Ақпараттық технология

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:25, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе

І тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың ақпараттық технологиясы

Ақпараттық технология туралы түсінік

Оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгеру

ІІ тарау. Оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық технологияны енгізудің маңыздылығы

2.1. Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның тиімділігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Мазмұны.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

оларды  негіздей алады.

Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын  ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыруда бірден-бір құрал — компьютер. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны  мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

- оқу үрдісін дербестендіру.  Мәселен, компьютер  оқытуды нақты  бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- нақты әрекетке  негізделген кері  байланысты қамтамасыз  етеді. Мәселен,  компьютер арқылы  әрбір оқушы өзінің  білімін бақылауға,  тексеруге және  бағалауға мүмкіндік  алады;

- материалды меңгеру  жылдамдығын арттыруға болады.

Ақпараттық  технологияны қолдану  арқылы оқыту:

- жаңа ақпараттық  технологияны қолдану  арқылы бiлiмнiң  сапасын көтеру;

- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық  ресурстарға жедел  ену;

- мультимедиялық  электрондық оқулықтарды,  виртуальдық лабораторияларды  және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

- бiлiм берудiң  телекоммуникациялық  желiлерiн құру;

Енді  оқытудың ақпараттық технологияларының  мәнін ашып көрсетейік.

1. Компьютерлік және  ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа  электронды есептеуіш  техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылың ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

2. Оқу үрдісінде  компьютерді пайдалану  оқушылардың өзіндік  жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.

Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл бағытта арнайы компьютерлік және дыбыстық, бейне  аппаратуралармен жабдықталған “Электрондық оқулықтар  және Web-сайттар жасау  керек.

Электрондық оқулықты құрастырған  кезде оның мәтiндiк  ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

1.Материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.

2.Материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.

3.Өзiндiк  тексерудiң (өзiндiк  бақылаудың) тестiлiк  жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына  және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына  игi әсерiн тигiзедi.

Электронды  оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.

Электронды  оқулықтың жетістіктері мыналар болып  табылады:

- шұғыл кері байланысты  қамтамасыз етеді;

- дәстүрлі оқулықта  көп іздеуді қажет  ететін тиісті  ақпаратты тез  табуға көмектеседі;

- гипермәтінді түсіндірмелерді  бірнеше рет қарап  шығу барысында  уақытты анағұрлым  үнемдеуге мүмкіндік  береді;

- қысқа мәтіндермен  қатар көрсетеді,  әңгімелейді, жобалайды,  т.с.с. (мультимедиа-технологияның  мүмкіндігі мен  артықшылығы тура  осы жерде көрінеді);

- әрбір студентке  дербестік тұрғыдан  қатынас жасауға  мүмкіндік беріп,  олардың өз бетінше  білім алуын қамтамасыз  етеді;

-  белгілі бір бөлім  бойынша білімді  тексеруге мүмкіндік  туады.

Электронды  оқулықтар оқушылардың:

- бiлiм деңгейiн  тереңдетуге;

- ауызекi тiлде сөйлей  бiлу дағдыларын  қалыптастыруға;

- өз бетiнше iздену  қабiлетiн қалыптастыруға;

- ойларын дамытуға;

- студенттердiң сөздiк  қорының молаюына;

- тiлдi үйренуге деген  ынтасы мен қызығушылығының  артуына;

- сабақта өзiн  еркiн ұстап, өз  мүмкiншiлiгiн кеңiнен  пайдалана алуына;

- өз iсiне талдау  жасай алуға көптен-көп  көмегiн тигiзедi.

Оқу үрдісінің ақпараттық-техникалық қамтамасыз етілуін  жүйелі түрде іске асыру, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды  тиімді де сапалы қолдану мақсатында  – интернетке шығу,

- Интернет-ресурстарды  пайдалануға бағытталған  белгілі бір білімдердің  жиынтығы, бұл бұдан  басқа да күрделі  білімдерді игеруге  көмектеседі, бұл   үшін білім  беру сайттары  мен порталдарын  білуі.  Мотивациялық саласының көрсеткіштеріне ғаламдық Интернет желісіндегі ақпараттық-білім беру кеңістігіне қызығуы; ғаламдық және жергілікті желілермен жұмыс жасауға ынталануы; отандық және шетелдік Интернет-ресурстарды табуға қызығуы; порталдар мен іздеу жүйелерінде жұмыс жасау әдістемесін меңгеруге ұмтылуы; Интернет-ресурстарды өздерінің сабақтарында пайдалануға ұмтылуы жатады.

Мұғалiм  – ақпараттанушы  емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

Білім беруді ақпараттандырудың жаңа бағыты – сабақтарда интерактивті тақталарды қолдану болып табылады. ActivBoard интерактивті тақтасы мен ActivStudio программалық қамтуын оқу үрдісінде пайдалануда. Бұл бағдарламалық-техникалық кешеннің өзіне тән ерекшелігі, әмбебаптығы, интерактивтілігі, қызметінің көп жақтылығы және қолданушыға пайдалануға түсініктілігі мен интерфейсінің қарапайымдылығы.

Интерактивтік оқыту технологиясы–  бұл  ұжымдық, өзін-өзі  толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара  әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту  үрдісін ұйымдастыру  болып табылады..

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен  білім алушы  мен  оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына  қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни  ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары,  рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды.

Әр  оқытушы сабақ  өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды  пайдалана отырып, сонымен қатар  компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Интерактивті  тақта – топтағы  оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды  құрал. Бұл оқытушы  жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндірудіжеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.

Интерактивті  тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:

  • Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы;
  • Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
  • Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылар арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
  • Интерактивті тақта  топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;
  • Оқытушының, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
  • Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.

Білім беруді ақпараттандырудың  маңызды бөлімінің бірі – қашықтан оқыту. Қашықтан оқыту – бұл қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізіне, оқыту үрдісінің субъектілері, мұғалімдер мен оқушылардың электронды басылымдарының авторлары мен оны пайдаланушылардың қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Қашықтықтан оқыту компьютерлiк  техника  мен телекоммуникациялық  желiлердi қолдану  барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық  желiлер мұғалiм  мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын  шешедi және жедел  байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.

Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру  барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:

Электрондық пошта телеконференция:

  ·мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)

  ·гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)

  ·Интернет желiсiнiң  әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер  қоры, ақпараттық iздеу  жүйелерi)

  ·видеоконференциялар

Аталған типтердiң көмегiмен  тыңдаушы мен мұғалiм  арасында оқыту мен  дидактикалық мiндеттер  шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге асырады.

Электрондық пошта көмегiмен  мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын  жiберу мен мұғалiмге  өздерiне түсiнiксiз  болған материалдар  бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледi.

Телеконференция оқу тақырыптары  бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.

FTP-серверлерiнiң  қызметi өте үлкен  көлемдегi файлдарды  (ақпараттарды) жiберуге  мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал  WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.

Информация о работе Ақпараттық технология