Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 11:33, реферат

Описание работы

Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.

Работа содержит 1 файл

136_osJ.doc

— 715.09 Кб (Скачать)

 

              Біріккен кәсіпорындардың санының және оған байланысты өндіріс көлемінің өсуімен бірге олардың ішкі нарықта ұлттық валютада өткізілетін өнімдерінің өткізу көлемінің өскендігі байқалуда. 2002 жылмен салыстырғанда 2004 жылы өткізу көлемі 541 млрд.теңгеге өсті.

              Республика бойынша біріккен кәсіпорындардың өндірілген өнімдері көбінесе Атырау, Қарағанды, Палодар, Алматы облыстарында және Астана, Алматы қалаларында өткізіледі.

             

 

Біріккен кәсіпорындар республиканың сыртқы экономикалық байланыстарына белсенді түрде қатысады. Бұны біз біріккен кәсіпорындардың сыртқы саудасынан көре аламыз.

                                                                                                               

 

              9-кесте

 

Облыстар бойынша біріккен және шетел кәсіпорындарының сыртқы саудасы[6]

 

 

2002

2003

2004

экспорт

Импорт

Экспорт

импорт

Экспорт

импорт

Барлығы

5235662.4

2979016.3

5934338.3

3383934.8

9387010.7

4350399.7

Ақмола

737.1

838.2

6944.8

2157.6

31784.5

27083.7

Ақтөбе

349728.7

189355.7

561194.8

204178.5

1380773.4

465096.3

Алматы

24003.2

104304.7

22109.7

137468.8

24080.0

198667.5

Атырау

1535418.4

1111131.1

1528728.8

1397023.0

3218331.73

1656525.1

Шығыс Қазақстан

68719.4

30238.8

76311.7

110225.6

18331.7

22811.9

Жамбыл

371.5

7015.8

1004.8

1364.3

3241.7

4170.7

Батыс Қазақстан

330079.7

32595.1

363365.5

133148.0

627643.6

149255.9

Қарағанды

1463221.3

216666.8

1561509.1

276666.1

1877488.7

242592.9

Қызылорда

7770.2

2094.6

9070.2

7163.3

16814.6

13630.4

Қостанай

30826.1

40534.6

536181.8

72374.4

838063.6

83924.2

Маңғыстау

222585.7

258673.4

375082.6

75582.3

457983.8

73818.6

Павлодар

282744.7

100466.0

245266.9

56892.1

269264.3

75040.0

Солтүстік Қазақстан

57.4

9830.7

6073.9

9371.3

26353.8

11464.1

Оңтүстік Қазақстан

2894.5

31858.2

22497.9

27483.0

52585.2

29930.1

Астана қаласы

37001.0

24881.2

37825.2

50113.7

59772.3

237066.5

Алматы қаласы

571003.5

818531.4

581170.6

822722.8

471342.4

1059321.8

 

              Бұдан біз экспорт пенимпорттың жылдан жылға өскенін байқап отырмыз. Егер, экспорт 2002. 5324млн.АҚШ долларын, 1509ал импорт  млн.АҚШ долларын құраса, онда 2004 жылы экспорт  9387 млн.АҚШ долларына, ал импорт 4350млн.АҚШ долларына өсті.

 

             

Экспорттың жалпы көлемінде біріккен кәсіпорындардың үлесі – 58.3%, ал импорттың жалпы көлемінде – 29.9% құрайды (5-диаграмма).

 

5-диаграмма. Экспорттың жалпы көлемінде шетел және біріккен кәсіпорындардың үлес салмағының динамикасы.

 

              Экспорт көлемінің негізгі үлес салмағы Атырау облысындағы (34%), Қарағанды облысындағы (21%), Батыс Қазақстан облысындағы (6.7%), Алматы қаласындағы (6.4%) біріккен кәсіпорындарға келеді, ал импорттық түсімдердің 30% Алматы қаласындағы (5.1%) біріккен кәсіпорындарға келеді, ал импорттық түсімдердің 25% Алматы қаласына және 38% Атырау облысына түсті.

              Біріккен кәсіпорындардың экспорттық құрылымында негізгі үлес салмақ мынандай өнімдерге келеді: минералды өнімдердің - 68%, металл өнімдерінің - 20%, тамақ өнімдерінің - 4%, химиялық өнімдердің - 3%, машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, приборлар, аппараттардың - 2%, ал импорттық құрылымында негізгі үлес салмақ мынандай өнімдерге келеді: машина, құрал-жабдықтар, көлік, приборлар - 43%, химиялық өнімдердің - 13%, тамақ өнімдерінің - 7%.

              Шетел инвестицияларының салалық құрылымын талдау капитал салымдарының шикізат салаларына келетіндігін көрсетеді (мұнай және газ). Мұнайгаз өнеркәсібі Қазақстанның экономикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады. Одан басқа, берілген салада шетел капиталының қатысуы біріккен кәсіпорындарының әлемдік мұнай, газ нарығына кіруіне, машина және құрал-жабдықтар ұлттық өндірісінің батыс және Азия елдерімен байланыстың дамуына және бекуіне жағдай жасайды. Мысалыға, “Тенгизшевройл” біріккен кәсіпорны. Бұл біріккен кәсіпорынның әрекетінен екі жаққа да өзара пайдалы ынтымақтастықтың нәтижелерін көруге болады. “Тенгизшевройл” біріккен кәсіпорны - әлі күнге дейін ТМД территориясындағы ең ірі біріккен кәсіпорындардың бірі. Келісім-шарт шарттарына сәйкес Теңіздегі мұнай Батыс Еуропа және Жерорта теңізі елдеріне экспортталуы керек.

              Республика аймақтары дамуының ерекшеліктерін талдау бәсекеге қабілетті, қызықтыратындай минералды-шикізат ресурстары бар аймақтар көрсетілген артықшылықтарға иеленбейтін аймақтарға қарағанда едәуір ұтымды, қолайлы жағдайда екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, біріккен  кәсіпкерліктің дамуына инфрақұрылымның болуы және оның даму деңгейі айтарлықтай әсер етеді.

              Аймақтар бойынша біріккен кәсіпорындардың өндіретін өнімдері қатарына отын, қара металдар, жүн шикізаты және одан өндірілген бұйымдар, былғары шикізаты және аң терісі жатады. Қазіргі кезде біріккен кәсіпорындар жоғарғы технологиялы өнімдерді өндіреді: электронды-есептеуіш машиналар, телевизиондық аппаратура, медициналық өлшеуіш құралдары және аппараттар.

              Қазіргі кезде Қазақстанда біріккен кәсіпкерліктің дамуына саяси-экономикалық тұрақсыздың жағдай ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымның нашар дамуы, ақпараттармен қамтамасыз етудің әлсіздігі, қазақстандық басқарушылардың нарықтық экономика жағдайындағы жұмыс тәжірибесінің жоқтығы кедергі жасап тұр. Қазақстанның территориялық бірлестіктерінің негізгі өзгешелігі (көліктік-жағрафия жағдайы, шикізат ресурстарының болуы, өндірістік құрылымы, әлеуметтік даму дәрежесі, кадрлардың квалификациясы және т.б.) оның әр аймағындағы біріккен кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін алдын-ала анықтайды.

              Бірақ Қазақстандағы мүлдем немесе дерлік өнім өндірумен айналыспайтын біріккен кәсіпорындардан шетел біріккен кәсіпорындарының айырмашылығы жаңа техникалық процестерді және бұйымдарды, өндірістік объектілердің біріккен ғимараттарын өндеу мақсатында ғылыми-техникалық және өндірістік кооперациялануы үшін құрылатындығында. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындар көбінесе экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырады, делдалдық қызмет көрсетумен айналысады және жалпы экспорт көлемінің 98% құрайтын шикізатты шығаруымен шұғылданады.

Бұл жағдайда аймақтық саясаттың қолайлы инвестициялық ахуал жасауында мәні өседі. Бірақ қазіргі кезде облыстық үкімет органдарының біріккен кәсіпкерлік қызметіне әсер ететін қозғаушы күші жоқ. Салық жүйесі жергілікті басқару органдарына жоғарғы класты инфрақұрылым жасауына шетел капитал ағымын ынталандыру  үшін салық жеңілдіктерін беру мәселелерін шешуіне және т.б. кедергі жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ

 

3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен кейбір мәселелері

 

              Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісі сферасындағы рөлін жоғарлату үшін мемлекеттік ресурстық потенциалын толығымен жүзеге асыру қажет, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдерден тәуелділік жағдай болмас үшін дайын өнім өндіретін салалардың ролін жоғарлату керек. Бұған, елге жаңа серіктестіктерді тарту жолы, сонымен қатар экспорттық-импорттық саясатты жақсарту және Қазақстанды ғылыми сыйымды өнімдер нарығына тарту арқылы жетуге болады.

              Жаңа серіктестіктерді іздеу. Қазақстан үшін капиталын тарту технологиялық артта қалушылықты жеңудің және т.б. кедергілерді жоюдың негізгі факторы болып табылады. Ол үшін тұрақты инвесторларды іздеу керек.

              Қазіргі кезде Қазақстан мұнайлы аймақтарды игеру жөнінен шамамен 30 мұнай жобасы бар. Теңізден Қара теңіз портына дейін мұнай құбырлары салынуда. Иран Ислам Республикасының территориясы арқылы өтетін және мемлекет территориясында мұнай құбырларын салу туралы мәселелер қаралып жатыр. Мұнайдан түрлі өнімдер жасап шығаратын және қазіргі бар зауыттарды қайта құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мысалы, ел экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгерте алатын және белгілі бір дәрежеде бар сәйкессіздіктерді жоя алатын Қарағанды металлургия комбинатын және басқа да ірі объектілерді қайта құру.

              Республиканың көптеген елдермен экономикалық байланыстары бар: АҚШ-мен, Алманиямен, Франциямен, Австриямен, Турциямен, Оңтүстік Кореямен және басқалармен. Мұнай газ кен орындарын игеру үшін шетел капиталын қатыстыру көпшілік мақұлдаған дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес жүргізілу керек. Біздің қимылымыздың бастамасы дүниежүзілік ортақ ережелер, дүниежүзілік тәжірибе болу керек, әйтпесе біз өзіміздің байлығымызды жоғалтып аламыз. Осы ережелерден басқа, үкімет 1993 жылдан бастап сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы аймағында қатаң шараларды қолдана бастады.

              Инвестициялық саясатты жақсарту үшін, Қазақстан елдің экспорт және импорт баланстарын жасауы керек.

              Экспорттық-импорттық стратегия. Экспорттық-импорттық стратегияны “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасына сәйкес дайындау керек. Оған сәйкес экспорт, импорт сферасында Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын және рөлін өсіретін бағыттары бар.

              Республиканың экспорттық стратегиясын нақты бір нарықтардың ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындау керек. Сондықтан, жаңа дүниежүзілік нарықтарға ену мүмкіндіктерін зерттеу кезінде ең алдымен коньюктуралық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру маңызды болып табылады.

              Жаңа технологияны сатып алу және біріккен кәсіпорындар құру арқылы, өндірісті ұйымдастыру мүмкіндігі болса да, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін, медициналық құрал-жабдықтарды және медикаменттерді сатып алуға мүмкіндік беру керек.

              Екінші бағыт – республиканың халық шаруашылығының әрбір саласы импорттық саясатын дайындауы керек, әсіресе аграрлық секторда, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, машина жасау өнеркәсібінде.

              Үшінші бағыт – бұл едәуір аз шығындармен өнім шығаруға және қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар импорты. Бізбің елімізде лизингті ұйымдастырып, дамыту қажет. Бұл мәселелерді шешу дүниежүзілік экономикалық жағдайға күрделі талдауды қажет етеді. Барлығын қымбатырақ сату және арзанырақ сатып алу саясаты – бұл люмпен саясаты.

              Ғылыми сыйымы тауарлар импортымен ғана шектелуге болмайды, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастарда мемлекетіміздің рөлін жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа техника мен технологияларды шығару керек.

              Қазақстан ғылыми-сыйымды өнімдер нарығында. Ғылыми сыйымды өнімдермен айырбас қызмет көрсетуді, тауарлармен жасалынатын сауданы, лицензиялар мен патенттерді сату, сатып алуды төмендетеді. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының субъектілері болып мемлекеттер, фирмалар, университеттер, қорлар, жеке тұлғалар, ғалымдар мен мамандар табылады. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының объектілері болып заттай формадағы (агрегаттар, инструменттер, технологиялық желілер, өнеркәсіптік үлгілер және т.с.с.) және заттай емес формадағы (патенттер,  лицензиялар, “ноу-хау”, тауарлық белгілер және т.б.) интеллектуалды қызметтің нәтижелері табылады. Халықаралық маманданған ұйымдардың терминологиясын қолдана отырып, заттай емес формадағы технологиялық айырбастың немесе ғылыми сыйымды өнімдер айырбасының объектісі болып өнеркәсіптік меншік, яғни изобретение, тауарлық белгілер және өнеркәсіптік үлгілер табылады.

              Республика нарықтық экономикаға өту кезінде ғылыми сыйымды өнімдер айырбасы мәселелерін шеше отырып, белгілі бір қиындықтарды басынан кешіру мүмкін. Бірақ-та әлемдік нарыққа ғылыми сыйымды өнімдермен шығу келесі мәселелердің шешілуін талап етеді:

1)     ең алдымен әлемдік деңгейге сәйкес келетін жаңа технологиялардың тізімін жасау керек;

2)     әлемдік нарыққа ұсыныла алатын және онда бәселекестікке төзе алатын жоғарғы технологияны өнім түрлерінің тізімін жасау;

3)     жоғарғы технологиялар әлемдік нарығын зерттеу, яғни әлемдік нарық коньюктурасын білу керек;

4)     жоғарғы технологиялы бәсекелестік қабілеттілігі жоғарғы өнімдерді, технологияларды сату.

Алғашқы кездерде республиканың немесе фирманың жоғарғы сапалы өнімдер өндіретіндігін куәландыратын имиджі болмайынша, бұл өнімдерге өте төмен бағалар төлейді. Бір кездерде әлемдік нарықта жапон тауарларының арзан болғандығын, ал қазіргі кезде Оңтүстік Корея тауарларының арзан екендігін есте сақтау керек. Бізде осы жағдайдан өту керек, әйтпесе бізді әлемдік нарықта қабылдамайды.

Информация о работе Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі