Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

Работа содержит 1 файл

УМК КЕ1.doc

— 1.07 Мб (Скачать)

─ тақырыпқа сай теориялық және практикалық сұрақтарға байланысты жауап беру;

─ негізгі нәтижелермен ұсыныстарды құру.

              Қорғау барысында білімгер ұсынып отырған курстық жұмыстың мазмұнын жақсы меңгеру қажет. Білімгер бастапқы мәліметтерін теориялық және практикалық сипаттағы сұрақтарға жауап беруге және жұмыстың нәтижелерімен ұсыныстарын құрып түсіндіріп беру керек.

              Курстық жұмыс  баллдық жүйемен бағаланады. Комиссия мүшелерімен қорғалған курстық жұмыс қанағаттандырылмаған жағдайда, білімгер қайта 3 күн ішінде қорғау қажет.

 

9.Білім алушылар үшін өзіндік жұмыстар материалдарында:

 

 

9.1. «Ақша құралдары және олардың эквиваленттері» тақырыбы

 

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, ақша құралдары мен олардың эквиваленттерінің мәнін түсіну және олардың есебін меңгеріп, іс жүзінде қолдана білу.

Тапсырма 1. Берілген есептерді шығару

Есеп 1. – Ақша құралдары мен олардың эквиваленттерін жіктеу

Келесі баптар қай шоттарда есепке алынады:

а) монеталар мен валюталар;

б) Қазына облигациялары;

в) депозиттік сертификаттар;

г) Шоттағы қаражатпен жабылмаған чектер (банк үзіндісімен бірге қайтарылған чектер);

д) шетел банкісіндегі депозит;

е) алдағы мерзіммен берілген чек (көрсетілген мерзімге дейін ақша алға болмайды);

ж) ұзақ мерзімді міндеттемелерді өеуге пайдаланылатын ақша қаражаты;

з) жолдағы депозиттер;

и) басқа компанияның 100 акциясы (бір жыл немесе одан да аз мерзім ішінде сатып жіберуге ниеті бар);

к) жинақ шоты;

л) пошта маркалары;

м) іссапар шығындарына берілген аванстар.

Есеп 2. Чек бойынша төлем

1.       Компания 20/12/ 04 жылы несиеге 20,000 теңгеге кеңсе тауарларын сатып алады. Операцияны шоттарда бейнелеңіз.

2.       28. 12.04 ж. жабдықтаушының квитанциясын төлеуге чек жазылып берілді. Операцияны бейнелеңіз.

3.       Жабдықтаушыға чек тек 05.01.05ж. ғана жеткені анықталды. Қаржылық қорытынды есептілікте 2004 жылдың 31- желтоқсанына қалдықтарды дұрыс бейнелеуге қажетті кері бухгалтерлік өткізбе беріңіз.

4.       Енді, шын мәнінде жабдықтаушы чекті 2004 жылдың 29- желтоқсанында алғаны анықталды. Бірақ ол чекті банкке 2005 жылдың 3-қаңтары күні жеткізіп, ақша алғаны мәлім болды. Корректуралық жазу қажет деп ойлайсыз ба? Неге екенін түсіндіріңіз. 

Есеп 3. Ақша құралдарын жіктеу

2004 жылдың 31- желтоқсанында компанияның меншігінде келесі активтер болған:

       Банктегі ақша қаражаты – жинақтық шот                          63000

       Кассадағы ақша                                                                      9300

       Салық инспекциясынан қайтарылған ақша                        31000

       Арнайы шоттағы қалдық                                                      17000

       Болашақ датамен бекітілген чектер                                        750

       Депозиттік сертификаттар (180 күн)                                   90000

Ақша қаражаттарының сомасын анықтаңыз?

Есеп 4. Ақша құралдары бойынша қалдықты анықтау

      Төменде бір-біріне тәуелсіз ситуациялар берілген. Әрбір жағдай бойынша ақша құралдары шотындағы қалдық соманы анықтаңыз. Егер, бір тармақта ақша құралдары шотында бейнеленетін ешқандай бап жоқ деп санасаңыз, түсініктеме беріңіз:

1. Ағымдық шоттағы қалдық – 925000 тг., депозиттік сертификаттар – 1400000 тг., еншілес компаниядан алынған аванс – 980000 тг, газға төленген алдын-ала төлем – 180 тг.

2. Ағымдық шоттағы ақша – 600000тг, овердрафт- 17000 тг, облигацияны өтеу қорындағы ақша – 200000, кіші касса-300, монеталар мен купюралар-1350тг.

3. Ағымдық шоттағы қалдық – 590000 тг, сатып алушыдан алынған, болашақ күнмен жазылған чек – 11000тг, компенсациялық қалдыққа қалдырылған ақша – 100000тг, сатып алушымен куәландырылған чек – 9800тг, поштп маркілері – 620 тг.

4. Ағымдық шоттағы қалдық –37000 тг, қысқа мерзімді инвестициялық инструменттер (салымды есеп айырысу мақсатында жұмсауға тыйым салынады) – 48000 тг, сатып алушыдан алынған қамтамасыз етілмеген чек – 800 тг.

5.       Ағымдық шоттағы қалдық –700000 тг, жұмсалуына шек қойылған, жаңа өндірістік жабдықтар құрылысын қаржыландыруға арналған ақша қаражаты – 500000 тг, қысөы мерзімді казначейлік облигациялар-180000 тг, ағымдық шоттағы қалдыққа қосылмаған, сатып алушылардан алынған аванс – 900 тг, компанияның қызметкеріне берілген, бірінші талап бойынша қайтарылатын аванс- 7000 тг,

Тапсырма 2. Берілген тақырыптарға реферат жазу және презентация (слайд-шоу) дайындау. Ұсынылған тақырыптар:

а) «Ақша қаражаттары қозғалысың бақылау жүйесі»

б) «Валюталық шот бойынша операциялар есебі»

в) «Банктегі депозиттік шоттар бойынша операциялар есебі»

 

Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Ағымдағы активтердің жіктелуіне.

2. Шетел валютасында жүргізілетін операциялар бойынша ақшалай және ақшалай емес баптардың айырмашылығына аса назар аудару керек.

 

СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

    СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және ақша құралдары есебі   туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1.       Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандары және олардың сызбасын жасаңыз.

2.       Банктердегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебін толықтырыңыз

1. есеп  қолма-қол ақшаға импортты тмқ алу бойынша бухгалтерлік өткізбе құрыңыздар:

1. кәсіпорынның өкілетті банкінің валюталық несиесі есебінен шетелде 3000 шетел валютасына аккредетив ашылды.

2. шетел банкінен жабдықтаушыға аккредетивтен 3000 шетел валютасы төленгендігі туралы хабарлама келіп түсті.

 

9.2. «Дебиторлық борыш есебі» тақырыбы

 

СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

                  СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және дебиторлық борыш есебі   туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1. Күмәнді талаптар бойынша резервтерді бағалау әдістеріне мысал келтіріңіздер.

2. Вексельдер бойынша есеп айырысу есебін толықтырыңыз. 

Тапсырма 1. Берілген мәліметтер негізінде есеп шығарыңыз

Есеп 1.Күмәнді талаптар бойынша

           2006 жылдың 31 желтоқсанына «Халық» корпорациясының алынуға тиісті шоттарына жүргізілген талдау нәтижесі келесіні көрсетті:

Күмәнді деп табылған шоттар                                 180000

Алынуға тиісті шоттар                                           1750000

Күмәнді талаптар бойынша резерв                         125000

   «Халық» корпорациясының 2006 жылдың 31 желтоқсанына алынуға тиісті шоттарының таза құны нешеге тең?

Есеп 2. Вексельдер есебі бойынша бухгалтерлік жазбалар құру.

Берілгені:

1.Сатып алушыдан дебиторлық борышты қамтамасыз ету мақсатында жылдық 12%-бен, 30 күнге, сомасы 200000 теңге болатын вексель алынды.

2.30 күн өткеннен кейін пайыздық кіріс есептелді  (Сомасын анықтаңыз).

3.Вексель бойынша негізгі борыш сомасы және пайыз сомасы төленді (сомасын анықтаңыз).

         Қажет;

Берілген операциялар бойынша бухгалтерлік жазбалар құрыңыз.

Тапсырма 2. 1-2 тақырыпқа глоссарий дайынданыз

 

Тапсырма 3.Берілген тақырыптардан  1 тақырып таңылап алып реферат жазып, презентация өткізіңіз

Ұсынылған тақырыптар;

а) «Сатыпалушылар мен тапсырыш берушілермен есеп айырысу есебі»

б) «Күмәнді  дебиторлық борыштар және оларды бағалау»

в) «Вексель арқылы есеп айырысу есебі»

г) «Күмәнді талаптар резервінің есебі және оны бағалау түрлері»

 

 

9. 3 Қорлар есебі ( ҚЕХС 2)» тақырыбы

 

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, тауарлық-матриалдық қорлар және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру

Тапсырма 1. Берілген есептерді орынданыз

Есеп 1.Компания компакт дискілерді сатумен айналысады. Ағымдық жылдың қаңтар айының басында (01.01…) компанияда дискілердің қалдығы (1000 дана  700 теңгеден)- 700000 теңгені құрады.

Бір ай ішінде сатып алынды:

03. 01....- 500 дана 600 теңгеден

07. 01....- 200 дана 500 теңгеден

23.01....  - 250 дана 550 теңгеден

30.01....- 300  дана 650 теңгеден.

Сатуға дайын тауарлардың саны 2250 дана. Бір ай ішінде компакт дискілердің 2000 данасы сатылды. Сатып өткізілген тауарлардың өзіндік құнын ФИФО, орташа құн әдістері бойынша есептеп шығарыңыз.

Есеп 2.   «Өркен» компаниясы ТМҚ есебін өзіндік құн мен таза өткізу құнының ең аз мөлшерімен, негізгі тауарлық топтар әдісін қолдана отырып жүргізеді. Бас бухгалтердің көмекшісі келесі талдауды жүргізді:

ТМҚ категориялары                           Бастапқы құн                                           Таза өткізу құны

                     А                                              22000                                                           20000

                     Ә                                              45000                                                           95000

                     Б                                               18000                                                           36000

                     В                                               56000                                                           55000

                 Барлығы:                                    141000                                                         206000

Бухгалтерлік баланста ТМҚ-ның қандай сомасы көрсетілуі тиіс?

Тапсырма 2. Ұсынылған тақырыптардан таңылап алып презентпция немесе реферат орынданыз.

Ұсынылған тақырыптар:

-          «ХҚЕС 2 сәйкес  қорлардың есебі»

-          «ТМҚ-ды бағалау әдістері»

-          «ТМҚөдың есебіндегі кезеңдік және ұздіксіз жүйелері»

Тапсырма 3. Тақырып бойынша глоссарий (GKT – glossary of key terms) дайындаңыз

 

СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

 

    СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және тауарлық-материалдық қорлар есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.

 

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. ТМҚ қозғалысын құжаттау.

2. ТМҚ бухгалтериядағы және қоймадағы есебіне және онда қолданылатын әдістерге сипаттама беріңіздер.

 

1-Есеп.Компания  да ТМҚ бойынша мерзім басында қалдық болмаған:

ТМҚ                                                        Сатып алынды                         Бір бірлігінің

сатып алу күні                                        саны                                          өзіндік құны

15.01                                                         2000                                          2,00                                   

20.07                                                         3000                                          2,20                   

03.09                                                         1000                                          2,30

29.10                                                         5000                                          2,50

12.12                                                         1000                                          2,60

ТМҚ соңғы қалдығы-2500 дана. ФИФО әдісі бойынша сатып өткізілген ТМҚ мен мерзім соңындағы қалдығының өзіндік құнын анықтаңыздыр.

     2-Есеп.     2002 жылы сауда фирмасы кілем фабрикасынан 600000  теңгеге 100 кілем сатып алды. Оларды тасымалдауға 60000 теңге жұмсалған. Бір кілемнің өзіндік құны – 6600 тг болды. Фирма жыл ішінде 7500 теігеден 80 кілем сатып өткізді. Жылдың соңында фирмада 20 кілем қалған, оның 5-уі бүлінген. Бүлінген кілемдердің әрқайсысын 3500 теңгеден сатып жіберуге болады. Қалған 15 дана кілемнің әрқайсысын 7500 теңгеге сатуға болады. Жылдың соңында тауар қалдығы баланста қандай құнымен есепке алынады?

Информация о работе Бухгалтерлік есеп