Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Шығындардың пайда болу уақыты мен өнімнің өзіндік құнына жатқызылуына қарай жіктелуі өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялауда маңызы зор. Бұл белгісі бойынша шығындар ағымдағы, алдағы есепті кезең шығындары, болашақта болуы мүмкін шығындар болып бөлінеді.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Шығындар есебінің негізі.
1.1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі.
1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.
2 тарау. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
2.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі.
2.2. Калькуляциялаудың принциптері және оның объектісі.
2.3. Калькуляциялаудың әдістері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

SOMA referat.doc

— 79.50 Кб (Скачать)

 

 

Еңбекақыны төлеу бойынша  есеп айыру шоты.

Көмекші өндіріс шоты.

Қалдық.

Есептелген жалақы.

Қалдық.

Баптар бойынша өндірістік шығындар.

Өзіндік құны бойынша  негізгі өндіріс жұмыстары (көрсетілетін қызметтер).


 

 

 

Зейнетақы қоры.

Сақтандыру  бойынша  есеп айырысу шоттары.

 

Үстеме шығын шоттары: 930, 904, 924,т.б.

Касса, Есеп айырысу шоттары және т.б. ақшалай қаражат шоттары.

                                     Қалдықтар:

Еңбекақыдан жасалған аударылымдар (төлемдер).

Негізгі құралдарға есептелген амортизация.

Баптар (статьялар) бойынша  ағымдағы (кезең) шығындары.

Шығындарды бөлу (тарату).

Өндіріске жұмсалған  ақшалай қаражаттар.


 

 

    Шығындарды  жіктеудің белгілері  туралы  қызу пікірталастың арқасында  шығындарды анықтаумен қатар,  онық болашақтағы тенденциялары  да анықталды.  Осыдан келіп,  есеп тәжірибесінде Шаруашылық  Серіктестіктерінің шығындарын тиімді басқаруға жаңа тәсірдерді тағайындау мен пайдалану мәселелері  отандық және шетелдік  экономикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланып жатыр. « Шығындар есебінің жалпы қабылданған мәнін анықтау –  белгілі бір уақыт кезеңінде  шығындар есебінің сандық өлшемін (натуралды және құндық көрсеткіштер) арқылы жабдықтау, өндіру, олардың еңбегінің өнімін сату, дайын өнімдердің өзіндік құндарын қалыптастыру, тіркеу, топтастыру және жіктеп (кескінінде) талдау бойынша Шаруашылық Серіктестігіндегі өтіп жатқан процестерді көрсетуге бағытталған саналы іс - әрекеттердің жиынтығы ». Мұндай көрініс ШС  басқаруға қажет толық ақпаратты алуды және қаржылық нәтижелерді шығару арқылы қызметін бағалауды қамтамасыз етеді.

    Бірақ дамыған  өндірістік есеп теориясы мен басқару және бастапқы даму жағдайында мұндай тәсілдің пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің пікіріміз бойынша, техникалық жағынан бәрі өндіріс шығындарының есептік мәнін анықтау өндірістік қызметтің басқарушы есебін ұйымдастыруға немесе өндіріс шығындарын есе трансформациялау әдістерінің түрлі бағыттарын қамтуы керек. Сайып келгенде, шығындар есебінің  мазмұнын анықтау, ұйымдастыру моделдерінің  нақты алғышартын жасайды. Басқару процесіне кері ақпараттық ағын ретінде есеп тек шындықты (нақтылықты) ғана көрсетіп қоймай, болашақта экономиканы моделдеу үшін ақпаратты дайындайды, демек мұндай есептеу жүйесі өзіндік құнды басқарудың  жоғарыда аталған негізгі мәселелеріне сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Өнімнің өзіндік құнына қосылуына қарай шығындар тікелей (тура) және жанама болып бөлінеді. Тура шығындар нақты өнім түріне тікелей қатысты болғандықтан сол өнімнің өзіндік құны құрамына кіреді. Жанама шығындар өндірісті басқару және оған қызмет көрсетумен байланысты болғандықтан өндірлген өнім түрлері арасында арнайы есептеулер арқылы бөлінеді.

Өндіріс көлеміне қатысты шығындар тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты  шығындар өндіріс көлеміне қатысы жоқ, яғни өндіріс көлемі өзгергенде тұрақты  шығындар өзгермейді. Тұрақты шығындарға жалдық төлем ақы, амортизация шығындары жатады. Айнымалы шығындар өндіріс көлеміне тәуелді және оған тура пропорционалды өзгереді. Ал өнім бірлігіне келетін айнымалы шығындар тұрақты сипатта болады. Бұларға материалдық, еңбек ақы, әлеуметтік аударымдар және басқалары жатады. Шығындардың тұрақты және айнымалы болып жіктелуі отандық есеп жүйесінде өндірістік және кезеңдік шығындар түрінде көрінеді.

Басқару шешімдерін қабылдау үшін басшы  белгілі бір өнім түрін өндіру тиімділігі жөнінде ақпараттармен  дер кезінде қамтамасыз етілуі қажет. Осыған қатысты шығындар альтернативті, дифференциалды, қайтарусыз, инкрементті, маржиналды, релевантты болып бөлінеді.

Кәсіпорын ресурстарының шектеулі болуы оның мүмкіндіктерін де шектейді. Әрбір ресурстар бірлігі оны  пайдаланудың тиімділігі арқылы сипатталады. Белгілі бір ресурстар мөлшеріне сәйкес келетін өндіріс көлемі болады. Бір өнім пайдасы үшін екіншісінен бас тартумен байланысты шығындар альтернативті шығындар деп аталады. Альтернативті шығындар ресурстар шектелген жағдайда ғана орын алады, ресурстар шексіз болған жағдайда альтернативті шығындар нөлге тең болады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Тишков И.Е., Балдинова А.И. Бухгалтерский учет, 1999. 7 -44 с.
  2. Алданиязов К.Н. Управленческий учет и анализ: Учебное пособие-Алматы: Юридическая литература,  2008. -368 с.
  3. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет: Учебн. пособие для вузов/Пер. с англ. Под ред. Н.Д. Эриашвили; Предисловие проф. П.С.Безруких. - 3-е изд., перераб. И доп.-М.: Аудит, ЮНИТИ, 1998. 778с.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау