Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 12:33, реферат

Описание работы

Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік –экономикалық дамуының болжамы (бұдан әрі - Болжам) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IY Бюджеттік кодексімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 «Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысымен әзірленді.

Работа содержит 1 файл

Қарағанды облысының 2011.doc

— 75.50 Кб (Скачать)

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің  саны 1%-ға артады және 42250 бірлікті құрайды  және  жұмысқа қамтылғандар саны  154,7 мың адамды құрайды.

Аймақтың аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамыту Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылғандай, үш бағытта жүзеге асырылатын болады:

-         еңбек өнімділігінің артуы;

-         отандық өндірістегі тамақ өнімдерімен ішкі нарықты жаңғырту;

-         экспорттық әлеуетті іске асыру.

Ауыл шаруашылығының  жалпы өнімінің көлемі 82,8 млрд. теңгені құрайды.

2010 жылы жалпы  алаңы 230 мың шаршы метр тұрғын  үйдің құрылысы жоспарланған, оның  ішінде республикалық бюджет  қаражаты есебінен: несиелік тұрғын  үй – 13,5 мың шаршы метр (849 млн.теңге), мемлекеттік арендалық үйлер  – 14,5 мың шаршы метр (820 млн.теңге).

Жеке инвестициялар  есебінен коммерциялық тұрғын үйге – 40 мың ш.м;  жеке тұрғын үйлер құрылысы – 162 мың ш.м.

Негізгі капиталға  инвестиция көлемі 225,9 млрд. теңгені  құрайды.

Сыртқы сауда  айналымы 7,4 млрд. АҚШ доллары көлемінде (өткен жылға 105%) күтіледі. Экспорт - 5,9 млрд. АҚШ долларын (105%) құрайды,  импорт – 1,5 млрд. АҚШ доллары (105%).

Жыл аяғына инфляция деңгейі жоспарланған деңгейде қалады.

Жалпы облыс  бойынша 2010 жылы жалпы өңірлік өнім көлемінің өсуі 4,8 пайыз деңгейде божамдануда.  

2. Қарағанды облысы экономикасының  2011-2015 жылдардағы  даму жағдайы мен факторлары

2.1. Дамудың ішкі және  сыртқы факторлары   

Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық үдерістер  дамуының  сапалы және сандық болжамды бағалаулары ішкі, сонымен қатар сыртқы факторларының ықпалында болады.

Облыс экономикасының  даму болашағына ең ықпал ететін сыртқы факторлардың санына  әлемдік экономиканың болашақтағы дамуы, экспорттың негізгі  тауарларына баға динамикасы, импорт қарқыны; Бүкіләлемдік Сауда  Ұйымы мен халықаралық қаржылық ұйымдардың өзара қатынастары, отандық экономикаға  қатысты шет ел инвесторларының   көзқарастары,  елдегі аймақтың экономика-географиялық жағдайы; ғаламдық тауарлық, ақпараттық және қаржылық айырбастау жүйесіне қосылу дәрежесі жатады.

Постдағдарыс  кезеңіндегі экономкалық даму тұрақтылығы  сұраныс пен ұсыныстардың сыртқы факторларына экономиканың өсуіне табыс көздерін қайта бағдарлау, өсімді қамтамасыз етуге олардың рөлін арттыру,  әлемдік нарықта бәсекеге қабылетті  ішкі сұраныспен салаларға  бағдарланған  шикізаттық емес салаларды дамыту.

Ішкі факторға мыналарды жатқызуға болады: аймақтың табиғи-ресурстық әлеуеті; экономика  құрылымы, өнеркәсіптегі құрылымдық қайта құру және экономиканы жаңғырту, аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорынның инновациялық қызметі, олардың ғылыми және инженерлік-техникалық әлеуеті, кәсіпорын деңгейіне арналған институтционалдық қайта құру.

Облыстың жалпы  аймақтық өнімінің жалпы көлеміндегі  өнеркәсіптің үлес салмағы 50% асатынын ескере отырып, өңіріміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу және енгізу жұмысы басталды. Бұл ең алдымен, технологиялық жабдықтарды жаңарту және  жаңа өтім нарығын іздеу бойынша тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мәселелерін шешу.

Экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес салаларды дамытуға үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру жәрдемдесетін болады. Индустрияландыру саясатын жүзеге асыру  экономикада жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді және оның сапалы өсіміне ықпал ететін болады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аймақ экономикасын дамытуға оң әсерін тигізеді. Елді индустрияландыру картасына облыстың 18 жобасы енгізілді, оның ішіндегі 10 жобаны жалпы көлемі 29 млрд. теңге сомасына ағымдағы жылда енгізу жоспарлануда.

Оған қоса, облыста дағдарыстан кейінгі кезеңде Өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту тұжырымдамасы  әзірленіп жатыр. Негізгі екпін тау-кен, көмір өнеркәсібін, қара және түсті металлургияны, машинажасау және маталөңдеу, химия және фармацевтикалық өнеркәсіпті, құрылыс материалдарын дамытуға түсірілетін болады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау  және тиімді қолдау құру облыстың кәсіпкерлерін  дамудағы маңызды міндеттер болып  анықталады, әкімшілік кедергілерді төмендету, инфрақұрылымды одан әрі  дамыту және ақпараттық қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы,  «Даму» Қоры және бюджеттік бағдарлама «Бизнестің жол картасы – 2020» арқылы қаражатын тартумен кәсіпкерлерді қолдау жұмысы жандандырылуда.    
 

3. 2011-2015 жылдарға  арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық  даму болжамы мен нысаналы  индикаторлары  

2011-2015 жылдары  жалпы өңірлік өнім өсу қарқынының  артуы 2011 жылы 2,9%-дан 2015 жылы 5%-ға  дейін болжамдануда.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ ресми курс бойынша 2015 жылға болжамдар бойынша 9,3 мың АҚШ долларын құрайды (2011 жылы – 8,1 мың АҚШ долларын).

2011-2015 жылдары  өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  қарқынының артуы 2011 жылы 101,5%-дан  2015 жылы 110,3%-ға дейін  жоспарлануда.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуіне өндіріс көлемдерінің артуы,  тау- кен өндірісі, сонымен қатар  өңдеу секторы  да  ықпал етеді.

Өнеркәсіп өндірісінің  артуына құрылыс көлемдері мен  көлік қызметттерінің өсуі ықпал  етеді.

Құрылыс көлемдері  қарқыны өсімінің артуы 2011 жылы 100% дан 2015 жылы 101,5%-ға дейін, көлік қызметтері 2011 жылы 100,2%- дан 2015 жылы 100,5%-ға дейін болжамдануда.

Негізгі капиталға  инвестиция көлемі 2015 жыл қарсаңында 274,8 млрд. теңгені немесе 2010 жылдың күтілетін  деңгейіне 121,7% құрайды.

Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыста 18 жобалар іске асырылатын болады.

Жеке меншік инвестицияларды тарту бойынша  ауқымды әлеует болып мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі жатады.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі тетігі бойынша 9 концессиялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылуда, оның алдын-ала жалпы құны 200 млрд. теңгеден астамды құрайды. Оның арасында: Қарағанды (11) және Теміртау (4) қалаларындағы 15 балалар бақшасын салу мен қайта жаңарту, Қарағанды қаласындағы қоқыс өңдеуші зауыттың құрылысы, Қарағанды қаласындағы аграрлық-өнеркәсіптік көліктік-логистикалық кешенін пайдалану, Қарағанды және Жезқазған қалаларындағы энергетиканың 2 жобасы, Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларындағы 3 сумен жабдықтау объектілері.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жыл сайынғы өсу  көлемі 2011-2015 жылдары 2% құрайды.

2011-2015 жылдарға  арналған әлеуметтік-экономикалық  даму көрсеткіштерінің болжамы  1 қосымшада көрсетілген.   
 

4. Қарағанды облысының бюджеттік параметрлерінің болжамы

4.1. Салықтық-бюджеттік  саясаттың негізгі  бағыттары

Облыстың салықтық-бюджеттік  саясаты 2007-2009 жылдары әлемдік  экономикалық және қаржылық  дағдарысқа өңір экономикасының басымдылықты емес шығындарды қысқарту жолымен шығыс ауыртпалықтарын азайтуды қоса алғанда  қарсы әрекет етуі жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталатын болады.

Тиісті шаралар  облыстық бюджетті және Қарағанды облысының  аудандары мен қалаларының 2009 жылға  арналған бюджеттерін нақтылау  кезінде алдын-ала қолданылды, онда бірқатар бағыттағы шығындар қысқартылды, оның ішінде жергілікті мемлекеттік органдардың әкімшілік шығындары, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық жарақтандырулары мен күрделі жөндеулер.

Даму бюджетін іске асыруға  келуді қарау, инвестициялық жобалар жөніндегі шығындарды оңтайландыруға және мемлекеттік ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайтуға ықпал етті.

Көрсетілген мерзімде бюджеттік жоспарлауды нақты  вертикалды мемлекеттік жоспарлау: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік  органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар - ресурстар-бюджет сәйкес бюджеттік жоспарлауды іске асыруды болжамдайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру  жөніндегі жұмыстар басталды.

2010 жылы ел  азаматтарының тұрмыс деңгейін  арттыруға және  жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, облыстың алдағы  дамуы үшін негіз құруға бағытталған  әлеуметтік мәселелерді шешу саласында бұрын қабылданған шараларды іске асыру жалғасуда.

Алдағы ортамерзімдік  кезеңде бюджеттік саясат оңтайлы  шаралар анықтауға және экономикаға оңтайлы ықпал ететін бюджет қаражаттары көлеміне, бюджет тепе-теңдігін қамтамасыз етуге  құрылатын болады.

Жағдайға байланысты  бюджет саясатын түзететін, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен оперативттік және ыңғайлы шаралар қабылданатын болады.

2011-2015 жылдарға  арналған салықтық саясаттың  негізгі бағыттары экономиканың  қажетті бағыттарын дамытуға  ықпал ететін  әділ де,  өзін ақтаған құрал ретінде салықтардың әлеуметтік-маңызды қызметтерін нығайту қажеттігін есепке алғанда мемлекеттік қызметтерді толық атқаруды  қамтамасыз ететін   міндеттерді шешуге бағытталатын болады.  

4.2. Кірістер түсімдерінің  болжамы  

2011- 2013 жылдарға  арналған  облыстық бюджеттің кірістері  Салық кодексі мен басқа да нормативтік құқықты актілердің ережелері есепке алынған ортамерзімдік кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері базасында анықталған.

Кірістер есептерінде  бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын   2010 жылдың 1 сәуірінен бастап 25 пайызға, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 30 пайызға  көтеру және 2011 жылы жеке табыс салығының салық салу базасының тәртібін бірыңғай ставкамен (10 пайызға) прогрессивтіге дейін (еңбекақының мөлшеріне байланысты 15  бен 20 пайыз) есепке алынған.

Болжамда ең кіші еңбекақы мөлшерінің  2011- 2013 жылдары   ұлғаюы есебінен   кіріске салынатын салықтың азаюына байланысты жеке табыс салығының түсімдерінің азаюы есепке алынған.

Кірістер құрамында  ең көп үлес салмағын төлем көздеріне  салынатын кірістердің жеке  табыс салығы құрайды, салық салу базасы болып  еңбекақы қоры мен қоршаған ортаға эмиссияға төлем болып табылады.  

4.3. Бюджет бөлігінің  болжамды шығындары  

Кірістердің аздап  өскеніне қарамастан жоспарлы кезеңге  бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталатын болады, және шығындарды жоспарлаған кезде негізгі басымдылық болып  бюджет тапшылығын өсіруге әкелетін жаңа міндеттемелер қабылдамай халықтың тұрмыс деңгейін көтеру және тұрақты өсіру болып табылады.

Ортамерзімдік кезеңде жүргізілген  шығындар саясаты мемлекеттік органдардың  стратегиялық жоспарларында қарастырылған,  бекітілген бюджет қаражаттарының көлемдерін пайдалана отырып,  жақсы тікелей нәтижеге   жету қажеттігінен шығатын бюджетті әзірлеу және орындау жолымен мемлекеттік шығындардың тиімділігі мен нәтижелігін көтеруге бағытталатын болады.

Осы мақсатпен 2011 жылы тиімділік пен нәтижелілік  индикаторларына, сондай-ақ стратегиялық мақсаттар мен жетекшілік ететін сала/өңір/тікелей көрсеткіштер, соңғы  нәтиже мен тиімділік көрсеткіштеріне  жетуді (жетпеуді) талдауға жету деңгейін анықтауға ықпал ететін жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін жыл сайын тиімді бағалау жүйесіне негізделген бюджетті қалыптастыру мен орындау жүйесі енгізілетін болады.

Бюджет шығындарын болжамдау кезінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жыл  сайынғы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқаттарын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» , «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға», «Жаңа оң жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деген жолдауларында айтылған тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар есепке алынған.

Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын 2010-2011 жылдары 25% көтеру ескерілген.

Облыс бюджеті  тапшылығының параметрлері бюджеттің  түсімдері мен шығындарының болжамды көлемдерінен шығатын бюджет тепе-теңдігін қамтамасыз ету қажеттігі есепке алынып анықталған.

Бюджеттің 2011- 2013 жылдарға арналған параметрлерінің  болжамы 2 қосымшада келтірілген.

Қосымша1.

Қосымша2.

Информация о работе Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы