Қазақстанға арналған 1 с бухгалтерия 8

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 16:58, курсовая работа

Описание работы

Бірнеше ұйымдардың есептік қызметін жүргізу. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» көмегімен бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге болады. Сонымен бірге жалпыға бірдей ақпараттық базаны бірнеше ұйымдардың-заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу үшін «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» қолдануға мүмкіндік береді. Егер лоардың шаруашылық қызметі өзара берік байланысқан болса, онда ол өте ыңғайлы: жалпыға бірдей тауар тізімдерін, контрагенттерді (іскерлік серіктестер), жұмыскерлерді, қоймаларды (сақтау орындарын) және т.б қолдануға болады, ал міндетті есептілікті бөлек қалыптастыру керек. «Қазақстанға арналған 1 С Бухгалтерия 8» үшін салықтың әр түріне байланысты салық төлеушілерді анықтауға жұмыс істеу мүмкіншілігі бар.

Работа содержит 1 файл

1с.doc

— 233.50 Кб (Скачать)

       «Счета учета  возвратов» закладкасында «Счета  учета возвратов» белгілемеуге де болады, бұл жағдайда қайтарып алу есебі шоты ретінде құжат шотсыз проводкаларды қалыптастырады (мысалы, 3391 шоты «өткізілген дайын өнім, тауар, жұмыс және қызметтерді қайтарып алу бойынша қарыздар»). Көп жағдайда тауарларды жеткізушілерден қайтарған кезде кестелік бөліктегі тауардың өзіндік құнына сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл жағдайда, кіріс/шығыс айырмасы өзіндік құнын шығындау шотына енгізіледі.

      Басқа  да ұйымдардың қызметі. Кәсіпорыннан көрсетілген қызметттерді рәсімдеу үшін бірнеше құжат қажет:

    • «Покупка» операциясымен бірге «Поступление ТМЗ и услуг» құжаты. Бұл құжатта «Услуги» бөлімі толтырылады. Құжат өткізілген кезде бухгалтерлік жазу жазылады, яғни, дебетте «Услуги» сілтемесінде көрсетілген шығындар шоты, ал кредитте – жеткізушілермен есеп айырысу шоты көрсетіледі.
    • «Поступление доп.расходов» құжаты. Бұл құжат арқылы қызметтердің келіп түсуі, алдын-ала келіп түскен ТМҚ-дың құнына кіретін шығындар сомасы көрсетіледі. Бұл құжаттың өткізілу барысында дебетінде – келіп түскен ТМҚ есебі, кредитінде – жеткізушілермен есептесуі көрсетілетін бухгалтерлік жазу жазылады.
    • «Авансовый отчет» құжаты. Бұл құжатта «Прочее» сілтемесін толтыру қажет.Мынадай бухгалтерлік жазу жазылады: кредитінде – есепті тұлғалармен есептесу шоты, дебетінде – осы сілтемеде көрсетілген пайдаланушылардың шоты. Мұнда ТМҚ-ң құнынна енгізілген шығындарды да көрсетуге болады. Егер құжатта «Оплата» сілтемесі толтырылған болса, онда «Авансовый отчет» құжаты есепті тұлғалардың алған қызметтері үшін төлемдерін рәсімдейді.

      Қызмет  көрсету. 8110 «Основное производство» және 8310 «Вспомогательное производство» шоты арқылы көрсетілген өндірістік қызметке кеткен шығындарды рәсімдеу үшін «Акт об оказании производственных услуг» құжаты қолданылады.(меню «Продажа» - «Акт об оказании производственных услуг»).

      Басқа да қызметтер  көрсету , мысалы, сауда ұйымдарына  көрсетілген қызметтер «Реализация  ТМЗ и услуг» құжаты арқылы  рәсімделеді.(меню «Продажа» - «Реализация  ТМЗ и услуг»). Сонымен қатар,  бұл құжатта «Услуги» сілтемесінің  кестелік бөлімі толтырылады.

      Аяқталмаған өндірісті түгендеу. Әрбір айдың соңында кәсіпорында аяқталмаған өндірісті түгендеп отыру қажет. Түгендеу нәтижесі аяқталмаған өндіріске қатысты шығындар ағымдағы айда өндірілген өнімнің (жартылай фабрикат, қызметтің) өзіндік құнына есепкеалынғандығын көрсетеді.

      Аяқталмаған өндіріс  қалдықтарын мәлімдеу үшін «Инвентаризация  незавершенного производства» құжаты  арналған. (меню «Производство» - «Инвентаризация  незавершенного производство»).

      Бұл құжат ай  соңында аяқталмаған өндіріс қалдықтары бар әрбір өндірістік бөлімшелерде қолданылады. 8110 «Основное производство» шоты, 8210 «Полуфабрикаты собственного производство» шоты немесе 8310 «Вспомогательное производство» шоттары көрсетілетін «Счет затрат» реквизитінде бұл өндірістің негізгі немесе қосымша екендігін осы құжат көрсетеді.                                                                                                                                      Әрбір номенклатуралық топтың аяқталмаған өндірісінің құндық бағасы нормативтік құжаттарға сәйкес номенклатуралық топтарға жеке-жеке есептеледі және құжаттың кестелік бөлімінде көрсетіледі. Құжаттың өткізілу барысында ешқандай бухгалтерлік жазу жазылмайды. Мұнда көрсетілген мәліметтер өнімнің (жартылай фабрикат, қызметтердің) өзіндік құнын есептегенде ескеріледі.                                                                                                                                           

      Басқа да тапсырыс берушілерге қызмет көрсету. Өндірістік қызмет көрсету бойынша операциялар «Акт об оказании производственных услуг» құжатымен рәсімделеді. (меню«Продажа» - «Акт об оказании производственных услуг»).

Құжаттың жоғарғы жағына қызмет көрсететін контрагентті,контрагентпен  келісімшарт және қызмет көрсетілетін өндірістік бөлімшелерді көрсету қажет. «Услуги» сілтемесінде әрбір қызмет үшін мыналар көрсетілу қажет:

  • Көрсетілген қызмет түріне сәйкес номенклатуралық позиция – сөздік элементі – «номенклатура».(«Услуга» флагы көрсетілген);
  • Көрсетілген қызмет мөлшері;
  • Көрсетілген қызметтен түскен түсім;
  • Жоспарлы құны;
  • Кіріс шоты – көрсетілген қызметтен түскен түсім көрсетілетін шот;
  • Шығыс шоты – көрсетілген қызметке байланысты ай соңында шығарылатын шығын сомалары көрсетілетін шот.

Бір ай көлемінде қызметтер жоспарлы құны бойынша есептеледі. Көрсетілген қызметтің нақты құны өнімнің өзіндік құнына кеткен шығындарды бөле отырып, айдың соңында жоспарлы құнға пропорционалды түрде есептеледі. Егер құжатта көрсетілген қызметтің жоспарлы құны қарастырылмаса, онда ай соңында қызметтің нақты құны шықпайды. Егер көрсетілген қызметтің өндірістік қызметпенбайланысы жоқ болса және олардың өзіндік құнын есептен шығарып немесе есепке алуға негіз жоқ болса, онда «Реализация ТМЗ и услуг» құжаты рәсімделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11тақырып. 1 С: Бухгалтериядағы тіркелген активтердің есебі

 

Негізгі қорлар. Негізгі қорлар анықтамасында («ОС и НМА»- недвижимость, здания, и оборудование (ОС)) негізгі қорларды есепке алған кезде өзгермейтін мәліметтер сақталады.

Оларға жататындар:

  • обьектінің толық атауы;
  • өндіруші (даярлаушы);
  • паспорт номері;
  • заводтың номері;
  • шығарған мерзімі;
  • негізгі құралдар тобы;

Бұл анықтамаларды негізгі қорларды есепке алмас бұрын анықтамаға енгізу керек. Негізгі қорлар туралы ақпараттар арнайы регистрлерде сақталады. Анықтамада бұл ақпарат арнайы бөлімшелерде орналасқан:

  • мекеме (обьект меншігіне жататын мекеме немесе кәсіпорын);
  • обьектіні қолданған мерзімі;
  • амортизациялық есептеудің әдістері;
  • негізгі қорлардың құрамы;
  • негізгі қорлардың жағдайы;
  • амортизация бойынша шығындарды көрсету әдісі;

 Негізгі қорлардың бір типті  обьектілерін анықтамаға қосу  үшін арнайы форма белгіленген,  ол «Групповое добавление» кнопкасымен  шақырылады.  Бұл формада мына  мәліметтерді көрсету керек:

  • жаңа элементтер қосылатын топтар;
  • қосылатын жаңа элементтер коды;
  • анықтама элементтерінің саны;
  • қосылатын элементтердің атаулары, саны, және т.б мәліметтер;

Негізгі қорлардың обьектілерімен болған оқиғалар атауы бойынша «Заполнить»  командасымен тіркеледі. Бұл сервисті қолдану үшін құжаттың кестелік бөліміне жол қосып, анықтамадағы негізгі қорлардың ішінен обьектіні таңдап, сол жолды белгілеймізде «Заполнить» командасын таңдағанда «Атауы» бойынша деп таңдаймыз.  Нәтижесінде бір атаулы обьектінің барлығы құжаттың кестелік бөліміне қосылады.

Кәсіпорынның мүлкіндегі негізгі қорлардың обьетілері туралы ақпарат талдау үшін келесі есептемелер арналған:

  • «инвентарная карточка обьекта ОС»;
  • «Инвентаризационная опись ОС»;
  • «Ведомость амортизации ОС»;
  • «Отчет одвижении стоимости ФА(НУ);

 

Негізгі қорларды есепке алу. Құрал-жабдықтар кірістелгенде «Поступление ТМЗ и услуг» құжатымен «Покупка» операциясымен тіркеледі (Меню «Покупка»- «Поступление ТМЗ и услуг»). Талдамалық есбі номенклатуралық позициялар бойынша 2932 шотында жүргізіледі және аналитикалық есебі  бұл шоттың негізгі құралдардың сақталу орнымен, келіп түскен партия бойынша жүргізіледі.

Негізгі құралдарды жаңарту мен  жөндеуге кеткен салымдары 2933 шотында  жүргізіледі. Құрылыс обьектілерінен жіберілген салымдар 2931 және 2940 шоттарында жүргізіледі. Құрылыс көлемдерін есепке алу үшін «Обьекты строительства» анықтамасы белгіленген.

Сыртқы кәсіпорындардың қызметінің құндары әр түрлі құжаттармен  көрсетіледі, ол «Поступление ТМЗ и  услуг» («Услуги» бөлімшесінде), «Поступление доп.расходов», «ГТД по импорту», «Авансовый отчет» («Прочее» бөлімшесінде). Құрал-жабдықтарды монтаждауға, жөндеуге, қоймадан жіберілген негізгі құралдар «Требование- накладная» құжатымен рәсімделеді. Монтаждауда, құрылыста, жөндеуге қатысқан жұмысшылардың еңбекақысы, «Отражение зарплаты в учете» құжатымен есепке алынады.

Құруға кәсіпорын өзі жасаған  негізгі құралдарды есепке алу үшін «Принятие к учету ОС» құжатымен  тіркеледі. Бұл құжат рәсімделген  кезде ең алдымен «Операция» кнопкасы арқылы мынадай операция түрлерін таңдап аласыз:

  • оборудование;
  • обьекты строительства;
  • приобретенные основные средства;
  • по результатам инвентаризации.

Негізгі қорлардың тізімі құжаттардың  кестелік бөлімінде көрсетіледі  және есепке алғанда негізгі есеп параметрлері көрсетілуі керек:

  • белгілі бір мекеме немесе кәсіпорынның инвентарлық номері;
  • бухгалтерлік есепте құнын есептен шығару әдісі, және корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық есептік шығындар құрамына енгізу тәртібі;
  • негізгі құралдардың құнын есепке алу шоты;
  • мүлік, көлік, жер салықтарарының есептеу тәртібі;

 Бұл параметрлер негізгі  құралдарды қабылдап алған кезде  ғана енгізіліп, эксплуатация  барысында өзгерістер жасалмайды.

Конфигурацияда мүлік, көлік, жер  салықтары бойынша декларация формалары  қарастырылған (Меню «Отчеты»- «Регламентированные  отчеты», «Налоговая отчетность» группасы).

 

Негізгі құралдардың  өзгеруі. Негізгі құралдардың есебі олардың өзгерістері, және сол өзгерістердің болған күндері бойынша, мысалы: негізгі қорларды есепке қою үшін эксплуатацияға енгізу, есептен шығару күндерін анықтауға болады. Негізгі қорларда болып жатқан өзгерістер тозуды есептеуге әсер етеді.  Негізгі қорлар есебін жүргізетін құжаттар («Поступление ТМЗ и услуг», «Принятие к учету ОС», «Перемещение ОС» т.б) өзгерістерді тіркейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12-тақырып.  «1С:Бухгалтериядағы 8» бағдарламасындағы еңбекақы төлеу есебі.

 

Арнайы мамандандырылған жүйе ішіне  еңбекақы есептемесімен кадрлар  есебі, 1С:Бухгалтериясының құрамына кіре отырып келесі мақсаттарды шешеді:

  • кадрлардың қозғалысы бойынша есебі,оған қоса құжаттарды дайындау (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар, басқа қызметке ауысқандығы туралы немесе еңбекақы мөлшерінің өзгеруіне, жұмыстан шығару туралы) және есептілік (Т-2 формасы бойынша жұмыскерлердің жеке карточкалары,ұйымның қызметкерлері туралы есеп);
  • құжаттармен есептіктерді құру (төлем құжатын қоса алғанда);
  • жарналармен салықтардың заң бойынша регламенттелген есептемесі, ұйымның қызметкерлерінің еңбекақы төлемдері бойынша салық салу базаларын құру;
  • бухгалтерлік және салықтық есептегі салықтармен жарналардың сомалары.

КАДРЛЫҚ ЕСЕП. «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8» ақпараттық базасындағы  кадрлар туралы мәлімдемелер келесі мәндер бойынша анықталады.Олар ,жұмысшы  жайындағы жалпы ақпараттық мінездеменің сақталуы, «Физические лица» анықтамалығында  сақталады.Ақпараттарды сақтау үшін,міндеттердің орындалуымен (ұйым,бөлімше,лауазым,табельдік номер) және «Работники организаций» (меню «Кадровый учет»- «Работники») мәліметтер регистрі қолданылады. «Плановое начисления работников организаций»(меню «Зарплата»- «Настройки начислений»- «Плановые начисления работников организации»)регистрінде, еңбек төлемдерінің жағдайлары туралы мәліметтер сақталады.Осындай ақпараттарды бөлек сақтау,қолданушылар үшін қолайсыздық туғызбайды,бірақ әртүрлі жағдайларда жұмысты оңайлатады,бірнеше ұйымның ақпараттық базасында, бір жұмысшы есепке алынған кезде:бұндай жұмысшы туралы ақпараттар «Физические лица» анықтамасына бір рет енгізілуі қажет.

Кадрлар жайындағы ақпараттар «Қазақстанға арналған1С:Бухгалтерия 8» құжаттарының көмегімен жүргізіледі. «Прием на работу в организацию» (меню кадровый учет»-«Прием на работу») құжатының көмегімен, бастапқы енгізу ақпараттары жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылып кеткен құжаттардан  «Работники организаций» және «Физические  лица» (егер қызметкер ақпараттық базаға бірінші рет кіргізілген болса) анықтамасы толтырылады.

Кәсіпорынға жұмысқа қабылдау мынадай  шектеулерді сақтай отырып қолданылады: Бір жеке тұлға,бірнеше ұйымның  қызметкері болып тіркелген болса,онда оның жұмыс орны осы ұйымдардың біреуі блоып табылады; басқа да ұйымдарда жұмыскер сыртқы сәйкестілікке бейімді болуы керек.Жұмыскер ішкі сәйкестілік ретінде екінші рет жұмысқа алынуы мумкін. Мұнда ішкі сәйкестілік ұйымның саясаты есептеме құрумен байланысты алдын-ала рұқсат етілген болуы керек,тұрақты меню арқылы»Предприятие»- «Учетная политика»-«Учетная политика (по персоналу).

Информация о работе Қазақстанға арналған 1 с бухгалтерия 8