ҚАЗАҚСТАНДА АУДИТТІҢ АЛҒАШҚЫ АДЫМЫ

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2012 в 09:21, курсовая работа

Описание работы

Аудит өздігіне заңдылықпен орнатылған талаптарға сай қаржылық есептерді құрастырудың обьективтілігі мен шындығы туралы тәуелсіз көзқарасты көрсету мақсатымен заңды тұлғалармен қаржылық есебін тексеруді көрсетеді.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................................................3
I АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.........................………5
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы…………………………………………..5
1.2. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері ……………………………………8
1.3. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері……………………..11
II ҚАЗАҚСТАНДА АУДИТТІҢ АЛҒАШҚЫ АДЫМЫ.................................14
2.1. Қазақстанда аудиттің дамуы..............................................................................1
2.2. Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері…18
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................20

Работа содержит 1 файл

kursavoi audit.doc

— 149.00 Кб (Скачать)

     Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып, брифингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу арқылы аудиторлық мамандықтың мәртебесін арттыру жөнінде жұмыс жүргізу қажет. Ұқсас іс-шаралар жастарды қызықтыруға тартуға мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта аудиторлық қызметтерді талап дүркін-дүркін өсуде, бұл тиісті персоналды іріктеудің кадрлық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

      Аудитті жетілдіру жөнінде сипатталған  шаралар аудиторлық кәсіпті одан әрі үдемелі дамытуға негіз құрайды. Бұл ретте, мемлекет тарапынан салмақты көзқарас мемлекет пен аудиторлық қауымдастық өзара іс-әрекеттерінде де, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың өздерінің арасындаға өзара іс-әрекеттерінде де қажет тепе-теңдік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, олар аудиторлық қызметті реттеу процесінетартылатын болады, бұл Қазақстан Республикасында аудиторлық мамандықты одан әрі оң дамытуға қызмет етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2.2 Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері 

     Аудит – экономикалық ақпараттың дұрыс  берілуін тексеріп, бұл жөнінде өзінің тәуелсіз қорытындысын жасау. Ал, оның шаруашылық және өндірістік мәселелер  үшін ерекше рөл атқаратыны мәлім. Біздің елімізде нарықтық қатынастар енді-енді белең алып келе жатыр. Күрделі де сан қырлы нарықтық инфрақұрылымның пайда болуы қаржы-экономикалық тетіктердің дамуына ықпал етеді. Экономикасы дамыған елдерде бұл қызметтің пайда болуы бір ғасырдан асып бара жатқаны соның дәлелі. Мәселен, тәуелсіз қаржы бақылауының отаны -  Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы қабылданған. Толып жатқан ұйымдар, компаниялар, биржалар, банкілер құрылып жан-жақпен байланысып, қарым-қатынаста бола бастаған тұста аудит объективті қажеттілік ретінде пайда болады. Демек, тәуелсіз аудиторлық қызметті де біз өмірдің өзі ұсынып отыр деп айта аламыз.

     Қаржы министрлігі жанынан шаруашылық есептегі аудиторлық орталық пен  оның аумақтық бөлімшелерін құру туралы үкіметтің 1990 жылғы пәрменінен бастау алған біздегі аудиторлық қызметтің пайда болуына нарықтың дамуы, алуан түрлі меншіктің дүниеге келуі, кәсіпкерлік үрдіске, қаржы жұмысын ұйымдастыруға қабілеті онша жете бермейтін тың күштің келіп қосылуы ықпал етті. Негізгі мақсаты – тексеру мен айып салу емес, жалпы жағдай мен конституциялық қызметті шынайы бағалау болып табылатын тәуелсіз аудиторлық тексеруге бақылау қызметтерімен және мемлекеттік органдармен қатар, кәсіпкерлер де, шаруашылық жүргізуші субъектілер де жиі-жиі жүгіне бастады.

     Нарық деген ұғымның кең мағынасын  қолдансақ, аудиторлардың меншік иелерінің  үдделерін қорғайтынын, мемлекет шығынының  алдын алатынын, сөйтіп, адамдардың нарыққа деген, жаңа экономикалық қатынастарға деген сенімін арттыратынын мықтап ескертуіміз керек.

     Кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалар мен басқа да нарықтық субъектілердің қаржы есебін тәуелсіз түрде сараптап, оған талдау жүргізуді өзімізде құрылған аудиттің ғана жүзеге асыратынын жұрттың бәрі білуге тиіс. Ол қандай ақпараттың болсын дәл де, толық, нақты берілгенін және мемлекетіміздің заңдарына қаншалықты сәйкес келетінін айқындауға көмектеседі. Ал өзін-өзі сыйлайтын инвестор немесе несие беруші эмитенттің, яғни биржаға өз акцияларын шығаратын адамның кім екенін білмесе бағалы қағаздарды сатып ала алмайды. Сөйтіп аудиторлық қорытындысыз іскерлік қатынастарға да бармайды.

     Нарықты аудитсіз көзге елестету қиын. Аудит  нарықтың неғұрлым көкейкесті салаларының  бірі ретінде мамандардың, зерттеушілердің  назарын барған сайын өзіне көбірек  аударып, берік заң негізіне ие болуда.  

        

 Қорытынды 

      01.04.2009 ж №20 келісім-шартқа сәйкес, «Арна-құрылыс» ЖШС басшылығы мен «Отрараудит» ЖШС аудиторлық ұйымының арасында келісім бойынша, 30.04.2004-30.03.2008 жж. аралығындағы «Арна-құрылыс» ЖШС-нің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілді.

      Бұл «Арна-құрылыс» ЖШС құрылыс компаниясы Қазақстан Республикасы аумағында  мәртебесі жоғары, лицензиясы, сертификат сәйкестігі бар, тұтынушылар сұранысына ие, сапалы жылжымайтын мүлік салатын  кәсіпорын болып табылады.

      Жұмыстың  жүргізілуі барысында Қазақстан Республикасының «ҚР-ның аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы Заңы, ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының аудиторлық әдеп Кодексі» және  21.07.1995 жылғы қабылданған «Қазақстандық аудит стандарттары» қолданылды.

      Аудиторлық  тексеріс бағдарламасында келесідей  сұрақтар қаралды:

    1. Құрылтай және басқа да құжаттар аудиті

    2. Ақша  қаражаттар аудиті

    3. Қысқа  мерзімді дебиторлық берешек  аудиті

    4. Тауарлы-материалдық  қорлар аудиті

    5. Ұзақ  мерзімді активтер аудиті

    6. Қысқа  мерзімді және Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек аудиті

    7. Қысқа  мерзімді міндеттемелер аудиті

    7.1. Бюджетке  төленетін міндетті төлемдер  аудиті

    7.2. Ерікті  төлем және басқа да міндетті  міндеттемелер аудиті

    8. Еңбекақы  төлеу аудиті

      9. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау

      Әр  сұраққа аудиторлық процедура құрылды, ішкі бақылау  жағдайын тексеру үшін тестілер құрастырылды.

   Көлік қаражаттарын жалға беру келісімі Азаматтық құқықтар келісіміне жатады. Салық кодексіне сәйкес жеке тұлға табысы  бір жолғы төлем табысына жатады. Бір жолғы төлем табысы, бастапқы төлемге, яғни,ИПН ді ұстап өалу және шығару салық агенті арқылы жүзеге асырылады.

     Аванстық  есептерді тексерген кезде, бухгалтерлік және салық есеп талаптарын бұзушылық  анықталды. Кассадан берілген жабдықтар  көрсетілмеген, бөлек аванстық есеп ешкіммен бекітіліп, қол қойылмаған.

      Аудиттелетін  ұйымның қаржылық жағдайын талдау барысында  қаржылық есептілік нысандары қолданылды. Біздің жауапкершілігіміз: аудит жүргізу кезіндегі нәтижелерді көре отырып, тәуелсіз пікір білдіру.

      Менің пікірім бойынша, 01.01.2008 жылға берілген бухгалтерлік есептілік кәсіпорынның жағдайы туралы шынайы және сенімді көрініс тапты, сонымен «Арна-құрылыс» ЖШС қаржылық тұрақты және төлем қабілетті болып табылады. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Абленов Д.О. «Аудит негіздері» Алматы, Экономика, 2005, 294 б
  2. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005 ж, 400 б
  3. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Типтік бағдарлама экономика мамандығын дайындайтын студенттеріне арналған. – Алматы: Экономика, 1999. – 24 с
  4. Байдаулетов М.Б.,  Байдаулетов С.М., «Аудит». Алматы. «Қазақ университеті», 2004 ж
  5. Балапанова А.Ж. «Аудиттің теориялық негіздері»: Оқу құралдары. – Алматы. – 2003
  6. Ержанов М., Даулетбеков Г.Б. и др. Аудит – 1: Учебник. – Алматы: Бастау, 2005. 282 с.
  7. З.Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева Аудит: Оқулық, - Алматы 2006ж, 603 б
  8. Кочинов Ю.Ю. Аудит. – СПб.: Питер, 2002. – 304 с.
  9. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы, 2 қараша 1998 ж.№ 304 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
  10. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. – Алматы: Әділет  Пресс, 2003. – 40 б.
  11. Қазақстан Республикасының  1998-2000 жылдарға арналған бухгплтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.98 ж.№3838 Жарлығы // Бюллетень бухгалтерлік. 1998. № 2 9. – Б. 2 – 8
  12. Насыров М.Р. Токсанбай С.Р.,  Кулпыбаев С.К., Гуляев С.П., «Современный экономический русско –казахскиий толковый словарь-справочник», Алматы, 2003, 880 с.
  13. Шестаков А.С. Экологический аудит: вопросы теории и практики. ОИ ВИНИТИ. Экологическая экпертиза, 1999, № 1. с. 100-107.

Информация о работе ҚАЗАҚСТАНДА АУДИТТІҢ АЛҒАШҚЫ АДЫМЫ