған 264 лайазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершіліпке тартылып, 9 адамның қылмысы үшін сотталуның өзі жоғарыдағы кейбір ұлықтардан төленгі деңгейдегі шенеуні ктердің де қалыс қала қоймай тындығын окнық көрсетіп отыр.

       Оның  сыртында прокуратура органдарымен жүргізілген қадағолау шаролады барысында өздерінең өпімттіктерін  пайдалана отырып 1548-і 321-і әкімшіліп, 181-і материалдықжауапкершіліктерге  тартысып, жазаланған.

       Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, мемлекеттік  органдар заң бұзушылық пен жасалатын  қылмыстық өзі сан түрлі.

       Осы қылмыстарға қатысты қорытындалай келгенде, алдына қойған мақсатқа жетіп, осы қылмыстарға байланысты мән  жайлардың бәрін ашып көрсеттім деп ойлаймын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер. 
 

    1. Негізгі.
    1. А.Н. Анағыбаев. Қылмыстык құқық ерекше  бөлімі. Алматы жеті жарғы 2000 ж.
    1. Қосымша.
    1. Заң және заман журналы 2003 ж. қыркүйек-қазан.
    1. Заңгер 2003 11 қараша.

    3. Нормативтік  құқықтық актілер.

    3.1 Қазақстан  Респбуликасының Қонститутциясы.

    3.2 Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексі.

Информация о работе Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар