Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:34, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы – бұл астық өндірісі. Сондықтан, астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, ірі сапалы өнім жинау үшін, тыңайтқыштарды тиімді қолдану маңызды рөл атқарады.

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

Топырақ құраушы  топырақ болып көбінесе сары - сұр  балшықтар және лесты карбонатты құмбалшықтар саналады.

Кәдімгі қара топырақтар орманды-дала және далалық  аймақтарда, Солтүстік Қазақстан облысының үлкен бөлігі кеңінен тараған. Олардың жалпы ауданы 8,3 млн га тең.

Кәдімгі кара топырақтардың жоғарғы горизонтында 6-8% дейін қара шірінде болады, төменгі қабаттарды ол күрт төмендейді (2,0-1,0% дейін).

Бір гектар топырақтың 0-50 см қабатында  кара шіріндінің жалпы қоры 319-265 т. азоттың - 15,4-10,0 т, фосфордың - 9,4 т, калийдің - 171,2 тең. Бірақ топырақтың қоректік заттармен қамтамасыз етілуін жалпы қоры бойынша жорамалдауға болмайды, себебі өсімдіктерге олардың шамалы бөлігі ғана сіңіріледі. Өсімдік азоттың жалпы қорының тек 2-3 % ғана, фосфордың небары 1,0-1,5% сіңіре алады. Топырақтың өсімдікке қажетті кез-келген қоректік элементтермен   қамтамасыз   етілуін өсімдіктерге   сіңімді   /жылжымалы/ минералды элементтердің    мөлшері айқын көрсете алады.

Жеңіл гидролизденетін азоттың 100 г топырақтағы мөлшері 10-15 мг тең. Бұл топырақтар сіңімді фосформен азозтан да көп мөлшерде кем қамтамасыз етілгендікген (1,3-2,5 мг) 100 г топыраққа. қара топырақтар фосфор тәртібін (режимін) жақсартуды қажет етеді.

Қара  топырактардың қолайлы химиялық және физикалық қасиеттері оларды Солтүстік Қазақстанның жаксы топырақтарының қатарына жатқызуға мүмкіндік береді.

Кара топырақтың химиялық құрамына мына негізгі ерекшеліктер тән: кескінінің жоғарғы жағында  гумус пен қоректік заттардың (N, Р, К, микроэлементтер) биотекті жиналғаны, кескін бойы минералды бөлшектің жалпы кұрамы салыстырмалы тұрақты болуы және одан карбонаттардың иллювилі (шайылымды) типті таралуы және одан жеңіл еритін тұздардың шайылғандығы. Топырақ кескініңдегі қарашірінді таралуын алсақ, оның мөлшері жоғарғы жиекіе көтеріңкі де, кескін тереңдеген сайын біртіндеп кеми береді. Гумус түзілудегі бұл ерекшелік шөптесін өсімдік тамырларының тарауымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қара топырақ қарашіріндісі құрамында гумин қышқылдары (гқ) басым (Сгқфқ=1,5-2). Олардың өзегінде (ядро) жоғары дәрежелі конденсацияланып (күрделенген) және кальциймен байланған топ басым; күлгін топыракқа карағанда, фульвоқышқылдар тобы күрделі келеді де оның еркін - "белсенді" фракциясы мүлдем болмайды. Гумустің мөлшері топырақ құралу жағдайлары мен аналық жыныстар құрамына байланысты өзгереді: ең көп қор орташа балшықты және ауыр құмбалшықты, қалыпты, сілтісізденген және кәдімгі қара топырақ типшелеріне келеді. Топырақтағы  азот үлесі (0,2-0,5 проц.) гумус мөлшеріне сәйкес өзгереді.

Кремний қышқылы мен бір жарым тотықты қосындылардың таралу жалпы мөлшері кескін бойы біркелкі, яғни топырақта минераддар бұзылуының жоқ екенін көрсетеді. Тек күлгінденген және сәл сілтісізденген қара топырақтар кескіні жоғарғы бөлегінде біржарым тотықтылар азайғанымен кремний қышқылының өскені байкалады; бұл құбылыстар топырақ құралу үрдісінің ерекшеліктеріне (күлгіндену, кебірлену немесе кермектенуге) байланысты. Карбонаттардың, иллювилі (шайынды түрлі) таралуы топырақ кескінінде сужылулық құбылымдар ерекшеліктеріне, топырақ ауасы мен ерітіндісі арасында жүретін көмір қьпшдыл газы динамикасына (жылжуына) байланысты.

Көктемде-топырақ  кескінінде ылғал төмен жылжыған кезде, онымен қосыла карбонаттар да шайылады, бірақ олардың шайылу терендігі топырақтың максималды дымқылдану тереңдігіне жептейді. Себебі, біріншіден, жеңіл еритін тұздарға қарағанда, СаСО3-тің суда ерімталдығы әлдеқайда төмен, екіншіден, көктемде биохимиялық үрдістер әлі қарқынсыз болатыңдықтан, топырақ ауасы мен ерітіндісінде көмір қышқыл газының концентрациясы (тортасы) шамалы болады. Соңара, жаз басында, топырақ температурасы көтерілуіне, өсімдік тамырлары тынысының жоғарылауына байланысты, топырақ ерітіндісінде көмір қышқыл газы концентрациясы жоғарылайды да, топырақта екі карбонаттар басым түзіледі. Соңғылар осы кезде, жоғары ылғал ағымымен бірге, кескін бойы көтөріледі. Ерітіндінің жоғары көтерілуі мен температура жоғарылауы көмір қышқыл газының топырақтан ауаға бөлініп шығуын үдетеді. Бұл құбылыс көмір қышқыл газының топырақтағы концентрациясын төмеңдетуге, содан әрі екі карбонаттар нағыз карбонаттарға көшіп, ерітіндіден топырақтың қатгы бөлігіне шөгуіне әкеп соғады. Карбонаттардың шөгуі, сондай-ақ судың өсідіктер арқылы сінірілуіне және булануына да байланысты. Аталған құбылыстар қара топыраққа тән кезеңдік карбонаттар жылжуының жоғарғы шегін калыптастырады: ол көктем мен күзде төмендеп, жазда көтеріледі. Карбонаттардың ауытқу шегі аймақтық және фациялдық жағдайлар мен топырақтың механикалық құрамына байланысты.

Қара  топырақтың  гумуске   байлығы,   кальцийдің  қарқынды биотекті жылжуы, оның қолайлы физикалық-химиялық,  қасиеттерін қалыптастырады.   Кара  топырақ жоғары негіздер сіңіру сиымы (30-70 мг-экв 100 г т) сіңіру кешені негіздермен қанығуы, жоғарғы жиектер реакциясының бейтараптылығы және жоғары буферлігі мен (қайсарлылығы) ерекшеленеді.

Сіңірілетін алмаспалы катиондар арасында кальцийдін маңызы зор, ал сіңірілген магний үлесі катиондар жиынтығының 15-20 процентіне тең. Күлгінденген және сілтісізденген типшелер сіңіру кешеніне сутегі ионы кіретіндіктен оларда біраз (5-7 мг-экв) гидролитикалық қышқылдылық байкалады. Кәдімгі жөне оңтүстік типшелер сіңіретін катиондар құрамына шамалы натрий кіреді де басқа типшелерге қарағанда, магний үлесі жоғарылайды. Кебірленген қара топырақ кешеніне енген натрий катионы саны өскен. Еркін карбонатты топырақ жиегінің ортасы сәл сілті (рН=7,5-8,5) тартқан.

Қара топырақтың жақсы физикалық және суфизикалық қасиеттері оның жоғары гумустілігі, қарашірінді жиегінің қалыңдығы және суға төзімді түйіртпектілігне байланысты. Қолайлы физикалық және су-физикалық қасиеттері гумустік жиек борпылдақтылығын және жоғарғы су сіңіру, су ұстау кабілетін анықтайды.

Жақсы түйіртпектілікке байланысты қара топырақтың гумустік жиек тыңыздығы (көлемдік салмақ) әрдайым төмен (1,00 -1,22 г/см3), тек оның астыңғы жағыны» тығыздығы біраз жоғарылайды (1,4-1,5 г/см3 дейін), әсіресе көтеріңкі тығздылық күлгінденген типшенің иллювилі, кәдімгі және оңтүстік типшелердің иллювилі-карбонатты жиегіне, сондай-ақ В1 жиекшеге тән. Кескіннің жоғарғы жағы гумуске қанғандықтан, оның сыбағалы салмағы жоғары емес (2,4-2,5 г/см3), одан төмен қарай бұл керсеткіш аздап (2,55-2,65 г/см3) көтерілген. Топырақтың жақсы түйіртпектілік құрылымы тікелей оның жоғары (50-60 проц.) қуыстылығын анықтайды және кара топырақта қылтүтік пен қылтүтіксіз қуыстылық қалыптасқан.

Біріншісі жалпы саңылаулар аумағының 1/3 бөлегін алатындықтан, топырақтың жақсы ауа өткізетін кескін бөлігіне, суға төзімді айқын дәнді және уақ кесек түйіртпектілі, А жиек пен В1 жиекшенің жоғарғы жағы жатады. А жиектің жыртылатын бөлігі астындағысына қарағанда, суды баяу (1,5-2,5 есе) сіңіреді, оның себебі жыртылатын қабат түйіртпектерінің бұзылуы мен тығыздалуында. Сондықтан, топырақты терең өндеп, үстіңгі қабатын борпыл күйінде ұстау ылғалды жеңіл сіңірудің және қалың гумустік горизонтта жоғары су сіңіру мен су ұстау қабілет қалыптастырудың кепілі.

Қара топырақты аймақ ТМД-ның негізгі егіншілік ауданы. Мұнда бидай тұқымдас және техникалық дақылдар өсіріледі (күздік және жаздық бидай, жүгері, қант қызылшасы, кенеп, т.б.) сондай-ақ мал мен жеміс шаруашылығы кең дамыған.

«СеверЖарс» шаруашылығының негізгі топырағы - кәдімгі қара топырағына агрохимиялық көрсеткіштері  беріліп отыр. Кәдімгі қара топырақтың механикалық құрамы – орташа, ауыр, құмбалшықты. Қоректік заттардың жалпы түрі қара шірік 6%, азот 0,25%, фосфор 0,15% және калий 2,0 %. 1 кг топырақтағы қоректік заттардың жылжымалы түрінің мөлшері,  мг - NO3 – 18, P2O5 – 28 және К2O – 380 мг (Кесте 2).

«СеверЖарс» шаруашылығында жалпы бекітілген жер көлемі 45655 гектар, соның ішінде, жыртылған жерлер 27494 гектар, шабындықтар 7988 гектар, табиғи жайылымдар 5640 гектар, бақтар 1678  гектар және орман алқабы 2023 гектар жерді құрайды. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жарамды жерлер, олардың ішіне жыртылған жерлер және шабындықтар жатады, олардың көлемі 35482 га жер. Шараушылықта тыңайған жерлер жоқ. Ауыл шараушылығында жарамсыз жерлер 832 гектарды құрайды (Кесте 3).

 

Кесте 2 – Шаруашылық топырағының негізгі агрохимиялық көрсеткіштері

 

Топырақ

түрі

Тереңдігі

см

Меха-

никалық құрамы

Қоректік заттардың  жалпы түрі %

1 г топырақтағы  қоректік заттардың жылжымалы  түрінің мөлшері, мг

қара шірік

азот

фос-фор

ка-лий

NO3

P2O5

К2O

Кәдімгі қара топырақ

0-30

Орташа, ауыр, құмбал-шықты

6

0,25

0,15

2,0

1,8

2,8

38


 

 

Кесте 3 – Шаруашылықта пайдаланылатын жерлердің түрлері

 

Пайдаланылатын  жерлердің түрлері

Көлемі, гектар

Шаруашылықта  бекітілген жер

45655

Жыртылған жерлер

27494

Шабындықтар

7988

Табиғи жайылымдар

5640

Тыңайған жерлер

-

Бақтар

1678

Орман алқабы

2023

Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын барлық жерлер:

-  жарамды  жерлер

- жарамсыз жерлер

 

 

35482

832


 

4 ТЫҢАЙТҚЫШ  ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ

4.1 Минералдық тыңайтқыштардың бидайға әсері

 

Ауыл шарауашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералды тыңайтқыштардың мөлшері жеткілікті болуы керек. Минералдық тыңайтқыштардың құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтердің жиынтығы өте көп. Жаздық бидайдың өсіп – өнуіне, дамуына,толық пісіліп жетуіне минералдық тығайтқыштардың ішіндегі фосфор,мкалий, азот тығайтқыштары және микротыңайтқыштар басты рөл атқарады.

Фосфор  тыңайтқыштары:

Фосфор өсімдік  тіршілігіне аса қажетті элементтің бірі болып саналады. Өсімдіктегі  көмірсулардың синтезделуі мен  ыдырауы фосфордың қатысуымен жүреді. Фосфор тыңайтқыштарының оптималды  мөлшерде болуы бидайдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді, оның пісуін тездетеді. Түптену кезеңіне дейін бидай фосфор қоректік элементін көбірек, ал азотты азырақ қажет етеді. Өйткені,  осы кезеңде азот тыңайтқышы көп берілгенде азот тамыр жүйесі нашарлау өседі, ал азот пен бірге фосфор жеткілікті болған жағдайда тамырдың өсуі күшейіп, тереңге таралып өседі.

Калий тыңайтқыштары:

Калий – өсімдіктер тіршілігіне қажетті элементтердің  бірі. Орыс ғалымы К.А. Тимирязев: «Өсімдікке калий қажет, ол калийсіз тіршілік ете алмайды,» - деген болатын. Калий өсімдікте ион түрінде, цитоплазма коллоидтарында, ал негізінен 80 пайыз шамасында клетка шырынында тұздар түрінде кездеседі. Калий өсімдіктің жас мүшелерінде көбірек болады.

Калий тыңайтқыштары  бидай дақылының суыққа және түрлі  ауруларға төзімділігін арттырады.   

Жаздық бидай  егісінен жоғары әрі сапалы өнім алу  үшін тыңайтқыштарды, оның ішінде калийді  жыл сайын жеткілікті мөлшерде беру керек. Бидайдың қоректік заттарды көп мөлшерде қажет ету түптену – масақтану кезеңі аралығында болады.

Бидайды себу алдында  калий тыңайтқышын беру дақылдың өсіп даму процестерін күшейтіп, дән  өнімділігін арттырады.

Азот  тыңайтқыштары:

Қоректік элемент  ретінде бидай тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Ол барлық белок құрамына енеді де, өсімдік клеткасы протоплазмасының басты бөлігі болып саналады. Азот тыңайтқышы бидай сабағының анатомиялық құрылысына да әсері бар. Топырақта азот көп болғанда бидай сабағы ұзарып өседі, бірақ склеренхима қабаты жұқалау болады. Нәтижесінде, сабақтың гриб ауруларымен зақымдануы артады.

Жаздық бидай  өсіп шыққан алғашқы кезеңнен бастап азот қоректік элементін қабылдап сіңіре бастайды да, дән сүттене бастаған фазаға дейін оны қабылдау процесі  күшейе түседі. Бидайдың азотты өте көп мөлшерде қабылдауы түптену кезеңінен масақ шығару фазасы аралығында болады. Яғни, 20-25 күн ішінде бидай бұл элементтің 50-60 % - ын сіңіреді. Сондықтан азот тыңайтқышын себу алдында берумен бірге, түптену кезеңінің басында үстеп қоректендіру өте тиімді.

Сонымен, азот тыңайтқышы, суару және температуралық режимдерімен қатар бидайдың түптенуін күшейтіп, масақты сабақ қалыңдығын және жоғары өнім құралуын реттейтін күшті факторлардың бірі.

Көктеп шығу – түптену кезеңі аралығында жаздық бидай дақылы азотты көбірек қажет етеді. Осы кезеңде фосфор және калийде өте қажет. Аталған қоректік элементтердің жеткіліксіз болуы өсімдіктегі белок алмасу процесін нашарлатады, тамыр жүйесі мен жанама сабақтары баяу өсіп дамиды, масақта дән аз байланып, олардың біразы ұшық болып, өнім азаяды. Сондықтан себу алдында  азот және фосфор тыңайтқыштарын енгізу және   түптену кезеңінің басында азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру егісте мол әрі сапалы дән өнімнің құралуына жағдай жасайды.  Жеткілікті мөлшерде азот- фосфор берілгенде калий тыңайтқышын енгізу тиімді. Берілетін азот, фосфор және калий тыңайтқыштарының ара қатынасы топырақ құнарлығына және егістегі өсімдіктердің қалыңдығына байланысты болуы керек (Кесте 4).

 

Кесте 4 – Дақылдардын топырақтан қоректік заттар мен минералдық тыңайтқыштарды қоладануы

 

Қоректік заттар

N

P2O5

K2O

Топырақтан

20-25

5-10

10-12

Минералдық  тыңайтқыштардан: астық дақылдары

 

50-60

 

10-25

 

60-70


Информация о работе Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі