Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:51, дипломная работа

Описание работы

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы « Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары » Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.

Содержание

1.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің әдістері

1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау
1.4. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық рәсімделуі
ІІ.КӘСІПОРЫННЫҢ ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлық -материалдық қорларды талдаудың міндеттері мен көздері
2.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау
2.3 Кәсіпорында Тауарлық- материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары
ІІІ.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті
3.2 Аудиторлық қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_901794684.doc

— 362.50 Кб (Скачать)



 

         "ФИФО" әдісі — босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген — бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық кұны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді. Біздің мәліметгің негізінде "ФИФО" әдісі бойынша соңғы калдықтың және жұмсалған материалдық құны мынаны кұрайды:

Ай соңында  калған қалдығы: 31 тонна (17-5+19) х 3400 (1 тоннаның бағасы) = 105400 теңге.

Бензин

Бұл жерде  цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылды. Соңына қалдығы 300 литр (200 х 47 және 100 х 45): 200 х 4 7 = 9400 теңге; 100 х 45 = 4500 теңге; Жиыны    13900 теңге

Шығыстың  құны: 4500+45700-13900=36300 теңге немесе 50 литр х 45 теңге = 2250 теңге;

150 литр х(50 литр х 45 теңге, 100 литр х 46 теңге)= 6850 теңге; 300 литр х(200 литр х 46 теңге, 100 литр х 45 теңге)= 13700 теңге; 100 литр  х 45 теңге =4500 теңге; 100 литр х  45 теңге = 4500 теңге; 100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;

Шығыс жиынтығы   36300 теңге

 

Арнайы  идентификациялау (бірыңгайлау) әдісі. Бұл әдіс қорлардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

Мысал,

Бастапқы қалдықтың 15 тоннасы х3000 теңгемен       - 45000 теңге

02.0105. келіп түскені  10 тонна х3100 теңге                   -31000 теңге

20.01.05 келіп түскен 12 тоннах 3400   теңге                   - 40800теңге

Шығыс  жиыны                                                                 - 116800

Цемент қалдығынан  қалғаны:

Бастапқы қалдықтан 5х3000                                             - 15000теңге

                                    2х3200                                              -6400теңге

20.10.05 келіп түскеннен  5х3400                                      -6400теңге

                                          19х3400                                       -17000теңге

Ай соңына қалған цементтің  құны                             -103000 теңге

Бензин бойынша:

Қалдықтан қалған 50лх45 теңгеден босатылған            -2250теңге

05.01.05 келіп түскен 150х46                                           -  6900теңге

20.01.05 келіп түскен 300х45                                           -13500теңге

20.01.05 келіп түскен 100х45                                           - 4500теңге

20.01.05 келіп түскент 100х45                                           - 4500теңге

05.01.05 келіп түскен 100х46                                             - 4600теңге

Шығыс   жиыны                                                              - 36250теңге

Бензиннің қалдығынан қалғаны:

Бастапқы қалдық 50х45                                                         - 2250 теңге

05.01.05 келіп түскен 50х46                                                  -  2300 теңге

29.01.05 келіп түскен 200х47                                                 - 9400 теңге

Ай соңына қалған бензиннің құны                                   - 13950 теңге

       Енді  қорларды бағалаудың әр түрлі  тәсілдерін салыстырып көрейік:

2 кесте

 

Көрсеткіштер

Орташа өлшенген құндық әдісі

       «ФИФО»

          әдісі

Арнайы идентификациялау әдісі

1

2

3

4

Цемент

Қорлар шығысы:

Бірлік саны

Құны теңге

Ай соңында қалған қалдық:

Бірлік саны

Құны, теңге

 

 

37

119596,95

 

 

         31

100203,05

 

 

37

114400

 

 

  31

105400

 

 

37

116800

 

 

31

103000

Бензин А-95

Қорлар шығысы:

Бірлік саны

Құны теңге

Ай соңына  қалдық

Бірлік саны

Құны,теңге

 

 

800

36504

 

300

13696

 

 

800

36300

 

300

13900

 

 

800

36250

 

300

13950


                

Жоғарыда келтірілген  кестеден көріп отырғанымыздай, Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың дұрыс әдісін тандау кәсіпорынның таза табысына да, тұтас табысына да, қаржылык жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды тандағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн.                                

             - Бір әдістен екінші бір әдіске  көшер алдында, яғни екіншісінің 

біріншісінен  басымдылығымен қатар мына жағдайларды  да сақгау керек:

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;
  • бір әдістен екіншісіне кешуді, есепті жылдын. басынан бастап енгізу;

- дер кезінде тауарлық- материалдық қорлар қалдықтарына да және өткен жылдардың таратылмаған табысына да түзетулерді   енгізу.

 

1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау

        

 Қазақстан  Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорынды жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық құндылықтарына түгендеу жүмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:

  • жылдық есеп беру (жыл аяғында) алдында (маусыммен жүмыс істейтін қайта өндіруші кәсіпорындар,  сондай - ақ дайындаушы және басқа да  ұйымдар материалдар мен шикізаттарға олардың қалдығының азайған кезінде) түгендеу жұмысын жүргізе алады.
  • материалдық құндылықтарды міндетті түрде түгендеу материалға жауапты  адамның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасалғанда, сондай – ақ материалдық құндылықтар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, кәсіпорын таратылғанда және (қайта қүрылғанда) тағы да басқа жағдайларда жүргізіледі.

 Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорынның басшысының бұйрығымен орталық түгендеу камиссиясы құрылады. Бүл камиссияны шаруашылық субъектісінің басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.

 Кәсіпорынның басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы және аяқталу мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың түрлері және олардың сақталуы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өзі меншігіне жатпайтын яғни басқа шаруашылық субъектісінің немесе мекеменің сондай - ақ, жеке адамның материалдарын да түгендеу керек

    Кәсіпорында активтердің дұрыс сақталып пайдалануын қамтамасыз ету үшін түгендеудің мына төмендегідей тәсілдері жүргізіледі.

      - Жоспар бойынша түгендеу - жылдың басында қаңтар айында түгендеу жұмыстарының жоспары жасалып, мекеменің басшысымен бекітіледі;

       -Іріктеп - бөліп түгендеу - бұл  түгендеуде құрылыс материалдары, болмаса жанар - жағар   май,   болмаса   негізгі   құралдар   бөлек   -   бөлек   бақылау жүмыстарынан өткізіледі;

       - Жаппай түгендеу - бұл түгендеу  қызметтері негізінен кәсіпорынға жылына бір рет өткізіледі.  Жаппай түгендеу жұмыстарын өткізу үшін,  кәсіпорынға  комиссия құрылады. Комиссияның басшысына осы кәсіпорынның директоры бекітіледі. Жаппай түгендеу жұмыстары тоқтаусыз жоспарлы түрде, жылына өткізіліп тұруы керек.

    Түгендеу материалдардың сақтығын, сапалы жағдайын, бухгалтерлік және қойма есебін дұрыс жүргізуді қамтамасыз ететін бақылау әдісінің бірі. Мұны барлық меншік нысанына байланыссыз, жұмыс режиміне және қызмет түріне байланысты кәсіпорындар мен ұйымдар жүргізіледі.

      Түгендеу комиссиясы №3 үлгілі  түрі «Материалдарға инвентарлык  жазба» жасайды. Жазбада материалдардың нақтылы бар берілгендері көрсетіледі.Инвентарлық жазба бір дана көлемінде қайта санау, қайта өлшеу, салыстыру бойынша әрбір материалдарға жауапты тұлға тобына сақталынып тұрған жері бойынша жазылады.  

         Инвентаризация басталмас бұрын  әрбір материалға жауапты тұлғадан қолхат алынады. Әрбір материалдарға инвентарлық жазбаға бөлек аты, номенклатуралық номері, түрі, тобы, сорты, саны бойынша енгізіледі.

Түгендеу  нәтижесінде анықталған бұзылған немесе жарамсыз материалдарға арнайы акт жазылады. Форманың соңғы бетіндегі комиссия мүшелерінің қолының алдындағы екі бос жолға құжаттардың соңғы номері жазылады. Бұл тек инвентаризация кезінде материалдардың қозғалысы болса ғана жасалады.Егер есепте көрсетілмеген материалдар табылса, онда оларды да түгендеу жазбасына қосады.Бұл инвентарлық жазба жазылып болған соң бухгалтерияға салыстыру ведомісін жасау үшін топтастырылады.

Ереже бойынша  материалдардың инвентаризациясы, олардың  ғимарат ішінде орналасу реті бойынша жүргізіледі және де инвентаризация кезінде олардың орнын ауыстыруға жол берілмейді. Тексеруден кейін комиссия ғимараттың есігіне пломба салып, келесі ғимаратқа көшеді.

Комиссия  мүшелерінің үйғарымымен камиссия құрамына қоймашы және басқадай материалдарға жауапты тұлғалар қатыстырылып міндетті түрде кұндылықтардың барлығын қайта санау, қайта өлшеу тиіс.

Жазбаны материалдарға  жауапты тұлғаның ауызша айтуы бойынша толтыруға жол берілмейді.

           Егер түгендеу жүргізіліп жатқан  кезде материалдар келіп түссе, онда оны материалға жауапты тұлға комиссия көзінше қабылдап, инвентаризациядан кейін реестр немесе тауарлық есеп бойынша кірістейді. Бұл материалдар бөлек «Түгендеу кезінде келіп түскен материалдар» атты жазбада кірістеледі. Бұл жазбада қашан, кімнен келіп түскендігін, күні, кіріс құжатының номері, құндылық аты, саны, бағасы және сомасы жазылады. Ал, егер де түгендеу үзаққа созылып, материалдарды босату керек болған жағдайда кәсіпорын басшысы немесе бас бухгалтердің жазбаша рүқсатымен комиссия мүшелерінің көзінше босату. Бұл материалдарға да бөлек «Түгендеу кезінде босатылған материалдар» атты жазба жазылады.Егер осы кәсіпорынның жауапкершілігінде табылатын, бірақ иесі басқа кәсіпорын болып табылса, бұл материалдарда осы кәсіпорын меншігіндегі құнмен бірге түгенделеді. Бұл құндылықтарға да №5 үлгілі түрде «Жауапты сақтауға алынған құндылықтар» атты жазба жазылады.

            Жолдағы ақшасы төленбеген, басқа  кәсіпорын қоймасындағы, тиеліп  кеткен материалдарға да мұқият көңіл бөлуі тиіс.  Бұндай материалдарға сомасын дәлелдеп беретін құжаттар рәсімделуі керек;   жолдағы материалдарға - шот төлем - талабы немесе осы құжатты алмастыратын жеткізуші құжаты болуы шарт, тиелген материалдарға сатып алушының счет - фактура көшірмесі көрсетуі тиіс, кейінге қалдырылған төлемге банк құрылтайшысының міндет дәлелдемесі, басқа кәсіпорын қоймасындағы материалдарға түгендеу күніне жақын жазылған қолхаты керек.

Қайта бағалау жоспарлық  және есептік берілгендердің бірегейлігі  мен дәлдігін, материалдық есепте нақты көрсетілуін, өндіріс шығындарын, кәсіпорынның рентабельділігі мен қаржылық нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.Шаруашылық субъектісінің материалдарын Мемлекеттік Статистика органдарымен бекітілген инфлияция коэффицентінен тыс бағалауына мүмкіндігі бар. Бұл тек мына жағдайда ғана орын алуы мүмкін, егер кәсіпорынның материалдарының құны нарықтық бағадан айырмашылығы болғанда ғана.

Материалдарды бағалауда 20 «Материалдар»  бөлімінің шоттары дебеттеліп, 5320/543 «Басқада қосымша төлебеген капитал» шоты кредиттеледі. Кейбір кәсіпорындарда нарықтық тауарларға толуына және маусымдық сатылу мерзіміне байланысты қайта баға қою мүмкіндігі туып жатады. Мұндай жағдайда 5320/543 «Қосымша төленбеген капитал» шоты дебеттеліп, 20 «Материалдар» бөлімінің шоттары кредиттеледі.

   Материалдарды қайта бағалау түгендеу жүргізудің ізі болып саналады. Түгендеу жазбалары материалдарды қайта бағалаумен бағалауға қызмет етуші құжат болып табылады. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері материалдардың әр түрін қолданады. Осыған байланысты материалдардың белгілеріне қарайтопталуы керек.

 Бухгалтерлік есепте материалдар  былай топталады:

       1.Өндіріс процесіндегі  рөлі мен мақсаты,

       2.Техникалық қасиетіне  байланысты.

  Өндірстік процесіндегі  рөлі мен мақсатына қарай шикізаттармен  материалдар деп бөлінеді.Шикізаттар–бұл кен өнеркәсіптерінен алынған және ауылшаруашылығынан алынған қайта өңдеуді талап етеді.Материалдар –бұл алдын-ала өнеркәсіптік өңдеуден өткен өнімдер болып табылады.

 

1.4. Тауарлы материалдық қорлардың  қозғалысының құжаттық                   рәсімделуі

 

  Өндіріс  запастарының шығысы мен түсімі  бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы қүжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық запастардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына кдтысы бар барлык тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

Информация о работе Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі