Қаржылық есеп беру негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 20:55, отчет по практике

Описание работы

Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі. Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі

Содержание

КІРІСПЕ

1.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ҚҰРАМЫ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Қаржылық есеп берудің мақсаттары мен айрықша белгілері………………….... 4
1.2 Қаржылық – шаруашылық қызметінің есебін беру......................................... 6
1.3 Қаржылық есеп беруді жасау мен ұсыну.......................................................... 7
1.4 Қаржылық салымдарының есебі..................................................................... 10

2.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржылық есеп берудің маңызы..................................................................... 15
2.2 Есеп берудің құрамы.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.. 18
2.3 Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі................................... 19
2.4 Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау.................................................... -
2.5 Пайда және зиян жайлы есеп беру................................................................. 21

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

Отчет Жансулу (Восстановлен).docx

— 86.66 Кб (Скачать)

Облигациялардың иесі бұл құнды қағаз бойынша  белгіленген уақыттан кейін міндетті түрде пайыз түрінде табыс  алып отырады. Бұл пайыздың мөлшері  алдын ала белгіленіп, яғни мөлшерленіп  қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген  мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса, есепті жылдың соңында ғана, яғни ұйымның кірісініңкөлеміне  байланысты дивидент алып отырады.Кез  келген несие берушілер сияқты облигация  иесінің де кәсіпорындар мен ұйымдарда  ешқандай дауыстық құқығы жоқ  болып  көрсетіліп және басқа да тиісті табылады. Ал акционерлер болса бұл кәсіпорындағы немесе ұйымдағы өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс құқығына ие бола алады.

Депозиттік  сертификаттар дегеніміз – ірі  атаулы құнға (номиналға) ие болатын  мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар (жалпылай алғанда) құнды  қағаз болғанымен оларды бір адамнан  екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке банк мекемесінің  берген борыштық сенімхатының рөлін  атқарады. Бұл сертификатта банкке белгілі бір мерзімге салынған салымдарының түрі көрсетіледі. Сертификаттың өзі  атаулы және ұсынбалы болып екі түрге  бөлінеді.Сонымен депозиттік сертификат дегеніміз – салымшының немесе оның мұрагарінің белгіленген мерзімінің соңында депозит сомасы бойынша  пайыз түрінде табыс алу құқыған  куәландыратын ақшалай салым  туралы эмитент банкінің берген жазбаша  куәлігі болып табылады.

        Нарықтық экономика жолымен жүретін әрбір кәсіпорындар мен ұйымдар үшін бұндай тәуекелге бару міндетті болып табылады. Міне, осы айтылғандарға сәйкескәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы салымына табыс табу мақсатында басқа заңды тұлғаның шығарған құнды қағаздарын сатып алуға жұмсалған ақшалары жатқызылады. Құнды қағаздар сатылып алынған құны бойынша кіріске алынады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдардың байланысын құру барысында құнды қағаздардың сатылып алынған құны мен ағымдағы құны салыстырылып, екеуінің ең төменгісі алынады. Жалпы кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қаржы салымы қатарына жатқызылатын активтері арқылы мынадай табыстар таба алады:пайыз, дивидент және роялти түріндегі табыстар;қаржы салымына жұмсалған қаржы көлемінде капиталдың артуы;инвестордың басқа да табыстар.Қаржы салымдары кіріске алу кезінде оларды сатып алу барысында жұмсалған шығындарды қоса алғандағы сатып алу құнымен бағаланады. Ал оларды сатып алу барысындағы жұмсалатын шығындарға: қор биржасының комиссиялық қызметі үшін төленген төлемдер мен банк мекемксінің, брокердің немесе дилердің көрсеткен қызметтері үшін төленген төлемдер жатады.Жоғырыда ағымдағы активтерге анықтама берген кезімізде оның құрамына қысқа мерзімге салынған қаржы салымдары (қысқа мерзімді қаржылық инвестиция) жататындығын салымына бір жыл мерзім аралығында пайдаланатын қаржы салымдары жатады.Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында ағымдағы құны бойынща бағалаған жағдайда күнделікті қор биржалары мен биржадан тыс жерлердегі қаржы салымдары құнының өзгерісін бақылап жән оның нәтижесін бухгалтерлік есеп құжаттарына түзетіп жазып отыруы тиіс. Егер қаржы салымының, яғни инвестицияның қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны өссе оны кәсіпорындар мен ұйымдар есепті кезеңнің табысына жатқызылады, ал керісінше қаржы салымының қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны жағдайда есепті кезеңнің шығынына жатқызылады.Қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгісі бойынша бағаланған жағдайда кәсіпорындар мен ұйымдар мынадай үш тұжырымды басшылыққа алады:

-баланстық құнды тұтастай жиынтық портфель негізінде анықтау;

-баланстық құнды жиынтық портфель негізінде инвестиция түрлері бойынша, яғни сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең аз құнынын анықтау;

-баланстық құнды жеке инвестициялар негізінде анықтау;

        2.КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАСТАПҚЫ ЕСЕП ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

 

         2.1 Қаржылық есеп берудің маңызы

 

 

         Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы –шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.Шаруашылық жаңдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді.Атап-айтқанда,есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады.Кәсіпорынның,мекеменің қаржылық есеп беруі-есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер,кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

       Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі,өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық  жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

       Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын,орналастыруын және пайдаланылуын,кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ,баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын,шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын,ұтқыр (айналым) құралдардың,материалдық айналым құралдарының құнын,кәсіпорынның меншікті қаражаттарының ,қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

      Қаржылық   есеп   берудің   деректері   бойынша   қорлар мен шығындарды

қалыптастыруға  арналған қаражат көздерінің артықшылығн немесе кемшілігін анықтайды  .  Бұл   орайда   кәсіпорынның   меншікті  , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады.Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін  ,  яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай   және   өз     уақытында есептесе алынатығын  бағалауға   мүмкіндік береді  .  Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады  .Қаржылық есеп беру мынадай активтерді:неғұрлым өтімді активтерді  ,  жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді.

Екінші  жағынан ,  қаржылық   есеп берудің деректері   бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін:неғұрлым жедел пассивтерді,қысқа мерзімді пассивтерді,

ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға  болады  .Мұның өзі нарық жағдайында,бәселес – кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпордар үшін өте маңызды   . Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру   көрсеткіштерінің   рөлі   басқару   шешімдерін   қабылдау  , кәсіпорынның нарықтағы   жағдайын   анықтау  кезінде өте маңызды болмақ.Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері. 
        ҚР – ның президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес: 
-бухгалтерлік баланстан; 
-қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен; 
-ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады. 
        Сондай – ақ   осыларға   тіркелген түсініктеме хаттардан сондай ақ басқа да қосымша ақпараттар , таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан   алынған   және  солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын қаржылық  есепті  меншік   формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады. 
        Бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық  нәтижелері туралы   есеп пен ақша    қаражаттарының   қозғалысы   туралы   есептің   мазмұны мен  форматы бухгалтерлік   есептің   тиісті   стандарттар  арқылы тәртіпке келтіріледі және бір

есепті кезеңінен келесісіне қолданылады. 
        Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы  бо- лып табылады  . Ол  кәсіпорынның есепті жылдың басы мен соңындағы қаржы- лық жағдайын көрсетеді. Баланс бас кітапта немесе мышинограммаларда көр- сетілген есеп шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады. 
        Баланс «Актив» , яғни «субъектінің құнды бағасы бар мүлкі , мүліктік және жеке  мүліктік  игіліктері   мен  құқық» және пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірілген . Бұған қоса баланста   сыртқары   есеп   шоттарға  есепке   алынатын   игіліктердің бар екені туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді: 
-активті; 
-жеке меншік капитал және міндеттемелер; 
        Қалған  екі элемент   табыс пен шығын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы   есепте көрініс табады.Осынау есеп қорытындыланған есеп шоты  , табыстар мен шығындарды  көрсететін басты форма болып табылады. Есепті   жасауға қажетті бүкіл деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей алынған.

         ҚР-ның шаруашылық жүргізуші  субъектілері   үш қаржылық есептің жаңа формасы № 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға келіп   түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық , инвестициялық және қаржылық қызмет- тер шегіндегі негізгі арналарын көрсетеді. 
         Қаржылық   есепте   сондай  -  ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа   да  ақпараттар   болады . Түсініктеме  хаттың  мазмұны оның қызметін ұйымдастыру    мен  сипатының   ерекшеліктеріне    байланысты . Алайда  оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде  қажет  .   Қаржылық    есепке   түсініктеме  хаттың   тіркеліп   берілуі сол  қаржылық  есепті  тұтынушылардың  оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.Қаржылық есептің алдына қойған мақсатына қол жеткізу  үшін ол осы есептің негізінде алынған  , БЕС -ның халықаралық негізі ретінде қабылдан- ған БҰҰ - ның тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілі бір принциптері мен талаптарына сәйкес келуі керек . ҚР- нда енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері  бойынша  халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді. 
ҚР - ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен   қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай  жүзеге   асырылады . Есептеу   принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есепте- лінеді  ,  яғни   операциялар  мен  оқиғалар   есептік  баланс   пен   қаржылық-шаруашылық  қызмет  нәтижелері  туралы  есепте олардан түскен несие ақша қаражаты   төленген   сәтінен бастап емес  , пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мү- ліктік    және  қаржылық   жағдайдың  көрінісін  ,  қызметтің  түпкі  нәтижесін

бұрмалайды.Есеп беру мен баланс статьяларының бағасын бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер қолданыл- ып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.  Қаржылық   есеп  ҚР -ның валютасы түрінде жасалуға тиіс . Көрсетілу единицасы – мың теңге. Есепке осы жұмыстың   уақытылы орындалуына жауап  беретін субъект басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Қаржылық   есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді . Қолданылып жүрген заңға  сәй- кес жылдық есеп   үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек .   Заңды тұлғалардың қаржылық    есебі   мүдделі    тұтынушылар    үшін   жариялануға   ашық  болып табылады  . Ондағы  ақпараттың   анықтығын  заңды тұлға белгіленген тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.

     

 

       2.2 Есеп берудің құрамы.Қаржылық есеп беруге қойылатын талаптар

 

 

      Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың өкілдіктердің,бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда ,мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жүзеге асырады.Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады.Атап айтқанда,шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды:кәсіпорын балансын,кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді ,ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті.Шаруашылық субъектілерінің  бастамасы бойынша немесе әріпитестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазбалармен толықтырылуы мүмкін.Барлық кәсіпорындар,мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы мерзім саналады.Жаңадан құрылған кәсіпорындар,мекемелер үшін есеп беру жылы болып ,олар заңды тұлға құқығын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең,ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.Қаржылық есеп беруді толтыруңға қойылатын талаптар:көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі,деректердің шынайлығы;жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің  сәйкестігі,есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалығы;есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалылығы.

         Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынны /мекеменің/ басшысы және бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады. Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар : көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзімдегі есепті көрсеткіштермен салстырмалылығ

 

      2.3 Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі

 

 

       Шаруашылық  субъектілері тоқсандық  және жылдық қаржылық есептемені  құрылтай құжаттарына сәйкес  меншіе иелеріне,мемлекеттік салық  инспекциясына ,мемлекеттік басқарудың  басқа органдарына ,несие беруші  банктерге және басқа шаруашылық  субъектілерімен келісімдердің  негізінде басқа да мүдделі  ұйымдарға тапсырады.Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде ,ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.Яғни,Қазақстан Республикасының 28- ші ақпан 2007 жылғы №235 – 111 "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік" ҚР заңына сәйкес ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті келесі жылдың 30 сәуірінен кешіктермей өткізулері тиіс.

       Бюджеттік мекемелер айлық,тоқсандық  және жылдық қаржылық есептемені  жоғары тұрған ұйымдарға олар  белгілеген мерзімдерді тапсырады.

       Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар,кредиторлар,жеткізушілер,қызметкерлер,сондай-ақ министрліктер,ведомстволар және жұртшылық жатады.

      Кәсіпорынның ,ұйымның ,мекеменің  жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар,сатып алушылар,жеткізушілер,инвесторлар,биржалар, банктер және басқалар үшін баспасөзде ашық жарияланады.

       Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар,банктер,сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде,журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті.Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп,оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.

Информация о работе Қаржылық есеп беру негіздері