Жүзім өсіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:51, курсовая работа

Описание работы

Ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы. Бул курстық жұмыста жүзім шаруашылық өндірісін қолға алуға байланысты, мол өнім алу мақсатына байланысты күтіп баптау ерекшеліктері, кооперативтік ұжымдар мен жеке фермерлерге жоғары өнімді жүзімдіктерді өсіру үшін ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне негізделген тыңайту жүйесін жасау мен техниканы пайдалану шарттары туралы жазылған. Сонымен қатар жүзімнің көшеттік тәсілі мен кутіп баптау шаралары жайлы тусиниктемелер.

Содержание

Аннотация 5
Нормативтік сілтемелер 6
Белгілер мен қысқартылған мәндер 7
Кіріспе 8
1 Аналитикалық бөлім 10
1.1 Жүзім өсімдігінің жалпы сипаттамасы 10
2. Тәжірибелік бөлім 12
2.1 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері 12
2.2 Жүзім өсірудегі көшеттік тәсіл 16
2.3 Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері 21
2.4 Жүзім өсірудегі тыңайтқыштарды пайдалану жоспары 27
Қорытынды 30
Қолданған әдебиеттер тізімі 31

Работа содержит 1 файл

жузим курсовой.doc

— 457.00 Кб (Скачать)

Топырақты тереңдетіп жырту, тыңайтқыштар беру көшеттердің тамыр жүйесінің тереңдеп тез өсуіне, өсімдіктерді нәрлі заттар және сумен қамтамасыз етуге көп әсер етеді. Нәтижесінде көшеттердің жақсы қабылдануына, тез өсіп-өнуіне, ерте өнім беруіне және өнімділігінің артуына жағдай жасалынады.

Өсімдіктерге жақсы жарық түсуі  үшін қатарлары солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыттылатындай етіп жасау  керек. Жеміс-жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты және Оңтүстік – Батыс ауылшаруашылығы ғылыми - өндірістік орталығы Қазақстанның Оңтүстік өңірлері үшін жүзімнің үйлесімді орналастыру желісінің төмендегідей үлгісін ұсынады:

Штамбасыз қалыптастыруда:

  • ұзын бойлы сорттар үшін 2,0-2,5х2,2 м;
  • орта бойлы сорттар үшін 1,5-1,6х2,5 м;
  • аласа бойлы сорттар үшін 1,3-1,5х2,5 м.

Штамбалы қалыптастыруда:

  • көлденеңді шпалерде 1,25-1,5х3 м;
  • вертикаль шпалерде 1,25-1,5х2,5 м.

Егуден алдын көшеттерді қарап тексеріп шығады. Зақымдалған  суыққа үсіген және қарайып шіріген  көшеттер егуге пайдаланылмайды. Іріктеуден өткен көшеттерді тамырларының зақымданған жерлерін өткір қайшымен сау ұлпаға дейін кеседі. Көшеттерді егілетін жерлерге апарып, уақытша көміп қояды. Егуден алдын тамырлары көңмен саз топырақ қосылған қоймалжың сұйыққа батырылады. Қоймалжың сұйық ерітіндіге 0,002% (0,2 гр 10 литр суға) гетероауксин қосылса тамырлардың өсуіне көп жәрдем етеді. Егу уақытында тамырлардың кеуіп қалуына жол қоймау керек. Егер де қандайда да бір себептермен тамырлары кеуіп қалған болса, онда оларды 2-3 күнге суға батырып қайта қалпына келгенше ұстау керек. Көшеттерді шұңқырларға, жырауларға қолменен машиналармен егуге болады [11].

Жүзімнің көшеттерін табан тамырлары 50 см тереңдікте жататындай етіп егіледі. Тау алды беткейлерде, ерте және көп  қар жауатын жерлерде 35-40 см тереңдікте ексе де болады.

Жаңа жүзімдіктерді күтуге қойылатын басты талаптар: суару, топырақты өңдеу және арамшөптерден тазарту болып табылады.

Алаңына және топырақ жағдайларына қарай 8-10 рет суарылады. Сондай-ақ күзде  және ерте көктемде ылғал қаптыра  суару жүргізіледі. Ыза суы жақын  орналасқан жерлерде 4-5 рет суарылады, ал қиыршық тасты қабаты жақын орналасқан жерлерде жүзімдік жиі суарылады. Суарулар арықтар жәрдемімен жүргізіледі. Суару нормалары әр гектарға 800-1000 текше метр биіктікте.

Жүзімдердің өсу процессі тоқтағаннан  кейін бұталардың ұшындағы әлі толық жетілмеген жапырақтарымен қоса шырпу жұмыстарын алып барады.

Жас жүзім бұталарын қарашаңын  бірінші онкүндігінде бұтақтарын кеспей қолменен көмеді. Егерде ауа райы қолайлы  болса, қабылданбаған көшеттердің  орнын екі жылдық көшеттермен толтырады.

Келесі жылы ерте көктемде жас жүзім  бұталарын ашады. Ашылған жүзім  бұталатрын кесіп, белгілі бір жүйемен  қалыптастырады. Олардың жақсысы  өніп өркендеуі үшін гектарына 150-200 кг азотты немесе фосфорлы тыңайтқыштарды 25-30 см тереңдікте ПРВН-2,5-тің көмегімен береді [12].

Өсіп жетілу кезінде  қатар аралықтарын 3-4 рет ПРВН-2,5 қондырғылы трактормен өңделеді. Өңдеу  барысында арамшөптерден тазартылады  және топырақ жұмсартылады. Осы жылы жүзімдіктерге таяныш орнатылады, ол еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға, жақсы жарықтандыруға, жеделдетуге, қыздыруға және өнімнің толық пісуіне толық жағдай жасайды. Күзде бұталар кесілместен қымталады (көміледі).

Үшінші жылы да өткен  жылғы сияқты агротехникалық шаралар  алып барылады. Жас сабақтардың ұзындығы 60-70 см-ге жеткенде жүзімдер гүлдегенге дейін оларды асып байлайды. Екінші асу жұмыстары гүлдегеннен кейін жүргізіледі. Жемістердің жақсы жетілуі үшін гүлдегеннен соң, суарудан азот тыңайтқыштармен тыңайтылады (1,5-2 ц/га). Тамыз айының екінші онкүндігінде бұталардың (өркендер) 20-30 см ұзындықта ағашатанбаған бөлігін шырпиды.

Өнім жинап алынғаннан соң, күзгі суыққа түскенше бұталар  қырқылады. Қатар аралықтары кесілген бұтақтар тазартылғаннан соң қамтылады.

        Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның оңтүстік және батыс аймағындағы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары) ауылшаруашылығы саласындағы ғылыми жұмыстарды атқаратын бірден – бір ғылыми мекеме болып табылады. Бұл мекемеге әр түрлі бағытта жұмыс істейтін 10 ғылыми құрылымдар кіреді, оның бірі -Тассай тірек пункті.

 Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тассай тірек пункті 1956 жылы Калинин атындағы ауылшаруашылық тәжірибе станциясы болып құрылған. Ол 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан ауылшаруашылығы ғылыми зерттеу институты болып қайта құрылған, 2001 жылдан бастап Оңтүстүк – Батыс ауылшаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының құрамында жұмыс атқарады. Тассай тірек пункті Тассай ауыл әкімшілігінің қарамағына қарайды, жалпы жер ауданы 2343 га (1-кесте). Қазіргі кезде Тассай тірек пунктінің қарамағында ауылшаруашылық мақсатында пайдалынатын 1475 га жер бар. Оның ішінде 680 га аударылатын, 360 га шабындық, 130 га жайлымдық жерлер болып табылады. Ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланатын жерлердің 1161га жері суармалы болып табылады Қысқа мерзімге пайдаланылатын жерлер мен жеке тұрғын үйлерге бөлінген жерлер үлесі барлық жер үлесінің  29,5 пайызын құрайды. Әкімшілікке қарайтын басқа мақсаттағы жерлер шамамен 76 га.

Тассай тірек пункті өсімдік шаруашылығы өнімдерін  өндіруге бағытталған. Шаруашылықта ғылыми жұмыстары жөнге қойылғандықтан мекеме астық тұқымдас дақылдардың тұқымдарын өндірумен айналысады. Барлық өндірілген өнімнің 63,34 пайызын осы астық дайындау арқылы алынады (2- кесте). Орташа үш жылдық мәліметтер бойынша астық дақылдарынан орта есеппен 14 млн. 850 мың теңге таза пайда алынып отырған.

Шаруашылықта өсірілетін жоңышқа алқабы шамамен жыл сайын 400 га құрайды, әр жылдардағы ауа райы жағдайларына байланысты 20,4ц/га өнім алынып 4451 мың теңге таза пайда алынып отырған. Өсімдік шаруашылығы бойынша негізгі орын алатын саланың бірі жүзім шаруашылығы болып табылады. Шаруашылықта өсірілетін 58 га жүзімдіктен жыл сайын 1450 мың теңге тауып, жалпы өндірілетін өнімнің 6,2 пайызын құрайды.

Жалпы алғанда шаруашылық бойынша өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігі өсімдік шаруашылығының өнімдері болып табылатындықтан шаруашылықты   өсімдік шаруашылығына маманданған деп атауға болады, оның ішінде танапқа өсірілетін астықтың басым бөлігі I- репродукциялы немесе элиталы тұқым болып табылатындықтан «маманданған тұқым шаруашылығы» деп атауға толық негіз бар.

 

 

      2.3 Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері

 

Жүзімнің көшеттерін табан тамырлары 50 см тереңдікте жататындай етіп егіледі. Тау алды беткейлерде, ерте және көп қар жауатын жерлерде 35-40 см тереңдікте ексе де болады.

Көшеттердің егу мерзіміне қарамай егілген күні немесе егілгеннен кейін 2-3 күн суарылуы тиіс. Кейіннен 2-3 аптаның ішінде 2 рет суарылады. Бірінші суарудан кейін қатарлардың түзулігін, егу тереңдігін тексереді және егу уақытында кеткен қателерді түзетеді. Суарғаннан кейін шұңқырларды тез кеуіп кетпеуі үшін шірінді немесе сабанмен жабады.

Жаңа жүзімдіктерді  күтуге қойылатын басты талаптар: суару, топырақты өңдеу және арамшөптерден  тазарту болып табылады.

Алаңына және топырақ  жағдайларына қарай 8-10 рет суарылады. Сондай-ақ күзде және ерте көктемде ылғал қаптыра суару жүргізіледі. Ыза суы жақын орналасқан жерлерде 4-5 рет суарылады, ал қиыршық тасты  қабаты жақын орналасқан жерлерде жүзімдік жиі суарылады. Суарулар арықтар жәрдемімен жүргізіледі. Суару нормалары әр гектарға 800-1000 текше метр биіктікте.

Жүзімдердің өсу процессі тоқтағаннан кейін бұталардың ұшындағы әлі толық жетілмеген жапырақтарымен қоса шырпу жұмыстарын алып барады.

Жас жүзім бұталарын қарашаңын бірінші онкүндігінде бұтақтарын кеспей қолменен көмеді. Егерде ауа райы қолайлы болса, қабылданбаған көшеттердің орнын екі жылдық көшеттермен толтырады.

Келесі жылы ерте көктемде жас жүзім бұталарын ашады. Ашылған  жүзім бұталатрын кесіп, белгілі бір жүйемен қалыптастырады. Олардың жақсысы өніп өркендеуі үшін гектарына 150-200 кг азотты немесе фосфорлы тыңайтқыштарды 25-30 см тереңдікте ПРВН-2,5-тің көмегімен береді.

Өсіп жетілу кезінде  қатар аралықтарын 3-4 рет ПРВН-2,5 қондырғылы трактормен өңделеді. Өңдеу барысында арамшөптерден тазартылады және топырақ жұмсартылады. Осы жылы жүзімдіктерге таяныш орнатылады, ол еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға, жақсы жарықтандыруға, жеделдетуге, қыздыруға және өнімнің толық пісуіне толық жағдай жасайды. Күзде бұталар кесілместен қымталады (көміледі).

Үшінші жылы да өткен  жылғы сияқты агротехникалық шаралар  алып барылады. Жас сабақтардың ұзындығы 60-70 см-ге жеткенде жүзімдер гүлдегенге дейін оларды асып байлайды. Екінші асу жұмыстары гүлдегеннен кейін жүргізіледі. Жемістердің жақсы жетілуі үшін гүлдегеннен соң, суарудан азот тыңайтқыштармен тыңайтылады (1,5-2 ц/га). Тамыз айының екінші онкүндігінде бұталардың (өркендер) 20-30 см ұзындықта ағашатанбаған бөлігін шырпиды.

Өнім жинап алынғаннан соң, күзгі суыққа түскенше бұталар қырқылады. Қатар аралықтары кесілген бұтақтар тазартылғаннан соң қымталады.

Жүзімдіктерде жүргізілетін агротехникалық күту шаралары аймақтың топырақ жағдайына, жүзімдердің  жасына, түріне және сорттарына байланысты жүргізіледі.

Жас жүзімдіктердегі  бағбанның негізгі міндеті –  жүзімдердің жақсы өсуін, тамырларының тереңдеуін, ағаш бөркін дұрыс қалыптастыру және оларды жақсы өнім беруге даярлау  болып табылады. Жас жүзімдіктердегі  жүргізілетін негізгі агротехникалық шараларға төмендегілер жатады: топырақты өңдеу, тыңайту, суару, жүзімдерді қалыптастыру және кесу, өнімді күту, бауларды зиянкестермен аурулардан қорғау.

Арамшөптерден тазарту  және топырақты борпылдақ күйінде  сақтау үшін өсіп-даму кезеңінде қатар  аралықтары культиватор немесе дискалы тырма жәрдемінде жұмсартылады.

Бірақ ғылыми зерттеу  мекемелерінің мәліметтері мен  озат шаруашылықтардың тәжірибесі көрсеткендей, жүзімдіктердің қатар араларын 5-6 жыл  бойына қара сүрі жер күйінде сақтағанда жүзімдердің өсуі нашарлап және өнімділігі төмендеп кеткен. 80-жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы жүзімдік алқабының 42,7 пайызы, ал өндірілген өнімнің 34,5 пайызыС арыағаш ауданының үлесінде болған екен. Сол жылдары аудан аумағындағы өнім беретін 2964 гектар жүзімдіктің әр гектарынан 146 центнерден, барлығы 43,2 мың тонна жүзім өндірілген. Жүзім егістігінің көлемі 1985 жылы 4806 гектарға, оның ішінде өнім беретіні – 3174 гектарға, 1990 жылы 4938 гектарға, оның ішінде өнім беретіні – 3064 гектарға дейін жеткен. Ал 2000 жылға келіп жүзім егістігінің көлемі 1480 гектарға дейін кеміген болса, аудандағы жүзім өндірісінің ең құлдыраған кезеңі 2002 жылға тура келеді, бұл жылы 1448 гектар өнім беретін жүзімдіктің әр гектарынан 34,5 центнерден, барлығы 5000,0 тонна ғана жүзім өндірілген. 
Жүзім көшеттерін өсіру бұл саланы дамытуға айырықша үлес қосады. Бұл саламен «Сарыағаш» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны айналысады. Бұл кәсіпорын 2003 жылы 260 мың дана жүзім көшеттерін өндірген. Бағдарлама бойынша 2005 жылдан бастап 2010 жылға дейін жылына орта есеппен 340 мың данадан 750 мың данаға дейін, ал 2011 жылдан бастап жыл сайын 1000,0 мың данадан астам жүзім көшеттерін өндіретін болады. өндірілген көшет жүзім шаруашылықтарының жүзім көшетіне деген қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады. Жүзім кластері жүзімді өндіру, оны тереңдетіп өңдеу арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару болып табылады. өнімді тиімді сату жұмыстарын қамтитын салалардың біріккен жиынтығы, немесе ғылыми сипаттама түрінде кластер дегеніміз – қосымша құнды құру процесі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін өнім жеткізушілер мен өндірушілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылымы, ғылыми-зерттеу институттары мен маман даярлаушы оқу орындарының бір тұтас желісі болып табылады. Кластерге қатысушы барлық мүшелер үшін бір ортақ мүдде — қосымша табыс табу болып табылады. Кластердің бір тұтас жүйе ретінде ырғақты және нәтижелі жұмыс істеуіне барлық мүшелер мүдделі болғандықтан олардың ұсынатын тауары немесе қызметі сапалы, жеткілікті және өз уақытында шығуына барлық әрекет жасауы керек. Бірінің жіберген қатесі немесе сапасыз тауары барлығына теріс әсерін тигізеді. Осы тұрғыдан қарағанда Республикада шарап кластерін дамытуға Оңтүстік Казақстан облысының климаттық жағдайы өте қолайлы. Оған мысал ретінде облыс аумағында өсетін кейбір жүзім сорттарынан өндірілетін өнімді сатудан алынатын табысты айтуға болады. Мысалы, «Мускат» және «Саперави» сорттары егілген жүзімдіктен өндірілген жүзімді өңделмеген (сабағынан үзілген) күйінде сатқан жағдайда жүзімдіктің 1 гектарынан 60,0 мың теңгеге дейін таза табыс алып, бюджетке 35,0 мың теңгеге дейін кіріс түсіруге болады. Ал, асханалық сорттар егілген жүзімдіктің әр гектарынан 100,0 мың теңгеге дейін таза табыс алып 50,0 мың теңгеге дейін бюджетке кіріс түсіруге болады. Ал егер шарап зауыттары жүзімнің «Мускат» және «Саперави» сорттарын бірінші өңдеуден өткізіп, күшейтілмеген шарапты сататын болса, 1 гектардан алатын таза табыс 170,0 мың теңгеге дейін, ал бюджеттік түсім 190,0 мың теңгеге дейін артатын болатынын мамандар есептеп отыр. 
Сонымен бірге шарап зауыттары жүзімнің жоғарыда аталған сорттарынан күшейтілген шарап дайындап сататын болса, 1 гектардан алатын таза табыс 800,0 мың теңгеге дейін, ал бюджеттік түсім 600,0 мың теңгеге дейін жететін болар еді.Мысалы, 1 гектар жүзімдіктен өндірілетін өнім мен 1 гектар жерден өндірілетін мақта өнімін сатудан түсетін табысты салыстырсақ, жүзім өнімі

5-6 есеге артық пайда береді екен.

      Мәселен «Қапланбек агрошарап компаниясы» ЖШС-гі жүзімнің кластер жүйесін қалыптастыру мақсатында жүзімді өңдеуден бастап, дайын шарапты ыдысқа құюға дейінгі циклды қамтитын технологияға қажетті жабдықтау құралдарын сатып алуды кезең-кезеңімен жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламасына сәйкес, лизинг негізінде өнімді өңдеуге қажетті құрал-жабдықтар алу үшін жеңілдетілген үстемемен 135,0 млн теңге несие қаржы алған. «Қапланбек АШК» ЖШС-нің бастамасымен жүзім шаруашылығын дамыту үшін ауданда кепілдемеге қоятын мүлік қорын құрып, жүзім өсірумен айналысатын құрылымдарға қаржылай жәрдем беретін несие серіктестігін құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

     Оңтүстік Қазақстан облысындағы көп жылдардан бері «Қапланбек» зауытында өндірілген шарап өнімдері шетелдерге шығарылып, үлкен сұраныстарға ие болып, көптеген халықаралық көрмелерге қатысып, ең жоғарғы жүлделерге ие болған. Бүгінгі күні сол жұмыстарын жалғастырып, 70-жылдық тарихы бар «Қапланбек АШК» ЖШС-де Дүниежүзілік Сауда Ұйымының ИСО-9000, 9001 стандарты талабына сай жұмыстар жүргізуге көшті. Кәсіпорынның жүзім өндірісін дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға белгіленген бағдарламасына сәйкес, зауыт қазіргі заман технологиясымен жабдықталып, өндірілген өнім тереңдете өңделіп, бәсекеге қабілетті өнім шығарылатын болады. Осы бағдарламаға сәйкес, жүзім егістігінің көлемін 2015 жылы 550,0 гектарға жеткізуді межелеп отыр. Оңтүстік Қазақстан өңірі республика бойынша жүзім өсіруден және өндіруден алдыңғы орында. Себебі, бұл өңірдің табиғи жағдайы жүзім шаруашылығын өркендетуге өте қолайлы. 
     Қазіргі уақытта облыста жүзім өнімдерін өңдеумен 24 зауыт пен кішігірім цехтар айналысады. Олардың жалпы қуаттылығы 9 млн. дал. Шарап өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі - «Молчанов және К», «Қапланбек», «Шарапат» және «Нұр» серіктестіктері болып табылады. Олардың қуаттылықтары тиісінше 1,3 - 2,0 млн дал, 700 және 600 мың дал. Аталмыш зауыттарда жасалған шарап өнімдері кезінде шет мемлекеттерге шығарылып, үлкен сұранысқа ие болып, жүлде алған.

     Алайда, бүгінгі күнге бұл кәсіпорындардың қуаттылығы 25-40 пайызға ғана пайдаланып отыр. Бұларда өндірілген шарап материалдары шикізат түрінде арзан бағамен Алматы, Ресейдің қалаларына әкетілуде. 
Қолда бар шарап зауыттарының қуаттылығын толығымен пайдаланып, дайын өнім алса, акцизді салықтан облыс бюджетіне қомақты қаржы түсетінін мамандар дәлелдеп отыр.

     Жүзім шаруашылығының қазіргі жағдайына жасалған талдау бойынша шарап өндірісінің дамуына бірқатар мәселелердің кедергі болып отырғанын жасыруға болмайды.

Информация о работе Жүзім өсіру