Конституциялық құқық
Реферат, 25 Ноября 2011, автор: v****************@gmail.com
Описание работы
Құқық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Работа содержит 1 файл
Конституциялық құқық.docx
— 67.24 Кб (Скачать)Конституциялық құқық
Құқық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
- қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
- мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
- адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
- міндеттеу әдісі;
- тыйым салу әдісі;
- ерік беру әдісі;
- мойындау әдісі.
Қазақстанда әркім мемлекеттік
рәміздерді
құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда
міндеттеу әдісі қолданылады). Республика
азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге
қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым
салу әдісі колданылады). Біздің елімізде
әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға,
колдануға құқығы бар екендігі белгілі
(бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады).
Қазақстан Республикасында Конституцияға
сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері
танылады және оған кепілдік беріледі
(көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау
әдісі колданылады). Конституциялық құқық
— Қазақстан Республикасы құқық жүйесі
салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен
сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін
білдіреді және басқа құқық жүйесінін
нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық
конституциялық нормалардағы қоғамдық
қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін,
солар арқылы реттелетін жал-пы белгілердің
болатындығын білдіреді. Конституциялық
құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастар оның пәнін құрайды.
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік
ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық
нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
мемлекет және қоғам құрылымының негізін
құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге
асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің
теориялық сондай-ақ практикалық мәні
бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары
мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге
болмайды олардың құқықтық реттеудегі
мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық
жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық
құқық пәнін білмейінше оның нормаларын
қолдану саласында анықтау мүмкін емес.
Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау
кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын
қолдану қажеттігін анықтап алу керек.
Ал ол үшін, реттеудін, нысаны болып табылатын
қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу
қажет.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін
қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет
пен қоғам өмірінің барлық салаларын:
саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени
және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық
құқық нормалары аталған салаларды барлық
көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді.
Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық
қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар
мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын
саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни
байланыстардың негізін қалайды. Конституциялық
құқық, тұтас алғанда, құқықтын реттеу
әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер
мен әдістердің көмегімен мемлекеттік
және қоғамдық қатынастарды реттейді.
Конституциялық-құқықтық қатынастарды
реттеу үшін төмендегідей: 1) міндеттеу
әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету
әдісі; 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу
әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке
тұлғаларға да қатысты, олардың барлық
қызмет саласында қолданылады. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 18-бабында:
"Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер,
лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат
құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары
мен мүдделеріне қатысты құжаттармен,
шешімдермен және ақпарат көздерімен
танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге
міндетті" деп жазылған. Қазақстан Республикасы
Конституциясынын, 6-бабы бұл әдісті қолданудың
тағы бір мысалы болып табылады. Яғни:
"Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану
сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет
етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік
меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты.
Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік
органдарды да, жеке меншік иелерін де
меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ
қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері
Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
- Конституция;
- конституциялық заңдар;
- әдеттегі заңдар (жай заңдар);
- президенттің нормативті жарлықтары;
- үкімет қаулылары;
- қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.
Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.
- Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.
- Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.
- Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.
- Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары — үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.[1]
Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, конституциялық құкық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құкық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөл ітөмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялык құкық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабыддайтын органдарды, актілердің зандық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.
Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне тән оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конституциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. Конституциялық құқық ғылымы - конституциялык құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуы байланысты болатын - ерікті қоғамдық катынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Конституциялық құқықтың ғылыми жүйесіне:
1) конституциялық
құқықтың құқық саласы екендігі
жайындағы білімдер;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер;
3) Қазақстан
Республикасы конституциялық кұрылысының
негіздері және олардың қоғамдағы
үстем қатынастармен қарым-қатынасы
жайлы білімдер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының, адамның кұқықтары мен бостандықтары туралы білімдер;
5) Қазақстан
Республикасының үлттық-мемлекеттік
және әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы
білімдер;
6) Қазақстан
Республикасының билік органдары
жүйесі, жергілікті мемлекеттік
басқару мен өзін-өзі басқару туралы
білімдер жатады.
Көрсетілген объектілер ғылыми зерттеудің пәні болып табылып ғылыми әдістемелілік қағидаларға сүйеніп, тарихи, қисынды салыстырмалы-құқықтық, жүйелілік, статистикалық, нақты-әлеуметтік сияқты әдістердің көмегімен оқытылады.
1. Конституциялық құқық
2.
Конституциялық құқықтың қайнар көздері,
ұғымы және оның түрлері