«Жоңғар Алатауы» табиғат саяжайының табиғи ортасы компоненттерінің ауыр металдармен ластануын зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 21:50, дипломная работа

Описание работы

Жоңғар Алатауы мемлекеттік табиғи саябағын ұйымдастыру жұмыстары 2007 жылдан басталып, түрлі зерттеу, жобалау шаралары арқылы Қазақстан Республикасы Үкімктінің арнайы №370 қаулысы бойынша 2010 жылы 30 сәуірде ұйымдастырылды. Қазақстандағы ірі әрі құрлысы күрделі тау жүелеріне жатады, ол солтүстікінде Балқаш-Алакөл ойысымен, оңтүстікінде Іле аңғарымен шектесіп, батыстан шығысқа қарай 450 шақырымға созылып жатыр. Оның батысында -100, ал шығысында 350 шақырымға дейінгі алқапты қамтйды. Жоңғар Алатауы – солтүстік және оңтүстік Жоңғар Алатауы деп екі тау жотасына бөлінеді. Оңтүстік Жоңғар Алатауының біраз бөлігі, яғни Саршоқы, Борохро тау жрталары Қытай аумағында орналасқан. Ал, Солтүстік Жоңғар Алатауының аумағында Қоңыртау, Желдітау, Қайрақкөл, Марқатау, Тастау, Бұлантау, т.б тау жоталары бар

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАРЫ
1.1 Республикамызда ерекше қорғауға алынған аумақтары…………………..6
1.2 Алматы обылысының ерекше қорғалатын аумақтары……………………10
1.3 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы……………………...16
1.3.1Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат бағының ұйымдастырылу тарихы…………………………………………………………………………….16
1.3.2 Табиғат бағының географиялық жағдайы, ауа-райы …………………..19

2. ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ – АУА, СУ, ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ
2.1 Атмосфералық ауаның құрамын және ластаушы көздер…………………24
2.1.1 Атмосфералық ауаның газдық құрамы..…..…………………………......24
2.1.2 Атмосфкралық ауаны ластаушы көздер…….……………………………31
2.1.3 Ластанған ауаның зиянды әсері……………..…………………..………..28
2.2 Судың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары…………………………………………………………………………..36
2.2.1 Судың физикалық қасиеттері……………………………………………..36
2.2.2 Судың химиялық қасиеттері………………………………………………39
2.2.3 Ауыр металдардың химиялық және физикалық қасиеттері…………….42
2.2.4 Судың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері…….47
2.3 Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері асері………………………………………...50
2.3.1 Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері……………………………..50
2.3.2 Топырақтың химиялық қасиеттері……………………………………….57
2.3.3 Топырақтың ауыр металдармен ластану жолдары және оның кері әсері ………………………………………………………………………………68

3. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІСТЕР МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАР, ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Әдістер мен қондырғылар…………………………………………………..70
3.2 Тәжірибе барысында алынған өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістемесі…………………………………………………………………………81
3.3 Алынған нәтижелер және оларды талдау …………………………………96
3.4 Қорытындылар мен ұсыныстар……………………………………………..97

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………

Работа содержит 1 файл

мейрбек диплом.docx

— 2.37 Мб (Скачать)

Жетісу Алатауының ең биік Бесбақан шыңінің биіктігі -4464 метр. Жетісу Алатауы біктікге көтерілген сайын бір-бінен айқын бөлінетін ұш деңкейге бөлінеді. төменгі деңгейі 1500-1900 метыр бйіктікті, ортаңғы деңкейі 2000-3400 метыр биіктікті,ал жоғарғы деңкейі 3500-4300 метр биктік алқапта орналасқан. Мұндаңы әрбір деңкейдің өзіне тән экожүйелері бар. Жетісу Алатауынан бастау алатын өзендер- Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Басқан, Өсек және т.б.

Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы –(2010)БҰҰ белгілеген биоалуантүрлілікті қорғаудың халқаралық жылындағы елімізде ұйымдастырып отырған бірден-бір ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Бұл табиғи саябақ жер көлемінің ауқымдылығы жөнінен Қатонқарағай табиғи саябағынан кейінгі екіші орында тұр.

Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы әкімшілік тұрғыдан алғанда Аламаты облысының Ақсу, Сарқанты және Алакөл аудандарының аумағында орналасқан.

Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы жабайы жеміс- жйдек өсімдік түрлеріне де бай аймақ. Мысалы, сиверс алмасы, кәдімгі жабайы өрік, ірі жемісті бөрі қарақат, тяь-шань шиесі, альберті итмұрыны, мейер қарақаты т.б. Табиғи саябақ аумағы, негізінен, таулы алқаптың агробиоалуантүрлілігі шоғырланған ерекше құнды экожүйе болып есепиелінеді. Мұндағы жабайы сиверс алмасы өте бағалы әлемдік мәні зор бірден –бір генетикалық қор болып саналады. Табиғи саябақ аумағындағы жабайы сиверс алмасы саябақтың жапы жер көлемінің 1,05 пайыз аумағын қамтиды.

Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында өсімдіктердің 2168 түрі анықталған, оның 76 түрі тек осы өңірде ғана өсетін эндемик түрге жатады.

Жетісу Алатауы жалпы еліміздегі жануарлар дүниесіне де Алтай тауларынан кейінгі орынды иеленетін бай өлке. Жетісу Алатауында зеріттелген деректер бойынша балықтың -2, қосмекенділердің -2, жорғалаушылардың -8, құстардың -238 дей, сүтқоректілердің 52 түрі кездеседі. Келешектегі ғылыми зерттеулер бұл деректерді толықтыра түсетіні сөзсіз.

Әр ел табиғатты  және оның байлықтарын сақтап қалуы, қорғау мәселелері арқылы өзінің рухани мәдениетінің жоғарға екендігін айқындай түседі. Мұндай мәселелер жөнінен біздің елімізде де қырыуар шаралар қолға алынып жатқандығы ЕҚТА ұйымдастыру жұмысынан айқын байқауға болады.

 

 

1.3.2 Табиғат бағының географиялық жағдайы, ауа-райы 

 

Қазакстан жерінде Жоңғар Алатауы  солтүстікте Алакөл қазаншұңқыры мен  өңтүстікте Іле өзені аңғары аралығында ендік бағытта жатыр. Оның жалпы  ұзындығы 450 км-ге дейін созылады, ені 100-250 км.  Жоңғар Алатауының басты тау жлталары 400 м жоғары. Олар қар сызығынан жоғарырақ орналасып, мәңгы қар және мұздықтармен көмкерілген. Жоғары қарлы тізбектен батысқа, оңтүстік-батысқа және солтүстік-батысқа қарай орта биіктікті сілемдер таралады. Жоңғар Алатауының басты жоталары батыста Көксу өзенінің, шығыста Боротала өзендерінің аңғарларымен бөлінген, оның өзі қатар жатқан екі жотадан құралады. Олар: солтүстік орталық жота және Оңтүстік орталық жота деп аталады. Көксу мен Боротала өзендері басталатын жерде екі бас жота өзара түйісіп, үлген тау торабын құрайды. Ол Көкжота деп аталады. Көкжота бүкіл Жоңғар тау жүйесінің ең биік жері. Солтүстік бас жотаның ең биік нүктесі Сарқантау (4575м), ал Оңтүстік бас жотаның ең биік нүктесі Тышқантау (5060м) [1]. Солтүстік орталық жота Көкжота тау торабынан шығысқа қарай бірте-бірте төмендеп, әр жерде көтеріңкі бастар бар тау қыраттарына айналады. Солтүстік бас жотадан солтүстік-шығысқа қарай бір-бірінен аңғарлармен бөлінген тау алды жоталар жатыр. Олар: Тастау, Күнгей, Жабық. Жоталардың төбелері тегіс және онша тілімденбеген. Осы тауларды жобаларымен солтүстік бас жотасының шығыс беткейлері Алакөл ойысының батыс шетін қуалай жатқан тектоникалық үлген жарыққа байланысты едәуір көтеріліп, Алакөл қазаншұңқырларына тік жар болып тіреледі. Солтүстік бас жотаның солтүстік беткейлерінің көлбеу келуінен рельефі жазықтау болады. Бас жотаның солтүстік беткейінің неғұрлым жіңішке жері Сарқантау массиві меридиан бойымен орналасқан. Осы жерден шығыс және батысқа қарай жота кеңейе түседі де, жотаның суайырығынан тауалдына қарай рельефтің сатыланып төмендеуі анық байқала бастайды.

Бірінші сатыға бас жотаға бірдей жанасып жатқан 2800-3000 м биіктіктегі  Тастау, Ақанжайлау, Суықжайлау, Қотыртас массивтері және Мыңшұңқыр жоталары жатады. Олардың ішінде ең ірілері  Лепсі селосы тұсындағы Ойжайлау қазаншұңқырлары. Екінші сатыға биіктігі 2000 м–ге жуық Ойжайлау қазаншұңқырынан  солтүстікке қарай орналасқан Күнгей, Суықтау, Ешкіөлмес, Қарашоқы, Желдіқарағай тау массивтері жатады. Үшінші сатыға биіктіктері 1500-1600 м-ге жететін Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл, Қырықкөл тау алды массивтері жатады. Солтүстік-шығыста біраз оқшау орналасқан аласалау Текелі мен Сайқан массивтері, ал солтүстік-батысқа Қоңыртау және Балқаш бойындағы шөлге терең еніп жатқан Үшкөл жотасы бар.

Жоңғар Алатауының солтүстік бас  жотасы батыста қолдың саласындай тұс-тұсқа  тарап кетеді. Бұл жерден батысқа  және солтүстік-батысқа қарай Баянжүрек, Қойтас және Сарынқай таулалды жоталары кетеді. Одан әрі олар Алтуайт, Көкшиелі, Малайсары және басқа жоталарға  бөлшектеліп аласарады да, Іле  өзендерінің аңғарына дейін барады.

Жоңғар Алатауының рельефіне әртүрлі  биіктікте ораласқан және батысқа  қарай еңіс болып келетін тегістелген  жер бедері тән. Олар тау жүйесінің  сыртқы беткейлеріне баспалдақтәріздес  пішін береді. Жалпақ тегіс жер  бедері биік тауларда да байқалады, онда олар қар сызығынан жоғары орналасады (С.В.Калесник, С.С.Ларк және М.М.Юдичев мәліметтері бойынша). 3000-4000 м және одан биіктегі жақсы сақталған тегіс  жер бедері, тау жотасының әлі  жас екенін білдіреді. Ұзыннан созылған тегістіктердегі жарықтар жер сілкінуінің  нәтижесінде пайда болған. Жоңғар Алатауының Солтүстік орталық жотасы 6 – 8 баллдық сейсмикалық аймаққа  жатады. Ең күшті жер сілкінулер аймақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде  жиі байқалады. Сонымен қатар, Жоңғар Алатауының сейсмикалық аймақтарына  негізінен аласа таулы, тау етегі  және тауаралық жазықтар жатады. Биік таулы және орташа таулы аймақтардың  рельефіндегі айырмашылық айқын  байқалады, олардың кей жері интрузивтік  жыныстардан, эффузивті және шөгінді  жыныстардан тұратын аймақтар тау  жазықтықтарының кең таралуымен, күрделі сілемдерден, терең және күрт бөлшектенумен ерекшеленеді. Аласа  таулар және тау етегі қалың құмдық сазды топырақпен жабылған. Саз балшық қалың болмаған жағдайда көшкін және суффозиялық пішін пайда болады.

Оңтүстік орталық жотаның да рельефі сатылы болып келеді. Бірақ  Солтүстік бас жотаның солтүстік  беткейіне қарағанда оның оңтүстік беткейлері анағұрлым тік және күшті  тілімденген. Жоңғар Алатауының оңтүстік бас жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан  құралады. Оңтүстік бас жотаның басты  бөлігі де желпуіш тәрізді тараған. Одан батысқа және оңтүстік батысқа  қарай Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тауалды жоталары мен  Долантау, Қату – тау, Қалқан тауалды  массивтері орналасқан. Бұлардың бәрі Іле өзені аңғарына жақындап келеді. Батысқа қарай жатқан тауалды  жоталарының бірсыпырасы Көксу, Қаратау, Алтынемел, Қоңырөлең аңғарларымен бөлініп жатады. Жоңғар Алатауының оңтүстік беткейінде борпылдақ жыныстар жамылғысы жоқ, сондықтан геологиялық  құрылымында рельфтік сипаттар мен  ландшафтық ерекшеліктер анық байқалады. Мысалы, Қату – тау, Қалқан тауларында (оңтүстік беткейдің алдыңғы жоталарының  бірі) пермь дәірінің қатты конглемераттарына  рельфтің тегістелген пішіні тән, ал перьм және жоғарғы карбонның  туфогенді және туфогенді – шөгінді  жынысты құрғақ далалық тауалды  жазықтықтары қатты бөлшектенген. Неоген жынысының балшықты болып келуі  рельфтің күшті бөлшектенуіне алып келеді және тау етегінде балшықты карст тәрізді пішіндерді қалыптастырады.

Жоңғар Алатауының күмбез – кесекті  көтерілімдердің батыс шетіне қима бойынша Алматы және Семей теміржол бағыты бойынша қайтадан геодезиялық  зерттеулер жүргізілді.Бұл зерттеулер осы жерле қазіргі тектоникалық қозғалыстардың максималды жылдамдығы жылына 125 мм–ге жеткенін көрсетеді (финько, 1695). Территоия 6-8 баллдық сейсмикалық  аймаққа кіреді, ал ең күшті сейсмикалық  аймаққа шығыс аудандар жатады. Жоңғар Алатауының бас жоталарының суайрықтары  қазірі мұз басу мен ертедегі мұз  басудың ізі бар нағыз альпіліқ рельефсипатында. Өзендердің қоректену  көзі болып бөлініп орналасқан. Олардың  көпшілігі Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, Сарқан, Қаратал, Хоргос өзендері бастауында жатыр. Төрттік дауірде қайта  жаңарған Жоңғардың өзен торы өлкенің  таулы бөлігінде күшті тарамдалған. Барлық өзендердің жоғарғы және орта ағыстарында ағысы өте жылдам болғандықтан, бұзушылық әрегеті  күшті. Жоңғар Алатауының солтүстік-батысы мен солтүстігінде Балқаш көлі бассейніне жататын оның бірнеше ірі өзендерді  ағып жатыр. Олар: Көксу, Қаратал, Ақсу, Биен, Сарқан, Лепсі. Ал Тентек өзені  Сасықкөл бассейніне жатады. Шығыс  беткейдің өзендері көп емес. Сондай-ақ Жоңғар Алатауының оңтүстігі де өзен торларына кедей, бұл жердегі  өзендерден Іле өзеніне құятын Хоргос, Өсек және Ілеге жетпей қалатын Бороходзир өзендерін атауға болады.

Жоңғар Алатауының климатының қалыптасуына полярлық ауа массалары басты  орын алады. Сонымен қатар қыста  арктикалық ауа массалары, жазда  солтүстік-батыстан келетін ауа  және континенттік тропиктік тұран  ауа массалары әсер етеді. Жоңғар Алатауының жергңлікті муссон типіндегі  таулы ауа массасы негізінен  солтүстік полярлық және оңтүстік тропиктік  ауа массаларынан қалыптасқандықтан, оның климаты Алтай мен Тян-Шаньның  арасындағы тау климатының өтпклі типіне жатады. Жоңғар Алатауының климаты  таулы және биік таулы қоңыржай континентті. Аласа және орташа тау жоталарында  қыс қоңыржай суық, жазы қоңыржай жылы. Ал биік тау жоаларында қыс қатты, жазы салқын болып келеді. Тау етегінде жылына түсетін жауын–шашын шашын 300 мм-ден биік тауларда 800 мм-ге дейын  өзгереді. Жоңғар Алатауының аласа  таулы солтүстік беткейінің климатың сипаттау үшін Лепсі метостанциясының мәліметтерін алуға болады (абсолюттік биіктігі – 1011 м). Мұндағы қаңтардың орташа температурасы – 19,10C, ал шілде айында +16,80C, жылдық орта минимумдық ауа температурасы – 410C. 100C-тан жоғары ауа температурасының жиынтығы 19250C, осы температура ұзақтығы 132 күн, аязсыз күндер 85 күнге созылады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 532 мм. Қыс айларында бұл жерлердеқар көшгіні орын алады, ол тауаралық аймақтарды игеруі үшін салынытын жолдар мен ауылдар құрылысына кедергі келтіреді. 2600-2800 м биіктікте маңгі қар аймағы таралған. Жонңғар Алатауының Оңтүстік орталық жотасы негізінен дала зонасына, тау етегі шөлейтті және оңтүстігі ылғалдылығы мүлде аз шөлді аймаққа жатады. 100C-тан жоғар ауа температурасының жиынтығы оңтүстік тау етегінде 34000C-ға дейін және жоғары тау белдеуінде 22000C-ға дейін өзгереді. Провинцияның оңтүстік бөлігі батысқа қарағанда көп жылыуалады. Солтүстік-батыстағы тау етегінен420 м биіктікте орналасқан Қаратал метеостанциясының мәліметтері бойынша, жылдың жағымды температурасының жиынтығы35870C құрайды. Ал бұл кезеңде, провинцияның оңтүстігіндегі Жаркетте, метеостанция220 м биіктікте орналасқанына қарамастан, аталған жиынтық 39580C-қа дейін көтеріледі. Жаркентте қаңтардың орташа температурасы 5,10C-қа, ал жылдық температура -2,80C-қа жоғары. Оңтүстік тау етегінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-ден 400 мм-ге өзгереді, ал аласа тауларда оған қарағанда көбірек жауын-шашын түседі. Жоңғар Алатауы шөл зонада жатыр. Жалпы сипаты жағынан оның өсімдіктері Алтай мен Тянь-Шаньның арасындығы өтпелі жағдайда. Солтүстікте дала және орманды-шалғынды белдеулерде Сібір, Алтай және жалпы өсімдіктердің борелды түрлеріне дат жоңышқасы, тобылғы, қазтабан, беде, май қарағай таралған. Биік таулы белдеуде дриад, кляйтона т.б. өседі. Оңтүстікте оңтүстік түркістан түрлері кең таралған, әсіресе түркістан аршасы, шренк шыршасы карелин және альтман ырғайы, тянь-шаньның регнериясы үлкен орын алады. Тау жүйесінің әр бөлігінде ландшафтың биіктік зоналдылығы әртүрлі болып келеді, ол негізінен тау беткейлкрінің ерекшелігі мен бедеріне, тербелістер мен кедергілерге байланысты. Бұдан әрі Н.И.Ррубцов, Т.С.Тихонов және басқалардың малыметтеріне сәйкес биіктік зоналдылығы туралы жалпы мағлұмат беріледі. Тау –дала аймағы 500-1500 м биіктіктікте орналасқан. Оның төменгі белдеуі (500-800 м) тау етегінде аласа тауда жуанды-бетегелі шөлейттеген дала таралған. Орта белдеуінде (800-1200 м) аласа таулы боз және бетегелібоз даласы ал жоғарғы белдеуі (1200-1500 м) шалғынды әртүрлі астық тектес өсімдікті далаға айналады. Бұл жоғарғы, орташа таулы белдеудеалма ағашынан, теректен тұратын тоғайлар, бұталар мен долана жемісті ағаштарынын тұратын сирек ормандар пайда болады. Мүмкін бұл белдеуді орташа таулы биіктік аймағындағы ерекше орманды дала деп қарастыру керек шығар. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі орта таулы аймағынан жоғарырақ тау орман-шалғынды өсімдіктерден тұратын өзіндік орманды-шалғын аймағы таралған. Мұнда тянь-шань шыршасынан тұратын сирек орман дамыған, сонымен қатар қалың шыршалы аймақтар да кездеседі. Тянь-шань шырсасына сібір май май қарағайы араласады. Шыршалы сирек орманмен ауысып отыратын шалғынды дала ормунды дала қара топырағымен ұштасады, ормандар Тянь-Шаньдағы шыршалы орман топырағына ұқсас ерекше орманды қара түсті топырақты болып келеді. Жоңғар Алатауының орта таулы беткейлерінде тау терек, терек, қайың, шетен, жидегінен, мойылдан және жабайы жеміс ағаштарынан тұратын жапырақты ормандар кең таралған. Солтүстік беткейде 2400 м, ал оңтүстік беткейде 2600 м биіктікте орналасқан Жоғңар Алатауының негізгі жоталарының тармақтарында таулы-орман зонасы яғни, биік таулы шалғындармен жабылған, ол жазық жайылым ретінде пайдаланылады. Мұнда кәдімгі тау-шалғындық және әлсіз шымтезекті топырақ (альпіліқ белдеуде) таралған. Субальпі бердеуіндегі түрлі шөптесін астық тектес шалғындар, оның ішінде қазоты, түлгішөп т. б арасында бетегелі және бұршақты далалар да кездеседі. Альпіліқ белдеудің төменгі белдеуінде астық тектес өсімдіктер мен түрлі шөпті шалғындар (ксерофиттік астық тұқымдастар және альпіліқ шөптесіндер), жоғары белдеуде астық тұқымдас өсімдіктер таралған. Негізгі жоталардың ең биік тармақтарына гляциальды-нивальды биіктік зонасының ландшафттары тән, ол солтүстік беткейлерде 2300-3300 м, ал оңтүстік беткейлерде 3500-3800 м биіктікте орналасса, ал кейбір жерлерде гляциальды лаңдшафттар төмен орналасқан. Оңтүстік беткейдегі тауалды шөлейтті және шөл зоналары 1000-1250 м биіктікте орналасқан. Одан жоғары қарай (1300 1400 м)тауалды аласа таулы (шөлденген дала) шөлейтті дала таралған, онда жусан, бетеге және селеу көп кездеседі. Одан жоғары қарай, таулы-далалы белдеу орналасқан, ол екі аймаққа бөлінеді – құрғақ жоңышқалы дала (1600-1700 м) және одан жоғары (1800-2000 м) жусанды, бетегелі дала. Оңтүстікте дала аздап шалғынды дала түріне енеді. Оның жоғарғы шеті біртіндеп субальпі, альпі белдеулеріне жалғасып кетеді. Субальпі белдеуі 2200-2400 м биіктіктен басталады. Онда манжетқа, қазтамақ шалғындары жене арша өседі. Оңтүстігінде бетеге және әртүрлі шөпті, дақылды шалғынды дала басым. Субальпі белдеуі жоғарғы жағында альпі белдеуіне ауысады. Онда алтай қоғажайы, тасжарған, қоңырбас, альпі көкнәрі басым. Тау етегінде бидай, дәрілік және қант қызылшасының суармалы егістігі орналасқан, бау-бақша шаруашылығы дамыған, жеміс-жидек қоймасы бар. Бау-бақша шаруашылығын одан әрі дамыту тиімді, тіпті жүзім шаруашылығын да қолға алуға болады. Жер шаруашылығы ет-сүт өнімі өндірісімен қоса жүреді. Шөлейтті және таулы жайылымдарда етті-жүнді (биязы) қой шаруашылығы, етті-сүтті және етті мал шаруашылығы және табындық жылқы шаруашылығы жақсы дамыған. Жоңғар Алатауының жануарлар дүниесі ұрамы әртүрлі. Мұнда солтүстік Алтай түрлерімен бірге оңтүстік Тян-Шань түрлері де араласкеліп отырады. Қиыр оңтүстігінде африка, үндістан түрлері кездеседі. Шөп және дала белдеулерінде оның айналасындағы жазықтардың жануарлары таралған: толай қояны, ұзын құрықты сарышұнақ, аламан, борсық, т. б. Орманды-шалғынды белднулерде қоңыр аю, сілеусін, ақ қоян, қасқыр, түлгі мекендейді. Биік тауларда жабайы тау ешкі, арқар, сұр суыр, шақылдақ қызыл қасқыр кездеседі. Орманды-шалғынды белдеуде үш саусақты тоқылдақ, шырша торғайы, қайың жапалағы, биік таулы белдеулерде қарабауыр ұлар, Орталық Азияның ұзақ қарғалары да бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ – АУА, СУ, ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ

 

 

2.1 Атмосфералық ауаның құрамын және ластаушы көздер

 

 

2.1.1 Атмосфералық ауаның газдық құрамы

 

Жер атмосферасы (грекше: "аtmos" - "бу" және "sphaira" - "шар") - Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп - Жерді онымен біргс айнала жүріп, оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 10 тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін камтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді. Атмосфераны зерттеуші мамандардың пікірінше ол Жер бетінен қашықтаған сайын түрлі температурадағы бірнеше аймақтардан тұрады.

Атмосфсраның  құрылысы  бірнеше  қабат кұрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады.

Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты тропосфера деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі 10-12 км, экваторда 16-18км, полюстерде 7-10км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км – ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озопнның көп бөлігі осы қабатта жинақталған, озон - Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.

Стратосфсрадан кейін 50 км биіктікте мезосфера кабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі карай төмендеп, 80 км биіктікте 70°С-қа түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура +1600° жетеді. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, кысым төмендейді. Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км кашықтықта экзосфера орналасқан.

Атмосфера биогеоценоздың компоненті ретінде топырақ бетіндегі,    топырақтагы    және топырак қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды. Атмосфералық ауа - түрлі газдардың қоспасы. Оның кұрамында 78,08% азот, 20,9% оттегі, 0,93% аргон, 0,03% көміркышқыл газы бар. Ал қалған 1% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б. газдардың үлесіне тиеді.

Жер бетінде оттексіз тіршілік жоқ. Ол жасыл өсімдік- тердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі. Өсімдіктер су мен көмірқышқылынан фотосинтез процесі кезінде оттекті бөледі. Ал басқа барлық тірі организмдер оттекті тек пайдаланушылар болып есептеледі. Көмірқышкыл газы атмосфераға тірі организмдердіц тыныс алуы, отын түрлерінің жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шіруі кезінде бөлінеді. Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюі адам мен жануарлар организміне зиянды эсер етеді.

Табиғат үшін атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әртүрлі. Ол, біріншіден, фотосинтез үшін көмірқышқыл газының және тыныс алу үшін оттектің көзі. Ол тірі организмдерді космостық сәулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды, климатты реттейді, зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін қабылдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзілетін және басқа да метеорологиялық процестер жүретін орын, ұшатын организмдер үшін тіршілік ортасы болып саналады, топырақтың кұнарлылығына әсер етеді, т.с.с.

Ғалымдардың пікірінше, қазіргі заманғы атмосфераның шығу тек екінші реттік және ол Жердің қатты қабықшасынан планета түзілгенннен кейін бөлінген газдардан түзілген. Жердің геологиялық тарихы барысында Жердің атмосферасы 
түрлі факторлар : атмосфералық газдардың космос кеңістігіне бөлінуі, вулкандардың әрекетінен газдардың болінуі, күнніц ультракүлгін сэулелері эсерінен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттері мен жер қабығының жыныстары арасындағы химиялык реакциялар нәтижесінде бөлінетін газдар әсерінен үлкен эволюцияны басынан кешірді.

Атмосфераның дамуы геологиялық және геохимиялық процестермен, сол сияқты тірі организмдердің тіршілік әрекеттерімен тығыз байланысты. Атмосфера Жердің беткі қабатын онығ қалың қабаттарына өту кезінде көпшілігі жанып кететін метеориттердің зиянды әсерлерінен сақтап тұрады.

Атмосфераның құрамының қалыптасуына үлкен әсер ететін тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өз кезегінде осы атмосфералык жағдайларға тікелей байланысты. Атмосфера тірі организмдерге зиянды әсер ететін Күннің ультракүлгін сәулелерінің көп бөлігін ұстап қалады. Атмосфералық оттегі өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу процесіне катысса, ал көмір қышқылы - өсімдіктердің  қоректенуінс  катысады. Климаттық факторлар, әсіресе, жылу режимдері мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тіршілік кызметіне әсер етеді. Сонымен қатар адамның тіршілік әрекеті атмосфераның 
құрамы мен климатқа үлкен әсер етеді. Планетада оттегі тірі заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкіл массасын 2 мың жылда тірі организмдер сіңірсе, көмірқышкылын - 300-395 жылда сіңіреді.

Жер атмосферасының газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның атмосфсрасы негізінсн сутек пен гелийден, Марс пен Виераның атмосферасы - көмір кышқылынан тұрса, Жердің атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол сияқты аз мөлшерде аргон, көмірқышқыл газы, неон және басқа тұрақты, ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыспалы компоненті - су буы. Су буының негізгі массасы тропосферада, өйткені жоғарылаған сайын оның концентрациясы азая береді.

Информация о работе «Жоңғар Алатауы» табиғат саяжайының табиғи ортасы компоненттерінің ауыр металдармен ластануын зерттеу