Активтер есебінің теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 06:57, курсовая работа

Описание работы

Бұл бөлімде бюджеттік ұйымға жататын, оның ішінде жалға берілген, барлық активтердің қолдағы саны және жылжуы есептелінеді.
Активтердің бухгалтерлік есебі есептік тіркемелерде активтер түсімінің, олардың бюджеттік ұйым ішінде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс құжаттық рәсімделуін және уақытында көрсетілуін, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, заттар тобының) сақталуына және дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Работа содержит 1 файл

Активтер есебінің теориясы.doc

— 146.50 Кб (Скачать)

    Мемлекеттiк  мекемелер активтердi баланстан  есептен шығаруды  заңдармен белгiленген тәртiппен жүргiзедi. 

    Активтердің жарамсыздығын, оларды жөндеудің тиімсіздігін анықтау үшін, активтерді есептеп шығаруға қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін бюджеттік ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссияның құрамына мыналар кіреді. Ұйым басшысының орынбасары (комиссия төрағасы), бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штаттық кесте бойынша бас бухгалтердің лауазымы болмаған жағдайда, бухгалтерлік есепті жүргізу жүктелген тұлға), жол полициясының өкілі (автокөлік құралдарын есептен шығарған кезде). Тұрақты жұмыс істейтін комиссия есептен шығаруға жатқызылған объектіні тікелей қараудан өткізеді, бұл орайда техникалық құжаттарды (паспорт, қабаттар бойынша жоспарлар және басқа құжаттар) қамти отырып, сондай-ақ бухгалтерлік есептің деректерін пайдаланып, қалпына келтіруге және әрі қарай пайдалануға оның жарамайтынын растайды.

    Комиссия  есептен шығарудың себептерін (тозу, қайта жасау, авария) ж.б. белгілейді, есептен шығарылатын объектінің тораптарын, тетіктерін, материалдарын  пайдаланудың мүмкіндігін анықтайды, оларды бағалайды және активтерді есептен  шығаруға акт жасайды. Жарамсыздыққа жеткен активтерді есептен шығару белгіленген үлгідегі мынадай актілермен рәсімделеді: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен, "Бюджеттік ұйымдарда активтерді есептен шығаруға арналған акт" (ОС-3 бюдж. нысаны), "Автокөлік құралдарын есептен шығаруға арналған акт" (ОС-4 нысаны); "Іш киімдер, төсек орын жабдықтарын, киім мен аяқ-киімдерді, аспаптарды, өндірістік және шаруашылық құралдарын баланстан шығаруға арналған акт" (н. 443), "Бюджеттік ұйымдарда кітапханалардан әдебиеттерді есептен шығаруға арналған акт" (444). Активтерді есептен шығаруға арналған актілерді ұйымның басшысы бекітеді. Есептен шығару актілеріне қол қойылғанға дейін активтерді бұзуға және қайта монтаждауға жол берілмейді. 

    Бағалы  металдарды қолданып жасалған тетіктер мен тораптар "Алтын" мамандандырылған кәсіпорынына тапсырылуға тиіс, ал түсті металдардан жасалған және басқа жабдықтарды жөндеуге пайдаланылмайтын тетіктер мен тораптар осындай шикі заттарды жинау жүктелген жасалған тетіктер мен тораптарды баланстан шығару белгіленген тәртіпке сәйкес есептеледі.

    Бюджеттік ұйымдар активтерді есептен шығарудан  алған материалдық құндылықтарды  өз мұқтаждары үшін пайдаланбаған жағдайда, олар белгіленген тәртіппен өткізіледі. Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен активтерді өткізуден түскен сомаларды пайдаланудың өзге тәртібі белгіленбесе, бюджеттік органдар бұл сомаларды республикалық бюджеттік кірісіне аударады

    Ғимараттар  мен құрылыстарды бір бағыныстан басқа бағынысқа беру мемлекеттік  мүлік пен жекешелендіруді басқарудың аумақтық органдарының шешімі бойынша белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

    Мемлекеттiк  мекемелер оларға смета бойынша  бөлiнген қаражаттар есебiнен сатып  алынған өздерiне бекiтiлген активтердi өз бетiнше сатуға құқығы жоқ. Активтердi сатуды активтер құнына байланысты "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондар ұйымдастырудың және өткiзудiң ережесiне" сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi немесе оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

    Активтерді  баланстан шығарудың қолданылып жүрген тәртібі бұзылған, сондай-ақ материалдық құндылықтарға немқұрайлылық  көзқарас (жойып жіберу, жағып жіберу т.с.с.) орын алған жағдайда, бұған  кінәлі тұлғалар заңда белгіленген  тәртіппен жауапкершілікке тартылады. 

    Активтерді  есептеу мүліктік объектілерге бөлініп, олардың сақталу орындары мен  жауапты тұлғалар бойынша жүргізіледі. 

    Бөлек мүліктік объект деп барлық қосалқы  және жанама жарақтарымен қоса, аяқталған  жобалық құрылым немесе белгілі  бір жеке міндетті орындауға арналған өзгеше жобалы зат немесе біріккен тұтастықты білдіретін және белгілі бір жұмысты бірге орындайтын, жобалы мүшелік заттардың кешені есептеледі. 

    "Ғимарат"  қосалқы шоты бойынша мүліктік  объект деп әрбір жеке тұрған  ғимарат саналады. Ғимараттың құрамына оны пайдалану үшін қажетті ғимараттың ішіндегі: жылытуға арналған қазандық қондырғыны қоса, ғимарат ішіндегі жылыту жүйесі (егер ғимараттың өзінде болса), барлық құрылғыларымен қоса су-газ құбырларының және канализацияның ішкі торабы, барлық жарық беретін арматураларымен бірге қуат және жарық өткізгіштерінің ішкі торабы, ішкі телефондық және хабарлау тораптары, ортақ санитарлық мақсаттағы желдеткіш құрылғылар, көтергіштер (лифттер) тәрізді барлық коммуникациялар кіреді. 

    Егер  ғимарат бірі біріне тиісіп тұрса және ортақ қабырғасы болса, бірақ әрқайсысы жеке жобалық тұтастықты құраса, олар бөлек мүліктік объектілер деп саналады.

    Ауладағы  құрылыстар, қоршаулар мен ғимаратқа  қызмет көрсететін басқа да жайлар (қора, шарбақ, құдық ж.б.) онымен қоса бір мүліктік объектіні құрайды. Егер бұл құрылыстар мен жайлар екі және одан көп ғимаратқа қызмет көрсететін болса, олар дербес мүліктік объектілер деп есептеледі. 

    Ғимараттың  сыртынан салынған, дербес шаруашылық маңызы бар құрылыстар, жеке тұрған қазандық ғимараты сондай-ақ ауладағы жобалы құрылыстар (қоймалар, гараждар және с.с.) дербес мүліктік объектілер болып саналады.

    Есепті  ұйымдастыру және активтердің сақталуын  қамтамасыз ету үшін әрбір объектіге (затқа) кітапханалық қорлардан басқа, он белгіден тұратын мүліктік нөмір беріледі. Бірінші үш белгі-қосалқы шотты, төртінші-топты және соңғы алтауы-топтағы заттың рет санын білдіреді. Топтарға бөлінбеген қосалқы шоттар бойынша төртінші белгі нөлмен көрсетіледі. Мәселен, былай: 0101000001 мүліктік нґмірі 010 "Ғимарат" ќосалќы шоты, 1 топ - ґндірістік сипаттаєы ғимарат, объектінің рет нөмірі - 000001 дегенді білдіреді; 0163000005 мүліктік нөмірі 016 "Құрал-жабдықтар, өндірістік (жабдықтарды қоса ал,анда) және шаруашылық құралдар" қосалқы шоты, 3-топ - шаруашылық мүлік, заттың мүліктік нөмірі 000005 дегенді білдіреді.

    Ондағы  мүліктік нөмір осы бюджеттік  ұйымда болған бүкіл кезеңінде сақталады. Шығып қалған немесе жойылған объектілердің  мүліктік нөмірі басқа объектілерге берілуге тиісті емес. 

    Арендаға  алынған активтер 01 "Арендаға алынған активтер" баланстық шотында оған арендаға алушы берген мүліктік нөмірмен есептеледі. 

    Сатып алынған активтердің құны - 01 шоттың тиісті қосалқы шотының дебетіне және "Ақшалай қаржылар" бөлімінің немесе "Есеп айырысу" бөлімінің тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады.

    Пайдаланудан  шыққан активтердің сомасына 01 шоттың тиісті қосалқы шоттарының кредиттері және 250, 020 қосалқы шоттардың дебеті бойынша жазу жүргізіледі. 

    Активтердің шығарылуы және ауыстырылуы жөніндегі  операциялардың есебі н. 438 жинақтаушы ведомостында (9 мемориалдық ордер) жүргізіледі. Жинақтаушы ведомостқа жазулар енгізіледі. Бұл орайда "Жиынтығы" бағанында шығарылған және ауыстырылған материалдық құндылықтардың сомасы жазылады, ол қосалқы шоттардың дебеттері бойынша жазбалардың сомасына тең болуға тиіс. Ай аяқталєан соң қосалқы шоттар бойынша қорытындылар "Бас журнал" кітабына жазылады. 

 

     1.4. Активтердің қозғалысының  құжатталуы 

    Активтерді  талдамалық есептеу нн. ОС-6, ОС-8 НОС-6 мүліктік карточкаларында жүргізіледі. Карточкалар әрбір мүліктік объект (зат) бойынша жүргізіледі. Біртекті заттар ОС-9 н. карточкаларында есептеледі. 

    Нн. ОС-6, ОС-8, ОС-9 НОС-6 мүліктік карточкалары активтердің н. ОС-10 есебі бойынша мүліктік карточкалардың тізімінде тіркеледі. Тізілім бір данада жасалады. Ондағы жазулар карточкалардың ашылған жылы көрсетіліп, активтердің топтары бойынша жүгізіледі. әрбір топ үшін беттердің белгілі бір саны бөлінеді. Нөмірлеу 1-ші нөмірден бастап әрбір топ бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда тізім қызмет көрсетілетін әрбір ұйым бойынша дәл осындай тәртіппен жасалады. Активтер шығарылған және ауыстырылған кезде тізімнің "Ескерту" бағанында мемориалдық ордердің уақыты (күні, айы, жылы) мен нөмірі көрсетіледі. 

    Мүліктік карточкалар бухгалтерлік қызметтің картотекаларында сақталады, ішінде олар - материалдық-жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда - қызмет көрсетілетін ұйымдар бойынша бөлініп, тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша орналастырылады. 

    Н. ОС-6 карточкасы ғимараттарды, құрылыстарды, ауыспалы құрылғыларды, машиналар мен жабдықтарды, аспаптарды, өндірістік (тиесілі заттарды қоса) және шаруашылық бұйымдарды, көлік құралдарын ж.б. Онда жазулар бастапқы құжаттардың: пайдалануға беру туралы қабылдау актілері, дайындаушы зауыттың техникалық паспорттары ж.б. құжаттардың негізінде жүргізіледі. Карточкаларда объектілердің (заттардың) өзгеше белгілері: сызбасы, үлгісі, нұсқасы, маркасы, зауыттық нөмірі, шығарылған (жасалған) уақыты, активтердің пайдалануға берілген уақыты мен нөмірі көрсетіледі.

    Одан  басқа объектінің (заттың) қысқаша жеке сипаттамасы жазылады. Жабдықтардың, аспаптардың, есептеу техникасының және с.с. құрамында қымбат бағалы металдар болған жағдайларда, "Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы" бөлімінде құрамында қымбат бағалы металл бар тетіктердің тізбесі, тетіктің атауы мен металдың паспортында жазылған массасы көрсетіледі. 

    Активтерді  бюджеттік ұйымның ішінде ауыстырған кезде осы карточканың арғы бетінде жазу жүргізіледі. 

    Н. ОС-8 карточкасы жұмыстық, өнімдік және асыл тұқымды малды, сондай-ақ көпжылдық өскіндерді және жерді жақсарту (құрылыссыз) жөніндегі күрделі шығындарды есептеу үшін қолданылады. 

    Карточкада  малдың жасы, түрі, таңбасы, аты т.с.с. көрсетіліп, жеке сипаттамасы келтіріледі. 

    Көпжылдық өскіндер тұқымы, отырғызылған бірлік саны мен алаңы кґрсетіліп, мїліктік объектілер бойынша есептеледі. Объектініѕ ќўнына, жұмыстың бүкіл кешені біткеніне қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты барлық шығындардың сомасы енгізіледі.

    Жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығыстардың есебі әрбір шара бойынша қамтылатын алаң мен орындалған жұмыстың құны көрсетіліп, шараларға: жер бөліктерін жоспарлауға, алқаптарды егістік үшін отауға, жабайы шөптерді, көлшіктерді тазартуға бөлініп жүргізіледі. 

    Н. ОС-9 карточкасы кітапханалық қорларды және сахналық-қойылым құралдарын топтап есептеуге арналған. 

    Карточкалардағы жазу сандық және сомалық тұрғыда жүргізіледі. 

    Кітапханалық топтар үшін жеке карточка ашылады. Ондағы есеп ақшалай түрде жалпы сомамен ғана жүргізіледі. 

     Сахналық-қойылым құралдары бойынша топтық есепке арналған карточкалар материалдық жауапты тұлғалар бойынша номенклатуралық нөмірі көрсетіліп, бір атаудың, көлемі, сапасы жөнінен жақын материалдың заттары мен бағаларына ашылады.

     Мемлекеттік мекемелермен ұсынылатын жылдық, тоқсандық есептіліктің нысандары құрамында активтердің қозғалысы туралы есеп беру №5 нысанда көрсетіледі.

     Жылдық, тоқсандық есептіліктің №1 нысандағы  балансының 010«Активтер» жолында, баланста бөлек жол болып көрсетілетін 014»Материалдық емес активтер» қосалқы шотынан басқа, 010-нан 019-ға дейінгі қосалқы шоттарда мемлекеттік мекемелердің барлық активтерінің құны көрсетіледі.

     Жалға алынған активтер бұл жолда көрсетілмейді  және 01 «Жалға алынған активтер»  баланстан тыс шотында көрсетіледі.

     011 «Материалдық емес активтер»  (014) жолында жерді,суды, пайдалы қазбаларды  және басқа табиғи ресурстарды,  үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды   пайдалану құқығының құны; лицензиялар,  тауарлық белгілер мен сауда  маркілеріне құқықтар, сонымен қатар өзге де мүліктік құқықтар, брокерлік орындар, Гудвилл, программалық қамтамасыздандыру, ұйымдастырушылық шығындар, маркетинг және басқа активтер көрсетіледі. Есепте материалдық емес активтер оларды сатып алу және дайындық жағдайына құруға кеткен нақты жұмсалымдар сомасы ретінде көрсетіледі. 

     Жылдық,тоқсандық  есеп беруде 530-шы «Активтегі қорлар» (250) жолында мемлекеттік мекемелердің тікелей құзырындағы  активтегі  қорларға салым сомасы (тозу есебімен) көрсетіледі.

     540-шы  «Активтердің тозуы» (020) жолында мемлекеттік мекемелердің балансында есептеулі активтердің тозуының жалпы сомасы көрсетіледі.

     541-ші  «Материалдық емес активтердің  тозуы» (021) жолында мемлекеттік мекемелерге  тиесілі материалдық емес активтердің  тозуының жалпы сомасы көрсетіледі. 

 

     1.5."Активтердің тозуы" 02 есебі 

    Бұл шотта бюджеттік ұйымдардың балансында саналатын активтер тозуының қозғалысы көрсетіледі. Тозу ғимараттар мен құрылыстар, ауыспалы құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, жұмыстық мал, көліктік құрал, өндірістік (тиесілігін қоса) және шаруашылық мүліктер, пайдалану жасына жеткен көпжылдық өскіндер бойынша анықталады және есептеледі. 

    Тозу  мынадай активтер бойынша анықталмайды: сәулет пен өнердің бірегей ескерткіштері  болып табылатын ғимараттар мен  құрылыстар; жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін жабдықтар, экспонаттар, нұсқалар, үлгілер, кабинеттер мен лабораторияларда тұрған және оқулық және ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын макеттер және басқа да көрнекі құралдар; өнімдік мал, буйволдар, өгіздер, бұғылар, жануарлар әлемі экспонаттары (хайуанаттар парктерінде және басқа осындай мекемелерде); пайдалану жасына жетпеген көпжылдық өскіндер; кітапханалық қорлар, фильм қорлары, сахналық-қойылым жарақтары, мұражайлық және көркем құндылықтар, арттехқару-жарақ. Тозу сондай-ақ шекарадан тыс орналасқан бюджеттік ұйымдардың активтері бойынша да анықталмайды. 

Информация о работе Активтер есебінің теориясы