Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 16:27, реферат

Описание работы

17.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
17.2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
17.3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі
17.4. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары
17.5. Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Шетел валютасында.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

Аккредитив ашуға өтініште импортшы келесідей негізгі деректеме ұсынуға міндетті:

                           аккредитив түрі (қайтарып алынатын, қайтарып алынбайтын, трансферабельді, басқа банк растаған немесе растамаған аккредитив);

                           импортшының атауы мен орналасқан жері;

                           бенефициардың атауы мен толық мекен-жайы;

                           аккредитивті өтеу мерзімінің орны, күні, айы;

                           тауарды сипаттау, тиеу мерзімі (CIF, FOB жене т.б.) тауар жеткіщілетін ел;

                           ішінара тиеу және жеткізу мүмкіндігі;

                           тауарды жеткізу мерзімі;

                           жабдықтаушылардың төлеуге ұсынатын құжаттар тізімі;

                           құжатты ұсыну мерзімі;

                           жабдықтаушы тиеуге ұсынатын құжаттардың тізімі;

                           төлем шарты: құжатты ұсыну немесе ұзарту мерзімі бойынша;

                           аккредитив бойынша қандай шығындар және кімдер алып жүреді.

Аккредитивтің қызмет ету мерзімі сатып алынатын тауарлардың санына және сипатына байланысты белгіленеді және ол нақты болуы керек. Әдетте аккредитивтер 60-150 күнге, ал кей жағдайларда одан да ұзақ мерзімге ашылады. Есепті операционды бөлім клиенттен өтінішті алғаннан кейін, оның дұрыс толтырылғандығын тексереді. Қателері бар өтініштер клиентек қайта толтырылуға беріледі. Аккредитив ашуға алынған өтініш келесі тәртіп бойынша орындалады:

                           клиенттік валюталық шотында қаражаттардың болуы және қол немесе мөр үлгілерінің карточкасы бар өтінішітің бірінші данасы шетел қатынастар операциялар бөліміне немесе орындауға беріледі;

                           өтініштің екінші данасы клиенттердің құжаттамасында орналастырады;

                           өтініштің үшінші жанасы аккредитив ашу туралы тапсырманың орындалуын шешекен есепті операциялық бөліктің қолхатымен клиенттеге қайтарылады.

Шетелдік қатынастар және операциялар бөлімі авизолаушы және растайтын банкті анықтап, осы банктердің біреуіне аккедитивті ашу туралы ақпараттарды бағыттайды (телекс немес SWIFT арқылы).

Аккредитив сомасы клиенттің ағымдағы валюталық шотыесебіне шығарылып, баланстық шотқа сәйкес есептелінеді:

Дт 2203 «Клиенттің ағымдағы есепшоттары» (валюталық шот)

Кт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар».

Растайтын немесе авизолаушы банкке бағытталған аккредитив мәтінінде шетел банкіне өтнуді ұсыну тәртібі белгіленген. Шетел банк ісіндегі импорт үін аккредитив нысанында есеп айырысу кезіндегі оқшауланған қаражаттардың сомасы бөлек баланстық шот 1052 «Банктің басқа банктегі корреспонденттік есепшоттары». Одан әрі шартты барлық жағдайлары орындалса, тауарды тиеу туралы бенефициар банктен құжаттар алу шегінде төлем толтырылады. Шетел банкісіне аккредитивтегі соманы төле туралы төлем тапсырмасы жіберілмейді. Онда валюталау мерзімінің өткізбесі көрсетіледі.

Дт  2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар» пайдаланған аккредитив сомасына.

Кт 1052 «Банктің басқа банктегі корреспонденттік есепшоттары».

Клиенттердің аккредитив ашу туралы өтініштері арнай журналда тіркеледі. Әрбір аккредитив бойынша шетел қатынастары және операциялар бөлімінде құжаттама және дербем шо ашыларды. Құжаттамада аккредитивке байланысты барлық құжаттар тігіледі, сонымен қатар аккредитивті пайдаланатын оперативті есептер бойынша жазбалар жасалынады.

Бенефициармн келісу шарты кезінде клиент өтініші бойынша. шетел қатынастар және операциялар бөлімі аккредитив шартына өзгеріс енгізу алады. Аккредитив шартының өзгеруі туралы өтініште ұсынылатын өзгерістер, ал қайтарып алу немесе мерзімін ұзарту мерзімінен бұрын жою себептері нақты көрсетілуі керек.

аккредитив шартының өзгеруі туралы мерзімді ұзарту немесе қайтарып алу алғашқы аккредитивті авизолаған шетел банкісі телекс немесе SWFT жүйесі бойынша жүргізіледі.

Комиссиялық сыйақының белгіленген бағасына сәйкес банк клиенттің шотынан аккредитив шартының өзгеруіне, оның жойылуы мен мерзімін ұзартуға байланысты сыйақы алады.

Аккредитив құжаттарды ұсыну немесе осңғы төлемнен кейігі мерзім өткенен кейін жабық деп есептеледі.

Шетел банктерінен аккредитив бойынша келіп түскен құжаттар бойынша аппликант-клиентте қолхат арқылы беріледі. Құжатты алуы туралы бекіту шетел банкісіне жіберілмейді.

Егер орындаушы аккредитивті ашқан банк (құжаттарды тексеретін) болса, онда шетел банкісінен аккредитив бойынша құжаттарды алғаннан кейін ол түгелімен дұрыс тексеріліп шығарылуы керек. Тек содан екйін ғана қолхат арқылы құжаттарды сатып алушы клиентіне береді.

Егер құжатты тексеру кезінде қателіктер табылған жағдайда, құжаттарды төлеу сатып алушыдан төлеуге жазбаша рұқсат берген кезде ғана жүзеге асырылады. Егер ол қарсы болатын жағдайда, онда шетел қатынастары және операциялар бөлімі шетел банксіне хабардар етеді. Сонымен қатар ол тапқан қателіктерді көрсетуі керек және құжаттарды өзі ұстап тұр ма, жоқ әлде оларға қайтарып берді м, сол туралы хабар беруге тиіс.

Экспортқа құжатты аккредитив бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде, шетел қатынастары және операциялар бөлімі шетел банкінен алған аккредитивтің заңды екенін тексеріп үш күн ішіндще экспортшыларға өзінің клиентіне жібереді. Егер қандайда бір себептерге байланысты банк құжаттың заңды екенін тексере алмаса, онда ол өз қалауы бойынша оны бенефициарға оны авизолай алады, бірақ соңғыны оның заңды екеніне жаап бермейтіндігі және ол бойынша ешқандай жауапкершілік алып жүрмейтінін хабарлауы керек.

Құжаттамалық аккреидитив нысанындағы экспорт бойынша есеп айырысу кезінде шетел банктері экспортшы фирмасының тапсырысы бойынша өзінде аккредитив ашады және аккредитив түрі мен олар бойынша төлеу тәртібі көрсетілетін аккредитивтік хаты банке жіберіледі.

Дт 6010 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар»

Кт 6510 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер».

Әрбір аккредитивке дербес шот ретінде және шетел валютасында жүргізілетін құжаттамалар ашылады. Барлық талаптарға сәйкес келетін аккредитивтер әрқайсысына нөмір берілетін кітапқа тіркеледі. Құжаттамалық папка бетінде жүргізілетін операциялар мен пайдаланылмаған қадықтар жазулар, сондай-ақ комиссиялық ақыны есептеу және алу туралы белгілеулер жасалады. Құжаттамада аккредитив данасы және оны орындаумен байланысты барлық құжаттар тіркеледі. Жауапты орындаушы үш күн ішінде экспорттық аккредитив пайдасына ашылатын ашылу туралы бенефициарды авизолайды (хабардар етеді). Бенефициар авизолаушы банктен хабар алғаннан кейін келісімшартқа сәйкестігін тексереді.

Өкілетті банк-эмитент-банкке авизолаушы банк есебі бойыша оның нөмірін көрсете отырп аакредитивті алу туралы растаманы жібереді. Құжаттамалық аккредитив бойынша төлемдер бенифициарға келісімшартта көрсетілген жағдайлар бойынша жүргізіледі. Экспортшы тауарларды тиегеннен кейін банкке жөнелтпе тапсырыс хатымен бірге құжаттарды ұсынады. Жауапты орындаушы оның дұрыс рәсімделуін және ондағы барлық қажетті деректердің болуын тексереді. тапсырыс банкке үш данада өткізіледі, бірінші барлық анықталған сәйкссіздіктерді тексеріп болғаннан кейін келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

Дт 1052 «Банктің басқа банктегі корреспонденттік есепшоттары»  

Кт 2203 «Клиенттің ағымдағы есепшоттары».

Және сол уақытта баланстан тыс шо есебінің шығынына есептеледі:

Дт 6510 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер».

Кт 6010 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар».

Аккредитив бойынша құжаттамада төлем сомасын көрсетіп «төлем» жазуы жасалады. Өтелген экспортты аккредитив сомасына өткізбе жасалады:

Дт 1052 «Банктің басқа банктегі корреспонденттік есепшоттары»  

Кт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар».

Банктік төлемге қарсы жіберген тауарлы құжаттары 7150 «Шетел операциялары бойынша инкассоға жіберілген құжаттар және құндылықтар» баланстан тыс шотына кірістіріледі. Өтелген аккредитив кезінде құжаттарды тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін банк аккредитив сомасын өтеу шотынан есптен шығарады. Осыны растау үін шетел банкіне хабар жіберіледі және келесі өткізбе жасалады:

Дт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар»

Кт 2203 «Клиенттің ағымдағы есепшоттары».

және Шығыс 7150 «Шетел операциялары бойынша инкассоға жіберілген құжаттар және құндылықтар»

 

 

 

Құжаттамалық инкассо есебі

Құжаттамалық инкассо кезінде банк құжаттарды жіберуге қарсы сатушы үшін тиесілі соманы алу бойынша міндеттемені өз мойнына алады. Ашық шот бойынша жеткізумен салыстырғанда қауіпсіз. Сатушны инкассомен байланысты әкімшілік жұмыстардан босатады және банкаралық желіні пайдалана отырып, пайда алуға мүмкіндік береді. Есеп айырысулар инкассоға өтініш негізінде жүзеге асырылады (7-қосымша).

Сатушы тауарды тиеу уақытына дейін сатып алушының төлемді жүргізетініне күмәнданатын болса, құжаттамалық инкассо келесі жағдайларда төлемді жүзеге асыру үшін сәйкес келеді:

                           сатушы іскерлік қатынастар негізінде сатып алушының төлемқабілеттілігін және төлемді жүргізуге дайын екендігін ескеріп немесе басқа себептерге байланысты белгілі қызметтер мен міндеттемелерді орындау бойынша әріптесінің мүмкіндгіне күмәнданбаса;

                           импортшы елінің саяси, экономикалық және құқықтық жағдайлары тұақты болып саналса;

                           алушы елінде импорттық шектеулер қойылмаса.

Инкассолық операцияларды жүзеге асыру кезінде банктер және олардың клиенттері Халықаралық сауда палатасы жасап шығарған инкассо бойыша сәйкестендірілген Ережелерге сәйкес басқарылады. Сәйкестендірілген режелер инкассо түрін, төлем және төлемді, акцепті жүзеге асыру үшін құжаттарды ұсыну тәртібін төлем, акцепт немесе төлем емес, акцепт еместі жүзеге асыру туралы хабарладыру тәртібі, тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайды, әр түрлі терминдерге біркелкі түсініктер береді және басқа да мәселелерді шешеді.

Сәйкестендірілген ережелерге сәйкес инкассо – банктердің келесі мақсаттарда алынған нұсқаулықта негізіндегі құжаттармен жүзеге асырылатын операция.

                           акцепт немесе төлемді алу;

                           акцепке немесе төлемге қарсы коммерциялық құжаттар беру;

                           басқа да жағдайларға байланысты коммерциялық құжаттарды беру.

Инкассолық оепарция жүргізлетін құзаттарға байланысты инкассоынң екі түрін бөліп қарастыруға болады:

                           таза, яғни чектер, вексельдер және төлемді алу үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар жататын қаржылық құжаттажы инкассолау;

                           ұжаттамалық, яғни қаржылық құжаттармен жөнелтілетін немесе жөнелтілмейтін коммерциялық құжаттарды инкассолау.

Негізгі коммерциялық құжаттарға коммерциялық шоттар немесе фактура-шоттары жатады. Коммерциялық шот сатып алушыға ұсынылады және төлеуге тиісті сомалар көрсетіледі. Мұнда тауарлардың толық және нақты атаулары көрсетіледі.

Көлік құжаттары коммерциялық шот көшірмесі үшін негіз болып табылады. Оларға оларды ұстаушы тұлғаларға тауар меншігіне құқық беретін коносаменттер (теңіздік және өзендік); накладные (темір жолы, әуе жолы), қабылдап-өткізу актілері сонымен қатар пошта түбіртектері және тағы басқалар жатады.

Сақтандыру полистері мен сертификаттар – жүкті сақтандыру.

Басқа да коммерциялық құжаттарға әр түрлі сертификаттар жатады: шығу жері, сапасы, салмағы, көлемі және т.б.

Келісімшартта ұсынылатын құжаттардың аты және кімнен алынуы қажет екендігі, егер арнайы құжаттар талап етілсе, онда олардың мазмұны көрсетілу керек. Осыдан келіп, құжаттық инкассо – сәйкес ұқжаттарға беруге қарсы тиесілі соманы банк арқылы алу. Банк сатып алушы мен сатушы арасында делдал ретінде қызмет етеді. Аккредитивке қарағанда бенецифиарға төлемді ең ерте жүргізу тек банктен алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Сондықтан инкассо жағдайында сатушы өз ақшасын аккредитивке қарағанда ұзақ күтеді. Одан басқа оның тәуекелі толық сақталмаған: тауарды тиеу кезінде оларды сатып алушының немесе банктің төлемді жүзеге асыруы күмән тудырады. Ол тек олардың төлем қабілеті мен дайындығына сенім арта алады. Сондықтан құжатты инкассо тек сатушы мен сатып алушының арасында сенімді қатынастар болған кезде ғана қолданылады.

Құжаттық инкассоның негізгі артықшылықтары келесідей:

                           ашық шотқа қарағанда сенімділігі жоғары;

                           ашық шотқа қарағанда төлем тез жүргізіледі (банк арқылы құжаттарды ұсынудың арқасында);

                           сатушы мен сатып алушы үшін үлкен икемділік;

Информация о работе Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі