«Жоңғар Алатауы» табиғат саяжайының табиғи ортасы компоненттерінің ауыр металдармен ластануын зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Жоңғар Алатауы мемлекеттік табиғи саябағын ұйымдастыру жұмыстары 2007 жылдан басталып, түрлі зерттеу, жобалау шаралары арқылы Қазақстан Республикасы Үкімктінің арнайы №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірде ұйымдастырылды. Қазақстандағы ірі әрі құрлысы күрделі тау жүелеріне жатады, ол солтүстікінде Балқаш-Алакөл ойысымен, оңтүстікінде Іле аңғарымен шектесіп, батыстан шығысқа қарай 450 шақырымға созылып жатыр. Оның батысында -100, ал шығысында 350 шақырымға дейінгі алқапты қамтйды. Жоңғар Алатауы – солтүстік және оңтүстік Жоңғар Алатауы деп екі тау жотасына бөлінеді. Оңтүстік Жоңғар Алатауының біраз бөлігі, яғни Саршоқы, Борохро тау жрталары Қытай аумағында орналасқан. Ал, Солтүстік Жоңғар Алатауының аумағында Қоңыртау, Желдітау, Қайрақкөл, Марқатау, Тастау, Бұлантау, т.б тау жоталары бар

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАРЫ
1.1 Республикамызда ерекше қорғауға алынған аумақтары…………………..6
1.2 Алматы обылысының ерекше қорғалатын аумақтары……………………10
1.3 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы……………………...16
1.3.1Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағының ұйымдастырылу тарихы…………………………………………………………………………….16
1.3.2 Табиғат бағының географиялық жағдайы, ауа-райы …………………..19

2. ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ – АУА, СУ, ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ
2.1 Атмосфералық ауаның құрамын және ластаушы көздер…………………24
2.1.1 Атмосфералық ауаның газдық құрамы..…..…………………………......24
2.1.2 Атмосфкралық ауаны ластаушы көздер…….……………………………31
2.1.3 Ластанған ауаның зиянды әсері……………..…………………..………..28
2.2 Судың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары…………………………………………………………………………..36
2.2.1 Судың физикалық қасиеттері……………………………………………..36
2.2.2 Судың химиялық қасиеттері………………………………………………39
2.2.3 Ауыр металдардың химиялық және физикалық қасиеттері…………….42
2.2.4 Судың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері…….47
2.3 Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері………………………………………...50
2.3.1 Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері……………………………..50
2.3.2 Топырақтың химиялық қасиеттері……………………………………….57
2.3.3 Топырақтың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері әсері ………………………………………………………………………………68

3. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІСТЕР МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАР, ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Әдістер мен қондырғылар…………………………………………………..70
3.2 Тәжірибе барысында алынған өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістемесі…………………………………………………………………………81
3.3 Алынған нәтижелер және оларды талдау …………………………………96
3.4 Қорытындылар мен ұсыныстар……………………………………………..97

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………

Работа содержит 1 файл

мейрбек диплом.docx

— 2.37 Мб (Скачать)

 Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлесьіктерді, сонымен қатар, Алакөлі аралдарындағы мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және басқа топтас құстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан республикасы Үкіметі қаулысымен құрылды. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғалатын табиғи нысандары Алакөл өңірінің және Алакөл көлінің экожүйелерінің табиғат байлықтары. Қорықтың жалпы көлемі 20743 га . қазіргі уақытта оған Тентек өзені (17423 га) мен Алакөл көлі аралдары (3320 га) кіреді. Аймақтың ауа райы қатаң континетті, жазы құрғақ және қысы суық, қары аз, желді. Мүнда әлемде екі-ақ жерде (Алакөл көлінде, Байқалөәіріндегі Зун-Торнй көлінде) кездесетін шағала қорғалады. Қорық құсқа (жылқышы, үйрек, қаз, қырғауыл, аққу, шағала, көкқұтан, т.б) бай. Аңдарлан ондатар, су тышқандары кездеседі.

Табиғат байлықтарын қорғаудың екінші сатыс- мемлекеттік ұлттық саябақтар. Мемлекеттік ұлттық саябақтардың негізгі мақсаты: табиғат қорғау шараларымен қатар, табиғатты қалпына келтіру, сақтап қалу, туризмді дамыту және экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне де ерекше көңіл бөлу. кейде арнайы рұқсат бойынша белгігі бір мөлшерде аң аулауға да жағдай джасалған.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойнша туризмді және спортты дамыту, табиғатты қалпына келтыру, жоғары білім мен тәрбие беру мақсатында 1996жылы 22 ақпанда құрылды. Ұлттық саябақ Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Түген шатқалынан бастап батыста Қарасай асына дейінгі аралықта, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқкзкқ ауданының аумағында орналасқан. Батысында Шамалған өзені мен шығысында Түрген өзендерінің аралығындағы 120 шақырым аумақты қамтиды, ал ені 30 шақырым. Оңтүстігінде қырғыз мемлекеттінің шекарасымен, солтүстігінде  Іле Алатауының етегімен шектеледі. Іле Алатауы ұлттық табиғи  саябағының қорғалатын табиғи нысандары – Іле Алатауы ның экожүйелеріндегі табиғат байлықтары. жалпы көлемі 181,6 мың га. Ұлттық саябақта өсімдіктердің 1282, жануарлардың 1500 түрлері бар. Өсімдікткрдің 36 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабыне» енгізілген сүтқоректілерден тас сусары, барыс, сілеусін, арқар, үнді жайрас, сабаншы тіршілік етеді. Құстардан бүлгіт, сақалтай, ителгі, құмай, бидайық орақтұмсық кездеседі. ұлттық саябақ өзінің табиғи ерекшеліктерімен және әсемдігімен көзге түседі.

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Іле өзенінің солтүстігінде Алматы облысындағы Памфилов, Кербұлақ аудандарының аумағында 1996 жылы ұйымдастырылған. Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қорғалатын құрғақ далалы шөлейтті оңірлердегі экожүйелерінің табиғат байлықтары. Жалпы аумағы 520 мың га. Оның құрамына Жетісу Алатауының сілемдері Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлген Қалқан, Кіші /алақан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін «Әнші тау», Аққұм-Қалқан енеді. Теңіз деңгейінен орташа алғанда 1000-1200 метр биіктікте жатқан бұл өңірдің қаңтар айының орташа температурасы -100C, жазғы жауын аз болғандықтан ыстық болады. Мұнда шағын құм да, шөп дала да, жазиралы жазық та кездеседі. Саябақта ұйір-ұйір құлан да, үрге қараған қарақұйрық та, тастан-тасқа секірген таутеке де, ай мүйізді арқар бар. Аумақта 1800-ге жуық өсімдік өседі. Соның 21 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» кірген. Мүның сыртында тау мен жазықта, шөлейтте сирек өсетіндігімен ерекшелентін 60 түрлі өсімдік бар, 150 түрлі дәрілік өсімдіктер де осы аймақта табылады. Омыртқалы аңдардың 260 түрі өмір сүреді. Бұл Қазақстандағы фаунаның 31,2 пайыз. Құстардың жылы мезгіліне келіп кететіні мен қыстан қалатынын қосса 400 түрі, 23түрлі балықтың 18-і табиғатқа бейімделген, жылынның 16 түрі, кесірткенің 8 түрі мекендейді. Саябақта өсімдіктер мен жануарлар әлемі алуан түрлі. Өсімдіктер дүниесі: балқаш сексеуілі. баяыш, шырша. Жануарлар дүниесінде сүтқоректілерден құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, таусусары, қоян, құстардан бүлкіт, тазқаора, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, балықтардан сазан, көксерке, ақмарқа, табан т.б кездеседі.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарынла 2004 жылы ұйымдастырылғын. Қорғалатын табиғи нысандары – Шарын өзені мен Шарын шатқалындағы табиғат байлықтары. Жер көлемі 93,2 мың га. Саябақ 1964 жылдан бер3 республикалық маңызы бартабиғат саябағы Үлген Бөгеті тау жотасын, Сөгеті аңғары мен шекаралас шөлді жерлерді Шарын өзені ағып Ілеге құяды. Шарын өзеніне  тау беткейлерінен басталатын Шалкөдесу, Кеген, Қарқара, Кеңсу, Темірлік т.б. ұсақ өзендер қосылады. Саябақтың ауа-райы 09р5а0 0о4ыржай6 жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм. Шарын ұлттық табиғи саябағы геологиялық ежелгі кезеңдерден сақталып келе жатқан «Қызғылт қамалдар аңғарының» кескін-келбеті өте таң қаларлық. Шарын өзенінің милион жылдар бойыжауын-шаюынан –зен а45арында ойдым-ойдым қызғылт түсті шатқалдар пайа болған. Дала осындай табиғаттағы ерекше шатқал дүние жүзінде Шарыннан басқа тек АҚШ-тағы Колорад штатында ғанакездеседі. Шарын шатқалын кейде «Қызғыт қамалдар аңғары» деп те атайды. бұл аумақтың жер бедері ерекше тілмденіп неше түрлі пішінді тік жарлар, терең жыралар құрайды. мұндай жерлерді ғылыми тілде бндленд (ағылшынша ұсқынсыз жер) деп атайды. Саябақта өсімдіктердің 940 түрі өседі, оның 60- қа жуық түрі эндемиктер. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі қорғауға алынып, Қазақстаның «Қызыл кітабына» тірген. Саябақ жануарлар түріне де өте бай. Мұнда сүтқоректілердің 60, құстардың 300, бауырымен жорғалаушылардың 20,балықтардың 10 түрі кездеседі. Сондай-ақ саябақта сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабын» тіркенген омыртқасыздардың 10 түрі және реликті Шаған тоғайы бар. Саябақ аумағынан ерте кездерде тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен жануарлардың (пілдердің, мастодонттардың, мүйзізтұмсықтардың, қорқау қасқырдың, стенон жылқысының т.б) қаңқалары табылған.

«Көлсай көлдері» Алматы қаласынан 250 шақырым жердегі Қ 
ырғызстанмен шекаралас Күнгей Алатауының тамылжыған табиғаты көрікті аймақта 2007 жылы ұйымдастырылған. «Көлсай көлднрі» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қорғалатын табиғи нысандары: таулы алқап пен көлдер жүйесінің табиғат байлықтарды. Жалпы жер аумағы 161045 га алқапты алып жатыр. Бұл ұлттық табиғи саябақтың  құрамында көркі көзтарлық , аты әйгілі Көлсай, Қайыңды, Саты, Өрікті өзендерінің бастау алар алабында орналасқан көлдермен қатар Көлсайдың үш көлі бар. Көлсай көлдері Жоғарғы Көлсай, Орта Көлсай, Төменгі Көлсай деп аталады. Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 2650 метр, Орта Көлсай 2252 метр, ал Төменгі Көлсай көлінің су айдыны басқаларына қарағанда төмен 1700 М орналасқан. Бұл көлдердің әрқайсысының тереңдігі де әртүрлі.

Көлсай көлдері Күнгей Алатауында 1887 және 1911 жыдары болған жер сілкіністерінің нәтижесінде пайда болған. Көлсай көлдерінің тамылжыған табиғатын сақтауға ерекше ықылас көрсеткен Д. А. Қонаев және А.Асқаров. Бұл көлдерге 1968 жылыЕуропадағы Чехия елінен арнайы бахтах (Форель) балығы алдырылып, жерсіндірілген. Бұл балықтың еті дәмді, өте бағалы болғандықтан кейде «патша балық» депте атайды. олар таулы өңірдің таза суларында ғана кездеседі.

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағының табиғи аумаққа кіретін жер көлемі 96330 га, орман қоры 64715 га, қалған аумағы құмды жерлерді қамтиды. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи маябағының аумағында өсімдіктердің 710- ға жуық түрі өседі. оның 12 түрі Қазақстаның «Қызыл кітабына» тіркелген. онай түрлерге күнгей боз шөбі, алтын адонисі, тянь-шань адонисі, семенов шашағы, шашақсыз жалақтұқым, бекетов неуроломасы, күмбелі қырғйшасы, жатаған түрі және т.б жатады. «Қызыл кітапқа» енген шренк шыршасы ұлттық табиғи саябақтың басты байлығы болып саналады. Бұл ұлттық табиғи саябақта жәдіктердің 740 –қа жуық түрі, бауырымен жорғалаушылардан алтай жалаңаш көзі, әртүрлі түті жылан, кәдімгі қалқантұмсық жылан кздеседі. Ұлттық табиғи саябақ аумағында құстардың 200-ге жуық түрі мекендейді. олардың біраз түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Олар: ұлар, еркежейлі бүркіт, құмай, көкқұс, орақтұмсық, ілбіс(барыс), қоңыр аю, түркістан сілеусіні, арқар, тас сусары, сабаншы т.б.

Қорта айтқанда, облыстағы әрбір қорық пен ұлттық табиғи саябақтың табиғат байлықтарын қорғауда алатын орыны ерекше. сондықтан келешек ұрпақ үшін облыс аумағындағы қорықткрмен ұлттық саябақтардың тамдықта, тәрбиелыкте мәні өте зор. Болашағына үлкен үмытпен қараған әрбір азамат табиғатты қадірлеуі, қорғауы керек.

 

 

 

1.3 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы

 

Қазақстандағы ірі, әрі құрлымы жағынан күрделі  тау жүйелелінің бірі. Ол солтүстікінде  Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстікінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге сөзіліп жатыр. Ені батысында 100 км-ден шығысында 250 км-ге жетеді. Ж.А.Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Олар өзара Коксу және Боротола өзендерінің аңғарларымен шектелген. Оңтүстік Жоңғар Алатауының Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай Халық Республикасы жерінде жатыр. Таулар күшті тілімденген, өзара үлгенді-кішілі өзен аңғарлармен жіктелген. Солтүстік Жоңғар Алатауының өімен бағыттас орналасқан аласа келген Қоңыртау, Желдітау, Қайрақкөл, Марқатау, Күнгейжота, Тастау, Бұлантау сияқты жоталары бар. Басқантаудың негізгі жотамен қиылысқан жерінде Жоңғар Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан (4464м) орналасқан. Солтүстік Жоңғар Алатауы жер бедерінің ерекшелігі – тау жоталарының кертпештеліп баспалдақ түзілуі. Тау беткейлері бірінен бірі жоғары орналасқан үш деңгейлі (1500 – 1900 м, 2000 – 3400 м, 3500 – 4300 м) баспалдақ құрайды. Төменгі сатыдағы таулар (Дауылбай, Алатай, Кеттібай, Бөрілі, т.б.) экзогендік процестер әсерінен көп мүжілған қалдық таулар. Олар өзара кең өзен аңғарларымен бөлінген. Мұнан жоғары екінші деңгейде Қайранкөл, Желдіқарағай, Бұлантау, Жабықтау, Күнгейжота, т.б. жатыр. Ал жоғарғы баспалдаққа Тастау, Басқантау, т.б. жаталы. Соңғы екі баспалдақ таулары бедерінің қалыптасуында эрозиялық әрекеттердің басымдығы байқалады. Сондықтан, өзен аңғарлары тар, кей жерлері шатқалды келген. Жоңғар Алатауының баспалдақты құрлымы тау төбесінің ұзақ уақыт бойы мүжіліп, тегістеліп тау үсті жазықтарына айналуы нәтижесінде пайда болған. Оңтүстік Жоңғар Алатауы Тоқсанбай, Бежіңтау, Тышқантау, Мұзтау жоталарынан тұрады. Қотырқайың жотасы негізгі жотаның батыс жалғасы болып есептеледі. Оның оңтүстігінде Алтынемел және Қоянтау жоталары жатыр. Қатынтау мен Долантау жоталары Іле өзеніне тіреледі. Жоңғар Алатауының жер бедері күрделі. Оның көлбеу жазыққа айналған тау етегі аридтік климаттық жағдайда қалыптасқан адырлы-төбешікті пішіндермен сипатталса, жоғары қарай нағыз таулы кешен айқындала түседі. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға алмасады. Ал 3500 м-ден жоғарыдағы тау жоталарында жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. Мұнда тауаралық кең жазықтар көп. Таудың биік жоталарын мұздықтар басып жатыр. Олардың жалпы саны 724, көп. 1120,3 км2. Ірілері: Берг мұздығы (ұзындығы 8 км), Жамбыл мұздығы (5,5 км). Мұздықтардың көпшілігі дерлік жоталардың солтүстік беткейлерінде орналасқан. Жоңғар Алатауының географиялық құрлысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмар жыныстарынан құралған. Таудың биік көтеріңкі жерлерінде палеозой граниттері кездеседі. Орта палеозойда пайда болған теңіз шөгінділері, таскөмір мен пермьде түзілген жанартаулық эффузивтер бар. Тау етегінде және тауаралық жазықтарда кайнозой шөгінділері кең таралған. Олар палеоген мен неогеннің құмтасынан, саздақтарынан және қойтас, малтатастардан түзілген. Төменгі палеозой шөгінділерінде полиметалл (Текелі, Көксу кеншілері), жанартаулық эффузивтерінде мыс және сирек металдар бар. Жоңғар Алатауының тектоникалық құрлымы да күрделі. Қатпарлы тау болып герцин орогенезінде көтерілген, мезозой мен кайнозойда, әсіресе, палеогенде бұл өңір тегістеліп, платформалық жазыққа айналған. Альпілік тау құрылуында Жоңғар Алатауның өзегі қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы блоктарға бөлшектеніп, опырықты (грабен) және горстық құрлымдар пайда болып, жаңғырған биік тау жоталары түзіледі. Мұнда жаңатектоникалық процестер әлі жалғасуда, 4-5 баллдық жер сілкінулері жиі болып тұрады. Тектоникалық жарықшақтар бойымен терең жер асты қойнауынан емдік қасиеті бар ыстық бұлақтар – арасан сулары (Қарғас, Жаркент – Арасан, Қапал, Керімағаш, т.б.) шығады.

Тау етегіндегі қуаң континенттік климат (мұнда кеңтар айының орташа темпратурасы – 12 – 140C) жоғары қарай біртіндеп ылғалды қоңыржай біртіндеп ылғалды қоңыржай климатпен алмасады. Биік тау жоталарында климат едәуір қатаң (қаңтардағы орташа температура – 190C). Жауын-шашынның жылдық түсімі де тау етегінен (400 мм) жоғары қарай артады (800 мм). Әсіресе, ылғалды ауа массасына көлбеу орналасқан солтүстік-батыс беткейде жауын-шашынның жылдық түсімі молырақ (1000 мм шамасында). Мұндағы Ебі мен Сайқын желдері 60-70м/с жылдамдықпен бірнеше тәулік бойы соғып, жанға жайсыз ауа райын туғызады. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, мол сулы өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Өзендерінің жоғарғы және орта ағысы қатты. Ірі өзендері солтүстік-батыс мен солтүстікінде (Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Басқан, т.б.). оңтүстікінде өзендер атырабы сирек. Мұндағы басты өзен – Үсек (Өсек). 500 – 600 м-ден 1200 – 1400 м-ге дейінгі тау іші жазықтарында шөлейт белдем қалыптасқан. Одан жоғары, 2000 м-ге дейін құрғақ далалық, әр түрлі шөптер және дәнді дақылдар өсетін далалық ландшафт тараған. Солтүстік Жоңғар Алатауының орта биіктік белдеуі (2400 м-ге дейін) шалғынды орман, оңтүстік Жоңғар Алатауының орта биіктік белдеуі далалық ландшафтпен сипатталады. Орманда Тянь-шань шыршасы мен самырсын ағаштары өседі. Мұнда жоғары (3200 – 3500 м) биік таулы белдеу орналасқан. Солтүстік биік таулы белдеуі шағынды-субальпілік, далалық, шалғынды-альпілік ланшафтармен сипатталады. Жоңғар Алатауы кең байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өңдіріледі.

 

 

                                                                                                         1- сурет. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы.

 

 

 

1.3.1 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағының ұйымдастырылу тарихы

 

 

Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарды ұйымдастырудағы басты мақсаты –биологиялық және ландшафтылық алуантүрлікті сақтап қалу ғылыми түрғыдан зеттеу, кейбір экожүйелерді немесе жекеленген табиғи нысандарды қалпына келтіру үшін жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, экологиялық білім мен тәрбие беруге және туризмді дамыту ерекше көңіл бөлу қажеттігі ЕҚТА туралы заңда нақты атап көрсетілген .

2010 жылы БҰҰ –ның жанындағы білім, ғылым және мәдениет жөніндегі мәселелермен шұғылданатын мекеменің (ЮНЕСКО) шешімі бойынша “Биоалуантүрлікті сақтап халқаралық жылы” деп белгіленген. Биоалуантүрлілікті сақтап қалуда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың атқаратын рөлі өте зор.

Елімізде 10 мемлекеттік табиғи саябақтар кең-байтақ өлкеміздің әртүрлі аймақтарында ұйымдастырылған болатын. Енді оған жаңадан 2010 жылдың 30 сәуірінде 11- ші болып Жетісу (Жоңғар) Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы қосылып отыр.

Ерекше ескерте  кететін жағдай –жаңадан ұйымдастырылған мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтың атауы орысша баспа беттерінде Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы деген атаумен беріліп кеткен. Мұның өзі еліміздің тарихында және ұлттық тілімізге деген салғыттығымызды аңғартып отыр. Шын мәнінде, бұл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтың атауы Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағы деп аталуы тиыс. Өйткені, бұл табиғи саябақ орналасқан аумақ ежелден жер жаннаты Жетісу өңірінде орналасқан және бұрынғы солақай саясаттың кесірінен Жетісу өңіріндегі Алатау «Жоңғар Алатауы» деп қате аталып кеткен. Еліміз егемендік алғаннан кейін шыққан тауелсіз елдігіміздің бір белгісі ретінде 1998-2006 жылыдағы шыққан Қазақстан Ұлттық эциклопедиясының 2001 жылғы жарық көрген 3- томының 681-682 беттерінде тасқа таңба басқандай Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы емес) деп нақты атап көрсетілген [3]. Бұл жөнінде арнайы шығарылғыа «Жетісу» энциклопедиясында да (2004) Жетісу Алатауы деп берілген [4]. Сондықтанда жаңадан ұйымдастырылған мемлекеттік ұлттық табиғи саябақты Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы деп атау қажет. Өйткені соңғы жылдары шығып жатқан ғылыми басылмдардың қазақша әрі орысша нұсқаларында да Жетісу Алатауы деп аталып жұр. “На югранин Алакольской впадины расположена горная система Жетысуского (Джунгарского Алатау...)”.

Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын ұйымдастыру жұмыстары 2007 жылдан басталып, түрлі зерттеу, жобалау шаралары арқылы Қазақстан Республикасы Үкімктінің арнайы №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірде ұйымдастырылды. Бұл табиғи саябақты ұйымдастырудағы басты мақсат – Жетісу Алатауының орталық аймағының солтүстік тау беткейлерінің экожүйсін сақтап қалу, ғылыми-зерттку жұмыстарын жургізу мен өзкерген экожүйені қапына клтіру болып отыр. Бұл арада ғаламдық мәні зор қазіргі кезде дүниежұзіне таралған мәдени алма ірітемелерінің бастапқы кенофонды болып есептелінетін жабайы түріде өсетін әрі Жетісу және Іле Алатау өңірлерінде ғана сақталған сиверс алмасын сақтап қалу. Сонымен қатар, жайылып кету қаупы төнген және сирек кездесетін жетісу аяқтыбалығы (жетісу бақатісі), қара дегелек, лашын, бүркіт, әсем шымшық, ілбіс, қызыл қасқыр, арқар, қоңыр аю, сілеусін, кәмшат, сабаншы, шыбар күзен, ақтөс сусары және т.б жануарларды қорғау.

Жетісу аяқтыбалығы – Жетісу Алатауының өзендерінде ғана кездесетін құйрықты қосмекенді. Ол дүние жүзінің басқа ешбір оңірінде кездеспейді. Сондықтан да, ол халқаралық табиғат қорғау одағының (МСОП) Қызыл кітабына тіркелген және ғылыми тұрғыдан әлі толық зерттелмеген ендемик түр.

Жетісу Алатауы Қазақстандағы ірі әрі құрлысы күрделі тау жүелерінің бірі. Ол солтүстікінде Балқаш-Алакөл ойысымен, оңтүстікінде Іле аңғарымен шектесіп, батыстан шығысқа қарай 450 шақырымға созылып жатыр. Оның батысында -100, ал шығысында 350 шақырымға дейінгі алқапты қамтйды. Жетісу Алатауы – солтүстік және оңтүстік Жетісу Алатауы деп екі тау жотасына бөлінеді. Оңтүстік Жетісу Алатауының біраз бөлігі, яғни Саршоқы, Борохро тау жрталары Қытай аумағында орналасқан. Ал, Солтүстік Жетісу Алатауының аумағында Қоңыртау, Желдітау, Қайрақкөл, Марқатау, Тастау, Бұлантау, т.б тау жоталары бар.

Информация о работе «Жоңғар Алатауы» табиғат саяжайының табиғи ортасы компоненттерінің ауыр металдармен ластануын зерттеу