Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамытудың бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 16:11, реферат

Описание работы

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар тетіктерінің қалыптасуымен сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа жағдайында, бірінші кезеңде, елдің азық-түлік қауіпсіздігін, тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін қамтамасыз ету жолға қойылады. Алайда, тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық кешенінің негізгі сферасы - ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.

Содержание

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------------3
1.Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі---------4
2. Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі-------9
3. Өсімдік шаруашылығында өнімнің өзіндік құнына калькуляция жасау------14
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------------17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------------------------19

Работа содержит 1 файл

реферат Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамсытудың бағыттары.doc

— 200.50 Кб (Скачать)

Ауылшаруашылық кәсіпорындарында шаруашылықты жүргізудің негізгі әдісі - шаруашылық есеп, оның негізіне еңбекті, материалдық және қаражат ресурстарын аз жұмсау, шаруаға қырсыздықты жою, әртүрлі ысырапты және өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу алынған. Шаруашылықты жүргізудің бұл әдісін қолдануда бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол шаруашылықтық тұтастай және оның - бөлімшелерінің өндірістік міндеттерді орындауын бақылап отыруы тиіс. Бұған осы заманғы компьютерлік техниканы, есептеудің озат түрлері мен әдістерін қолданып, қызметкерлердің мамандығын арттыру арқылы қол жеткізуге болады.                                          

 4Бухгалтерлік есептің алдында тұрған міндеттерді шешу, оны ұтымды түрде ұйымдастырмайынша мүмкін емес. Ал бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыру деп кәсіпорынның қаражат-шаруашылық қызметіне бақылау және оның жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады. Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғы шарттары: - шаруашылық операцияларын, бірізге салынған құжаттарды, есеп регистрларын және есеп берудің түрлерін қолдануды, есептеудің озат тәжірибесін жинақтап, таратуды және басқаларын бағалау мен есепте бейнелеудің бірлігін қамтамасыз етегін есептеуді мемлекеттік басқару; есептеуді жүргізу және есеп беруді құрастырумен айналысатын қызметкерлердің санын қысқартуға, экономикалық ақпараттарды өңдеу мерзімін жеделдетуге, есеп мәліметінің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін есептеу жұмысын компьютерлендіру; есептеудің прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану есепті жүргізуге жұмсалатын енбекті елеулі түрде қысқартуға, есептеудің жеделдігі мен сенімділігін арттыруға көмектесу, жазулардың қайталанбауына, есепті жүргізушілердің еңбегінің жалпы мәдениетін жақсартуға жағдай жасайды; алғашқы есептеу мен құжаттар айналымы жүйесінің дұрыс құрылуы бастапқы ақпараттарды ұйымдастыруға жұмсалатын еңбекті азайтуға, операциялардың артық жасалмауына, жоспарда қаралмаған құжат айналымын болдырмауға мүмкіндік жасайды.

          Есеп қызметкерлерінің іскерлік қабілетін арттыру - есептеуді жақсы ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі.

Есептеу жұмысының алдында тұрған міндеттерді орындау қызметкерлерден экономикалық заңдарды, қолданыстағы заңдылықтарды, жоспарлау мен болжауды, шаруашылық қызметін талдауды, статистика мен өндіріс технологиясын терең білуді талап етеді.

Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық, еңбек және ақша ресурстарын бақылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және онын мәліметтерінің жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы бар.

Әрбір кәсіпорынның халық шаруашылық жоспарын орындауына жедел басшылық жасау мен бақылау ісіне көмектесудің маңызды құралы есеп беріп отыру болып табылады. Есеп беру - жеке учаске (бөлімше) және тұтастай кәсіпорын бойынша жинақталған есептердің кешенді жүйесі. Ол шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға, жедел басшылық жасап және бақылай отыруға қызмет етеді. Есеп берудің көмегімен кәсіпорындардың жоспарлы тапсырмаларды орындауына бақылау жасалады. Есеп берудің мәліметтері әрбір кәсіпорынның, саланың және тұтастай халық шаруашылығының ағымдағы және болашақтағы жоспарларын жасағанда базалық қызмет атқарады. Есеп берудің негізінде салық салу, кәсіпорынның өндірістік-қаражат қызметіне талдау жасау, қысқа және ұзақ мерзімді қарыз беру тәртібінің сақталуына бақылау іске асырылады. Мазмұны бойынша есеп беру статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.

Статистикалық есеп беруде халық шаруашылығы  жоспарының орындалу көрсеткіштері (өндірістің көлемі, еңбек, өнімнің өзіндік құны бойынша) сипатталады.

Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын  қызметінің негізгі қаражат көрсеткіштері бойынша (өндіріс, өнімдердің өзіндік құны және өнімдерді өткізу, пайда мен зиян, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету шығындары) жоспарының орындалуы сипатталады.

Статистикалық және бухгалтерлік есеп берулер мерзімді (бес-күндік, онкүндік, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және тоғыз айлық) және жылдық болады. Соңғысына мәліметтердің барынша кең шеңбері енгізіледі және онда кәсіпорынның өндірістік және қаражат қызметі сипатталады.

Есеп беруді жасаудың тәртібі, адрестері, беру мерзімі және қаралуы бухгалтерлік есептер мен баланстар жөніндегі ережеде көрсетілген.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы есеп бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары бойынша ұйымдастырылады. Оны халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін, ауылшаруашылық кәсіпорындарынын ерекшелігін ескеретін толықтырулармен қаражат Министрлігі статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпен келісіп бекіткен. Қосымшада бухгалтерлік есеп шоттарыныц жоспары келтірілген, ол оқулықтың тексті бойынша шоттардың шифрларын пайдалануға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық кәсіпорындары  бухгалтерлік есептің екі түрін журналдық ордерлік және автоматтандырылған түрлерін қолданады.

Журналдық-ордерлік түрін  есепті қол еңбегімен жүргізетін шаруашылықтар пайдаланады.

Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрін есепті жеке 
компьютерлер және басқа есептеу машиналарының көмегімен іске 
асыратын шаруашылықтар пайдаланады. Есептің бұл формасының регистрлары-машинограммалар, талдамалық және синтездік есептерді ұштастырады. Есептеудің бұл түрі есептеу процесін іс жүзінде толық автоматтандыруға негізделген. Оны қолдану есеп қызметкерлерінің қол еңбегін барынша азайтып, талдау, бақылау, меншіктің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне көбірек назар аударуға мүмкіндік береді. Орындалатын операциялар алғашқы  құжаттармен хатталады. Олардың түрлері бір ізге салынған, стандартталған және автоматты өңдеуге бейімделген. Құжаттардың,  бухгалтерлік есептің журналдық-ордерлік және автоматтандырылған регистрларының түрлері белгіленген тәртіп бойынша бекітілген.

Өндірістік бөлімшелерде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі, әдеттегідей, жүргізілмейді. Бөлімшелердің (фермалар, цехтар) бухгалтериялары алғашқы құжаттарды, материалдық игіліктердің қозғалысы (кіріс-шығысы) жөніндегі берілген есептерді қабылдайды және жүйеге келтіреді, есептесу-төлем ведомстволарын жасайды, жалгерлік ұжымдардың және ішкі шаруашылық кооперативтерінің басқа да бөлімшелердін дербес (лицевои) шоттарын қабылдайды. Солардың негізінде жасалған құжаттармен бірге дербес шоттар шаруашылықтың орталық бухгалтериясына тапсырылады. Мұнда өндірістік бөлімшелерден және, сырттан түскен құжаттардың мәліметтері жинақталады да олардың негізінде есептеу регистрларына (журнал-ордерлер, ведомостволар) жазылады. Олар Бас кітапты, баланста және есеп берудің 
басқа да түрлерін толтыруға негіз болады. Егер шаруашылықта 
есептеу автоматтандырылған болса, өндірістік бөлімшелерден түскен алғашқы құжаттарды бухгалтерия тексереді, оларға тиісті кодтарды қойып топтап болады, содан кейін компьютерлік қондырғыға тапсырады. Онда құжаттар өнделіп, шаруашылыққа тиісті машинограммалар беріледі. Жалгерлік қатынас жағдайында материалдық игіліктерді, еңбекке ақы төлеуді, өндірісті есептеу елеулі түрде жеңілдетіледі. Жалгерлік ұйымдардың басшылары барлық ресурстарды, кірістер мен шығыстарды есептеуді өздері жүргізеді. Жалға берушінің бухгалтериясына барынша шектелген ақпараттар беріледі.

Есепті дұрыс ұйымдастыру  үшін есептеу жұмыстары кестелерінің үлкен маңызы бар. Оларды қолдану құжаттар айналымын тездетуге және есептеудің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Кестені шаруашылықтағы есеп жұмысының барлық түрлері енуі тиіс алғашқы есепті, құжаттар айналымын және есеп беруді ұйымдастырғанда бухгалтерлік есептегі кұжаттар және құжаттар айналымы жөніндегі Ережені басшылыққа алу қажет. Пайдаланылған құжаттар болып кәсіпорынның архивіне өткізілуі тиіс.

Тұрақты және ұзақ уақытқа  сақтау үшін іріктеп алынған іс қағаздары (мықты жіппен төрт жерден тесіп тігілген немесе түптелген құжаттар) архивке өткізу алдында тәртіпке келтіріледі. Оларды құрудың дұрыстығы тексеріледі, тақырыптары дәлелдеп белгіленеді, іс қағазының соңында куәландырушы жазуы болуы тиіс. Онда реті қойылған беттердің саны көрсетіледі. Құжаттарды сақтауға, жоюға іріктеп алудың іс қағаздарының тізімін жасаудың тәртібі мен методикасы Бас архив басқармасының нұсқаулары мен ережелерінде анықталған..

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру  және жүргізу үшін кәсіпорындарында бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жүргізу, есеп беруді құрастыру және қаражат тәртібінің сақталуын бақылау міндеттеледі. Бухгалтериялардың жұмысы министрліктерде, ведомстволарда, бірлестіктерде, министрліктердің бас басқармаларында және басқа басқару органдарында бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.

 Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтер өз жұысын бас бухгалтерлер жөніндегі Ережеге сәйкес іске асырады. Колхоздарда бас бухгалтердің міндеттері мен праволары (құқықтары) «Шаруашылықтың бас бухгалтері жөніндегі үлгі Ережеде» белгіленеді. Бас бухгалтер есепті ұтымды ұйымдастыруды, ессптердін озат түрлері мен әдістерін енгізуді, компьютерлік техниканы кеңінен қолдануды, қаражаттарды дұрыс және уақытылы есептеуді, шаруашылық операцияларын дұрыс құжаттауды, өндіріс шығындарын, қаражат нәтижелерін, қаражат, қарыз беру және есеп айырысу операцияларын сенімді және уақытылы есептеуді, бюджетпен уақытылы есептесуді, кассалық және есеп айырысу тәртіптерін қатаң сақтауды, инвентаризацияны уақытылы және толық жүргізуді және оның нәтижелерін есепте көрсетуді, сенімді құжаттар негізінде есеп беруді уақытылы жасауды, басқа қызметтермен бірге өндірістік-қаражат қызметін экономикалық талдауды, пайдаланылмай жатқан резервтердің бетін ашып, іске қосуды қамтамасыз етуге міндетті. Бас бухгалтер есеп пен бақылауды, ақша қаражаттары мен материалдық игіліктердің толық сақталуын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Бас бухгалтерге өзіне жүктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік жасайтындай құқықтар берілген.

Мысалы, бухгалтерлік есеп және есеп берумен айналысатын барлық қызметкерлер бұл мәселелер бойынша бас бухгалтерге бағынады. Ол бухгалтерия қызметкерлерінің жұмыс бабындағы міндеттерін белгілейді; бас бухгалтердің операцияларды хаттау және көрсетіледі. Құжаттар жасалғаннан кейін олардың деректері мал мен құс өзгерісінің Есеп Кітабына және фермадағы мал мен құстың өзгерісі туралы қорытынды есепке жазылады.

Жалгерлік қатынастар жағдайында № 57, 95, 96, 97, 103, 100, формалы актілер, № 98 формалы ведомость және № 104 формалы жолдама-накладной қолданылмайды. Бұл құжаттардың орнына чек-накладнойлар (Ф. № 2496) қолданылады.

 

2. Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің

жүргізілу ерекшелігі

  Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі салаларының бірі, ол егін шаруашылығын, көкөніс шаруашылығын, жеміс шаруашылығын, жүзім шаруашылығын, гүл шаруашылығын, жайылым шаруашылығын, орман шаруашылығын қамтиды.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығындары мен шығымдары өндіріс салалары, есеп объектілері және шығын баптары бойынша “Негізгі өндіріс” деген 20-шоттың «Өсімдік шаруашылығы» деген 1-субшотында; шаруашылық аралық өндіріс өнімінің шығындары мен шығымдары өз өндірісінен бөлек 20-шотта есептеледі.

 Талдау жасалатын есепте өнімнің нышандары мен шығымдары әрбір дақыл (дақылдар тобы), жұмыс және аяқталмаған өндіріс бойынша мынадай номенклатурамен көрсетіледі:

  1. Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар: күздік дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, арпа); жаздық бидай (қатты, жұмсақ, күшті және басқалары); дәндік жүгері; басқа да жаздық масақты дәнді дақылдар (арпа, сұлы, қара бидай, қос дәнекті бидай және басқалары); жарма дакылдары (тары, күріш, қаракұмық, қонақ жүгері, қонақ тары); дәнді-бұршақ дақылдары (ас бұршақ, үрме бұршақ, жемдік бұршақ, жасымық, сиыр жоңышқа және басқалар);
  2. Техникалық дақылдар: майлы дақылдар (күнбағыс, бұйра-зығыр, қыша, майкене, соя және басқалар); жіп дақылдары (мақта, талшықты зығыр,   қарасора, кенеп, кендір    және басқалар); қант қызылшасы (фабрикалық қант қызылшасы, аналық қант қызылшасы,   қант   қызылшасының   тұқымдық   көшеттері);   жабайы темекі; цикорий және басқалар);
  3. Эфирлі-майлы дақылдар (кориандр, анис, зире және басқалар);
  4. Тамыртүйнекті дақылдар: картоп; ашық топыраққа егілетін көкөніс дақылдары (капуста және басқалар); қорғалған топыраққа егілетін көкөніс шаруашылығы   (сабағы алынатын жуа, қияр жәнс баскалары);
  5. Тамыр түйнекті және бақша дақылдары: Жемдік тамыр түйнекті дақылдар: жемдік сәбіз, тарна және басқалар; жемдік бақша дақылдары (қарбыз, асқабақ) және басқалар;
  6. Жемге арналған тамыртүйнекті және бақшалық дақылдардың өркендері мен тұқымдары (дақылдар бойыпша);
  7. Гүл шаруашылығы (ашық топырақта, жабық топырақта) - дакылдар бойынша;
  8. Гүл дақылдарының (бір жылдық, екі жылдык, көп жылдық) тұқым шаруашылығы;
  9. Питомниктер және егілетін көшеттер (жеміс дақылдары меп көп жылдық өсімдіктер, жеміс дақылдарының тұқым питомниктері және басқалары);
  10. Өсімдік шаруашылығы бойынша аяқталмаған өндіріс (болашақтағы жылдардық өнімдеріне арналған шығындар) -  аяқталмаған өндіріс түрлері бойынша.

Жекелеген талдау шоттарында бақтар мен питомниктердің, қатар аралықтардағы егіс өнімдерінің шығындары мен шығымдары есепке алынады.

 5Жекелеген талдау шоттарында    жекелеген дақылдарды өсіру жөніндегі шырындарға жатқызуға болмайтын егіс алдындагы жұмыстар (қар тоқтату, көң тасу, тыңайтқыштар жеткізу және басқалар) жөніндегі шығындар да есептеледі. Бұл жұмыстар жөніндегі шығындардың есебі егін шаруашылығындағы қолданылатын баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыстар жөніндегі есептелген шығындар белгілі бір дақылдарға бөлінген егіс көлеміне пропорциялы түрде шығындар бабы тұрғысынан жатқызылады. Бұл үшін әрбір бап бойынша есептелген шығындар жұмыс жүргізілген жердің жалпы гектар санына бөлініп, 1 гектарға жұмсалған шығын сомасын табады. Анықталған шығындарды нақты дақылдар егілген гектар санына көбейтіп, осы дақылға (дақылдар тобына) жұмсалған шығындарды анықтайды.

Информация о работе Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамытудың бағыттары