«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 08:24, реферат

Описание работы

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.

Работа содержит 1 файл

экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері.doc

— 565.50 Кб (Скачать)

      Қалыптасу механизмі бойынша салықтар екі негізгі топқа бөлінеді: тікелей және жанама. Тікелей салықтар табыс алушылар, мүлікті иемденушілерден алынады. Жанама салықтар тауарлар мен қызметтерді сатып өткізу және тұтыну саласында алынады. Тікелей салықтарға тұрғындардың табыс салығы, корпорация пайдасына салық, капитал өсіміне салық, мұрагерлік пен сыйлыққа салық, мүлікке салық жатады. Жанама салықтарға айналымнан салық, қосымша құнға салық, жеке тауар түрлеріне салық (акциз), кеден бажы жатады.

      Қазақстанда салықтар екіге бөлінеді: республикалық және жергілікті салықтар. Республикалық салықтар жалпы міндетті болып саналады және республика бюджетіне тең үлестермен түсіп отырады. Жергілікті салықтар жартылай міндетті болып саналады және салықтардың бір бөлігі жергілікті билік органдарының шешімімен бекітіледі.

     Кез келген мемлекеттің салық жүйесі үнемі өзгеріп отырады, себебі ол елдегі болып жатқан көптеген жағдайларға  ықпал етеді. 
 
 

Дәріс 12. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері

1. Мемлекеттің ақша кредит саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері, негіздері

2. Кредиттік ресурстарды  реттеу үшін мемлекеттің  қолданатын құралдары  және тұтқалары.  Орталық банктің  рөлі

3. Баға белгілеуді  реттеудің мемлекеттік  әдістері 

  1. Мемлекеттің ақша кредит саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері, негіздері

     Ақша – несие саясаты –инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға және нарықтың қалыпты жағдайда қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі. Ақша – несие саясаты бұл экономикалық жағдаятты «нәзік қалыпқа түсіретін» құрал. Ақша – несие саясатының негізгі қарастыратын міндеттері, толық жұмыспен қамтамасыз етілуді және инфляцияның болмауымен сипатталатын өндірістің жоғары деңгейіне жетудің экономикалық жүйесіне көмектесу болып табылады.

      Ақша  –несие саясатының мақсаттары:

  • қаржылық рыноктағы теңдестікті қолдау, айналымдағы ақша

жиынтығын реттеу мен бақылау;

  • экономикадағы инфляциялық көріністермен күрес, ұлттық валютаның бағамын реттеу;
  • Экономикалық кезеңді реттеу және жағдаятты теңдестіру;
  • Экономиканың нақты секторын арзан кредит ресурстарымен қамтамасыз ету.

Ақша  –несие саясаты ақша айналымын реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерін белгілеу, валюталық дәлізді белгілеу және т.б арқылы жүргізіледі. Барлық көрсетілген құралдар экономикаға жанама және және жалпы ықпал көрсетеді, сондықтан бұл құралдарды қолданудың сандық нәтижесі алдын ала баға беруді төтенше қиындатады.

      Макроэкономикалық дамуда ақша рөлі мәселесі үш макроэкономикалық  көзқарасқа бөлінеді.

      Неоклассикалық  мектеп өзін -өзі реттейтін және өзін -өзі дамытатын рыноктық экономика туралы көзқараспен байланысты экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін теріске шығарды, ал ақшаны ЖІӨ, табыстар, инвестициялар, бағалар және т.б. тәрізді көрсеткіштердің тек аталуы көрінісіне қажет сыртқы қабығы ретінде қабылдады. Неоклассикалық мектеп өкілдерінің пікірі бойынша, ұлттық өндірістің көлемі экономикада бар өндірістік ресурстарға тәуелді болғандықтан, олардың серпіні мен ақшаның нақты деңгейіне ықпал жасауы мүмкін емес.

      Мұндай  ұстаным, ақшаның атаулы санының  үйлесімді өзгерістері тек бағаның  абсолюттік деңгейінің үйлесімді өзгерістерін келтіретінін дәлелдеген И. Фишердің теориясында  барынша айқын көрінді.

«И. Фишердің айырбас теңдеуі» деп аталған теңдеуде байланыс айқын көрінеді: 

MV = P *Q, 

мұнда М – айналымдағы ақша көлемі;

            V – бір ақша бірлігінің айналым  жылдамдығы;

P –  тауарлар мен қызметтің орташа  бағасы

Q –  жыл ішінде ұлттық экономика  шеңберінде өндірілген тауарлар  мен қызметтердің саны немесе жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемі

      Кейнсиандық көзқарас. Көрнекті экономист Дж. М. Кейнстің «Жұмыспен қамтамасыз етудің, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) кітабының шығуымен, жалпы  макроэкономикалық саясатқа және оның ішінде ақша саясатына көзқараста түбегейлі революция болды.

Кейнсиандық базалық негізделетін негізгі теориялық  теңдеу:  

Y = C + Q +I + XN

мұнда  Y – ЖҰӨ – нің атаулы көлемі;

          С – тұтыну шығындары;

              Q – тауарлар мен қызметке мемлекеттік  шығындар;

               I – жеке инвестициялар;

               XN – таза экспорт

Неоклассиктер ақша саясатының тиімсіздігі туралы және барлығынан бұрын, балансталған мемлекеттік  бюджет пен балансталған төлем балансы  жөнінде пайым жасады.

      1929 – 1933 жж. ұлы тоқырау бұл мектептің көп ережелеріне, оның ішінде, әсіресе нарық экономикасындағы мәжбүрлі жұмыссыздық пен мүмкін дағдарыстарды іс жүзінде шығарып тастаған ережесіне күдік тудырды. Бұл дағдарыстарды тудырған ақшаның сандық теориясының қабілетсіздігін білдірді. Экономиканы реттейтін, бірнеше мемлекеттік шараларды, оның ішінде қаржы реттеуішін қолданатын шараларды пайдалану қажет болды.  

2.  Кредиттік ресурстарды  реттеу үшін мемлекеттің  қолданатын құралдары  және тұтқалары.  Орталық банктің  рөлі

    Ақша  несие саясатының маңызды міндеттері ақша жиынтығын реттеу болып табылады. Ақшаны шығаруға монополиялық құқығы бар, елдің орталық банкі ол үшін соған сәйкес тетіктерді пайдаланады.

    Орталық банк – бұл биліктің заң және атқарушы органдарынан біршама экономикалық тәуелсіз, яғни үлкен немесе кіші деңгейде үкіметтен нақты тәуелсіз мекеме.

          Орталық банк ЭМР  –  дің  кредиттік құралдарына  қолданушы басты инстанция болып  табылады. Одан басқа, кредит аясында  кредит операцияларына қатыса отырып, оған ықпал етсе де, ақша айналымы мен елдегі жеке несиелік капитал қозғалысын реттемейтін және басқа да мемлекеттік институттар жұмыс  істейді.

          Ақша жиынтығының  құрылымына  алты элемент жатады (сурет).

          Қазіргі уақытта  экономикалық талдауда ең көп тараған  келесі ақша агрегаттары: МО ақша жиыны, М1, М2, М3, М4 ақша.

    МО  ақша базасы – кәсіпорындардағы кассадағы  ақшаны қосқандағы, айналымдағы қолда  бар ақшаның саны. Ақша жиыны – бұл тауарлар мен қызметтерге айырбасқа сатушылармен қабылданатын, қазіргі заманға ақшалай қаражаттың жалпы сомасы.

    М1 ақша – «тар мағынадағы ақша» –  айналымдағы қолда бар ақшаның  сомалары МО, оған тұрғындардың жинақтары, кәсіпорындардың талап етілмелі және жолдық чектері қосылады.

    М2 ақша –  М1 ақшалай қаражатының  сомалары, ағымдағы айналымға қызмет көрсететін, оған тұрғындар мен кәсіпорындардың мерзімді жинақтары қосылады;

    М3 ақша – «кең мағынадағы ақша» –  ақшалай қаражатты өзіне қосатын  ақша жиыны, бағалы қағаздарға қызмет көрсететін (облигациялар, сертификаттар, қазыналық міндеттемелер), бюджеттік, қоғамдық ұйымдар шотындағы және капитал салымдарын қаржыландыру үшін қаржылар.

    М4 ақша – М3 ақша жиыны, оған банкте сақталатын, ақшалық емес өтемді қаржы қоры қосылады.

          Қазір экономикаға  қызмет ететін, ақша жиынтығы неден  жиналатыны түсінікті болды, айналымдағы ақша санының формуласын қарастырамыз:  

    Д = Б + Т – К – ӨЖ / АЖ ; 

    мұнда Б – тауарлар мен қызметтің  бағалар сомасы;

               Т – осы кезеңге келетін  сомасы;

                К – осы кезеңде мерзімі  келмеген төлем сомасы;

               ӨЖ – өзара жабылатын төлемдердің сомасы

               АЖ – ақшалай айналымының жылдамдығы.  

    Қазіргі заманғы жағдайда экономикасы дамыған  елдерде үш негізгі құралдар пайдаланылады, олардың көмегімен Орталық банк қаржы –  несие саласын реттеуді –  ашық нарықтағы операцияларды, міндетті резервтердің мөлшері мен есептік мөлшерін жүзеге асырады.

          Ашық нарықтағы  операциялар –  бұл есептік  саясатты жоғарлату  құралы. Орталық  банк бағалы қағаздарды, банк акцептерін және басқа да кредиттік төлемдерді сатады және сатып алады. Ашық нарықтағы операциялардың ерекшелігі, олар нарықтық пайыздық мөлшер бойынша емес, бұрын белгіленген бағам бойынша өткізіледі. Пайыздық мөлшер мемлекеттік бағалы қағаздардың мерзімділігіне байланысты Орталық банкпен сараланымды белгіленеді.

          Есептік саясат –  бұрын коммерциялық банкпен есептелген вексельдерді қайта есептеу немесе сатып алуға негізделген.

          Дисконттық саясаттың  мәні – кредиттік институттарды  қайта қаржыландыру жағдайының өзгеруімен ақша нарығындағы және капитал нарығындағы  жағдайға ықпал етуінде.

        Міндетті резервтердің саясаты. Міндетті резервтердің саясаты экономиканы ақша – несие реттеуінің құралы ретінде, ақша нарығына мемлекеттің тікелей әкімшілік әдісімен ықпал етуіне қатысты. Бұл – Орталық банктің коммерциялық банктердің қолда бар ақша ресурстарының көлеміне және олардың кредиттік мүмкіндіктеріне ықпал етуінің тәсілі.  

  3.  Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері

  Бағалар өте маңызды қызметтерді атқарады: игіліктерді тұтыну мен қызметтердің, шығындардың, өмір сүру деңгейін, өмірге қажетті минимумының, отбасының тұтыну бюджетінің көлемі мен құрылымына ықпал етеді.

  Мемлекет  тауарлардың барлық түріндегі бағалардың өзгерістерін қадағалап отырып, ішкі бағаның пайда болу үдерістеріне жанама ықпал етуі тиіс.

  Мемлекет  қоғам үшін өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаны реттейді: жанармайға, энергияға, стратегиялық шикізатқа, қорғаныстық мәні бар өнімдерге, қоғамдық көлікке, бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларына. Бағаларды қадағалай отырып, мемлекет өмір сүру құнының өсуін қадағалауды жүргізеді, ол әрі қарай еңбекақы мен зейнетақыны индекстеуге ықпал етіп, сондай –ақ бағаның өсуі өндірістің шекті шығынына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне әсер ететінін анықтайды.

  Тікелей мемлекеттік араласу акциздік тауарларға бағаларды белгілегенде анықталады. Тікелей ықпал ету демеу қаржымен, арнаулы қосымша төлеммен байланысты.

  Бағаны  тікелей реттеудің  негізгі нысандары:

  • жалпы бағаны қалпында сақтау (экономикадағы төтенше күшті

инфляция  кезінде қолданылады) және кейбір тауарлардың  бағасын қалпында сақтау;

  • бекітілген баға мен тарифтерді белгілеу (бағаны белгілеу

субъектілері  бекітілген бағаларды енгізген жағдайда өздерінің өнімдерін бекітілген бағадан аспайтын бағалар бойынша  өткізуге міндетті);

  • белгілі бір уақыт кезеңіндегі бағаның өсу мүмкіндігінің шегін немесе

баға  деңгейінің шегін белгілеу – мұндай реттеу шаралары тапшылық жағдайында өте маңызды, өйткені, бағаның еркін  өсуі, ақыр аяғында өндірістің қысқаруына әкеледі;

  • пайдалылықтың шекті нормативін белгілеу;
  • жабдықтау – өткізу және сауда үстемелерінің шекті мөлшерін белгілеу
  • бағаның тепе – теңдігін белгілеу

Бағаны  жанама реттеу –  нарықта тауар ұсынысының кеңеюіне, нарық сұранысының көбеюіне, тұрғындардың табыстарын басқаруға, салықтарды реттеуге көмектесетін құралдар мен әдістердің жиынтығын қолданумен қамтамасыз етілетін бағаның өсуіне араласу.

Информация о работе «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені