Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 18:27, реферат
Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Күмәнді дебиторлық борыштар
Еншілес (тәуелді) серіктерлің дебиторлық борыштарының есебі
Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Алдағы кезең шығындарының есебі
Берілген аванстар есебі
Осы атап өткен екінші әдісіміз бойынша мысал келтірейік:
«ККК» фирмасының 2004 жылғы 31 желтоқсанға алынуға тиісті шоттарының сомасы (өлшем бірлігі — теңге)
Сатып алушылар |
Түсуге
тиісті борыш (барлығы) |
Уақ-
тылы түспе- гені |
Бір
тоқсан кешік- тірілгені |
Екі
тоқсан кешік- тірілгені |
Үш
тоқсан кешік- тірілгені |
Төрт
тоқсан кешік- тірілгені |
«АРАЛ» фирмасы | 350000 | 150000 | 200000 | |||
«ШАЛКАР» фирмасы | 250000 | 100000 | 150000 | |||
«НҰР» АҚ | 500000 | 300000 | 100000 | 100000 | ||
Барлығы | 1100000 | 300000 | 250000 | 200000 | 100000 | 250000 |
Күмәнді
борыш пайызы |
5 |
10 |
20 |
30 |
50 | |
Күмәнді борыш бойынша резерв | 15000 |
25000 |
40000 |
30000 |
125000 |
Жоғарыдағы берілген мысалымызда «ККК» фирмасының алынуға тиісті шоттарының сомасы қарастырылған. Яғни кестеде «ККК» фирмасының дебиторлары және олардың қарыз сомалары әрбір кезең бойынша бөлініп көрсетілген. Сондай-ақ бұл жерде фирманың алынуға тиіс шоттарының кешіктірілген мерзімдеріне сәйкес күдікті борышты есептеуге арналған пайыз коэффиценті белгіленген. Яғни «ККК» фирмасы өздерінің сатқан тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін уақтылы есеп айырыспаған занды немесе жеке тұлғалардың қарыздарының, дер кезінде төленбеген сомасының 5%, бірінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 10%, екінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 20%, ұшінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 30%, төртінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 50% мөлшердегі сомаларын күдікті борыштар деп есептейді. Кестеден «ККК» фирмасының 2003 жылдың 31 желтоқсанына болжанған күдікті қарыздарының мөлшері 235000 (екі жүз отыз бес мың) теңгеге тең екендігін көруімізге болады (15000+25000+40000 +30000+125000). Егер «ККК» фирмасының күдікті борыштар бойынша резерв шотындағы сомасы жоғарыда табылған 235000 теңгеден артық немесе кем болса, бұрынғы жасалынған резервтер сомасына тиісті өзгерістер енгізіледі.
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты арқылы жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмүны |
Дебитте-летін шот | Кредигте-летін шот |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Күмәнді қарыздарға резерв жасалды | 821 | 311 |
2 | Күмәнді қарыздар бойынша құрылған резерв сомасының есебінен дебиторлық борыш жабылды | 311 |
301, 302, 333,334 |
3 | Жыл соңында күмәңді қарыздар бойынша құрылған резерв сомасының артығы сторно етілді (қызыл сиямен). | 821 |
311 |
4 | Сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретіңде есептен шығарылып белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл қарыз сомасы өтелгенде (есептен шығару осы есеп беру кезеңіңде жүргізілсе): | 311 |
301, 302, 333,334 |
5 | Сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл қарыз сомасы өтелгенде (есептен шығару келесі есеп беру кезеңінде жүргізілсе): | 431,441, 451 |
727 |
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлык борыштарының есебі
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шоттарда:
«Шаруашылық серіктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шаруашылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серікгестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдына жарғылық қорлары болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер ездерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін өздері жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.
«Бірлесіп бақыланатын заңды түлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және біріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет.
Ол үйлесімді (пропорционалды) біріктіру үшін есеп беретін пішімдердің (форматтардың) біреуін қолдану негізіңде жүзеге асады.
Меншіктің осы бір түрлерін айқындайтын анықтамалар азаматтық кодексте толық түрде көрініс тапқан (228-234 баптары). «Еншілес, тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоттары мына шоттармен корреспонденцияланады:
• Еншілес, тәуелді серіктестіктерге, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға ұйым ақша берген уақытта:
Д-т: «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп
бақыланатын
заңды тұлғалардың борышы»
К-т: «Ақшалар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса,
• Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының пайда болуына:
Д-т: «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
К-т: «Негізгі қызметтен алынатын кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:
Д-т: «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты;
К-т: «Қосылған қүн салығы шоты» түрінде корреспонденция жазылса.
• Шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімді бағамдық айырмашылыққа:
Д-т: «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты;
К-т: «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты түрінде корреспонденция жазылуы тиіс.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуына:
Д-т: «Алынған вексельдер» немесе «Ақшалар» шоттарының тиістілері;
К-т: «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардьщ есебінен жабылуына:
Д-т: «Еншілес, тәуелді серіктестіктерге және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға қарыз» шоты,
К-т: «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты түрінде жазу жазылады.
Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борыштары олардан тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу үшін алынған аванстар есебінен жабылғанда мына төменде көрсетілгендей түрінде бухалтерлік жазу жазылады:
Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін алынған аванстар» немесе
«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері;
К-т: «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардыц борышы» шоты.
Осы жоғарыда айтылғандармен қатар шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық пайда болған уақытта:
Д-т: «Бағамдық айырмашылық бойынша шығындар» деп аталатын шот;
К-т:
«Еншілес, тәуелді серіктестіктердің
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы» шоты түріндегі
бухгалтерлік жазуы жазылады.
Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың дебиторлық борышы шоты бойынша
жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебитте-летін шот | Кредитте-летін шот |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Еншілес, тәуелді
және бірлесіп бақыланатын занды
тұлғаларға тиеп жіберілген
тауарлар, негізгі құралдар, материалдық
емес активтер, материалдар, көрсетілген
қызметтер:
- өз бағасына - қосылған құнға салынған салық сомасына |
321-323 321-323 |
701-727
шоттар-дың тиістілері 633 |
2 | Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті. | 441 |
321-323 |
3 | Ай соңында (аяғында) еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын занды тұяғалардың берешек борыш сомасы олардың алашақ борышы есебінен жабылды. | 641-643 |
321-323 |
4 | Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін жалға алушылардың берешек сомасы | 321-323 |
722 |
5 | Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз (процент) сомасы | 332 |
724 |
6 | Алынған қарызға, кредитке есептелген пайыз сомасы | 332 | 724 |
7 | Акция дивидендіне есептелген пайыз сомасы | 332 | 724 |
8 | Есептелген дивиденд және пайыз ретіндегі борыш сомасы есеп айырысу шотыша келіп түсті. | 441 |
332 |