Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қолма-қол ақша мен шоттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 00:04, реферат

Описание работы

Банктің меншікті капиталының өсуі 2002 жылы 373,138 мың теңгеге жетті, ол негізінен 370,174 мың теңге көлемінде таза пайда алу есебімен жүзеге асырылды. Банк резервтік қорының сапасын 21,181мың теңгеден 210,000 мың теңгеге дейін көтерді, ол іс-жүзіндегі заңдарға сәйкес келеді. (жарғылық капиталдан 15 %)

Работа содержит 1 файл

Банк.doc

— 57.00 Кб (Скачать)

 

    1.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қолма-қол ақша мен шоттар

  1. Бағалы қағаздар
  2. Банктердегі депозиттер (несиелер)
  3. Клиенттерге несиелер
  4. Басқа да активтер

      Банктің меншікті капиталының өсуі 2002 жылы 373,138 мың теңгеге жетті, ол негізінен 370,174 мың теңге көлемінде таза пайда алу есебімен жүзеге асырылды. Банк резервтік қорының сапасын 21,181мың теңгеден 210,000 мың теңгеге дейін көтерді, ол іс-жүзіндегі заңдарға сәйкес келеді. (жарғылық капиталдан 15 %)

     Банктің таза пайдасы 370,174 мың теңге, ол 2001 жылмен салыстырғанда 5,3 есе немесе 299,683 мың теңгеге артық.

     Банктің табысы 2,127,201 мың теңге, яғни 444,932 иың  теңгеге немес 26,4 %-ке өскен. Табыстарының өсуінің негізгі болып таза проценттік табыстардың 153,846 мың теңгеге (14,0 М) өсуі табылады, сондай-ақ несие ісі бойынша провизияны  құру жоғалтулары 480,372 мың теңгеге (68,0 %) төмендеген.

     Банктің шығындары 2002 жылы 1,757,027 мың теңгені  құрады, яғни 145,249 мың теңгеге өсті. (9,0%)

     Қазақстан Республикасының экономикасы мен іскерлік инфро-құрылымы  сипаттық ерекшеліктерді көрсетуді жадғастыруда, ол әрине нарықтық экономикасы қалыптасу стадиясында табылатын елдерге тән. Осылардың  нәтижесінде Қазақстан жүзеге асырылатын операциялар дамыған елдердің нарықтарына қазметіне айрықша әсер ететінін де ескерген жөн. Сонымен қатар, банктік сектор  Қазақстан Республикасындағы саяси, заңдық, қаржылық және реттеушілік өзгерістердің әсеріне де тәуелді. Қазақстанның Ұлттық банкі реттеушілік сферасында өзінің бір мақсаты ретінде Халықаралық бухгалтерлік есептің стандарттарын сақтау мен үлкен деңгейдегі «мөлдірліктікті» (тұнықтықты-прозрачность) қамтамасыз етуді айқындайды.

     Қазақстан Үкіметі жалпы саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін және Қазақстан Республикасында инвесторлерге сенімділік деңгейін арттыру үішн әртүрлі шараларды қолдануды жалғастыруда. Бірақ, Қазақстанның болашақтағы экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз теу Үкіметпен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да органдармен  қолданыладытн экономикалық шаралардың эффективтілік деңгейімен байланысты. Экономикалық және қаржы секторларында өзгерістердің болу мүмкіндігі де бар, олардың туындауы Банк қызметіне теріс  әсерін тигізуі мүмкін. Банк басқармасы болашақтағы экономикалық қиындықтардың қаншаға созылатындығын, олардың деңгейін анықтай алмайды, сәйкесінше ұсынылатын қаржылық есептер болашақта анықталмаған жағдайлар туындай қалса түзілмейді. Егер өзгерістер туындап жатса және олар белгілі болып, оларды бағалау мүмкіндігі болса Банктің қадры есебінің сол кездегі  периодында түзетулер жасалады.

     Банктің өзінің есептік жазулары мен қаржылық есептерін Ұлттық Банк пен Қаржы  министрлігі тағайындаған бухгалтерлік есепті жүргізу әдісіне сәйкес Қазақстандық теңгемен жүргізеді. Қаржылық есеп Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына («МСФО») сәйкес жасалады.

     Банктің дауыс беретін акцияларының жартысынан көбі тікелей немесе жанама банкке жататын еншілес  компанияларының еесптік мәліметтері консолидацияланған (нығайту, ұзарту) қаржылық есепке  енгізіледі, ол арқылы Банк олардың қызметін бақылап отырады. Банктің консолидацияланғын бақылап отырады. Банктің консолидацияланған бухгалтерлік балансы, пайда мен шығыстар есебі, ақша қаражаттарының қозғалысының  кконсолоидацияланған есебі, акционерлердің меншікті қаражаттарының құрылымының өзгерісі жайлы консолидацияланған есеп қосымшаларда (№1,№2,№3,№4) көрсетілген.

     Банктің негізгі офисі – Алматы қаласында. Қазақстан республикасында Банктің  10 филиалы бар, олар мына қалаларда  орналасқан: Алматы, Астана Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей, тараз, Шымкент. Ал ААҚ АТФ Банктің «Темірбанктің » Астана қаласындағы филиалы Жеңіс даңғылы 43 орналасқан. Ғимарат үш қабаттан тұрады, кең көлемді және автокөлік тұрағы бар.

     Филиалға  сипаттама және оның потенциалы. ААҚ АТФ Банкиің филиалы 1995 жылдың 26 тамыз айында құрылған.

     Банк филиалы қысқа уақыттың ішінде  өз орнын тауып, өзінің бағыттарын ұстана білді, жаңа клиенттерді тартуда, заңды тұлғалар мен тұрғындардан депозиттер тартуда өзінің қызметін белсендетті, несие салымдарының құрылымын оптимизациялап, деңгейін көтере түсті.

     Банкті  басқару командасы. Филиалдың құрылымдық бөліміне банктің қызмет барысын қамтамасыз ететін бөлімдер, секторлар кіреді. Олар  мынандай сұрақтарды қарастырады:

     - банк қызметін жоспарлау, болдау, банктің даму бағыттарын қамтамасыз  ету, алдында тұран міндеттерді  орындап, ресірстарды оптималыд  басқару. Осы сұқрақтардың барлығы  экономикалық сұрақтар бойынша  бас маманның шешімімен жүзеге  асырылады.

    - әртүрлі банктік қызметтерді  ұйымастыру. (несиелеу, валюталық, салымдық, басқа да активті операциялар). Бұған клиенттерге қызмет көрсетумен байланысты барлық сұрақтар кіреді. Бұл звено бойынша банк табыс табады.  Бухгалтерияның негізгі функциясы клиенттерге қызмет көрсету, яғни жеке тұлғалардан, кәсіпорындардан, мекемелерден төлемдерді алу және жүргізу.

    Филиалдың дамуы.

    Қазіргі кезде Банк өзінің банк жүйесіндегі қызметін интенсивті дамытып жетілдіру үстінде. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 1997 жылы банкітің 2 эмиссиясы жарияланған болатын. Сегізінші эмиссия процесінде бакнтің акциясы 240 млн. Теңгеге үлестірліп, аяқталғаннан кейінгі қорытындысы бойынша іс-жүзіндегі жарғылық қор 400,0 млн теңгеге қалыптастырылды. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары бойынша Ұлттық комиссиясымен 1998 жылдың 23 ақпанында 9 эмиссияның тіркелмелі жөнінде куәлік  берілді, осыған байланысты банк өзінің жарғылық қорын 1 млрд теңгеге дейін көбейтті. Банктің даму стратегиясына сәйкес  қызмет атқарып, жарғылық қорын өсіруге, қаржылық тұрақтылықты күшейту мен сақтаудың кезекті сасясатын қолдана отырып, банк Қазақстанның қаржы нарығында өзінің позияциясын күшейте түсті, оған материалды-техникалық база елеулі деңгейде әсерін тигізді. Коммерциялық банктердің арасындағы бәсекелестің шиеленісуіне  қаржылық нәтижелері арқылы көз жеткізуге болады.

    ААҚ «АТФ Банктің» дамып жатқан банк ретіндегі  капиталының көрсеткіштерінің жеткіліктілігі барлық талаптарға сай, Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің тағайындаған халықаралық  стандарттарына  сәйкес, пруденциалды нормативті орындауға ұсынылатын талаптарға жауап береді. Салым операциялары бойынша тұрғындармен жұмыс белсенді жүргізіледі. Ұзақ мерзімді және екі жаққа да тиімді негізде қаражаттарды тарту бойынша координацияланған депозит саясаты жүргізіледі, банктің проценттік саясатына сәйкес салым операцияларын дамыту мен коммуналдық төлемдер, жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру, жеке тұлғаларға депозиттердің жаңа түрлерін енгізу жүзеге асырылады. Банкте үлкен көңіл маркетингтік қызметке бөлінеді,ол  сыртқы және ішкі ортадағы қаржы нарығын танып-білумен, клиенттік базаны талдаумен, банктік жаңа өнімдер мен қызмет түрлері бойынша ұсыныстарды қарастырумен  жарнамалық шараларды жүргізумен айналысады.

    Маркетингтік  қызметке банктің стратегиялық даму жоспарын сәтті жүзеге асыру үшін іс-жүзінде қол жеткізерлік объектілреді жеткізу мен қайта дайындауға, пайдалылыққа қол жеткізудің жолдары эффективті әдістерін қарастыруға, банктік қызметтер нарығында өзінің позициясы мен репутациясының оң жақтарын нығайтуға.

    Шағын және орта бизнесті несиелу ААҚ  АТФ Банк қызметінің негізгі бағыты болып табылғандықтан, банк басқарушылары  неғұрлым үлкен көңілді несиелік процедуралардың деңгейін жақсартуға, несие тәукелдерінің мониторингі  мен несиелік протфельдің сапасына бөліп отыр. Атқарылған қызметтерлің нәтижесінде банктің несиелік протфельі 64,1%-ке өсті, оның сапасы да жақсарып провизиялардың деңгейін төмендетті, ол 2001 жылы 10% болса, 2002 жылдың аяғында 6,3 %-ке дейін қысқарды.

    Банктің тәуекелдері. Басқаруды құру несие өтініштеріне неғұрлым  объективті түрде қарауға және банк филиалдарның несие портфельінің сапасын мардымды түрде жақсартуға мүмкіндік берді.

    Банктің 7 кіріссіз (шығынды) филиалдары есеп-айырысу  кассалық бөлімдері болып құрылып, банктің операциондық шығындарын төсендетті. Банктің  филиалдық саясаты еліміздің белгілі бір аймағында (регион) экономикалық мақсаттық бағыттағы қатысу принципімен  жүргізіледі.

    Банкке  халықаралық банкинг бойынша  тәжірибелі мамандардың командасың  әкелді. Оған халықаралық нарықта сәтті дебют жолауына көмектеседі. Бірінші класты шетел бакнтерінің несие линиялары 2001 жылмен салыстырғанды 57-ке өсіп, олардың жалпы жағдай 33 млн. АҚШ долларын құрады. 2002 жылдың қараша айында шетел банктерінің клубын 10 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз 6 ай мерзімге 1 жылға дейін созу құқығымен алынды. Банк  FMO-дан 2 миллион АҚШ доллары көлемінде ссуда алынған.

    Сондай-ақ, Банк Ресей қаржылық институттарымен  банкаралық қарым-қатынас сферасында, сауда- саттық қаржыландыру сферасында да сәтті қызметтер атқарып, несие линиялырының көлемін өсіріп жатыр.

    АТФ Банк Ресей Федерациясында өзінің арнайы өкілеттігін ашқан бірінші Қазақстандық банк.

    Несие саясатын банк өте икемді жүргізеді, ол қаржы нарығындағы үзіліссіз  болып отыратын жағдайлар кезеңіне өте маңызды роль атқарады. Бұл саясат табыс табуға, банкті аса қауіпті несие тәукелдерінен сақтауға, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен инвестициондық белсенділікті арттыруға бағытталған. Экономикалық ситуацияның тұрақсыздық ықтималдылығына байланысты банк әр уақытта несие салымдарының құрылымын түзетіп, бақылау жасп отырады.

    Банк  өзінің несие ресурстарының мардымды бөлігін орта және шағын бизнесті қолдауға бағыттайды.

    Соңғы кезде банк өзінің ссудалық портфельін құрағаннан бері үлкен назарды қарыз  алушылардың төлем қабілетсіздігінің талдауына аударып, клиенттің мәселелерін талқылап, оның шаруашылық әрекетімен танысады, қаржы нарығының конъюктурасын есепке алады.

    Қазіргі кездегі ААҚ АТФ Банктің алға қойған негізгі міндеті ТМД мен  басқа да шет ел қаржы институттарымен қарым-қатынасты тереңдету, кеңейту және дамыта түсу. Кейбір банктердің өсіп келе жатқан төлем қабілетсіздіктерін  ескере отырып, ААҚ АТФ банк ірі қаржылық институттармен тәжірибе жүзінде қызмет ете бастады, бұнда ставка қаражаттардың сақталымын жүз процентті кепілдендіруге, банктің клиенттерінің қажеттіліктерін толық қамтуға, жаңа шоттарды ашу есебінен қызмет көрсетудің жылдамдығына, минималды шығындармен есеп-айырысударды жүзеге асыруға жақсы жағдайларды құруға, валюталық операцияларды жүргізетін кезде альтернативті таңдау мүмкіндігінің болуына жасалады.

    Қазір филиал елімідің қаржы нарығында  қызметтердің келесі түрлерін ұсынады:

  1. Клиенттің банктік шоты:

Заңды және тұлғаларға ұлттық және шет ел валюталарында шоттарды ашу мен жүргізу;

      Шоттарды жабу

  1. Аударым операциялары
  2. Кассалық опрециялар:

    Ақша  беру мен қабылдау

    Ірі банкноттарды ұзаққа айырбастау және керісінше

  1. Ссудалық және депозиттік операциялар
  2. Кеңес беру қызметтері.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

    2002 жыл банктің қаржылық сферадағы даму тенденцияларына позитивті әсер етті деуге болады, өйткені банктің жиынтық активтерінің көлемі артып, тұрғындардың салымы өсті, сонымен қатар банктің жоғары деңгейлі несиелік белсенділігі де артты. Несие ісі бойынша провизияны құру жоғалтулары төмендеді. Тұрғындардың депозиттеріне тоқталатын болсақ, негізгі позитивті моментке талап етілгенге дейінгі депозиттермен салыстырғанда жедел депозиттердің ауқымды үлесі көңіл аударылды. Бұл әрине олардың қазіргі кезде сақтандыру объектісі болып  табылумен түсіндіріледі.

    Несие нарығында қалыптасқан жағымды  макроэкономикалық жағдайдарға  және депозиттердің қарқынды өсуімен байланысты банктің несиелік қызметтерінің көрсеткішлері де артты. Қаржы нарығының тұрақты дамуымен байланысты сыйақылардың орта деңгейлі ставкасы заңды тұлғалар үшін 18,8 %-тен 15,4 % , жеке тұлғалар үшін 27%-тен 24,5% -ті құрады (теңге бойынша).

    Банк  банктік қызметтердің халықарлық стандарттарына сәйкес қызмет атқарды, тәукелдерді басқару жүйесі бойынша сенімді шаралар қалыптастырылған және олардың барлығы халықаралық талаптарға сай жүргізіледі.

    Банктік қызметтер нарығында банк өзінің позициясы мен  репутациясын нығайтып, дамытуды белсенді жүргізіп жатыр. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қолма-қол ақша мен шоттар