қаржылық есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2012 в 11:41, курсовая работа

Описание работы

Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
Жергілікті қаржы органдарына;
Мемлекеттік статистикалық органдарына.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.

1.1 Қаржылық есеп берудің маңызы.

1.2. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.

1.3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары.

ІІ Бөлім.

2.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың

мерзімі.

2.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру.

2.3 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну .

ІІІ Бөлім
Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі.

3.2 Қаржылық салымдарының есебі.

3.3 Қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

karjilik esep.doc

— 178.50 Кб (Скачать)

    -негізгі  қызметтен алынған кіріс немесе  зиян ;

    -салық  салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;

    - табыс салығы ;

    - салық салудан кейінгі әдеттегі  қызметтен алынған кіріс немесе  зиян – төтенше жағдайлардан  алынған кіріс немесе зиян ;

    - таза кіріс немесе зиян (№1  – кесте ).

    Қаржы – шаруашылық қызметтің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы нәтижелері туралы  есеп беру ( №1 – кесте). 

    Баптардың атауы     Сомасы
    Кірістер      
    Таза  сату     14000000
    Процент түріндегі кіріс      500000
    Кірістердің жиыны     14500000
    Шығындар  мен шығыстар :      
    Сатудың өзіндік құны     9000000
    Тауарларды  жеткізу жөніндегі көлік шығыстары     250000
    Ескірген  ТМҚ бойынша шығындар     500000
    Өндірістік  үстеме шығындар     250000
    Сатудың өзіндік құнының жиыны     10000000
    Жалпы кіріс      4500000
    Сату  жөніндегі шығындар     1000000
    Жалпы және әкімшілік шығындар     500000
    Процент төлеу шығындары     500000
    Өзге  шығындар     0
    Шығындардың жиыны     2000000
    Табыс салығына дейінгі және төтенше баптардың  кірісі     2500000
    Табыс салығы бойынша шығындар     750000
    Төтенше табыс немесе зиян     0
    Таза  кіріс     1750000

             

                      

    Осы баптардың барлығның сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс .

    Стандарт  төтенше жағдай деп аталып жүргендерге  түсінік береді . Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін  оқиға немесе операция .

    Яғни  олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды бөлек ашып көрсету керек .

    Стандарт  сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді . Бұны тоқтатылған  операциялар бойынша кәсіпорын  филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады .

    Түсіндірме  жазуда мыналар ашылуға тиіс : тоқтатылған  операцияның мәні, тоқтатылған операцияның  сомасы мен географиялық ауданы, операцияның  нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі ), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорнның әдеттегі қызметінен алнған кіріс немесе зиян .

    Стандарт  бақылауды өзгертудің әдістерін  және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады .Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі  таза кірісті немесе зиянд анқтаған кезде мыналарға қосылады :

    * есепті кезеңге , егер өзгеріс  осы кезеңге ғана әсер етсе ;

    * өзгеріс болған есепті кезеңге  және келесі есепті кезеңге  , егер өзгеріс оларға да әсер етсе .

    Кірістер  мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы  өзгерістердің        мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда  көрсетілуге тиіс .Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастыпылады . Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған , маңыздылығы соншалық , тіпті бұрыңғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері .

            

    2.3 Қаржылық есеп  беруді жасау және  ұсыну . 

      Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңға , 24 “Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру” бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті .

    Есептік кезкңдегі түгендеу санын , оның жүргізілетін күнін , оның әрбіреуін тексеретін мүлік  тізбесін субъект белгілейді . Субъект  түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда  қалып қалады :

    -  жылдық бухгалтерлік есеп беруді  жасау алдында , алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;

    -  субъект мүлікті жалға , сатуға , сатып алуға , сондай – ақ  шаруашылық жүргізуші субъектінің  қайта құрылуына тапсырғанда  ;

    -  материалды – жауапты тұлға  ауысқанда (істі қабылдау –  тапсыру күні);

    - талан – тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде сондай – ақ құндылықтар бүлдірілгенде – мұндай фактілерде дереу түгендеу ;         

    - төтенше жағдайдан болатын өрт  немесе стихиялық (дүлей) апат  кезінде, бұл апаттар басылғаннан  кейін түгендеуді дереу қолға алу ;

    - тарату (бөліністік) балансы жасалмастан  бұрын субъектіні таратуда (қайта  ұйымдастыруда) ;

    - негізгі құралдарды және тауарлы  – материалдық қорларын қайта  бағалауда – субъектінің есептік  саясатымен белгіленген мерзімде  және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа  жағдайлар .

    Аяқталмаған құрылыстарды түгендеу барысында оның бар – жоқтығын және заттай көлемі тексеріледі , сонымен бірге оның құрамына құрал – сайман , құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау ; құрылыс – монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар – жоғы анықталуы керек ; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды .

    Аяқталмаған күрделі жөндеулерді  түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын , оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді .

    Кассадағы ақша қаражатын  кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен банктерді полистік ( сақтандыру куәлігі ) қайта есептеумен түгендейді .Түгендеу нәтижесін жеке “Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен” рәсімдейді .

    Кассадан  түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің  басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады . Кассаны түгендеу , қатаң есеп барумен құжаттар және бланкілерді (әуе – және теміржол билеттері , жанар – жағай май ( бензин ) талондарын және т.б. ) түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен кенеттен болады . Түгендеу кезінде қолда бар ақша полистік қайта есептеліп , кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі . Түгендеу басталғанша ( бірнеше касса ) оларға сүргі салынады , яғни мөрленеді . Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек . Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген , есептен шығарылмаған сомма қалған жоқ , деген қолхат алынады . Ақша қайта есептелінгеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады . Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады . Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады .

    Түгендеу  барысында мыналарды тексеру  аса қажет : кассирмен толық материалдық  жауапкершілік туралы келісімшарт  бекітілді ме , касса талапқа сай  жарақталған ба , сейф кілттерінің дубликат ( көшірме нұсқасы ) қайда сақталады .

                  

     Мысалы. Кассаны түгендеу барысында 150 тенге артық шықты . Мұндай жағдайда кассалық кіріс ордері жазылып , мына жазулар бойынша ресімделетін субъект қызметінің нәтижесіне кірістеледі ( жатқызылады ) :

    451”  Кассадағы ұлттық валюта түріндегі  қолма - қол ақшалар” шот дебеті 

                   727 “Негізгі емес қызметтен алынған  басқадай табыс” шот кредиті    150 теңге

                    Егер кассаны түгендеу кезінде  5 000 тенге кем шықса , мұндай жағдайда :

                    -  анықталған кем сомаға кассалық  шығыс ордері жазылады :

    334 “Бүлінген құндылық шығыны , кем  шығу” шот дебеті 

                    451 “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі  қолма - қол ақшалар” 

    шот кредиті                                                                                                              5 000 теңге    

                    - кассирдің мойнына ақшы салу ;

    333 “Материалдық зиянның орнын толтыру  бойынша есеп айырысу” шот  дебеті 

                    334 “Бүлінген құндылық шығыны , кем шығу” шот кредиті                  5 000 теңге

                     - кассирмен кем шығуды жабу ( кассалық  кіріс ордері жазылады ) :

    451 “Кассалық ұлттық валюта түріндегі  қолма - қол ақшалар” шот дебеті 

                     333 “Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу” шот кредиті    5 000 теңге  .

                   Тексеруге жататындар :

    - есеп беруші тұлғалармен  есеп айрысу  - Қазақстан Республикасы заңында белгіленген іс сапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына , субъектінің кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес шаруашылық , өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді .Ақшалай қаражатты беру және шығын кәсіпорындардағы   24 “ Шығын кәсіпкерлік субъектілердің есебі және есеп беруі”  Стандартына сәйкес тексеріледі ;

    - кредиттерді алу және өтеу бойынша ба айырысу нкпен есеп– тексеру барысында ағымдық , корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады .Ақшалай кредит сомасының есептелу мерзіміне және процент төлеміне ( кредиттік келісімшартпен анықталады) сәйкес көрсетіледі;

    - сатып алушылар және тапсырыс берушілермен , жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – субъект таңдаған есептік саясатқа сәйкес тексереді . Мынаны есте ұстау керек : талап қою мерзімі 3 жылды құрайды ( Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178 – бабы , Салық кодексінің 219 – бабы , 1 – тармағы , 1 – тармақшасы ) . Талап қою мерзімі келісімшарт негізінде қарызды кешіктіру ( қарызды төлеу мерзімін өткізіп алу ) сәтінен басталады . Талап қою мерзімі біткен (өтіп кеткен ) дебиторлық берешек субъект басшысының шешімі бойынша резерв есебінен есептен шығарылады (БЕС 5 “Табыс” және оған әдістемелік ұсыныс

болып табылатын “Күмәнді қарыздар бойынша пайда болған резерв” ) немесе резерв құрлмаған болса , онда шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылып , салық салғанда түзетуге кіреді ( Салық көдексінің 219 – бабы);

    - еңбекақы бойынша субъектінің қызметкерге берешегі – комиссия істелінген және істелінбеген уақыт үшін есептелген соманы білдіреді ( Салық кодексінің 149 – бабы , 2 – тармағы)

    - есептеудің дұрыстығы , мөлшерлеме көлемі және салық төлеу мерзімдері жинақтаушы зейнетақы үшін ұсталымдар , сондай -ақ бұлардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуы ;

    - алдағы кезең шығындары - құжат бойынша шотта көрініс табатын сома , сонымен бірге шығынға жатқызылатын сома белгіленеді ;

    - жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – жолдағы тауарлар сомасының бір бөлігі және фактурасы жоқ жеткізілім бойынша .

    Инвестицияны  түгендеу құнды қағаздарға жұмсалған шығынды растайтын құжаттар , олардың дұрыс ресімделуі , құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы ,уақтылығы және қағаз бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік  есепте толық көрініс табуы тексеріледі .

    Материалдық емес активтерді түгендеу олардың есепте дұрыс әрі уақтылы көрініс табуы , субъектінің оны пайдалану құқын растайтын ( патент , лицензия , тауарлық таңба және т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі .

Информация о работе қаржылық есеп