Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімді пайдалану;

2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;

3. Жел тұрғанда аспаннан тұз  жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;

4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;

5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.

Бұл шаралардың теңізді бұрынғы  қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.

АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне  жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет  дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына  келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Жаңа сөздерді аударыңыз.
  2. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, емлесін есте сақтаңыз.
  3. Мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқуға жаттығыңыз.
  4. Мәтінді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ЗАТ ЕСІМНІҢ  СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

 

  • ДАНАЛАР СӨЗІ

2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Даналар сөзін жаттаңыз.

«Ең басты  дәрі- дәрмек – таза ауа, суық су, ара мен балта».

В.Д.Полепов

«Ақжарқындық  – денсаулықтың ғана белгісі емес, сонымен қоса ауру-сырқаудан құтқаратын ең әсерлі құрал да».

С.Смаилс

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • анық – ясно
  • арна – русло
  • дәлелдеме – доказательство
  • деңгей – уровень
  • жағалау – побережье
  • қалып – состояние
  • қамтамасыз ету – обеспечить
  • мемлекетаралық– межгосударственный
  • нәзік – нежный, тонкий
  • негіздеме – основа
  • тиімді – эффективно
  • тіршілік – жизнь
  • шекара – граница

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004 ж.
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007 ж. – 116 б.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Арал теңізінің трагедиясы» тақырыбы бойынша сұхбаттасу.
  1. «Экологиялық аймақтар» тақырыбы бойынша реферат жазу.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Табиғат туралы нақыл сөздерді жазу.
  1. Глоссарий меңгеру.

 

11 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: «ЖАСЫЛ ЕЛ» ҚОЗҒАЛЫСЫ

Грамматикалық тақырып: ЗАТ ЕСІМ ЖАСАЛУЫ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ТУҒАН ЖЕРДІҢ СҰЛУ ТАБИҒАТЫ

Табиғаттың тамаша суреті адамның  көңілін көтеріп, оған сүйсіну сезімін оятады. Оны мына мысалдан көруге болады.

  • Ботагөз теңіздей толқыған көлге қарап еді, найзадай шаншылып, Оқжетпес тұр екен. Күздің күні қайыңның жапырағы сарғаяды, теректікі қызарады, жасыл түсін өзгертпейтін қарағай ғана. Оқжетпестің жиған жүктей текшеленген сұңғақ денесінде осы үш түрлі ағаш араласа өскен. Солардың түрлі түспен құлпыруы Ботагөздің көңілін көлден тауға аударды. Оқжетпестің найза денесі Ботагөзге түрлі түсті жібек лента араластыра өрген қыздың бұрымына ұқсап кетті...

Ботагөз «Шаштың ұшына қарай ленталарды араластыра өріп, шашақтандырып қойсам, Оқжетпестің түрлі-түсті етегі болады да шығады!» – деп ойлады. Ойы ұнамды шыққасын Ботагөз қуанып кетті (С.Мұқанов).

Орман әдемі, өсімдік әдемі, теңіз, көлдер адамды өзінің байлығымен асырап қана келген жоқ, емдеп те келді. Демалыс үйлері, санаторийлер, туристік базалар орман ішінде, орманға жақын жерде орналасады. Ғалымдар зерттеуі қала ауасындағы бактериялардан парктегі бактериялардың әлденеше рет аздығын дәлелдеген.

Соңғы жылдары көп елдерде «Жасыл желек» партиясы пайда болды. Ол партия Германияда көп жұмыс жасап жатыр. Өйткені Германияда орманның 80 пайызы оталып үлгерген.

Көптеген елде бір тамаша дәстүр бар. Ол дәстүр бойынша некеге тұратын  ерлі-зайыпты екеуі аз дегенде  бір көшет отырғызуы тиіс. Бұл дәстүр біздің елімізде де қалыптасса, жақсы болар еді.

Туған жердің сұлу табиғатын сақтай білейік.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Жаңа сөздерді аударыңыз.
  2. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, емлесін есте сақтаңыз.
  3. Мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқуға жаттығыңыз.
  4. Мәтінді өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.
  5. Табиғатты суреттеуге пайдаланған сын есімдерді теріп жазыңыз.

 

2-тапсырма. Мәтін  бойынша мына сұрақтарға жауап  беріңіз.

  1. Күзгі табиғаттан Ботагөз не көрді?
  2. Ботагөз қандай ойға келді?
  3. Табиғаттың пайдасы қандай?
  4. Күзде табиғатта қандай өзгеріс болады?
  5. Қала ауасы неге зиянды?
  6. Орманды отаудың зияны қандай?
  7. Табиғатты сақтау партиясы бар ма?
  8. Қандай жақсы дәстүрді білесіз?
  9. Сіздің туған жеріңізде бақ, орман, өзен, көл бар ма? Суреттеңіз.

 

  • ДАНАЛАР СӨЗІ

3-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Даналардың сөзін жаттаңыз.

«Адам табиғатқа  тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді: табиғат адамды тудырған болса –  адам табиғатты жаңғыртады».

Франс

«Бүкіл адамзат  іске кіріссе, табиғаттың барлық күшін  ғылым жеңістері көмегімен және жоспарлы түрде пайдалана білсе, ұланғайыр игілікке ие болар еді».

Э.Золя

«Табиғат кейде  нәрсіз, ал өнер ешқашан нәрсіз болмауы  тиіс».

Д.Дидро

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ЗАТ ЕСІМНІҢ  ЖАСАЛУЫ

Есім сөздерден зат  есім тудыратын жұрнақтар

Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар

Мысалы

1. -шы /-ші

2. -шылық /-шілік

3. ­лық /-лік, -дық /-дік,

-тық /-тік

4. -ыл, -іл, -л

5. -кер /-гер

6. -дақ /-дек, -лақ /-лек, 

-тақ /-тек

7. -кеш

8. -хана

9. –кент

10. -кер /-гер, -қой, -қор

1. -ма /-ме, -ба /-бе

2. -м /-ым, -ім

3. ­қы /-кі, -ғы /-гі

4. ­ыс /-іс, -с

5. -у

6. ­к/-қ, -ық /-ік

7. ­ақ/-ек

8. ­ынды /-інді

9. ­ғыш /-гіш

10. -ыш, -іш

11. -уыш

арба-кеш

балта-шы

адамгер-шілік

тұз-дық

сөз-дік

аңшы-лық

сайыс-кер

кітап-хана

ата-кент

сауда-гер

тоқыл-дақ

жем-қор

бас-па

жаз-ба

ұт-ыс


 

 

 

 

    • ГЛОССАРИЙ
  • адамзат – человечество
  • аңшылық – охота
  • ғылым жеңістері – победы науки
  • жапырақ – листья
  • игілік – достояние
  • көмек – помощь
  • құлпыру – цвести
  • найза – молния; копье
  • нәрсіз – бесплодная
  • ояту – пробуждать
  • өру – заплетать
  • сезім – чувство
  • сұңғақ дене – стройное тело
  • сүйсіну – любоваться
  • тәуелді – зависимый
  • теңіз – море
  • ұтыс – выигрыш
  • ұш – кончик
  • іске кірісу – приступать к делу

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004 ж.
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007 ж. – 116 б.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Жасыл ел» қозғалысының жетістіктері» тақырыбына баяндама жасау.
  1. Даналар сөзін жаттау.
  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Жасыл ел» қозғалысы туралы шығарма жазу.
  2. Жаңа сөздер меңгеру.

 

12 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: УНИВЕРСИТЕТ – БІЛІМ ОРДАСЫ

Грамматикалық тақырып: СЫН ЕСІМ, ТҮРЛЕРІ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

УНИВЕРСИТЕТ

Университет – барлық әлемге қанат жайған, білім ордасы. Кең, алуан қанатымен күллі халықты біліммен сусындатқан әйгілі шаңырақ. Сол себептен де оның орны ерекше. Университет латынның сөзі «universitas» сөзінен шыққан, аударғанда «жиынтық», «жинақ» деген мағынаны білдіреді. Орта ғасырларда алғаш университеттер пайда бола бастаған кезде «жиынтық» сөзінің түрлі мағынасы болды. Ең алдымен, ұйымдастырушылық аспектісіне баса назар аударылып, шын мәнінде, түрлі типтегі жоғары оқу орындарының бірлестігін университет деп атады. XIX ғасыр соңында Н.Суворовтың ортағасырлық университеттер жайлы әйгілі кітабындағы нұсқасында «университет барлық ғылымның, адамзат білімінің барлық саласының тұтастығын немесе жиынтығын атайды». Алғашқы университеттер XII ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Н.Суворовтың бағалауы бойынша, ортағасырлар университеті дәстүрі германиялық университеттерде біршама жақсы дами бастады. 1808 жылы Неміс университетінің моделі саналған Берлин университеті құрылды. Бұл модельді Гумбольд университеті деп атайды. Гумбольд университетінің фундаментальді ұстанымы – бұл зерттеу мен білім берудің академиялық еркіндігі мен бірлігі. В.Гумбольдтің айтуынша, «зерттеу өзіндік ізденіс пен ақиқатты игеруді айқындаудан басқа университеттің барлық өкілдерінің – мұғалімдердің де оқушылардың да зерттеуші болуы керек дегенін нақтылайды.

Ресейде Санкт-Петербург (1724 ж.) және Мәскеу (1755 ж.) алғашқы университеттер болып саналады. А.Н.Джрунинскийдің бағалауы бойынша, Ресейдегі жоғары оқу орындарының тарихы XVII ғасырдың II жартысынан (жоғары білім беретін мемлекеттік мектеп – Типографиялық училище, 1681 ж.. Славян-грек-латын академиясы, 1687 ж. және т.б.) бастау алады.

Қазақстанда жоғары білім беретін мекемелер XX ғасырдың басында пайда болды. 1920 ж. бірқатар жоғары оқу орындары ашылады: Орда қаласында халықтық білім беретін Бөкей қазақ институты, Семей халықтық білім беру институты. 1920 ж. Орынборда Қазақ университетін ашу көзделді. Салалар бойынша: 1929 ж. – мал шаруашылығы, 1930 ж. – ауыл шаруашылығы, 1931 ж. – медицина жоғары оқу орындары ашыла бастайды. 1932 ж. Оралда педагогика институты, 1934 ж. – Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Одан әрі жоғары оқу орны жүйесі қарқынды дамыды. XX ғасырдың 40 жылдарына қарай Қазақстанда 12 жоғары оқу орны жұмыс істеді. Білім – күрделі және ұзаққа ұласатын үрдіс. Ол қазіргі заманғы көзқарас тұрғысынан, соның ішінде адамзат дамуының тұжырымдамасы тұрғысынан адам өмірінің үлкен бөлігін қамтуы тиіс. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарының рейтингін жүргізу маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Студенттердің академиялық мобилдігі Қазақстан жоғары оқу орындарының шетелдік университеттермен серіктесіп жұмыс істеуін, студенттер алмасуын, студенттерді шет елдердің жоғары оқу орындарына семестрге немесе академиялық бір жыл оқуға жіберуін кеңейту арқылы қосдипломды білім бағдарламаларын дамытумен қамтамасыз етіледі. Қазақстанның жоғары оқу орындары бұл күндері ынтымақтастық туралы Германияның, Ұлыбританияның, Ирландияның, Испанияның, Чехияның және Канаданың университеттерімен 50 меморандумға қол қойды. Қазір Австралияның, Жапонияның және АҚШ -тың жоғары оқу орындарымен келісім-шартқа қол қоюға дайындық жүргізілуде.

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы