«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 08:24, реферат

Описание работы

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.

Работа содержит 1 файл

экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері.doc

— 565.50 Кб (Скачать)

    Сондықтан да IS-LM үлгісі АD- AS үлгісінің нақтыланған  түрі болып табылады.

    Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді.Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде IS-LM  үлгісінің негізгі теңдеулері:

    1.Y=C+I+G+Xn  негізігі макроэкономикалық тепе- теңдік

    2.C=a+b (У-Т)

    3. I=e-d *R

    4. Xn =g-m*Y-n :R

    5.M= k*Y-h*R

       P

    Үлгінің ішкі айнымалылары:

    Y (табыс), С(тұтыну), І (инвестиция), Xn (таза  экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме)

    Үлгінің сыртқы айнымалылары:

    G (мемлекеттік шығындар), М (ақша  ұсынысы), Т(салық мөлшерлемесі)

    Эмпирикалық коэффициенттер:

    (a, b,e,d,g,m,n,k,h) мәндер және салыстырмалы  

3. Ауыспалы экономиканың  негізгі заңдылықтары

      Қазіргі заманда теория «нарықтық», «нарықтық экономика» немесе әлеуметтік реттелінетін нарықтық экономика түсініктеріне қандай экономикалық мазмұн береді.

    Нарық, қазіргі кезде басты элементтері «сұраным», «баға» және «ұсыным» болып табылатын дербес қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі «нарық» түсінігімен аталады. Нарықтық экономика түсінігі «нарық» түсінігіне тағы да екі саланы «өндірісті » және «тұтынуды қосу» есебінен кеңейіп отыр.

    Әлеуметтік- реттелінетін нарықтық «экономика»  түсінігі де ерекше кең; нарықтық экономика (яғни сұранымға, бағаға, ұсынымға, өніріс пен тұтынуға) ол нарықтық экономиканың реттеу (тікелей және жанама) механизімін  құрайтын факторларын –мемлекетті, нарықтық мекемелерді дүние жүзілік экономика ықпалын үстемелейді.

    Өзге  нарықтар үшін «мемлекеттік нарықтың»  маңызы ерекше, өйткені оған тән  белгіленген бағлар және кепілді  өткізу барлық нарықтың қозғалысына  реттегіш ықпалын тигізеді. «Монопольдік нарық» та әдетте өзіне тән тұрақты бағаларымен түрақтанушы міндет атқарды.

Нарықтық  дамыған инфрақұрылымы- қоғамның экономикалық байлығы болып табылады.Оның қалыптасуы –нарықтық экономикаға қатысушылардың тұтас ұрпағы еңбегінің нәтижесі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Дәріс 5. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар

1.  Экономикалық өсудің мәні.

2.  Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері.

3.  Елдің экономикалық өсуінің  негізгі  көрсеткіштері. 

1.  Экономикалық өсудің мәні

      Экономикалық  өсу деп экономикалық өмірдің  қозғалысы, экономика элементтерінің даму үрдісі (өндіру көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және т.б.) түсініледі.

      Экономиканың  сандық және сапалық өзгерістері, өсу  мен құлдырауы – экономиканың дамуын құрастырушылар. Құлдырау

экономика дамуының кері серпінінде көрінеді. Экономикалық өсу тұрғындардың, өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін

қажет.

      Экономикалық  өсудің тұрақтылығы – экономикалық саясаттың

ең бір  басты мақсаты.

        Ұлттық экономиканың өсуін мөлшерлеу үшін келесі көрсеткіштерді пайдаланады: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ).

      ЖҰӨ - елде жыл ішінде шығарылған барлық дайын өнімдер мен қызметтердің жалпы рыноктың құны. 

2.  Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері.

Экономикалық ғылымда экономикалық өсудің үш негізгі факторларының тұрпаттары бөліп көрсетіледі ұсыныс факторы және сұраныс  факторы, бөлу факторы.

      Ұсыныс  факторы деп өндіріс көлемінің өсуін жүзеге асыру мүмкіндігінің жағдайы түсініледі. Олардың құрамына енетіндер:

а) табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

ә) еңбек  ресурстарының саны мен сапасы;

б) негізгі капиталдың көлемі мен сапасы;

в) пайдаланылатын технологиялар;

ғ) ғылыми жұмыстар.

      Ұсыныс факторы экономикалық өсу үшін, әлеуетті мүмкіндіктерді көрсетеді. Шынайы экономикалық өсу өсіп келе жатқан ресурстар көлемін нақты пайдаланумен байланысты, яғни соларға сұранысты қамтамасыз етудің қажеттігі.

      Экономикалық  өсу факторларының екінші турпаты сұраныс факторы болып табылады:

а) қоғамдағы  жиынтықты табыс пен шығындардың деңгейі;

ә) табыстар мен шығындардың құрылымы;

б) қоғамдағы  еркін капиталдың болуы;

в) кредиттік  қатынастар жүйесінің дамуы;                             

ғ) тутынушылардың кредит алуының мумкіндігі.                   Факторлардың үшінші турпаты – бөлу факторы.

Мәселе, тиімді бөлу жолға қойылған жағдайда ғана, қолда бар ресурстардың үдемелі  саны өнім  көлемінің өсуіне жол  ашады.

Бөлу факторына темендегілерді жатқызуға болады:

а) өндіріс факторлары мен өндіріс ресурстарын оңтайлы орналастыру;

ә) қоғамдағы табыстарды бөлу сипаты;

б) елдің экономикалық құрылымының өзгерістері;

в) елдегі баға серпіні;

 ғ)  экономикадағы инфляциялық беталыстар.

Бөлу факторының маңызды элементтері өндіріс ауқымының бірі болып табылады.

Экономикалық  дамудың турпаттары

Экстенсивті. Өндіріс факторын молайту-яғни, өндірістің бұрынғы техникалық негіздерін сақтау кезіндегі қолданатын ресурстардың сандық көбеюі (жұмыспен қамтамасыз етудің санын көбейту, негізгі өндіріс қорларының сапасын сақтау кезіндегі инвестиция көлемінің өсуі және т. б.).

Интенсивті. Өндіріс үдерісінде өндірістің көбірек жетілген   факторларын пайдалану, сондай-ақ өндіріс әлеуетін пайдалануды жақсарту (ҒТП), шеберлікті көтеру, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту, экономиканы құрылымдық қайта құру) 

  1. Елдің экономикалық өсуінің  негізгі  көрсеткіштері.

   Елдің экономикалық өсуін сипаттайтын  негізгі көрсеткіштерді қарастырамыз. Бұрын атап өткендей, ондай көрсеткіштер – ЖІӨ, ЖҰӨ, ҰТ, сондай-ақ осы көрсеткштер  елдің тұрғындарының санына да қатысты  болып табылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір кезең уақытында оның экономикалық аумағында елдің экономикалық резидентімен шығарылған, соңғы тауарлар мен қызметтердің сомалық рыноктық құны.

      Экономикалық  ғылымда «экономикалық резидент»  түсінігінің ерекше мәні бар. Экономикалық резидент, сол елдің экономикасына жыл бойына немесе одан көбірек мерзімде өзінің экономикалық мүддесіне байланысты, оның ұлты мен азаматтығына тәуелсіз, экономикалық бірлік (кәсіпорын немесе үй шаруашылығы) болып табылады.

      Сөйтіп, ЖІӨ ні есептегенде, материалдық өндіріс пен қызмет көрсету аясындағы кәсіпорындардың өнімдерінің жиынтық кұны есептеледі (олардың ұлттық ерекшелігінен тәуелсіз), сондай-ақ сол елдің экономикалық аумағында орналасқан, үй щаруашылығының табыстары, сонымен бірге олардың мүддесі, оны қабылдаған елдің экономикасымен ұзак кезең уакыты ішінде байланысты болуы тиісті (жылдан кем емес).

      Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - өзінің қызметін жүзеге асыратын, аумақта тәуелділіктен тыс, ұлттық экономикалық бірлікпен шығарылған, барлық соңғы тауар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.

      ЖҰӨ мөлшерлеу үшін ЖІӨ көрсеткіштері  бір жағынан, сол елдің шетелден кәсіпорынмен және жеке тұлғамен алынған  пайдалары мен табыстары арасындағы айырмашылықты, екінші жағынан, сол  елде шетел кәсіпорнымен және шетел  жеке тұлғасымен алынған пайдалар мен табысты қосады.

      ЖІӨ және ЖҰӨ-нің көрсеткіштері жалпы  көрсеткіштер болып табылатындықтан негізгі капиталдық (өтелем) тұтынуынан шегерусіз есептеледі.

      Өтелім,, яғни негізгі капиталды тұтыну, оның физикалық және моральдық тозуы нәтижесінде, есептік кезең ішінде негізгі капиталдың құнының азаюын керсетеді.

      Ішкі  және ұлттық өнім теория жүзінде таза негізде, яғни негізгі капиталды  тұтынуды шегерумен анықталады. Мұндай жағдайда, елдің, экономикалық дамуын сипаттайтын тағы да екі макроэкономикалық көрсеткіш - таза ішкі өнім (ТІӨ) және таза ұлттық өнім (ТҰӨ) пайда болады.

      Ұлттық  шоттар жүйесіне (ҰШЖ) сәйкес, ЖІӨ көрсеткіштерін пайдалану ұсынылатын елдердің экономикалық дамуын бағалау үшін БҰҰ мүшелері елдерінің статистикалық органы жұмыс істеуі тиіс.

      Жалпы ішкі өнім үш негізгі әдіспен есептелуі  мүмкін:

1. Өндірістік  әдіспен - елде шығарылған, жалпы  қосымша кұн сомасы ретінде.

2.  Соңғы  пайдалану әдісімен.

3. Бөлінген  әдіспен - қоғамдағы бастапқы  табыстар сомасы ретінде.

      Жалпы ішкі өнім есеп айырысуы кезінде өндірістік әдіспен салалар немесе секторлар бойынша топтастырылған, барлық өндірістік –резиденттердің  жалпы қосымша қуны жиынтықталады.

      Шығындар  бойынша ЖЮ-нщ есеп айырысуы кезшде (соңғы пайдалану эдшмен) ЖЮ-ш пайдаланатын елдщ барлық экономикалық ағен - үй шаруашылығының, фирманың, мемлекеттщ, сондай-ақ сол елден тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын, шетел экономикалық ағенттершщ шығындары жиынтыңталады.

      Сөйтіп, біз төмендегідей формуланы аламыз:

                  ЖІӨ = С+G + I + NХ,                                

мұнда С - тауар мен қызметтерді сатып  алуға үй шаруашылығының шығындарын қосатын (тұрғын үй сатып алу шығынынан  басқа) жеке тұтыну шығыны;

      G - аппаратты, әскерді, қоғамдық  жұмыстарды қаржыландырудың мемлекеттік  шығындары;

      I – ғимараттың құрылысын, құрылыска,  жабдықтарды сатып алуға, тауарлық-материалдық  қорларды жасауға шығындарды, тұрғын  үй сатып алуға үй шаруашылығының  шығындарын қосатын жалпы жеке  инвестициялар;

      NХ  - елден тауарлар мен қызметтер  экспортының түрлілігін анықтайтын және елге әкелінетін импортты анықтайтын, шетелдегі тауар мен қызметтің таза экспорты.

      Табыстар  бойынша ЖІӨ -нің есеп айырысуы кезінде елдегі факторлық табыстардың барлық түрлері, сондай-ақ бизнеске жанама салық және өтелім аударымы жиынтықталады. 

      ЖІӨ құрамына қосылатындар:

      -   жалданған жұмысшылардың  еңбекақысы;

      - салық төлемін, жұмысшыларға және кредит берушілерге төленгеннен кейін, кәсіпорында қалатын таза пайда;

      - жеке немесе отбасы меншігінің  иелігінде қалатын,  кәсіпорынның, табыстары және жалға жұмыс істемейтін, өз бетімен жұмыс істейтін, аралас табыстар;

      -  ренталық табыс;                                                               

      -  несиелік капиталға пайыз;                                                 

      - өтелім аударымы;

       - бизнеске жанама салық (қосымша  құнға салық, сатуға салық,  монополиялық қызметке салық,  экспорттық-импорттық баж салығы).

      Ұлттық табыс (ҰТ) сол елдің экономикалық резидентінің жиынтықты табысын көрсетеді. ЖІӨ мен өтелім айырмашылығының арасындағы айырмашылық ретінде есеп айырысады.

      Келесі  экономикалық өсудің бағалық маңызды көрсеткіші атаулық және нақты ЖІӨ болып табылады.

      Атаулы  ЖІӨ іс жүзіндегі бағада (ағымдағы жылда) есеп айырысады.

Информация о работе «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені