Лекции по "Экономической теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:21, курс лекций

Описание работы

1 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ».
2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ.
3 ТАҚЫРЫП. МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР.
4 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ.

Работа содержит 1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать)

Кейінгі уақытта  республика арығында бірнеше серпінді дамушы банктер өздерін бірден көрсете білді, оның ішінде «Валют-Транзит Банктің» қызметі жылдан жылға көрсеткіштерін тіптен еселей отырып, өзіне көңіл аудартуда.

Егер жеті жыл  бұрын  банк активтері 2 млн. теңгені  құраса, қазіргі уақытта 20 млрд.теңгеден асады, «Валют-Транзит Банктің» жеке капиталы 4 млрд. теңгеге жетті. Банк Қазақстандағы ірі банктердің бірінші ондығына кіреді, оның тарамданған филиалдары, есеп айырысу кассалық бөлімшелері, қолма қол валюта айырбастау желілері.

- Бизнестің  әр кезеңі дейді Валют Транзит  Банк ААК Директорлар Кеңесінің  төрайымы Ә.Әлкеева Беляеева  мейлі қалыптасу кезеңі болсын, бәсекелестің өсу жағдайында көп күш жұмсауды талап етеді. «Валют-Транзит саудалы маркалы кәсіпорынның көпсалалы қызметіне қатысты айтар болсақ, бұл сауатты есеп пен тапқырлық және тың шешімдер нәтижесі. Мұнда ең бастысы - әркімге өз білімі мен дарынын көрсете білуге көмектесетін қолайлы жағдай қалыптасқан. Тек оны дұрыс, орынды пайдалана білу қажет. Біз қолма-қол валюта айырбастау бекетінен бастаған болатынбыз. Айырбастаудың тиімді бағамы мен қызмет көрсету жағдайына байланысты біздің қызметіміз үлкен сұраныста болды.

- Әрине, кездейсоқсыз  болмайды, бірақ басқа жағынан алып қарағанда әрбір кездейсоқтық қолайлы мүмкіншіліктерді тудырады, бұл заңдылық деп есептеймін. Негізінде, біздің бизнесте барлығы ой елегінен өткізіліп жоспарланады.

Біріншіден, Қарағанды  Қазақстаның географиялық орталығы. Екіншіден, бұл - мүмкіншілігі зор индустриялы  дамыған өнеркәсіптік аймақ. Үшіншіден, мұнда өте жоғары парасатты мүмкіншілік бар. Төртіншіден, космополиттік аудан бар. Бесіншіден, нарықтағы бос қуыстың болуы. Алтыншыдан, дәл осы жылдары таяу уақытта елорданы - Астана қаласына көшіру жоспарланды.

Көптеген біздің жаңа идеяларымыз, жаңа қызмет түрлрі болсын, не акцияда болсын әріптестер тарапынан қолданылып, банк бизнесінің жүйесіне табысты енгізілуде.

Егер «Валют-Транзит  Банк» енгізген соңғы ноу-хоу  туралы айтатын болсақ, несиеге қол  жеткізуді қамтамасыз ету үшін банк «Ізгі шешім» атты пайызсыз несие  беру бағдарламасын әзірледі. Иә, иә, пайызсыз несиелер. Бағдарлама теңдессіз, өте тиімді және де патенттелген.

Осы жылдың қыркүйек айында  Қарағанды қаласына жалпы  пайдалы аумағы 20000 шаршы метрді қамтитын «Валют-Транзит» сауда-қаржылық гипермаркеті  ашылмақ, ол толығымен  әлемдік қызмет көрсету стандартына  сәйкес болады. Бұл шара Қарағанды  қаласының 70 жылдығына арналады. Және бұл банк жоспарланған жаңа жобалардың алғашқысы ғана.

 

Түйін

 

1. Құнды ауыстыру  тәсілі бойынша негізгі капитал - айналым капиталы болып бөлінеді.

2. Пайдалану  бағдарлары бойынша негізгі қорларды  қалпына келтіру, қайтадан жасау, күрделі жөндеу, жаңа кәсіпорындарды салуға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге.

3. Капиталдың  тозуы және оның түрлері.

4. Айналым капиталы  айналымын арттыру жолдары.

5. Негізгі, айналмалы  капиталды көбейту мен айналысын арттыру  жолдары инвестицияны көбейту. Бұл процесті инвестициялау, ол дәл сол тауарларды алуға белгіленген ақшаны, жұмсалатын капиталды - инвестиция деп атайды.

Қайталауға арналған сұрақтар

 

  1. капитал қозғалысының түрлері;
  2. негізгі және айналым капиталының түсінігі;
  3. капиталдың тозуы;
  4. айналым капиталының жылдамдығынан

арттыруға әсер ететін факторлар;

  1. инвестиция мәні;
  2. экономиканы дамытудағы инвестицияның ролі.

Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (МЕ) анықталады:

 

МЕ - Ф об

 

Мұнда:

Ф об/П - айналмалы қорлар;

П - жасалған өнім;

МЕ - материал сыйымдылығы.

 

Негізгі және айналмалы  капиталдардан басқа, өндіріс салаларында  қызмет ететін, фирмалар үшін сатып  өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс  қорлары қажет.

Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына  жұмсалған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары  мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.

Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айналымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бір  жылда сатып өткізілген өнім құнының  айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.

 

3 ТАҚЫРЫП. МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР

ЖӘНЕ  ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

 

Дәрістің  жоспары:

    • меншіктің экономикалық және құқықтық негізі;
    • меншіктің құрылымы мен формалары;
    • меншік көптүрлілігінің объективті қажеттілігі;
    • Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

 

Тақырыптың  мақсаттары:

Тақырып материалымен танысқаннан  кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре  аласыз:

  • меншік экономикалық категориясының мәнін және мазмұнын;
  • меншік құрылымын: иеленуді, пайдалануды, билеуді;
  • меншік формалары: қоғамдық, мемлекеттік, жеке, кооперативтік, бірлескен-үлестік меншікті;
  • ҚР-ғы меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу мәселелерін.

 

3.1

 

1. Меншіктің  экономикалық және құқықтық мазмұны. Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Меншік, маңайында  барлық тұрақты қоғамдық қатынастар қалыптасып және дамып отыратын қоғамдық  ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.

Меншік қатынасының  сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтық (заңдық) жоқ меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.

Меншік қатынастарының мазмұнын өндіріс, бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша  адамдар арасындағы экономикалық қатынастар құрайды. Бұл экономикалық теория пәні ретіндегі меншік қатынастарының ең орталықтандырылғаны болып табылады.

Меншіктік қатынастар экономикалық теориясының пәніне барлық өсуші масштабтардағы олардың қайталанушылық, ұдайы өндірушілігінің нәтижесі жатады.

Сәйкесінше, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, сонымен қатар олардың күшімен өндірілетін тұтыну заты ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірілетін қатынастар.

Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы. Мен  иеленемін. Иелену меншіктің бірінші  және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі  иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін фиксациялап, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін - он босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б. бірақ барлық осы қатынастарда экономикалық қатынастар туындамайды.

Өндірістік қатынастар экономикалық түрде меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана көріне бастайды, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсаттарда өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық өткізу болып табылады.

Осылайша меншіктік  қатынастардың экономикалық мазмұны  бұл:

  • өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;
  • өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
  • қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді  (тауар) және қызмет көрсету.

 

 

3.2 Меншіктің құрылымы мен формалары

 

Өндіріс жағдайы  бойынша пайда болған өндірістік қатынастардан өнімді өткізу, оны  тұтыну, табысты бөлу бойынша тағы бір қатынастар түрі туындайды. Түйін, біреудің мүлкін пайдалану бойынша қоғамдық өндірістік қатынастардың туындауымен меншік негізінде экономикалық қатынастар пайда болады. Осылайша адамда өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады.  Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруді шешті. Клиент тауып, шарт жасасты, жылды төлемді анықтады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады, жаңа жалға алушы үйге көшіп келді. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастады. Сәйкесінше, үй иесі мен пәтер жалдаушы арасында үй жалғасы бойынша, қоғамдық қатынастар туындайды. Оның иесі және оның жанұясынан басқа ешкіммен пайдаланылмаған дербес меншік, қоғамдық мәнге ие жеке меншікке айналады. Осы қызмет түрімен, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәні болып табылады. Осылайша, байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің қоғамдық қатынастары туындайды.

Сонымен, меншік формасының құрылымы үш сөзбен сипатталады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл араласуымен өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

Нарықтық экономикада  дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі модификациялары жатады.

Қатынастар  жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жалпы ұлт мүдделерін есепке ала отырып барлық экономикалық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.

Жеке меншік ерекшелігіне меншік иесінің иелену, билеу, басқару, пайдалану және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелімен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық,  көп пайдалылық  карьера; осының барлығы - жеке меншік иесінің (еңбегі 1 кесте) еңбек нәтижесі (1 кесте).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Сонда тікелей     

 

 

                                      Кері тікелей   

 

1 сызба

 

Бірақ нарықта  сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. «Көрінбейтін қол» деп А.Смит қоғамды мақсатқа сәйкестік пен  тиімділікті қорытындылай отырып айтқан. Сондықтан меншік нарығында егер есептеп, ойланбасаң, өз кінаңнан ұтыласың. Жеке меншік иесі оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өз қызығушылығындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жатыр   ол адамдар мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін максималды түрде шоғырландырады.

 

 

3.3 Меншік көп түрлілігінің объектіивті қажеттілігі

 

Жеке меншікке негізделген  - датталған емес. ХІХ ғ. не әлеуметтік қорғау, не дамыған кәсіподақтар, не жоғары деңгейі, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болған. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыстар теңсіздік пен  жеке меншіктің орнына қоғамдық меншікті құру үшін күресті.

Қоғамдық меншік негізіндегі адамзат қоғамын  ұйымдастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемлекеттік формасында құрылып, іске асырылады. Оның формаларының көп түрлілігі де мүмкін болуы шарт.

Қоғамдық меншік бірігіп иелену, билеу, пайдалануды болжайды. Егер қоғамдық меншік - ортақ, бірігіп иелену болса, онда ол өндіріс құралдарына қатысты барлығын теңестіреді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, осымен адам мен адамды қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сәйкесінше, оңай табылатын табыстарды алу да жойылған. Барлығы үшін тіршілік ететін қаражаттардың жалғыз қайнары, жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болады. Осыдан бөлудің социалистік принциптері шығады:  «кім жұмыс істемейді, сол тамақ ішпейді». Бұл, социализм  өндіріс құралдарына қоғамдық меншікке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ.

Алайда, өндіріс  құралдарына қоғамдық меншіктің  алғашқы қалыптасуынан-ақ оған шешілмейтін қайшылықтар жүктелген болатын: иеленуге мүліктік құқықтың болмауы (2 сызба). Қоғамдық меншікті іске асыру.

Информация о работе Лекции по "Экономической теории"