Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде
Лекция, 20 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді.
Содержание
1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
1.2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылыр және олардың ролі
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері
Работа содержит 1 файл
ЛЕКЦИЯ.docx
— 134.90 Кб (Скачать)Айдың соңында бас кітаптың
қорытындысы негізінде
Мемориалдық-ордер формасы аналитикалық (талдамалық) есептік кітаптарда, карточкаларда немесе бос беттерде жүргізіледі. Аналитикалық (талдамалық) есеп тіркелімдеріндегі жазбаларды мемориалды-ордерлерге қоса берілген құжаттардан алады. Ай соңында аналитикалық (талдамалық) есеп тіркелімдерінің жазбалары негізінде айналым және сальдолық тізімдемелер – сәйкес синтетикалық (топтпмалық) шотпен біріктірілген аналитикалық (талдамалық) шот тобына бір ведомост (тізімдеме) құрылады. Бұл тізімдемелердің мәліметтері синтетикалық (топтпмалық) шоттармен біріктірілген аналитикалық (талдамалық) шоттардың сальдосы мен айналымдарының қорытындыларын салыстыру үшін қажет.
Есептің мемориалды-ордерлі нысаны есеп тіркелімдерінің жеңілдігімен және есеп жазбаларының техникасымен ерекшеленеді. Алайда бұл нысанының кемшілігі ретінде - құжаттардағы бір ғана ақпаратты мәліметтердің ведомосттарға (тізімдемелерге), мемориалды-ордерлерге, журналдарға, синтетикалық (топтпмалық) және аналитикалық (талдамалық) есептің тіркелімдеріне бірнеше рет қайталанып жазылуын атап өткен дұрыс.
Басқа формаларға қарағанда мемориалды-ордер формасын жүргізу көп еңбекті керек етеді. Оның бір түрі бас-журнал формасы. Бұнда негізгі есеп регистрі карточкалар мен бос беттер емес, бас журнал деп аталады. Ол азғана шоттарды пайдаланатын шағын кәсіпорындарда қолданылады. Оның өзгешелігі кітапта бухгалтерлік жазу хронологиялық және жүйелі түрде ұштастырылып жазылады.
Күні |
Проводка номері |
Мәтіні |
Айналым сомасы |
Касса шоты |
Есеп айырысу шоты |
Дебиторлық борыш шоты | |||
Дебит |
Кредит |
Дебит |
Кредит |
Дебит |
Кредит | ||||
1-қаңтардағы қалдық |
|
25000 |
50000 |
7000 |
|||||
3.01 |
1 |
1-Кіріс ордері |
10000 |
10000 |
10000 |
||||
5.01 |
2 |
5-Төлем тапсырмасы |
5000 |
5000 |
5000 | ||||
қаңтар айындағы айналым |
15000 |
10000 |
5000 |
10000 |
5000 | ||||
1-ақпанға қалдық |
35000 |
45000 |
2000 |
||||||
Бас журналдың бұлай құрылуы
оған жазылған жазуды көзге көрнекті
болып және оған шолуды жеңілдетеді.
Журналда шығарылған қалдықтар (сальдо)
синтетикалық (топтамалық) шоттар бойынша
дайын айналым ведомосы бола аладыда
бөлек айналым ведомосын
Журналда жазбалар мемориалды
ордерлердің номерлері мен
Журнал-Ордерлі формасын
пайдалану барысында
Бастапқы құжат мәліметтерін жалпы бірыңғай шаруашылық операциялар бойынша журнал-ордерлерге немесе жинақтаушы тізімдемелерге жазады, ал қорытынды көрсеткіштер журнал-олдерлерге көшіріледі. Журналда аналитикалық (талдамалық) есебі жүргізілмейтін шаруашылық операциялар бойынша мәліметтер аналитикалық есептің карточкаларында көрсетіледі (негізгі құралдарды тағы басқаларды есептеу).
Ай соңында барлық карточкалар
журнал-ордерлер және солардың тізімдемелері
бойынша қорытынды сомалар
Бухгалтерлік есептің
журнал-ордерлі нысаны есептің бас-журнал
нысанымен кейбір ортақ қасиеттеріне
ие, арнайы журналдардағы бастапқы
құжаттардың мәліметтері
Шағын кәсіпорындар бухгалтерлік
есеп формасының жай немесе жеңілдетілген
(кәсіпорын мүлігін есептеу
Есептің жай формасы шаруашылық
операцияларын есептеу
Кітап ұйымның кез-келген
уақыттағы (күнгі) мүліктері мен
қаржылық міндеттемелерінің барлығын
анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік
береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің
жай нысанындағы аталған есеп
тіркелімінен басқа есеп айырысу - төлем
тізімдемесін ауыстыратын қызметкерлермен
есеп айырысу тізімдемесі
Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайлы.
Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша жүрген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттарды жұмыс жоспарына сай).
Бастапқы құжаттар (актілер, жүк құжаттар, есеп-қисап және тағы басқа) негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде – шоттың дебеті бойынша кредиттелуші шот номерін көрсетумен бірге, екіншісінде – корреспонденцияланушы шоттың кредиті бойынша дебеттеуші шоттың номерінің ұқсас жазбасымен бірге.
Жеке тізімдемелердегі қаражат қалдықтары, солардың негізінде жазбалар жүргізілген бастапқы құжаттардың сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек (кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалары).
Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін қорытындылауға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің айлық қорытынды жинақтау ведомосттары (тізімдемелері) арқылы шахматтық ведомост (тізімдеме) құрылады. Ал бұл шахматтық ведомостегі (тізімдемедегі) мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым ведомості (тізімдемесі), бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқада түрлері жасалынады.
6.9. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты -деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің регистрлер жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын
өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі
бухгалтерлік есеп пен басқа екінші
деңгейлі нормативті құжаттар бойынша
баптарда (стандарттарда) қарастырылған
бухгалтерлік есептің кез-келген мәселелерін
шешудің көп түрлілігімен анықталады.
“Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру туралы” Қазақстан
- бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі,
- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары,
- алғашқы есеп құжаттарының типтік формалары,
- ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат формалары,
- актив пен міндеттемелер инвентаризациясын өткізу тәртібі (реті),
- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері,
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы,
- шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі,
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- меншік формасы (нысаны, түрі) мен құқықтық-ұйымдастырушылық формасы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
- қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
- салық салу жүйесімен ара қатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалыну бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез-келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері - әр айдың соңғы календарлық (күнтізбелік) күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухглатерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
6.10. Есеп саясатының мазмұны
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез-келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері,
- Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары,
- Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері,
- Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі,
- Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі,
- Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі,
- Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары,
- Материалдық қорларды бағалау әдістері,
- Негізгі құралдарды жөңдеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру,
- Курстық айырманы есептеу,
- Тағыда басқа.