Ұйымның қызметінің табыстарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 16:43, автореферат

Описание работы

Ұйымның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Ұйымның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықталады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі".

Работа содержит 1 файл

ұйымның табыстарының есебі.docx

— 34.66 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

«ИНФОРМАТИКА, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ

Баяндама

Тақырыбы: Ұйымның  қызметінің табыстарының есебі

 
 
 

 

 

 

 

 

орындаған: «Есеп және аудит»

                                                                     мамандығының күндізгі

                                                                        бөлімінің 3 курс студенті

                                                      Оңғарова А. Қ.

 

                                                                      Тексерген: э.ғ.к., доцент

                                                                Жапбарханова М. С.

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

Ұйымның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Ұйымның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.  Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықталады:

"Табыстар  дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі".

Ықшамдалған түрде бұл түсінік 2007 жылы 28 ақпандағы №234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы»  ҚР Заңында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы". Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай ұйымның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. [1]

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен    алынатын    табыс;    төтенше    жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді. [2]

Дайын өнімдер, тауарлар, жұмыстар, қызметтер  және басқалай артық саналған құндылықтарды  сатып алушыларға жеткізіліп берілген кезде, ақшаның түсуі немесе түспеуіне  қарамастан түскен табыс сапасында  есепке алынады.

Табыс ақшалай өлшеммен өлшеніп, ұйымның ақша алу құқысына иелік етуін бекітеді. Табыстың ақшалай өлшемі екі жақты жасалған келісімшартта көрсетіледі. Активтерді (тауарлы-материалды құндылықтар мен дайын өнімдер т.б.) сатқан жағдайда, бұлардың бастапқы құнына сатуға байланысты жұмсалған шығындар сомасының қосылатындығын есте сақтау керек.

Құндылықтардың  сапасыздығынан болған шегерімді және сату шегерімін, басқа да шегерімдерді қабылдау жөніндегі сатып алушылардың  қойған талабын, сатып беруші жақ  қабылдаған жағдайда, мұндай шегерімдер табыс сомасының жалпы көлемін азайтады. Шегерілетін шегерім сомасы табыс көлемін азайтады. Табыстың жалпы көлемі пайда көлемін анықтайтын болғандықтан, табысты тану пайданы танудың ережесімен өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан, пайда қашанда тиімді қызмет атқарудың нәтижесіндегі түскен пайда болып танылады. Шаруашылық қызметінің нәтижесінде түскен пайда экономикалык бағытпен қарағанда үзілмейтін үрдіс. [3]

Енді  табысты қай кезеңде және қандай жағдайда есептейтіндігіне тоқталайық:

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай  табыс: 1) сатып алушылардан ақшаның  түскен кезеңімен бірге есептелінген табыс; 2) ақша түскенге дейінгі есептелінген табыс; 3) ақша түскеннен соң есептелінген табыс кезеңдері бойынша бөлініп  қаралады.

Бірінші мысал. Жүк тасымалдаушы ұйым басқа ұйымға жүк жеткізіп беру қызметін атқарғандығы үшін осы күні 30,0 мың теңге ақша алды. Бұл операцияның негізінде жүк тасымалдаушы осы ұйымның кассадағы ақшасы 30,0 мың теңгеге көбейіп, табысы да артты. Яғни:

Дт «Ақша  қаражаттары» 30 000

Кт «Сатудан түскен табыс» 30 000 счеттары бойынша жазылды.

Екі жақты  жазу принципі орындалып, түскен табыс  пен түскен ақша бірдей уақытта есепке алынғандығын көруге болады.

Екінші мысал. К дүкені қаңтар айында М атты сатып алушыға 120,0 мың теңгенің жиһазын сатып, осы айда бұл жиһазды М атты сатып алушыға жеткізіп берді.

Дт«Ақша қаражаттары»          120 000

Кт«Сатудан  түскен табыс»         120 000 счеттарына жазылды.

Мұнда да екіжақтылык принцип орындалып, түскен табыс пен ақша бірдей уақытта  есепке алынды.

Үшінші мысал. Қаңтар айында К дүкені О атты сатып алушыға құны 210 000 мың теңге тұратын жиһазды несиеге сатты. О атты сатып алушы 30 күн ішінде есептесуді өз міндетіне алды.

Дт «Алынуға тиісті счет» 210 000

Кт «Сатудан түскен табыс» 210 000 счеттарына жазылды.

Бір айдан  соң сатып алушы клиент жиһаз  сатушы дүкенмен несиеге алған құндылық үшін есеп айырысты.

Дт «  Ақша қаражаттары»              210 000

Кт «Алынуға тиісті счет»                   210 000 счеттарына жазылды.

Сату  принципіне қарай ақша қаражаты түспес бұрын түскен табыс бір ай ерте есепке алынды. Яғни табыс ақша қаражаты түспес бұрын есепке алынып, ақша алушылық құқық бір айдан соң орындалғандығын  көруге болады.

Ендігі  жерде тауар және басқа да қызметтерді  алушы жақ алдын ала аванс  беріп, сатып беруші жақ тауарларды кейін жеткізіп беретін болып  міндеттеме қабылдайды.

Мұның үшін Дт «Ақша қаражаттары» счеты дебеттеліп, Кт«Сатып алушылардың авансы» счеты кредиттеледі.[4]

Егер  сатып беруші жақ өз міндеттемесін  орындап, сатып алушыға тауарлар жеткізіп берген жағдайда: «Сатып алушылардың авансы» счеты дебеттеліп, «Сатудан түскен табыс» счеты кредиттеледі.

Жоғарыда  көрсетілген операциялар мазмұнынан табыс сомасының сатылған тауарлар құнымен бірдей екендігін көруге болады. Сонымен қатар, сатып беруші үйым сатып алушы ұйымға тауарлар жеткізіп беріп, қызметтер көрсеткен  жағдайда сатып беруші ұйым не ақша, не сатып алушылардың міндеттемесін  қабылдайды. Түскен ақша немесе сатып  алушының берген уәдесі ұйым табысына бірден жазылады. Мұндай жағдайда ұйымның  активті қаражаттары көбейіп  отырады.

Бухгалтерлік  есеп тәжірибесінде активті қаражаттар (ақшалар) көбейгенімен, табыс көлеміне ешқандай да әсер етпейтін шаруашылық операциялары іске асырылуы мүмкін. Мысалға, банктен алынған несие есеп айырысу счетындағы ақша қаражатын және алынған міндеттемені (пассивті) бірдей сәтте көбейтіп, түсетін табысқа ешқандай да әсер етпейді. Қаржы салым-шылар мен меншік иелері қосымша каражат салған жағдайда ұйым табысы сомасына ұйымның капиталы көбейіп, табысқа ешқандай да әсер етпейді.

Сонымен, ұйымдардың табысын қалыптастыру өнім өндіруге, тауарлар мен көрсетілген қызметке жұмсалған шығындарға тікелей байланысты. Немесе жұмсалынған шығындар табыстың қарама-қайшылығын көрсетуші нәтижелі өлшем болып табылады. Өз кезегінде шығындар сомасы активті қаражаттарды азайтып, пассивті көбейтеді. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ақша төлеу жөніндегі кейбір операциялар шығынға жатпайтындығын ескер-ген жөн. Мысалға, меншік иесі мен акционерлер өзіне тиеселі қаражатын алған жағдайда капитал сомасы азайып, бұл сома жұмсалған (азайған) шығындарға ешқандай да әсер етпейді.[5]

Табыс алу  арқылы капиталдың өзгеріске түсіп  отыруын есептеу, бухгалтерлік есепте біршама қиындықтар туғызады. Алайда, шығындар мен табыстар өрісінде болатын  шаруашылық операцияларын жинақтап отыру үшін табыстар мен шығындардың  жекелеген түрлеріне арнап аналитикалық счеттар жүргізілуі керек (Халықаралық  бухгалтерлік есеп стандарттарында  аналитикалық счеттарды уақытша  немесе номиналдық счеттар деп атайды).

Уақытша ашылған счеттарда белгілі бір  кезеңдегі табыстар мен шығын-дар  жағдайының мәліметтері тіркеледі. Бұдан соң табыстар мен шығындар счетында уақытша жинақталған сомалар  пайда немесе зиян счетына көшіріледі. Активтер мен пассивтер және капитал  есебін жүргізуші счеттар-дың қалдығы  міндетті түрде баланста көрсетіледі. Қалдығы балансқа түсірілетін счеттарды - тұрақты счеттар деп атайды.

Қорыта  келгенде, табыстар мен шығындардың  бухгалтерлік есебін бірдей кезеңде  жүргізу, сату принципін жүзеге асырудың ең алғашқы негізін қалыптастырады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы

 

  1. К.Т. Тайгашинова, э.ғ. к., «Басқару есебі» Оқулық құралы. Алматы, ТОО «Издательство LEM», 2011 ж., 332 б.

 

  1. Е.О. Нұрсейітов «Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» Оқулық құралы. Алматы, «Издательство LEM» ЖШС, 2012, 428б.

 

  1. Сулубекова, А. Ж. «Табыстар мен шығыстар мен қаржылық нәтиженің қалыптасуына әсер етуші факторларды талдау»/ А. Ж. Сулубекова // "Новая парадигма экономического развития страны: интеграция, индустриализация, инновация": материалы междунар. конф., посвящ. 20-летию Назависимости Республики Казахстан, 8 дек. 2011 г.- Алматы, 2011.- Т. 2.- С. 238-246

 

  1. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы, экономика 2006. 384 б.

 

 


Информация о работе Ұйымның қызметінің табыстарының есебі