Шығындарды талдамалық топтарда талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есеп беру бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 12-қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І. Қаржы, қаржының мақсаты
1.1. Қаржы туралы түсінік......................................................................................6
1.2 Қаржы саясатының мақсаты, міндеттері.........................................................9
ІІ. Шығындарды талдамалық топтарда талдау
2.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері...............................12
2.2. Өнім өндіру шығындары. Шығындарды төмендету жолдары...................14
2.3. Өнім өндіруге жұмсалған шығын.................................................................21
2.4. Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау...................24
ІІІ. Қорытынды....................................................................................................30
VI. Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................32

Работа содержит 1 файл

мой курсовой.doc

— 213.50 Кб (Скачать)
 

Жоспар 
 
 

Кіріспе......................................................................................................................4 

І. Қаржы, қаржының мақсаты

1.1. Қаржы туралы түсінік......................................................................................6

1.2 Қаржы саясатының  мақсаты, міндеттері.........................................................9 

ІІ. Шығындарды талдамалық топтарда талдау

2.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері...............................12

2.2. Өнім өндіру шығындары. Шығындарды төмендету жолдары...................14

2.3. Өнім өндіруге жұмсалған шығын.................................................................21

2.4. Өнімнің өзіндік  құнына кіретін барлық шығындарды  талдау...................24 

ІІІ. Қорытынды....................................................................................................30 

VI. Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                         

                                                             
 
 
 

                                                         Кіріспе 

        Қаржылық есеп беру бұл  кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық  қызметіне  сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан  Республикасы Ұлттық  Комиссияның  1996 жылғы 12-қарашадағы №2 қаулысына  сәйкес барлық кәсіпорындар  меншік нысаны мен қызмет түріне  қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық  стандартына көшті. Шаруашылық  ету жағдайларының  өзгеруіне  байланысты, кәсіпорынның  есеп беру  нысандары  жетілу жағына  өзгереді. Атап айтқандае,  есеп беру Халқаралық бухгалтерлік  стандарттардың  талбына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің   қаржылық  есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның  қаржылық  есеп беруінде  кәсіпорынның  мүлік және  қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер  кәсіпорынның шаруашылық  қызметінің нәтижелері  көрсетіледі.

  Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң  қаржылық және салықтық мiндеттемелерi бойынша тапқан табыстарымен және ерекшеленгeн  мүлiктерiмен жауап бередi. Салық  салу жүйесiнiң тиicтi бөлiмiмен қамтылатын бүгiнгi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi 2001 жылғы маусымның 12-сiнде қабылданғaн ҚР Салық кодексiне дейiнгi, жалпыға бiрдей салық есебiне тұру және салық есебiн беру, салық төлеу жүйесiн пайдаланып келген болатын.

  Бүгiнде  Дүниежүзінде  осы шағын кәсiпкерлiктiң микро және макроэкономикалық мен-жайларын тереңдeтiп ойластыру, монополияны тежеу және адал бәсекелестiктi жандандыру мақсатында, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және ынталандыру саясатына байланысты олар үшiн салықтық мiндеттемелерiн орындаудың айрықша режимi белгіленген.

     Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару  шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы  жағдайын анықтау кезінде өте  маңызды болмақ.

     Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын  мекеме филиалдардың, өкілдердің бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндіріс мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп ебру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті.

     Барлық  кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды  қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.

      Қаржылық  есеп беруді толтыруға қойылатын  талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы  мен түсініктілігі, деректердің  шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы  есеп деректердің сәйкестігі, есепті көрсеткіштердің  өткен жылдың осындай  мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалығы.

      Қаржылық  есеп берудің жасалу дұрыстығына  кәсіпорынның (мекеменің) басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау  қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттанадырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.

     Қаржылық  есеп беру қаржылық есептеменің бір  бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.

     Қаржылық  есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.

     Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның жалдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып  алушылар жеткізушілер инвесторлар, биржалар банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады.

     Есепті  жыл аяқталғаннан кейін ашық түрде  акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген  кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.

     Қаржылық  есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Респуликасының заңдарына көзделген жағдайларда, сондай-ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі. 

І. Қаржы, қаржының мақсаты

1.1. Қаржы туралы түсінік 

      Қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үрдесіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықтан тауар-ақша айырбасына өтумен және мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарды қажетсінуімен тығыз байланыста қалыптасты.

            Ұдайы өндіріс үрдерісі бір-бірімен байланысты және өзара  тәуелді өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну тәрізді кезеңдері арқылы жүзеге асады. Қаржы ғылымының теорияларының  бірінде қаржының пайда болуын ұдайы  өндіріс процесінің екінші кезеңімен байланыстырады, осы кезеңде қоғамдық  өнімнің  құнын мақсатына және субъектілерге  өндірілген  өнімнен өз  үлесін  бөлу жүзеге асады. Ақша  қаражаттарының нақты қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің  екінші  және  үшінші кезеңдерінде,  яғни  бөлу және айырбас  процесінде  басталады.

  Екіінші  кезеңде  құнның  ақшалай   түрдегі қозғалысты тауар   қозғалысынан жекелеген  түрде  болады және  бір иеленушіден   екіншіге ауысуымен  сипатталады.  Үшінші  кезеңде  бөлінген  құн ақшалай  нысанда  тауар   түріне   айырбасталады.

    Сонымен, ұдайы  өндіріс   процесінің екінші  кезеңінде  құнның  ақшалай түрдегі  қозғалысы-  бір жақты,  ал үшінші  кезеңінде   екі жақты қозғалыста   болады,  олардың біреуі  ақшалай  түрінде,  ал екіншісі тауар түрінде  болады.

  Ұдайы  өндіріс  үдерісінің  үшінші кезеңінде   негізінен айырбас  операциялары болғандықтан,  олар тек  бағалы  құралдарды  қажетсінеді  және   мұнда баға тәрізді   экономикалық  категорияның механизмі қызмет жасайды.  
     Қаржы құн болу кезеңінде қолданылатын  несие, жалақы, баға тәрізді   экономикалық  категориялардан  ерекшеленеді.

   Қаржы  қатынастары   бастапқы  сала  болып жиынтық  қоғамдық  өнім құнының  алғашқы болу  үдерісі болып саналады,  ол  келесідей  элементтерден   тұрады:

  С-  өндіріс құрал –жабдықтарының   шығындалған  құны:

  V- еңбек  ақы;

  m- қосымша  өнім.

  Құнның  бөлінуі және  қайта бөлінуі   қаржы арқылы   қаржының ресурстары  нысанындағы  ақша  қаражаттарының  қозғалысымен  қатар жүреді. Олар  шаруашылық  жүргізуші субъектілер  мен  мемлекетке әр түрлі   ақшалай  табыстардың,  аударымдар  мен түсімдердің  есебінен құрылып,  ұдайы  өндірісті  ұлғайтуға, жұмысшыларды  материалдық   ынталандыруға,  қоғамның әр түрлі  әлеуметтік және басқа да  қажеттіліктерін  қанағаттындыруға  жұмсалады: Қаржы ресурстарының  қаржы қатынастарының материалдық тасушылары   ретінде болуы оны құндық  бөлуге қатынасатын жалпы категориялардың жиынтығынан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдық  -экономикалық  формациядан тәуелсіз болады, бірақ қаржы ресурстарын құратын және пайдаланылатын  нысандар мен   әдістер қоғамның әлеуметтік  табиғатының өзгеруіне байланысты  өзгеріп отырды.

  Қаржы   ресурстарын  пайдалану, негізінен,  арнайы  мақсаттағы  ақша қорлары   арқылы жүзеге асырылады,  сонымен   бірге   олардың  қордан тыс нысанда  да  пайдаланылуы  мүмкін. Қор  нысанының  артықшылықтарына  кез келген  қажеттіктерді экономикалық мүмкіндіктерімен   тығыз байланыстыру,қоғамдық өндірістің  негізгі  даму бағыттарына  ресурстарды  жұмылдыру, қоғамдық , ұжымдық және жеке мүдделері өзара байланыстыру  жатады.

     Қаржы бюджетке түсімдер – бюджет табыстарының, ресми трансферттердің (бюджет шығынынан  басқа) және бюджеттен бұрын берілген несие бойынша негізгі қарызды  өтелуінің жиынтығы. Бюджет табыстары  – бюджетке салықтардан, алымдардан және басқа міндетті төлемдерден түскен, салықтық емес және басқа түсімдерден түскен түсімдер, сондай-ақ бюджетке қайтарусыз негізде түсетін капиталмен операциялардан түскен табыстар көлемі. Ресми трансферттер (гранттар) – мемлекет қызметін жүзеге асыруға байланысты бюджетті қолдау және басқа мақсаттар үшін шет мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар ақысыз аударған қаражат. Бюджет шығыны – бекітілген бюджет шегінде қайтарусыз негізде бөлінген қаражат. Шығындар мына бағыттар бойынша құрылады: мемлекеттік өкімет және басқару органдарын, құқық қорғау органдарын ұстауға; ұлттық қорғанысқа, экономика салаларын қаржыландыруға (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс), әлеуметтік-мәдени дамуды, ғылымды, сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыруға, мемлекеттік қарыздың қызмет етуіне байланысты шығындар және тағы басқа. Жиынтық табыс (шығын) – кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі негізінде айқындалған соңғы қалдықты қаржылық нәтиже, негізгі және негізгі емес қызметтер түскен табысты (шығынды) білдіреді.   Кәсіпорындардың дебиторлық берешегі – жөнелтілген өнімге, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге, оның ішінде алынған векселдермен және аванстармен қамтамасыз етілген, сатып алушылардың берешегі, материалдық зиянды өтеу. Міндеттемелер бойынша берешек – келіп түскен материалдық құндылықтарға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге, оның ішінде алынған векселдермен және аванстармен қамтамасыз етілген, жабдықтаушылар мен мердігерлердің берешегі, материалдық зиянды өтеу. Бұдан басқа, міндеттемелер бойынша берешекке бюджетке төлемдердің барлық түрлері бойынша, жұмыскерлерге еңбек ақы төлеуге қаражат беру бойынша берешектер және басқа төлемдер, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға төлемдер кіреді. Жұмыскерлерге жалақы және басқа төлемдер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек– мұнда есеп беру күніне өтелмеген алдыңғы кезең берешегінің ауысқан қалдығын қоса еңбек ақы және басқа төлемдер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешектің барлық сомасы келтіріледі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Қаржы саясатының  мақсаты, міндеттері 

     Экономикалық  дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі  саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты  субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

     Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жәй –күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен кажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

     Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай  күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды  кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру  станцияларын қамтиды, олар:

     1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;

     2) экономикалық саясаттың тиісті  мақсаттары мен міндеттерін негіздей  отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;

     3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы  механизмі арқылы (экономикалық  қайта құрудың түбегейлігіне  қарай оны жаңғырта және түзете  отырып) іс жүзінде жүзеге асыру.

     Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы  саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.

     Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шектелетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

     А) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің  ерекшеліктері негізінде қаржы  ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын  көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

     ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды болу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарда бағыттау;

Информация о работе Шығындарды талдамалық топтарда талдау